Заттардың формулалары және химиялық реакция теңдеулері

ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ КЕЗІНДЕГІ САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ

Мұғалімнің аты-жөні:: Мұғалімнің аты-жөні:
Есиркепова Акерке Усеновна: Есиркепова Акерке Усеновна
Мұғалімнің аты-жөні:: Пән/Сынып:
Есиркепова Акерке Усеновна: Химия, 8 сынып
Мұғалімнің аты-жөні:: Қай аптаның нешінші сабағы
Есиркепова Акерке Усеновна: 8-сабақ
Мұғалімнің аты-жөні:: Тарау немесе бөлім атауы:
Есиркепова Акерке Усеновна: ІІ тарау. Заттардың формулалары және химиялық реакция теңдеулері
Мұғалімнің аты-жөні:: Сабақтың тақырыбы:
Есиркепова Акерке Усеновна: Химиялық реакция теңдеулерін құру.
Мұғалімнің аты-жөні:: Оқу мақсаты:
Есиркепова Акерке Усеновна: 8. 2. 3. 3 - реакцияға қатысатын және түзілетін заттардың формуласын жаза отырып, химиялық реакциялар теңдеулерін құру;
Мұғалімнің аты-жөні:: Бағалау критериі:
Есиркепова Акерке Усеновна:
  • реакцияға қатысатын және түзілетін заттардың формуласын жазады;
  • химиялық реакция теңдеулерін құрады.
Мұғалімнің аты-жөні:: Саралап оқыту тапсырмалары
Мұғалімнің аты-жөні::

Ұжымдық жұмыс

Жаңа тақырыптың түсіндірілуі

Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстыру;

Бейнероликті қолдана отырып, бекіту тапсырмаларын орындату

Есиркепова Акерке Усеновна:

Бірлескен жұмыс (1, 2 тапсырма)

Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Бекітуге арналғантапсырмаларды орындату;

Тапсырмалардың жауаптарын жазу.

Жеке жұмыс

Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы

Мұғалімнің аты-жөні:: Уақыты
Есиркепова Акерке Усеновна: Кезеңдері
Тапсырма
Тапсырманың мақсаты
Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?
Бағалау
Ресурстар
Мұғалімнің аты-жөні::

1 минут

00:00 - 03:00

Есиркепова Акерке Усеновна: Ұйымдастыру

Сәлеметсіздерме!

Бүгінгі тақырып, Химиялық реакция теңдеулерін құру.

Бүгінгі сабақта меңгеретініңіз:

  • реакцияға қатысатын және түзілетін заттардың формуласын жаза отырып, химиялық реакциялар теңдеулерін құруды.
Презентация Слайд 1-2
Мұғалімнің аты-жөні::

8 минут

03:00 - 11:00

11:00-14:00

Есиркепова Акерке Усеновна: Жаңа сабақ

Бір заттың басқа заттарға айналу құбылысы - химиялық құбылыс деп аталады. Мысалы, ағаштың жануы. Ағаш жанғаннан кейін, күлге айналады. Бастапқы қасиеттері жойылып, мүлдем басқа затқа айналады. Химиялық құбылысты басқаша химиялық реакция деп атаймыз. Химиялық реакциялар химиялық теңдеулермен жазылады. Химиялық реакцияларды формулалармен немесе математикалық таңбалармен шартты түрде жазу - химиялық теңдеу деп аталады.

7-сыныпта сіздер реакция теңдеулерін мәтінмен жазып үйрендіңіздер. Мысалы, магний мен оттектің, темір мен күкірттің әрекеттесу теңдеулерін алайық. Келесі бейнематериалға назар аударайық (1-видео) :

Яғни, бейнематериалдан көргендеріңіздей, магний мен оттек әрекеттескенде магний оксиді, темір мен күкірт әрекеттескенде темір (ІІ) сульфиді түзіледі екен. Енді осы мәтінмен жазылған реакция теңдеулерін жазуды үйренейік.

Реакция теңдеулерін жазу үшін берілген элементтердің таңбаларын жазамыз. Екі жай зат әрекеттескенде түзілген өнім екі элементтің қосындысы болады. Яғни, магний мен оттекті қосып жазамыз. Екі элементтің де валенттілігі бірдей болғандықтан индекс қойылмайды. Енді реакция теңдеуін теңестіреміз. Ол үшін реакцияға дейінгі және реакциядан кейінгі әрбір элементті санап шығамыз. Оттек теңге дейін екеу, теңнен кейін біреу. Сондықтан теңнен кейінгі оттек бар қосылыстың алдына екі қоямыз. Ол жерге екі қойсақ, магний де екеу болады. Және теңге дейінгі магнийдің алдына да екі қоямыз. Реакция тең.

Енді тура осылай темір мен күкірттің әрекеттесу теңдеуін жазамыз. Бұл реакция теңдеуі өзі тең.

Химиялық реакция реагенттер мен өнімдерден тұрады. Реакцияға қатысатын бастапқы заттар - реагенттер, ал реакция нәтижесінде түзілетін заттар реакция өнімдері деп аталады. Мысалы, мына реакция теңдеуіндегі магний мен оттек реагент деп аталады, ал өнім магний оксиді.

Енді, реакция өнімдерін жазуды толығырақ қарастырайық.

Химиялық реакция теңдеуін құрастырудың алгоритмі:

  1. Берілген элементтерді (қосылыстарды) таңбасымен жазу
  2. Бастапқы заттарға сәйкес түзілетін өнімдердің формуласын құру
  3. Реакция теңдеуін теңестіру

Мысалы: Көміртек пен оттектің, калий мен оттектің әрекеттескендегі реакция теңдеуін жазып көрейік.

1. Ол үшін алдымен берілген элементтердің таңбасын жазамыз:

С + О 2

К + О 2

2. Түзілетін өнімдердің формуласын құру үшін валенттілік немесе нольдік қосынды әдістерін пайдаланамыз. Валенттілік арқылы формула құру тиімді болғандықтан сол әдісті қайталайық.

Реакция өнімін дұрыс жазу үшін валенттілік арқылы формула құруды (немесе «нольдік қосынды» әдісін) білу қажет.

Валенттілік арқылы формула құруды ққайта қарап көрейік. Ол үшін валенттілікті және сандардың ең кіші ортақ еселігін (ЕКОЕ) білу қажет

:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:

Және ЕКОЕ табуды еске түсірейік.

Реакция теңдеуін теңестіреміз. Ол үшін реакцияға түскен бастапқы реагенттер мен өнімдердің құрамындағы әрбір элементтің атом сандарын санап, қажет санды коэффициент ретінде алдына қою арқылы теңестіреміз.

Одан басқа, көптеген реакциялар жүру үшін қыздыру қажет болады. Мұндай жағдайда теңдік белгісінің үстіне t 0 белгісін қояды. Мысалы: t 0

2 О = 2H 2 + O 2

Егер реакция нәтижесінде газ бөлінсе, формуланың қасына жоғары қараған бағдарша ↑, егер тұнба түзілсе төмен қараған бағдарша ↓ қойылады. Мысалы,

Fe + CuCl 2 = FeCl 2 + Cu↓

t 0

2 О = 2H 2 ↑ + O 2

Валенттілік
Тұрақты
І
H, Li, Na, K, Rb, Cs
ІІ
О, Mg, Ca, Zn, Sr, Ba, Ra
ІІІ
Al
Ауыспалы валенттілік
Элементтер
І, VII
F, Cl, Br, I
ІІ, IV
S
ІІІ, V
N, P
Жаңа тақырыпты меңгеру

Презентация

Слайд 3

Слайд 4-11

1-видео (0:29мин)

https://cdn4. bilimland. kz/upload/content/platform_lessons/L_11020/42. mp4

Слайд 12

Слайд 13

Слайд 14-15

Слайд 16-17

Cлайд 18

Мұғалімнің аты-жөні::
Есиркепова Акерке

Ұқсас жұмыстар
Алғашқы химиялық ұғымдар. Химиялық реакциялар
Есептерді шығару
Көмірсулар. глюкоза. 11 сынып
Әртүрлі типтегі есептеу есептерін шығару
Химиялық элементтердің атомдарының валенттілігі
Химиялық реакция теңдеулері кезіндегі зат массасының сақталу заңы
Оқушыларды металдардың физикалық және химиялық қасиеттерін түсіндіру
Химиялық реакция типтерін анықтау
Химиялық реакция теңдеулері
Химиялық есептер шығарудың тиімді тәсілдері. бағдарлы курс, 8-сынып
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz