Меншікті жану жылуының формуласын есептер шығару барысында дұрыс қолдана алу

Қысқа мерзімді жоспар
Барлық оқушылар істей алады: отының меншікті жану жылуының физикалық мағынасын түсіндіреді;
Көптеген оқушылар істей алады: меншікті жану жылуының формуласын есептер шығару барысында дұрыс қолданады;
Кейбір оқушылар істей алады: отын энергиясы мен отының меншікті жану жылуы арасындағы байланысты көрсете алады;
-Отының меншікті жану жылуының физикалық мағынасын түсіндіреді;
-Меншікті жану жылуының формуласын есептер шығару барысында дұрыс қолданады;
-Отын энергиясы мен отының меншікті жану жылуы арасындағы байланысты көрсете алады;
- Отынның меншікті жану жылуының өлшем бірлігін біледі.
Берілген есептерді шығаруда қажет формуланы тауып, өлшем бірлігін сауатты жазып, нақты жауабын дұрыс табу арқылы еңбек және шығармашылық құндылығы
қалыптасады.
Сабақтың барысы:
Сабақтың басы
2 мин.
«Жылдам тест»-әдісі
5мин
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын бақылау.
Өткен тақырыпты еске түсіруге арналған тест.
1. Жылу мөлшерін есептеудің формуласы:
А)
Ә)
Б)
В)
2. Жылу мөлшері дегеніміз не?
А) Жылу берілу кезіндегі энергия
Ә) Қалыпты жағдайдағы энергия
Б) Жұмыс кезіндегі энергия
В) қозғалыс кезіндегі энергия
3. Жылу мөлшерінің өлшем бірлігі?
А) Дж
Ә) 1 Кл
Б) 1 Н
В) 1 кал
4. Массасы 10кг шойынды 10 С- тан 100 С-қа дейін қыздырғанда қанша жылу мөлшері беріледі? ( С= 540 Дж/кг С)
А) 486 кДж
Ә) 240 Дж
Б) 590 кДж
В) 476000 Дж
5. Меншікті жылу сыйымдылығының өлшем бірлігі?
А) Дж/кг
Ә) Н/кг
Б) Г/град
В) Дж/кг С
Дескриптор:
-жылу мөлшерін сипаттайды.
- заттардың меншікті жылусыйымдылықтарын ажыратады.
Жалпы балл -2
Сабақтың ортасы
«Ой қозғау»
5 мин
Білім дағдысы: Білу (D)
Бос стаканмен жанып тұрған май шамды жабамыз. Біраз уақыттан кейін май шам өшеді. Жанудың қандай шарты бұзылды . Алдымен оқушылар жұпта талқылайды. Содан соң мүғалім әр жұптың пікірін тыңдап, кері байланыс жасай отырып бүгінгі сабақтың мақсатын анықтауға бағыттайды.
Мақсатты болжау. Оқушылармен бірге сабақ мақсаты анықталады:
Отының меншікті жану жылуының физикалық мағынасын түсіну;
Меншікті жану жылуының формуласын есептер шығару барысында дұрыс қолдана алу;
Отын энергиясы мен отының меншікті жану жылуы арасындағы байланысты көрсету;
Отынның меншікті жану жылуының өлшем бірлігін білу.
Дескриптор:
-отынның жану жылуы тақырыбын түсінеді.
ДЭ
Презентация
Оқулық 8-сынып.
Май шам, стақан
Жұптық жұмыс
15 мин
Білім дағдысы: Қолдану
1-тапсырма (Р)
Оқушыларжұптасып эксперименттік тапсырмалар орындайды:
1 -тәжірибе . Бірдей массадағы әр түрлі отын жанған кезде бөлінетін жылу мөлшерін анықтаңдар.
Жұмысқа нұсқау:
2 кусок фольганы картонга қоямыз.
Фольга үстіне мақта кесегін қоямыз
Әр кесектің үстіне біреуіне спирт, ал екіншісіне бензин тамшысын тамызамыз.
Екі кесекті бір мезгілде жағыңдар
Спирт пен бензин жанып болған соң фольганы қолмен ұстап көріңдер. Қайсысы көбірек жылу бөлді?
2-Тәжірибе. Әр түрлі массадағы отынның жану кезіндегі жылу мөлшерін салыстыру Жұмысқа нұсқау:
2 кусок фольганы картонга қоямыз.
Фольга үстіне мақта кесегін қоямыз
Әр кесектің үстіне біреуіне бір тамшы спирт, ал екіншісіне екі тамшы спирт тамызамыз.
Екі кесекті бір мезгілде жағыңдар
Спирт жанып болған соң фольганы қолмен ұстап көріңдер. Қайсысы көбірек жылу бөлді?
Мұғалім сұрақ қояды: Отын жанғанда бөлінетін жылу мөлшері неден тәуелді?
Бұл сұраққа оқушылар тәжірибе жасап болған соң тұжырымдарын жасайды.
Мұғалім кері байланыс жасай отырып, отын жанғанда бөлінетін жылу мөлшері отын массасына және отынның меншікті жану жылуына пропорционал екенін атап өтуіне болады. Q=q·m.
Топтық талқылау
Отынды белсенді түрде қолдану неге әкеліп соғады?
Бұдан қандай қорытынды жасауға болады?
Дескриптор:
- отын жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін сипаттайды;
- отынның меншікті жану жылуының физикалық мағынасын түсіндіреді
Жалпы балл -4
ДК экраны
8-сынып оқулығы.
Картон, фольга, мақта, бензин, спирт тамшысы
Жеке жұмыс
«Кім алғыр» әдісі
13 мин
Білім дағдысы: Қолдану (І)
2-тапсырма
«Кім алғыр» әдісі арқылы есептер беріледі
Тапсырмалар:
Массасы 10 г керосин толық жанғанда бөлініп шығатын барлық жылу мөлшері массасы 22 кг суды ысытуға жұмсалса, судың температурасы неше градусқа өзгереді? с=4200 Дж/кг 0 С, q=4, 6⋅10 7 Дж/кг.
ПӘК-і 30% пеште 0, 5 кг ағашты толық жағып, қанша суды қайнатуға болады? Судың бастапқы температурасы 10 0 С. с=4200 Дж/кг 0 С, q=10⋅10 6 Дж/кг.
Дескриптор:
-Отын энергиясының формуласын есептер шығаруда қолдана алады.
-Физикалық шамалардың өлшем бірлігін ХБЖ ауыстыра алады. - Белгісіз шаманың формуласын дұрыс қорытып шығарады.
-Берілген шамалардың мәндерін пайдаланып, дұрыс есептеулер жүргізе алады
Жалпы балл- 4
ДЭ,
8-сынып оқулық
Ж. О. Бақынов есептер жинағы
Сабақтың соңы.
Рефлексия
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz