Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Өзімде бар сан қалта

Педагогтің аты-жөні:
Ибадулла Ләйла Әділханқызы
Күні:

23.10.2023 жыл
Сынып:
5
Сабақтың тақырыбы:
<<Білімді мыңды жығар!>> сайыс сабақ
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикалық ойлауын тереңдету. Оқушыларды тапқырлыққа баулу, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.Ойлау қабілеттерін, таным белсенділігін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Сабақ барысы
Сабақтың
барысы
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
Қош келдіңіздер, қадірлі ұстаздар, оқушылар!
Еліміздің ертеңі білімді азамттың қолында екені өздеріңізге белгілі. Бүгінгі білімді шәкірт ертеңгі ел тұтқасын ұстайтын азамат. Сол азамат бойында тапқырықты, алғырлықты қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталады. Мектебімізде математика апталығы болып жатыр. Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шындайтын, мектебіміздегі білімді жастарды анықтайтын, оқушылардың білімге қызығушылығын арттырып <<Үздік есепші>> атты танымдық ойынымызды мынадай өлең шумақтарымен бастаймыз.
Уа, жарандар,жарандар
Мына бізге қараңдар,
Мінекей сыныпта тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны бізде қоштаймыз
Кешіккенді тоспаймыз
Ғылымдардың ғылымы
Математика жайында
ойын - сайысты бастаймыз!
Уа, жарандар,
математика құрметтеуге лайық.
Дүниедегі құбылыстың бәрінде
Мүмкін емес есептерсіз түсіну
Есебіңіз дүние кілті әлі де
Білімді адам еш нәрседен қорықпайды, мазасызданбайды,ол әр уақытта да батымды. Ендеше ортадағы білім сайысына түсетін 5 <<А,Ә,Б>> сынып оқушыларын қошаметтейік.
Әр сыныптан 5 оқушыдан қатысады. 3 топқа сынып арқылы емес, параллель сыныптың достығын нығайту барысында араластырып бөлемін.

Оқушылар түрлі-түсті үлестірме қағаз алу арқылы 3 топқа бөлінеді.
Үлестірме қағаздың түсіне емес, келесі бетіндегі жазылған цифрға қарап 3- топқа бөлінеді.

Ойын барысын қадағалап отыратын, әділ бағасын беретін 1 әділқазы сайлай-мын.

Үлестірме қағаз
Сабақтың ортасы
Балалар! Бүгін сендер қызықты математиканың жұмбақты да, тартымды әлемімен танысасыңдар. Сендер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екендігіне көз жеткізесіңдер.
Қымбатты білім сүйгіш жас достар! Орыс ғалымы М.Ломоносов
<<Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін - математика, сондықтан да оны
оқу керек, >>- деген.
Сайыста сендерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады. Сайыста жеңу үшін, сендер белсенділік танытып, берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулерің керек және тапсырмаларды орындауларың қажет. Әр дұрыс жауап үшін топ бал алады.
Математикалық сайыс-бұл еңбек. Сондықтан сайыс кезінде өте ұқыпты, ойларың жинақталған болу керек және тәртіп сақталғаны жөн.
Енді бүгінгі сайысымыздың жоспарымен танысыңдар, сайыс мынадай бөлімнен тұрады.

Жоспар:
Ойымды жалғастыр ( мақал - мәтелдің жалғасын табу, әр топқа 5 мақалдан беріледі)
Бәйге ( Үш топқа 15 ауызша есептер беріледі, жалпы ұпай саналады)
Ұшқыр ойлау (әр топқа 3 логикалық есептен беріледі)
Топ басшыларының сайысы. (Есептер шығару)
Марапаттау

Мақал-мәтел айтайық,
Талай жерді көрейік.
Асулардан өтейік,
Білімге біз енейік,
Кедергіні жеңейік.
1. <<Ойымды жалғастыр>> сайысы. (әр топқа 5 мақалдан беріледі, жауап бере алмаса келесі топ жауап беруге болады)
1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім іл)
2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)
3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)
4. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)
5. Бір елі ауызға - (екі елі қақпақ)
6. Жүз сомың болғанша, (жүз досың болсын)
7. Отыз тістен шыққан сөз, (отыз елге тарайды)
8. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)
9. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді) 10. Бір үйде екі әйел болса ойран, (екі сиыр болса айран) 11. Елу ердің жасы, (алпыс ел ағасы) 12. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз) 13. Жеті атасын білмеген, (жетімдіктің белгісі) 14. Бір ит көріп үреді, (Бір ит еріп үреді) 15. Айдағаның бес ешкі, (ысқырығың жер жарады).
2. <<Бәйге>>
Үш топқа 15 есеп сұрақ қойылады. Әрқайсысының жауабы тыңдалады. Дұрыс жауап бере алмаса басқа команда жауап береді.

