Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Қобыланды батыр жыры

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Бөлім: <<Таза, мінсіз асыл сөз>>
Мектеп:
Күні:
Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: 5
Қатысқан оқушылар саны:
Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы
<<Қобыланды батыр>> жырының тәрбиелік мәні
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
5.3.1.1- шығармадағы эпизодтар арқылы тарихи құндылығын бағалау.
Сабақтың мақсаттары
Барлық оқушылар: <<Қобыланды батыр>> жырындағы құндылықтарды анықтау;
Көпшілігі: шығармадағы эпизодтар арқылы тарихи құндылығын анықтау;
Кейбір оқушылар: шығармадағы эпизодтар арқылы тарихи құндылығын бағалау.
Бағалау критерийлері
* шығармадағы эпизодтар арқылы тарихи құндылығына баға береді.
Құндылықтарды
дарыту
<<Мәңгілік ел>> жалпықоғамдық құндылығы:
Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы (6-құндылық)
Аталған құндылық сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың топтаса және жеке отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу,өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары негізінде жүзеге асады.
Пәнаралық байланыс
Тарих, қазақ тілі, өнер пәндерінен алған білімдерін еркін қолданады.
Тілдік мақсаттар
Сөздер мен сөз тіркестер: эпос, жыр, жыршы, құндылық
Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:
менің ойымша....,
мен оны былай түсіндіремін.....,
себебі....., оған мынандай дәлел келтіре аламын....,
мәселенің шешеу жолдарын ұсынар болсам,....,
қорыта келе,.......
Осыған дейін меңгерілген білім
<<Қобыланды батыр>> жыры
Жоспар
Сабақтың кезеңі/ уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі. Сынып оқушылары түгенделеді. Оқушылар назары сабаққа аударылады.
Топқа бөлу. Жұптасу: түрлі-түсті кілттер арқылы
Бірдей түсті кілтке ие болған оқушылар жұп құрайды. Осы кілттер арқылы біз бүгінгі сабақта <<Қобыланды батыр>> жырының сырын ашып, жұмбағын шешеміз.

І. Қызығушылықты ояту кезеңі.
- Балалар, құндылық дегеніміз не?
Құндылық дегеніміз не?
Құндылық дегеніміз не?

Оқушылар ойларын дәлелдеп, тірек сөзді бүгінгі тақырыппен байланыстырады.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады.
Оқушылар топқа бөлінеді.

Оқушылар құндылық сөзінің мағынасын ашады. Бүгінгі тақырыппен байланысын нақтайды.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады.

ҚБ <<Түстер>>

5-сынып <<Қазақ әдебиеті>>

Сабақтың ортасы

ІІ Мағынаны тану кезеңі
<<Қобыланды батыр>> - халық ауыз әдебиетіндегі батырлар жырының бірі. Ата-анасының зарығып жүріп көрген жалғыз баласы Қобыланды бойына жастайынан ерге, батырға тән қасиеттерді жиып өседі. Ер-азаматқа лайық ісімен шартты орындап, Көктім аймақ ханның жалғыз қызы Құртқаны ұзатып алуынан басталған жыр оқиғасы Қобыланды батырдың ерлік, батырлық, намысшылдық іс-әрекеттерімен жалғаса береді.
<<Қобыланды батыр>> жыры Қобыландының барлық жауларын жеңіп, ел-жұртын, ата-анасын молшылыққа кенелтуімен аяқталады.
oo Балалар, біз бүгінгі сабағымызда <<Қобыланды батыр>> жырының құндылығын, тәрбиелік мәнін анықтау мақсатында талдау жүргіземіз
1-қадам. <<Зерттеу алаңы>> Жұптық жұмыс.
Оқушылар ғаламтор, мұғалім ұсынған ресурстар көмегімен <<Қобыланды батыр>> жырының тарихи құндылығы бойынша зерттеу жүргізеді.
2-қадам. <<Анықтау алаңы>>Жеке жұмыс.
Жырды оқи отырып, Қобыланды мен Қараманның іс-әрекеттерін бағалап, мінездеме беріңдер.
3-қадам. <<Талдау алаңы>> Жұптық жұмыс.
Қобыланды батырдың ерліктеріне назар аударыңдар. Батыр туған жері үшін қандай қаһармандық көрсеткен? Жырдың тарихи құндылығы неде? Ойларыңды шығармадан дәлел келтіре отырып, талдаңдар.
Дескрипторлар:
* <<Қобыланды батыр>> жырының тарихи құндылығы бойынша зерттеу жүргізеді;
* Қобыланды мен Қараманның іс-әрекеттерін бағалап, мінездеме береді;
* Ойларын шығармадан дәлел келтіре отырып, талдайды;
* Баға береді.
ҚБ
ІІІ. Ойтолғаныс кезеңі.5 минуттық эссе.
<<Ерлігі еліне арналған>>
Оқушылар берілген тақырыпта өз қорытынды ойларын жазып, жырдың тәрбиелік мәніне баға береді.
Дескрипторлар:
* Тарихи және көркемдік құндылығына баға бере алады. (жыр несімен құнды?);
* Үзінділер арқылы ойын дәлелдейді;
* Метафора, теңеу, эпитетті орынды қолданады.
ҚБ
Үздік эсселер <<Автор орындығында>> оқылады.

Оқушылар
тақырыпқа байланысты мәлімет алады.

Оқушылар ғаламтор, мұғалім ұсынған ресурстар көмегімен <<Қобыланды батыр>> жырының тарихи құндылығы бойынша зерттеу жүргізеді .

Жырды оқи отырып, Қобыланды мен Қараманның іс-әрекеттерін бағалап, мінездеме береді.

Оқушылар берілген тақырыпта өз қорытынды ойларын жазып, жырдың тәрбиелік мәніне баға береді.
Үздік эсселер <<Автор орындығында>> оқылады.

ҚБ <<Түстер>>

ҚБ <<Түстер>>

<<Қобыланды батыр>> жыры

Сабақтың соңы

Рефлексия:
<<3 Қ: қызық, қиын, құнды>>.
Оқушылар өздері үшін сабақта не қызық, қиын, құнды болғанын айтып, іс-әрекетіне баға береді.
Мұғалім қорытынды кері байланыс береді.

Қосымша ақпарат
Дифференциация - Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?
Бағалау - Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?
Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)
Оқушылар <<Ұйымдасқан ұяшықтар>> кезінде рөлдік ойындарды өз қалауларымен таңдайды.Креативті ойлау тапсырмасы кезінде хикметтерден ұнаған жолдарды бастапқы өнім ретінде таңдап алып, өз мүмкіндіктеріне сәйкес бір формада (өлең, нақыл сөз т.б.) көркем түрде өзгертіп жазуда да оқушылардың
жеке мүмкіндіктері ескерілген.
Топтар бір-бірін бағалау критерийі, дескрипторға сүйеніп негізінде бағалайды.

Сабақ жоспарын құру үшін ақын өмір сүрген дәуірді ескеріп, тарих пәні мұғалімдерінен кеңес алған дұрыс.
Берілген тапсырмалардың оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіретіні жоқ.
Оқушылар сабақ барысында өздерін еркін сезіне алады.

Ұқсас жұмыстар
Тайбурылдың шабысы
Сын есімне өткенді қайталау
Халық ауыз әдебиеті туралы
Алпамыс батыр жыры
Батырлар жыры мен Шаһнама дастанындағы тақырып үндестігі
Көркем шығармадағы жылқы түлігінің түр сипаты
Ер Тарғын жыры (Кілті)
Алпамыс батыр ауылы
Құтты қонақтардың жырлары
Қазақ әдебиетінен 7-сыныпқа арналған тест жұмысы
Пәндер