Жетті желмен алтын күз

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай ауданы білім бөлімінің «Гүлдер» бөбекжайы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

C:\Users\ADM-2022\AppData\Roaming\алтын куз.jpg

Жайдарлы - Алтын күз

Қызғалдақ тобы

Тәрбиешілер:Бейсенбина Н. А

Ертас А. Б

Тобыл-2023 жыл

Мақсаты: Алтын күз мерекесін өткізу. Күз туралы түсініктерін кеңейту. Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау. Тәрбиелік: Табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Балаларды мерекелі, берекелі күзбен таныстыруды жалғастыра отырып, тілін, сөз байлығын дамыту. Оқыту: Мәнерлеп тақпақ айтуға үйрету, Өлең сөздерін дұрыс анық айтқызу.

Көрнекі құралдар : сары жапырақтар, атребуттар, жемістер, көкөністер, муляждар,

Музыка ырғағымен залға балалар кіреді.

Жүргізуші: : Армысыздар құрметті қонақтар, балалар, асыға күткен күз мерекесі де келіп жетті, баршаңызды «Жайдарлы-Алтын күз» мерекесімен құттықтаймыз!

Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді

Балалар орындықтардың алдына келіп тұрады.
Жүргізуші: Жарайсыңдар! Орындарыңа жайғаса қойыңдар!
Жүргізуші: -

Ал, балалар, балалар,
Енді бері қараңдар.
Бізге қонақ келмекші
Сендерді бір көрмекші.
Әуелі жұмбақ жасырам,
Қулығымды асырам.
Таба алсаңдар шешімін,
Қонағымды дәл ортаға шақырам.

Жұмбақ:

Жиып-теріп болатын,
Қамбаға астық толатын.
Қызыл қырман ойнайтын,
Қай мезгілдеп ойлайсың?

Дұрыс, күз мезгілі. Ал, күзде табиғатта қандай өзгерістер болады екен?
• Күн суытады
• Жапырақтар сарғайып жерге түседі
• Жеміс-жидектер піседі
• Құстар жылы жаққа ұшып кетеді

• Жаңбыр жауады
• Егін жиналады

(Балалардың жауабы) .
Өте жақсы. Ендеше, уәде еткенімдей ортаға қонағымыз

- Күз ханшайымын шақырайық!
(Музыка ойнап, ішке Күз ханшайымы келіп кіреді) .

Күз ханшайымы:

- Сәлеметсіздерме, балалар!
Сәлеметсіздерме, қонақтар!
Мен - Алтын күзбін! Жайдары, жарқын жүзбін.
Қонаққа келдім сендерге. Сәбіз, картоп, тәтті алма!
Оған достым таң қалма! Жапырақ та сиқырлы,
Ойын ойнар түр-түрлі!
Жүргізуші: Рахмет, саған Күз ханшайымы! Қабылалдық сыйды біз! Отырыңыз жайғасып! Ал, ендеше, балалар, бекер қарап тұрмаңдар.
Жапырақ пен сиқырлы, ойынды тез ойнаңдар.

Ойын «Кім тез жапырақтарды жинайды?»
Ойыннан соң Күз ханшайымы : Жарайсыңдар, балалар!
Тағы қандай өнер бар?

Жүргізуші:
- Айтқаныңыз келсін, күз ханшасы. Сіз бізге күз дегеніміз не? Неге «Алтын күз» дейді деген сұрақтарға жауап беріңізші?
Күз ханшасы:
-Күз дегеніміз біріншіден байлық, молшылық қап-қап астық, картоп, жүгері, өрік, алма. Осының бәрі күзде піседі. Әне қараңдар-шы! Дала да, егін де, тоғай да сап-сары. Сондықтан халық күзді «Алтын күз» дейді.

Ендеше балаларымыздың тақпақтарын тыңдап көрелік.

Ерали

Сап - сары маңай,
Сап - сары тоғай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып Амангеді Айзере:

Алақай Алақай

Шаттанды балақай,

Күз түсті, дән пісті.

Айтамыз алғысты.

Мерей:

Қамба толы астыққа,

Алғыс саған алтын.

Аяулым:

Көк майсалы көрікті,

Алқаптағы көп егін.

Бұл күндері киіпті

Сары жібек көйлегін.

Ән: «Жомарт күз қызығы»

Ақниет: Күзім ау күзім-ау.

Мінезің бұзық ау.

Жаңбырын сіркіреп,

Келгенің қызық-ау.

Алинур:

Құстар қайтты ән салып.

Бұлт шарлады аспанды.

Қыс келеді жар салып,

Күзгі суық басталды.

Аяна:

Айнала жым-жырт.

Көк аспан сарғылт.

Жер жыртқан тыңда

Трактор қырда.

Інжу:

Қарашы күз келді күз келді.

Жапырақ жауып іздерді.

Құс біткен керуен тізеді.

Қара бұлт қабағын түйеді.

Балаларымыздың тақпақтарын тыңдайық.

Дамир: Жапырақ ұшты,

Суық та түсті.

Сонда да бізде,

Қызық көп күзде.

Б. Ернур

Жетті желмен алтын күз.

Жеміс жинау салтымыз.

Азат:

Қарашы күз келді күз келді.

Жапырақ жауып іздерді.

Алишер:

Көрініп еліме.

Күндері мереке.

Келді гой жеріме,

Күз дейтін мереке.

Ән: «Алтын күз»

Жасыл бақша сайрайды

Жапырақтар ұшады,

Шу-шу-шу

Жапырақтар ұшады.

Алтын суық күз келді

Кап-кап-кап

Желмен жаңбыр әкелді.

Ал, «Күз ханшайымы» кішкентай қыздарың

Сізбен бірге жапырақтармен би билеп бермекші.

Би: «Жапырақтар»

Алтын күз: Ал балалар жұмбақ жасырайын, жұмбақтарын шешуін тауып көріңдер.

Бойын жерге жасырған,
Бұрымы бар жасылдан (сәбіз)

Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады (пияз)
Жарайсыңдар балалар мен жалғыз келмедім өзіммен бірге досым қоянды ерте келдім «Қоян кіріп келеді»

Қоян: Балалар күз ханшайымы меннен бұрын кетіп калыпты мен артынан жүгіріп-секіріп әрең жеттім, менің ойнағым келіп тұр.

Балалар менімен ойнайсындарма?

Балалар иә

Қоян: ендеше ойынымыз «Кім жылдам» деп аталады

Қоян: Ал ендеше балалар мені қасқыр қуып жетпей тұрғанда мен орманға кетейін Сау болыңдар.

Күз ханшайымы сізге біздің балаларымыздың тақпақтары бар екен.

Жанкелді:

Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға.

Шақырады біздерді.

Жанерке:


Ұқсас жұмыстар
Алтын астық айнала
Күз ханшайымы
Жеміс жинау салтымыз
Қуандырып біздерді, кел жемісті алтын күз
Берекелі, мерекелі Алтын күз Күз туралы
Кел жемісті алтын күз
Білім әлеміне саяхат
Берекелі, мерекелі алтын күз
Алтын күз мерекесінің сценарийі
Қолшатырмен билеуге үйрету
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz