Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Күз дос екен бізбенен
Тақырыбы: Арайлы алтын күз.
Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, қызығушылықтарын арттырып, белсенділіктерін дамытып, ұйымшылдыққа, достыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: слайд, күз суреттері, шар, лента, жапырақтар.
Сабақтың барысы:
Жүргізуші Құрметті, қонақтар! Балалар! Алтын күз мерекесіне қош келдіңіздер! Ел байлығын арттырған берекелі де, мерекелі күз құтты болсын. Сары алтындай сары күз себетке толы жемісін, қамбаға толы егінін сыйлайды.
Күз дегенің ақындардың дастаны.
Қандай ғажап, бейбіт күннің аспаны
Бізбен бірге болыңыздар бәріңіз,
Алтын күздің той-думаны басталды.
Асия
Жемісі мол теретін
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген.
Бекзат
Қауын, қарбыз, жемістермен
Толтырамыз себетті.
Алтын күз деп аталады
Күз айы сол себепті.
Аяулым
Сеуіп мейір білімін
Табыстырған біздерді.
Басы оқу жылының
Берекелі күз келді.
Расул
Біздің дала бай дала
Алтын астық айнала
Жасады той халқымыз.
Жаса, жаса, алтын күз.
Дана
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді.
Абылай
Алма-алмұрт албырап,
Жеміс-жидек пісіпті.
Қауын- қарбыз балбырап,
Қамбаларға түсіпті.
Алуа
Алқаптан бидайды
Қоймаға ел жинайды.
Тырнасы тізілген,
Ұнатам күзді мен.
Аяла
Дәнге толы қызыл қырман,
Қырман басы қызық думан.
Мөлдіретіп жүзімдерін,
Келді алтын күзім менің
Молшылық күз, береке күз
Береке күз - мерекеміз.
(Аттарын атап, салыстырып түстерін, пішіндерін және сөз тіркестерін айтады)
Алма-жеміс, пішіні домалақ, түсі қызыл, дәмі тәтті.
Қияр-көкеніс, пішіні сопақша, түсі жасыл.
Шие-жеміс, пішіні домалақ, түсі қызыл, дәмі қышқыл.
Сәбіз-көкеніс, пішіні сопақша, түсі тоқсары.
Жүргізуші: Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырайын, сендер жауабын табыңдар.
Көшіп жүрген желменен,
Сеуіп шықты тамшысын,
Қыраттарға шөлдеген, (Бұлт)
Көңілді музыка сүйемелдеуімен залға бұлт кіріп келеді.
Бұлт: Бексұлтан
Күзгі көк бұлт мен болам
Көтеріліп теңізден
Аспанға биік барамын.
Қаласам қазір сендерге,
Жаңбыр болып жауамын.
Бұлт балаларға су шашады.
Таныдыңдар ма мені балалар?
Мен қара түнек бұлтпын, бірде жаңбыр жауғызам,бірде найзағай шашам. Бәрі менің қолымда, мен күштімін. Мен осы кештін ауа-райын бұзамын.
Жүргізуші: Бұлт, ақылға келіп балаларымыздың өнерін тамашалаңыз. Сізге арналған тамаша әніміз бар.
Ән: <<Күзгі вальс>>
Бұлт: Бексұлтан
Әнді жақсы айтады екенсіндер. Мен енді сендерге жұмбақтар жасырғым келіп тұр. Жұмбақ шешкенді жақсы көресіндер ме?
Балалар: иә!
Бұлт: Бексұлтан
Киінген киімі көп,
Аша берсен өзі жоқ. (Орамжапырақ)
2.Жер бетінде шашы бар,
Жер астында басы бар. (Сәбіз)
Көңілді вальс әуенімен күн кіреді
Күн: Дильназ
Сәлем ,өрен достарым!
Өмірге көп қосқаным,
Қымбатты сый алыңдар,
Қызығына қуаныңдар.
Балалар: Сәлеметсіз бе, күн-ханшайымы!
Күн: Дильназ
Мен жарқырап төбеде
Нұрымды төгіп тұрамын,
Шуақ шашып бәріңе
Бала жанын ұғамын.
Жүргізуші: Аяулы Күн ханшайымы, қызанақ неге қызыл болған екенін сіз білесіз бе?
Күн: Әрине білемін, ол оқиға менің көз-алдымда болдыемес пе?
Жүргізуші: Онда біздің балалар сол оқиғаны сахналап берсін.
<<Неге қызанақ қызық?>> көрінісі
Жүргізуші:
Ертеде кішкетай қыз бау-бақшаға көкеністер мен жемістер өсіріпті. Бақшасын өзі күтіп, күнде суарады екен. Ол кезде қызанақ ақ болған екен. Күндердің бір күнінде қызанақ басын көтеріп сөйлей жөнеледі.
Қызанақ: Үміт
Менің атым, қызанақ. Мені барлық адамдар, үлкен-кіші, балалар дажақсы көреді. Мені барлығы дәмді, тәтті деп тамаққа, салатқа қосады. Меннен шырын да жасайды, мені сондай жақсы көреді. Көкеністердің ішіндегі ең тәттісі, ең пайдалысы мен.
Жүргізуші: Ал қалған көкеністер мен жемістер басын көтеріп оған қарайды.
Пияз: Нурали
Асханадан шықпаймын,
Атым пияз, бұқпаймын.
Көзден жасты шығарам.
Тұмаудан бірақ сақтаймын.
Картоп: Ерасыл
Картоп біздің атымыз
Жер астында жатырмыз
Бір тамырдан тараған,
Ағайынбыз бәріміз.
Ау, қызанақ, неге сонша мақтанып тұрсын, ұят емес пе?
Қызанақ: Үміт
Мен сондай тәтті, дәмді қызанақпын. Сондықтан мені барлығы жақсы көреді.
Сәбіз: Темирлан
Өсіретін бойыңды
Дамытатын ойыңды.
Қоянға да азықпыз,
Сәбіздерміз жазықсыз.
Алма: Мөлдір
Пісіп тұрған алмамын,
Тамсандырар бал дәмім
Жерге сілкіп түсірме
Ісіп кетер маңдайым.
Шие: Алима
Мен моншақты шиемін
Құмарсындар білемін
Кетіп қалып жүрмесін
Тамағыңа сүйегім.
Өрік: Аяжан
Дөп -дөнгелек сап -сары
Ішінде бар дәні
Қызығасын көріп
Менің атым өрік.
Қызанақ досым мұнын не, неге мақтанып тұрсын?
Қызанақ: Үміт
Мен сондай тәтті, дәмді қызанақпын. Сондықтан мені барлығы жақсы көреді.
Қияр: Заманбек
Көктеп ерте шырмалып,
Әсем мен бүр жарып
Атым қияр теріп ал,
Жиі-жиі суарып.
Асқабақ: Жантөре
Таңдандырар бәрін
Асқабақпын дәмді
Кептірілген дәнім
Таптырмайтын дәрі.
Жүзім: Аяжан
Мені бәрі жүзім дер
Бір-бірлеп дәмдеп үзіп жер
Қызықтырам көркіммен
Қатар- қатар тізілген.
Қызанақ: Үміт
Сендер босқа мақтанасындар! Бар дәрумен менде, тәтті шырын да менде.
Жүргізуші: Күз келді. Бағбан қыз көкеністер мен жемістерді жинайды. Ол сәбізді, қиярды, пиязды жинап алады, ал қызанақ болса басын көтере алмай бір қуыста қалып қояды.
Қызанақ: Үміт
Достарым, кешіріндер! Мен сендердің алдарында ұятты болдым, -- деп қызанақ қып-қызыл болып кетеді.
Достары оны кешіреді. Сол кезден бастап қызанақ қызыл болған екен.
Жүргізуші: Балалар, енді осы бағбан қыздың жинаған көкеністері мен жемістерімен ойын өткізейік.
Бұлт: Көрдің бе, күн, менің суыммен көкеністер қалай жылдам өскен
Күн: Жоқ, менің жылуымның арқасында бәрі өседі...
Жүргізуші: Дауласпандар достар. Көкеністер мен жемістерге су да, күн де керек. Келесі әнімізді бірге орындайық.
Ән: <<Дос болайық бәріміз>>
Әннен кейін Бұлт пен Күн достасады.
Күн мен бұлт:
Неткен жақсы балаларсыңдар,
Әнмен бізді достастырдыңдар.
Біз аспанда әрқашақ
Жүреміз бірге жарасып.
Ата-аналарға ойын.
Ата-аналардың көздерін байлап, алдына жемістер мен көкеністердің муляждарын қойып, ішінен біреуін тандауын сұраймыз. Таңдап алған соң, көзін шешпестен қағаз бен қарындаш бересіз. Көзі байлаулы күйі өзі таңдаған муляждың суретін салады.
Ата-аналар сөз сөйлейді.
Жүргізуші: Аман болсын ел іргесі,
Алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
Алтын күз ырыс, береке, бірлік ала келді.
Осымен <<Алтын күз>> ертеңгілігіміз аяқталды. Келгендеріңізге көп рахмет. Сау болыңыздар!

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz