РАФТ кестесі

Пәні: Қазақстан тарихы
Бөлім
7. 3В Қазақстан Ресей империясының құрамында
Барлық оқушылар: Ресейде капитализм дамуының шаруашылық тұрғыдан қазақ даласына ықпалын, капиталистік қатынастардың қазақ даласына енуі салдарын, сонымен бірге патша үкіметінің отаршыл жүйесінің халықтың ұлт-азаттық күреске шығуына ықпал етуін сипаттау.
Оқушылардың басым бөлігі: Карта бойынша 1860-1870 жж. халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің қамтыған аумағын көрсету арқылы наразылықтың мақсатын ашу, азаттық күрестің барысымен мен нәтижесін сипаттай отырып, салдарын талдау.
Кейбір оқушылар: тарихи деректерге сүйене отырып, Маңғыстаудағы қозғалыстың басқа көтерілістермен салыстыру арқылы өзіне тән ерекшеліктерін тұжырымдау, халқының азаттығы үшін күрескен батырлардың ерлігін дәріптеу.
- 1860-1870 жылдардағы халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің шығу себептерін анықтау.
- Картадан 1860-1870 жж. халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің қамтыған аумағын көрсету арқылы Маңғыстаудағы қозғалысты басқа көтерілістермен салыстыру.
Негізгі сөздер мен тіркестер: Уақытша ереже, Реформа, капиталистік қатынастар, жазалаушы экспедиция, адайлар
Айтылым - тыңдалым дағдысы: Оқушылардың топпен, жұппен жұмыс жасау барысында Ресейде капитализм дамуының шаруашылық тұрғыдан қазақ даласына тигізген ықпалын, капиталистік қатынастардың қазақ даласына енуі салдарын, сонымен бірге патша үкіметінің отаршыл жүйесінің халықтың ұлт-азаттық күреске шығуы себептерін анықтау арқылы айтылым - тыңдалым дағдысын дамыту.
Оқылым дағдысы : мәтін арқылы арқылы1860-1870 жылдардағы халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің ерекшеліктерімен нәтижесімен таныса отырып, жұмыс жасау арқылы оқылым дағдысы қалыптастыру
Жазылым дағдысы : 1860-1870 жылдардағы халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің ерекшеліктерін өзге көтерілістермен салыстыру арқылы ата-бабамыздың ерлік дәстүрін анықтауда кесте, постер толтыру арқылы жазылым дағдысын дамыту.
Жазылым дағдысы бойынша ұсыныстар
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдаланылатын сөз тіркестері:
Талқылауға арналған тармақтар:
Көтеріліске қатысушылардың бірі ретінде, діні бір, мәдениеті жақын хиуалықтардың неге қазақтарды қолдамағының басты себептерін сипатта?
Көшпелі халықтың ашу-ызасын туғызған факторлардың бірін атаңыз?
Қазақтарды «ең жабайы, дөрекі және жауынгер қазақтар» деген граф Кутаисовтың көзқарасын дұрыс деп ойлайсың ба?
Жазылым/диалогқа қажетті тіркестер:
РАФТ кестесіне патша әкімшілігіне оқушылардың атынан «Уақытша ережені неліктен Маңғыстау халқына 1870 жылы ендірдің?» тақырыбында хат дайындау.
Елбасымыздың «Біз өзгенің қателігінен, өткенінің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана - Мәңгілік Ел болу біздің қолымызда» - деген ұлағатты сөздерін басшылыққа ала отырып « Біз ата-бабаларымыздың ерлігімен мақтанамыз» атты эссе жазу.
Сабақтың барысы
Басталуы
10мин
- Ұйымдастыру кезеңі
Шеңбер болып орналас отырып, оқушылармен « Ізгі тілек» жаттығуын өткізу арқылы ынтымақтастық атмосферасын құру арқылы жаңа сабақты бастау.
«Қос шеңбер» әдісімен үй тапсырмасын тексеру .
Балалар екі шеңбер құрап ( бірі екіншісінің ішінде) тұрады. Мұғалімнің белгісімен сыртқы шең-бердегі оқушылар ішкі шеңбердегі оқушыға «XIX ғасырдың ІІ жартысындағы Қазақстандағы әкімшілік-территориялық реформалардың салдары, нәтижесі» бойыншаүй тапсырмасын бекітеді.
Сынып оқушыларын топқа бөлу. «Фaзл» әдісі бойыншa оқушылaрды топқa бөлу
Топ aтaулaры:
Сұлтан Ханғали Арсыланов тобы
Би Дәуіт Асауұлов тобы
Батыр Досан Тәжиев тобы
Батыр Иса Тіленбаев тобы
Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру мақсатында слайдтан сурет көрсетіліп, сұрақтар қойылып, оқушының жауабы алынады.
- Суреттермен таныса отырып, қазақ халқы неліктен отарлық езгіге қарсы шықты деп ойлайсың?
- Ресей тарихына танымал болған ІІ Нокалай патша Қазақстанға қандай саясат ұстанды деп ойлайсың?
- Халықтың қарулы қолының жазалаушы отрядтармен ерекшелігі неде?
Шеңберге тұру.
Интертақта
оқулық
Қос шеңбер жасау
Түсті фазлдар
Слайдтар
суреттер
https://kk. wikipedia. org/wiki/II_%D0%90%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D1%81%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D1%80_(%D0%A0%D0%B5%D1%81%D0%B5%D0%B9)
https://yandex. kz/images/search?text=
Ортасы
20 минут
Жаңа сабақ.
Тақырып, оқу мақсатымен бағалау критерийлерімен таныстыру
Б
1 тапсырма
Мәтінмен жұмыс.
