Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Мектепте оқыту әдіс - тәсілдері

СОӨЖ-9
Орындағандар: Шыңғысханова Гүлсезім, Жаңабаева Айсұлу, Курбанбеков Асадбек, Абдинабиев Шохрук
Тақырып: <<Білім беру мазмұнын қалыптастырудың негізгі теориялары>>
1-тапсырма
Кесте:
Мектепте оқыту әдіс-тәсілдері
Сипаттамасы
Сократ әдісі
Оқытудың диалогтық әдісі, мұғалім оқушыларға мұқият ойластырылған сұрақтарды жүйелі қою арқылы олардың жаңа оқу материалын меңгеруіне жағдай жасап, бұрын оқылған материалдарды қалай меңгергенін тексереді. Әңгімелесу - дидактикалық әдістің ескі түрі, оны Сократ шебер түрде қолданған, сондықтан әңгімелесу әдісін Сократ әдісі деп атайды.
Түсіндіру әдісі
Оқыту әдісі ретінде әр жастағы балалар тобымен жұмыста кең қолданылады. Бірақ орта және жоғары сатыларда оқу материалының күрделеніп, оқушылардың ақыл-ой жұмысының мүмкіндіктері өскенде бұл әдіс кіші жастағы оқушылармен жұмысқа қарағанда көбірек қолданылады.
Көрнекілік әдісі
Оқытудың сөздік және тәжірибелік әдістерімен өзара байланыста қолданылады және құбылыстармен, объектілермен оқушыларды таныстырғанда олардың сезім мүшелеріне әсер етіп, алуан түрлі сурет, көшірме, сызба арқылы құбылыс, процесс, объектілердің символдық бейнелерін немесе оларды табиғи күйінде қабылдайды. Қазіргі мектепте осы мақсатпен экрандық және техникалық құралдар кең қолданылады
Демонстрация әдісі
Бұл әдісі арқылы заттар мен құбылыстар тәжірибе жасау арқылы немесе техникалық құралдардан, кино-фильмдерден, диафильмдерден көрсетіледі.
Оқу процесіне жаңа техникалық құралдарды енгізу (теледидар, видеомагнитофондар) оқытудың көрнекілік әдісінің мүмкіндіктерін кеңейтеді. Қазіргі уақытта көрнекі құралдың жаңа түрі - жеке тұлғалар қолданатын компьютерлерге ерекше көңіл бөлініп, мектептерде электронды-есептегіш техникасы кабинеттерін құру міндеті шешілуде, оқу процесіне белгілі бір жағдаяттарды және процестерді үлгілеуге мүмкіндік беретін компьютерлерді енгізу міндеті де қолға алынуда.
2-тапсырма
Ауызша оқыту әдісін қалыптастыратын тәрбиелік іс-шараның сценарийі:
Тәрбие сағаты тақырыбы: " ".
Сабақ мақсаты: Ауызша оқыту әдістерін қалыптастыру, оқушының оқу іскерлігін, сөйлеу тілін дамыту.
Сынып: 7-сынып
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар және оқушылар!
Еліміз жылдар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізуімен, қазак тілі
де мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болды. Ендігі кезекте дағарадай мәртебе ғана беріп қоймай, елімізді алға тартатын білікті де білімді азаматтарды оқытып тәрбиелеу . Осыған орай мектептерде шет тілі пәніне көңіл де, ыкылас та жылдан жылға артып, оны оқытудын тиімді әдіс- тәсілдері, технологиялары бойынша зерттеу жұмыстары, оларды тәжірибеге енгізу шаралары қолға алынды.

Ендеше оқушылар бүгінгі тәрбие сағаты ауызша оқыту әдісін қалыптастыруға арналады. Көріп отырғанымыздай бізде сынып 3 топқа бөлініп отыр.
1-топ:Мәтін
2-топ:Диалог
3-топ:Монолог

Мәтін - негізгі қарым - қатынас құралы. Мәтінді оқымас бұрын сұрақтар беріледі. Ол сұрақтар бойынша сол мәтіндегі мәселеге байланысты оқушы не біледі соны айту керек. Бұл жұмысты топ болып және жұптасып талқылауга болады. Оқушыны еркін сөйлеуге үйрету үшін сөздерді қайталату, оларды еркін қолдана білуге үйрету, граматикалық материалдарды, сөйлем құрылымын орынды қолдануга үйрету де басты назарда болу керек.

Оқушылардың сөйлеу тілін дамытуда диалогтың берері мол. Диалог-екі не бірнеше адамның кезектесіп сөйлесуі арқылы берілетін ауызекі тілдегі ерекше форма.
Диалог- екі адам арасындағы сөйлеу әрекеті (егер сөйлеушілер екеуден көп болса онда полилог деп аталады). Монологтан айырмашылығы диалогта сөйлеумен қатар тындау механизмдері қатар жүреді.

Монолог - сөйлеуші өз ойын бір, бірнеше, көп адамдарға арнап айтатын ауызша сөйлеу әрекеті. Монолог тек қана ауызша сөйлеу ыңғайында бола бермей, жазбаша түрде де кездеседі.

Ұқсас жұмыстар
Эссені бағалау
Әдеби шығармаға әсерлі түсініктеме беруі
Орта мерзімді жоспар. 4 сынып
Математиканы оқытудың жалпы әдістемесі
Әдебиетті оқыту әдістері
Бастауыш шағын жинақты мектеп
Интерактивті құралдармен сабақ өткізу әдістемесі
Мектептегі тәжірибе кезіндегі желілік қауымдастықты құру жоспары
Х дыбысы мен әрпі
Химия сабақтарының жіктелуі
Пәндер