Қанша қалтам?
Өзімде бар сан қалта
Арт жағымда қос қалта
Жейдеде екі төс қалта
Пиджакта екі іш қалта
Бір төс қалта және бар
Сонда есепте, кәне ал,
Менің қанша қалтам бар?
Тағы айтпақшы пальтом бар
Онда да төрт қалтам бар? (12)
Бес бұтақты ағашта Бұтақ сайын бес алма. Біреуін бер Алашқа Қалады сонда қанша алма. /24/
Бір - бірімен жарысқан
төрт аю, бір арыстан
екі қой мен бір түлкі
Бәрі нешеу кім білді / 8 /
Жоқ өзінде баста, қаста, мойында.
Ұзындығы жазулы тұр бойында. / сызғыш /
Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді. (0) 6 . Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ) 7. Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш. (шаршы) 8. 2 нің кубы қанша?
9. Нәрселерді санағанда
Керек ол бізге ауадай.
Айтындаршы бұл қандай сан,
Жан-жағына қарамай?
(натурал сан)
Жоқ өзінде баста, қаста, мойында.
Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш) 11. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш) 12. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі? (3 минут) 13. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?(3 кг) 14. Екіге бөлінбейтін сан қандай сан деп аталады? (тақ сан) 15. Дүкеннен мен сабын алдым,
Оның және қабын алдым,
Екі дәптер, бір қарындаш,
Тіс ысқышты тағы да алдым.
Есептеші сонда бәрі
Қанша болады, қолда бары? / 6 /

3. Ұшқыр ойлау (Әр топқа 3 есептен беріледі).
1-топ
Есепте:
44 : 4
4444 : 44
444444: 44
Теңдік тура болатындай амал таңбаларын қой:
44444444 = 500 (444+44+4+4+4 = 500)
? орнындағы санды тап:

2
5
9
?
20
27
35
+3 +4 +5 14 +6 +7 +8
2-топ
Есепте: 66:6
6666:6
666666:6
Теңдік тура болатындай амал таңбаларын қой:
333333 = 1000 (333*3+3/3 = 1000)
? орнындағы санды тап:

15
53
37
75
59
?
+38 -16 +38 -16 +38 97
3-топ
Есепте:
33:3
3333:3
3333:3
2.Теңдік тура болатындай амал таңбаларын қой:
123456789 = 3 (1+2+3+4-5+6-7+8-9=3) 3. ? орнындағы санды тап:

12
22
23
33
34
44
?
+10 +1 +10 +1 +10 +1 45

4.Топ басшыларының сайысы. (Есептер шығару)
1. Бөлшектерді қысқартыңдар:
1421; 426; 2595; 2163; 50200 ;
2.Мына сандардың барлық бөлінгіштерін жазыңдар:120, 56, 94
3.Мына сандардың еселіктерінің алғашқы төртеуін жазыңдар: 17, 19, 23,

Оқушылар мақалдың жалғасын табады.

Оқушылар сұраққа жауап береді.

Әр топтың оқушылары өздеріне берілген есептерді шығарады.
Шешімін топтың бір мүшесі тақтаға жазады.

Топ басшысы тақтаға шығып есеп шығарады.

Әр дұрыс жауапқа
5 ұпайдан беріледі.

Әр дұрыс жауапқа
10 ұпайдан беріледі.

1) 3 балл 2) 5 балл 3) 2 балл
Барлығы: 10 балл

1) 4 балл 2) 1 балл 3) 1 балл
Барлығы: 6 балл
Интербел-сенді тақта

Үлестірме қағаз

Үлестірме қағаз
Сабақтың соңы
Топтардың жинаған ұпайларын есептеп, марапаттау.

Топ басшыларының сайысы. (Есептер шығару)

Бөлшектерді қысқарт:
а) 1421, б) 890·1516

2.Мына санның барлық бөлінгіштерін жаз: 56
3.Мына санның еселіктерінің алғашқы төртеуін жаз: 23

Топ басшыларының сайысы. (Есептер шығару)

1. Бөлшектерді қысқартыңдар:
1421; 426; 2595; 2163; 50200
а) 426, б) 775·2528

2.Мына санның барлық бөлінгіштерін жаз:120
3.Мына санның еселіктерінің алғашқы төртеуін жаз: 17

Топ басшыларының сайысы. (Есептер шығару)
1. Бөлшектерді қысқартыңдар:
1421; 426; 2595; 2163; 50200
а) 1463, б) 625·518

2.Мына санның барлық бөлінгіштерін жаз: 94
3.Мына санның еселіктерінің алғашқы төртеуін жаз: 19

1-топ

Есепте:
44 : 4 =
4444 : 44 =
444444: 444 =

Теңдік тура болатындай амал таңбаларын қой:

44444444 = 500

? орнындағы санды тап:

2
5
9
14
20
27
?

2-топ

1. Есепте:
66:6 =
6666:66 =
666666:666 =

Теңдік тура болатындай амал таңбаларын қой:

333333 = 1000

? орнындағы санды тап:

15
53
37
75
59
?

3-топ

Есепте:
33:3 =
3333:33 =
333333:333 =

Теңдік тура болатындай амал таңбаларын қой:

123456789 = 3

3. ? орнындағы санды тап:

12
22
23
33
34
44
?

Бағалау парағы
р/с
Ойын шарттары
1 - топ
2 - топ
3 - топ
1
Ойымды жалғастыр ( мақал - мәтелдің жалғасын табу, әр топқа 5 мақалдан беріледі)

2
Бәйге ( үш топқа 15 ауызша есептер беріледі, жалпы ұпай саналады)

3
Ұшқыр ойлау (әр топқа 3 есептен беріледі)

4
Топ басшыларының сайысы (есептер шығару)

5
Жалпы балы

Ұқсас жұмыстар
Қалтам қанша
Орыс әдебиеті сабағы
Қалта телефоны туралы мәлімет
Ұялы телефонды
Қалта астарын өңдеу
Мұқағали мақатаевтың поэзиясы
Абай, «әсемпаз болма әрнеге»
Қол сағат ортақ қалта сағат
Мұғалім сол шырақты жағушы
Жапсырма қалталарды өңдеу
Пәндер