2 тапсырма
Ж
Картамен жұмыс: Қазақстанда орын алған1860-1870 жылдардaғы көтeрілістeр болғaн aймaқтaрды кaртaдaн анықтай отырып, көрсету.
3 тапсырма
ТЖ
Сұлтан Ханғали Арсыланов тобы
«Уақыттың тірі тізбегі» әдісі арқылы топтан бір-бір оқушы шығып, оқиға жазылған карточканы суырады, Орaл, Торғaй облыстaрындaғы, Мaңғыстaудaғы көтeрілістің уақытын анықтайды да уақыт тізбегінен орын алады.
ТЖ
Би Дәуіт Асауұлов тобы
«Идеялар, даталар, ұғымдар мен есімдер себеті» әдісі. Топ мүшелері өз себетіне өздерінің тобына сәйкесҚазақстанда орын алған1860-1870 жылдардaғы көтeрілістeрге қатысты барлық идеяларды, оқиғаларды, даталар мен есімдерді жинайды.
Топта қарастырылатын мәселе:
- Қазақстанда орын алған1860-1870 жылдардaғы көтeрілістeр мен жетекшілерін анықтау;
- Қазақстанда орын алған1860-1870 жылдардaғы көтeрілістeрдің себебін және нәтижелерін талдау;
- Қазақстанда орын алған1870 жылдардaғы көтeрілістің ерекшелігін кестеге түсіру.
ТЖ
Батыр Досан Тәжиев тобы
Болжау әдісі: Көтеріліске қатысушылардың бірі ретінде, діні бір, мәдениеті жақын хиуалықтардың неге қазақтарды қолдамағының басты себептерін анықтау
ТЖ
Батыр Иса Тіленбаев тобы
«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы 1860-1870 жылдардағы халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің ерекшеліктерін өзге көтерілістермен салыстыру арқылы ата-бабамыздың ерлік дәстүрін дәріптеңдер.
4 тапсырма
Ж
Ерлік пен елдік, жер туралы мақал -мәтел, өлең шумақтарын айту .
Жер дегенің - тіршілік, ел дегенің қара халқың.
Жерді су көтереді, елді ер көтереді.
Ел пайдасын ер ойлайды.
Алтын ұяң Отан қымбат.
Отан үшін отқа түс күймейсің.
5 тапсырма
ЖЖ
Тарихи сынақхат алу
6 тапсырма
ТЖ
Кестемен жұмыс: 1870 жылдардағы халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің ерекшеліктерін өзге көтерілістермен салыстыру.
1822-25 жж.
1856-57 жж.
1870 ж.
1773-75 жж.
Карта
Қазақстан тарихынан мұғалімге арналған нұсқаулық, НЗМ, 2016 жыл
Оқулық 8-сынып
Қазақстан тарихы
(ХYІІІ-ХІХ ғғ)
Т. Омарбеков және т. б.
Алматы «Мектеп баспасы»- 2018 жыл.
Жоба оқулығы
Макет
Қазақстан тарихы
8-сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік құрал
Т. Омарбеков және т. б.
Алматы «Мектеп баспасы»- 2018 жыл.
Жоба
expert. mektep. kz
smk. edu. kz сайты
http://bilim-all. kz/jospar/624-1860-1870-zhyldardagy-azattyq-koterilisi
Мақал мәтелдер
https://kk. wikipedia. org/wiki/%D0%98%D1%81%D0%B0_%D0%A2%D1%96%D0%BB%D0%B5%D0%BD%D0%B1%D0%B0%D0%B5%D0%B2
Сынақхат парақшасы
Кесте
Сабақтың соңы
10 минут
Қорытындылау:
ТЖ
- Әр топ постерге РАФТ кестесіне патша әкімшілігіне оқушылардың атынан «Уақытша ережені неліктен Маңғыстау халқына 1870 жылы ендірдің?» тақырыбында хат дайындау арқылы сабақты қорытындылайды.
ЖЖ
- «Тәуелсіздік - бабалардың ұраны, Бейуақытта бойға таққан тұмары. Тәуелсіздік - түнектерде тұншығып, Ызғар ұрып, жанбай қалған шырағы» -деп оқушылар «Пікір aлмaсу» (Showdown) әдісі aрқылы тәуeлсіздік хaлықтың бaсты құндылығы eкeнінe ой тұжырымын жaсaйды.
Қалыптастырушы бағалау: «Ізгілік ағашына» оқушы сабақта алған жаңа тарихи ақпарат, тұлғалар туралы, көтерілістің нәтижелері бойынша алған әсерін түрлі стикерлерге жазып жапсырады.
Үй тапсырмасы :
№1 тапсырма. Кестені толтыр және тексер:
.
№2 тапсырма. Қосымша құжаттармен жұмыс: қосымша ақпараттармен таныса отырып, көтерілісшілер мен жазалаушылар арасындағы күрес тарихымен танысу.
№3 тапсырма. Эссе жазу: Елбасымыздың «Біз өзгенің қателігінен, өткенінің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана - Мәңгілік Ел болу біздің қолымызда» - деген ұлағатты сөздерін басшылыққа ала отырып «Біз ата-бабаларымыздың ерлігімен мақтанамыз» атты эссе жазу.
РАФТ кестесі
Қосымша деректер
Ізгілік ағашы салынған плакат
Стикерлер
Маркерлер
Сралау барысында сабақта барлық оқушылардың белсенді оқуға қамтылуын қамтамасыз ету мақсатындатопқа бөлу жұмыстары жоспарлаймын, әр топқа ілгері деңгейдегі жеке тапсырма орындатуда «Уақыттың тірі тізбегі» әдісі арқылы, «Кестемен жұмыс» әдісі арқылы, «Идеялар, даталар, ұғымдар мен есімдер себеті» әдісі, «Болжау
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz