Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Қазақтың дастарқаны

Тақырыбы: Ұлттық тағам
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақтың ұлттық тағамдары жайлы білу, ұлттық тағамдар маңызды екенін түсіне білуге және түсінгендерін айта білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушы бойында ізгілік, мейірім, адамгершілік сапаларының жетекші сапалар ретінде қалыптасуына құлшыныс тудыру. қазақ халқының салт - дәстүрін білуге, қонақжайлылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылардың өзара пікір алысу, ортақ ой тұжырымдау, оны көпшілік алдында айта алу дағдыларын жетілдіру. Ұжымда өзара әрекеттестікте жұмыс істеу біліктіліктерін дамыту.

Көрнекілігі: сызбалар, тағамдар, суреттер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Кіріспе.
Қазақтың ұлттық тағамдары ,
Жасымнан жақын маған бәрі.
Теңгермес ем оларға мен ,
Ешбір асты ғаламдағы.
Мал шаруашылығымен айналысқан көшпелі қазақтардың негізгі тағамы - ет пен сүттен жасалған . Биенің сүтінен қымыз ,түйе сүті-
нен шұбат дайындаған. Сиыр , қой мен ешкі сүтінен қаймақ , май ,
ірімшік , айран , қатық ,сүзбе , құрт т.б. тағамдар жасаған .
Қастерлі тамақтарының бірі - тары. Қуырып ақтаған тарының
жармасына сары май мен шекерді араластырып жент дайында -
ған. Тарыны түйіп , тары көже пісірген .
Жылқының жал , жая , қазы , қарта , шұжығы кәделі ас саналады.
Құрт езілген сорпа ішкен .Бауырсақ , шелпек , кеспе , көже және
күріштен сүт ботқа мен күріш көже , палау дайындаған .
2. Қазақтың дастарқаны.
Қазақ халқы үшін дастарқаннан, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. Сондықтан тамақ ішуге шақырғанда тамақты көп күттіруге болмайды.
Қазақтың ұлттық дастарқанында болатын негізгі тамақтардың түрлері:
1) ет тағамдары;
2) сүт тағамдары;
3) нан тағамдары.
Ең негізгі ұлттық тамақ - қазақша ет.
Ет тағамдары: еттен жасалған - даярланған тағамдар:
1) қуырдақ;
2) қазы;
3) шұжық;
4) жая.
Нан тағамдары:
Бауырсақ;
жалпақ нан;
таба нан;
самса;
бәліш.
Сүт тағамдары:
қымыз;
шұбат;
айран;
құрт;
ірімшік;
сарымай;
қаймақ;
сүзбе.
Қымыз
1- оқушы : Сары , дәрі қымызым ,
Бұрқыраған иісі
Мұрныңнан кетпес күнұзын
Шұбат
2 - оқушы :Ішіп көрген шұбатты ,
Дәмін бірден ұнатты.
Денсаулыққа пайдалы
<<Зәм - зәм >> суы сияқты
Қуырдақ
3- оқушы : Өкпе , бауырдан жасар ,
Дәм бар ма одан асар.

Бауырсақ
4- оқушы : Біз ғана тән ,
Қызыл - күрең бауырсақ
Дастарқанға сән
Шелпек
5 - оқушы : Ата , бала жер тегін .
Әжеміздің асықпай
Майға піскен шелпегін
Талқан
6- оқушы : Жесең бидай талқаны ,
Кептіреді аңқаны
Палау
7- оқушы : Жеңсік ас деп қалаулы ,
Ұнатамыз палауды
Шыжық
8- оқушы : Қазақтың бір қызығы ,
Нан қосып жейтін шыжығы
Ірімшік
9- оқушы : Дастарқанды жайнатқан ,
Ірімшікті қайнатқан .
Құйрық - бауыр
10 - оқушы : Құйрық - бауыр жасап ,
Тұз сеуіп жедік асап

Жент
11- оқушы : Опырып үгіп - үгіп жейтін .
Қазақ жасар жентін
Құрт
12- оқушы : Томпайып ұртты ,
Сорамыз құртты
Қарынмай
13 - оқушы: Қарын майы қандай ,
Қағасың жесең таңдай
Тандыр нан
14- оқушы : Ұнатар бар балдырған ,
Жұқа жұмсақ , тандыр нан
Шалап
15- оқушы : Бойыңа қуат таратты ,
Бір сімірсең шалапты
Уыз
16 - оқушы : Сиыр бұзау туысымен ,
Екі - үш күн жеймін уызын мен

Айран
17- оқушы : Үйдің ұйтқан айраны
Асқазанға пайдалы
Қаймақ
18- оқушы : Пісіріп сүтті қайнатты ,
Кілкіп ап жедік қаймақты .

5.Сұрақтар қою:
1. Еттен жасалатын тағамдарға байланысты қазақ халқының қандай салты бар?
2. Ұлттық тағамдардың түрлерін ата
3. Құрметті қонақтарға қазақ халқы қандай тағам ұсынады?
4. Үлкен сыйлы қонақтарға не тартады?
5. Жеті түрлі дәмнен пісірілетін тағам қалай аталады?
6. Қазақ халқының ең бағалы сусыны
7. Сүттен жасалатын тағамдар
8. Бауырсақты неден жасайды?
9. Тарыдан не дайындайды?

Ұқсас жұмыстар
Дастарқан тәсілі мин
Қазақтың дастарқаны. Бастауыш пен баяндауыш. (6 орыс сынып)
Қазақтың дастарханы
Армысың , әз наурыз. Оқушылардың санасына халқына деген мақтаныш сезімін ұялату
Қазақ тілінен емтихан билеттері (6 - сынып)
Қазақ халқының тағамы
Қазақ тіліне тән әріптермен сөздерді айту
Қазақтың ұлттық тағамдары
Дастарқан жасау, шылау сөздер. 7 а сынып
Жұмағали Сайн кім
Пәндер