Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Оқушының әрекеті. Тәрбие сағаты

Тәрбие сағаты
Педагогтің аты-жөні
Кемелбаева Айжан
Күні:
16.11.2023
Сынып:8А
Қатысушылар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы
<<Туралықты тұғыр еткен Төле би>>
Мектепте тәрбие жұмысы келесі ұлттық құндылықтар негізінде жүзеге асады:

Ұлттық мүдде құндылығы : Академиялық адалдық қағидатын қолдау;
- Адал еңбекті құрметтеу;
- Сөзіне берік, ісіне адал болу;
- Халқына адал қызмет ету
- Әдеп нормаларын ұстану;
Күтілетін нәтижесі:
- Ар-ұят, адалдықты жоғары бағалайды;
- Сөзіне берік, ісіне жауапкершілік танытады;
- Ата-анасына сүйіспеншілікпен қарайды;
- Достарын, сыныптастарын сыйлайды;
- Кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсетеді.

Сабақтың мақсаты
Төле бидің осынша тарихи биік тұлға дәрежесіне жетуіне себеп болған тұлғалық қасиеттерімен танысты.Соның негізгілері: ел мұратына деген кіршіксіз адалдық, билік айтардағы қара қылды қақ жарған әділдігі, ақиқатты ту етіп көтеруі.Төле бидің өмірлік ұстанымындай болған <<Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ>> деген сөзі адалдық пен парасаттылықтың, әділдік пен туралықтың биік өлшемі. Нақты осы қасиеттері бүгінгі өскелең жас ұрпақ үшін - таптырмас өнеге.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Ұйымдастыру
кезеңі

Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар! Қош келіпсіздер, біздің тәрбие сағатына қатысып отырғандарыңызға және қымбат уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге алғысымызды білдіреміз!

мадақтау

Жаңа сабақ
Бүгін біз әдептілік, адалдық, адамгершіліктің асыл қасиет екені туралы пікірлесіп, өз ойларымызды ортаға саламыз. Олай болса АДАМ!
Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайым - кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол - біздің ата - анамыз, ақсүтін бере отырып, ана тілімен үйретеді. Біз оны түсініп, ата - баба салт, әдеттерін үйренеміз. Адам болатын адамгершілігі бар бала - барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек. Адамның адамгершілік, адалдық, саналылық дәрежесі - оның тәртібі мен іс - әрекетін анықтайтыны әлдеқашан дәлелденген.
Шығыстың ұлы ғалымы әл - Фараби: Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін деген екен.
Бүгінгі адамгершілікті, адалдықты сендер қалай түсінесіңдер, әдеп - нормаларын білесіңдерме, өзара пікірлесіп ой бөлісеміз.
Балалар, сіздер дос болу, адалдықтың деген не екенін білесіздер ме? Әрине, білесіздер, дос болмайтын ешбір адам болмайды, иә?!
Төле би әр істе ұятты ұмытпауға шақырады. Жаман қасиеттерден алшақ болуға, еңбексүйгіштікке үндейді: <<Жас адамға басты кесір - еріншектік, ортаншы кесір - ұйқышылдық, кенже кесір - тілазарлық>> деп жағымсыз қасиеттерден сақтандырады.
Төле би бабамыздың ізгі әрекеттері мен биік болмысы, даналығы мен тапқырлығы, қара қылды қақ жарып айтар туралығы, әділ шешімі мен билік кесімдері елге қызмет етемін деген әрбір азаматқа үлгі болуы тиіс.
Дана бидің ұрпағына аманат еткен асыл сөздері нағыз ақиқат пен парасаттылықтың ұшқыны ретінде <<Мәңгілік ел>> идеясымен ұштасып жатқандай.
Естеріңізге сала кетсек, Агенттікпен жастар арасында парасаттылық пен патриоттық сезімді нығайту мақсатында, әр апта сайын атақты тұлғалар мен Қазақстанның жас көшбасшыларының еңбегі мен өмір жолына негізделген онлайн <<Адалдық сағаттары>> өткізілуде.

Төле би әр істе ұятты ұмытпауға шақырады. Жаман қасиеттерден алшақ болуға, еңбексүйгіштікке үндейді: <<Жас адамға басты кесір - еріншектік, ортаншы кесір - ұйқышылдық, кенже кесір - тілазарлық>> деп жағымсыз қасиеттерден сақтандырады.
Төле би бабамыздың ізгі әрекеттері мен биік болмысы, даналығы мен тапқырлығы, қара қылды қақ жарып айтар туралығы, әділ шешімі мен билік кесімдері елге қызмет етемін деген әрбір азаматқа үлгі болуы тиіс дәптерге жазып алады

Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады

салынған суреттер, интерактивті тақта.
Қорытынды
Ел болып еңсемізді көтеріп, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылдық, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқұқтық заңнамалар қабылданып, ел эканомиясы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнын айқындады. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығыменен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әр түрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойған. Ол жол - Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.
Құрметті оқушылар әрқашанда адамдық жақсы қасиеттерді сақтап, мақсаты нәтижелерге жету үшін, өз мүмкіншіліктеріңмен жетуге тырысыңдар.

Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады

Кері байланыс жасайды

А4, конспект

Кері байланыс
Оқушылардың сабақтан алған әсерін смайликтер арқылы білдіруі.

Ұқсас жұмыстар
Сын тұрғысынан ойлау
Мектепте оқыту әдіс - тәсілдері
Балалар құқығын қорғау күні
Менің тұңғыш президентім. Сабақтың тақырыбы
Өткен оқу жылындағы тәрбие жұмыстарының қорытынды нәтижесіне талдау жасау
Көңіл күйді анықтау тренингі
Оқушының әрекеті. Сабақтың соңы
Ерекше қабілетті оқушы
Аяулы аналар
Сабақтың мақсаттары. Оқушының әрекеті
Пәндер