Сөйлемдегі сөздердің байланысы. Сабақтың тақырыбы

Пәні
Қазақ тілі
Пәні: Сыныбы
Қазақ тілі: 2
Пәні: Мұғалім
Қазақ тілі:
Пәні: Бөлімі
Қазақ тілі: Менің туған өлкем.
Пәні: Сабақтың тақырыбы
Қазақ тілі: Су тіршілік көзі. Сөйлемдегі сөздердің байланысы.
Пәні: Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
Қазақ тілі:

2. 1. 2. 1 - мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау

2. 2. 3. 1 - мәтін мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру

2. 4. 2. 6 - сөйлемдегі бір-бірімен байланысып тұрған сөздерді табу

Пәні: Сабақ мақсаты
Қазақ тілі:

Оқушылар мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің көмегімен мәтіннің мазмұнын болжайды, мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады, жауап береді.

Сөйлемдегі сөздердің байланысын сұрақ, сызба арқылы көрсетеді.

ЕБҚ: Суреттер арқылы мәтіннің тақырыбын табады. Мәтіннің ішіндегі кейіпкерлерді атайды. Мұғалімнің көмегімен сөйлем құрастырады.

Пәні: Ойлау дағдыларының деңгейі
Қазақ тілі: Қолдану, жоғары деңгей.
Пәні: Бағалау критерийлері
Қазақ тілі:

Мәтін тақырыбы мен мазмұнын тірек сөздер арқылы болжай алады;

Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бере алады;

Сызба арқылы сөйлемдегі сөздердің байланысын түсіндіре алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері (уақыты)
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың кезеңдері (уақыты): Сабақтың басы:
Педагогтің әрекеті:

(Ұ) Амандасу. Психологиялық ахуал туғызу.

«Қайырлы таң» жаттығуын жасау.

Мақсаты: Оқушылардың көңілін сабаққа аудару.

1-тапсырма.

(Ұ) Өткен сабақты еске түсіру.

«Маймылды тамақтандыру» әдісін қолдану.

Бананда жазылған ашық сұрақтарға жауап беру арқылы маймылды тамақтандырамыз.

- Сөйлемдегі сөздердің байланысын не арқылы білеміз?

- Лепті сөйлем дегеніміз не?

- Жауап алу мақсатында қойылған сөйлем қалай аталады?

- Хабарлы сөйлемнің соңында не қойылады?

ЕБҚ тапсырма: «Адасқан сөздер» әдісі бойынша карточкада берілген сөздерден сөйлем құрастырады.

  1. Күн, ма, жылыды.

(Күн жылыды ма?)

  1. Демалыс, ертең, алақай. (Алақай, ертең демалыс!)
  2. Сыныпқа, мұғалім, кірді. (Мұғалім сыныпқа кірді. )

Мақсаты: Өткен сабақта алған ақпаратты еске түсіріп, ойын дәлелдей алады.

Сабақтың мақсатымен танысу.

Балалар бүгінгі сабақта мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздер арқылы мәтіннің мазмұнын болжауды, мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырып, жауап беруге, сөйлемдегі сөздердің байланысын сызба арқылы табуға үйренеміз.

Оқушыларды фигура пішіндеріне қарай топқа бөлу.

Топ ережесін еске түсіру.

Оқушының әрекеті:

Музыкаға қосылып жаттығу жасайды.

Оқушылар кезектесіп банан артындағы тапсырмаға жауап береді.

Сөздерді орнына қойып, сөйлем құрастырады.

Сабаққа қойылған мақсаттарды қарастырып,

танысып шығады.

Бағалау: Gulzat (glamur_2210_kz) - Profile | Pinterest
Ресурстар:

https://www. youtube. com/watch?v=Mj522ajANxs

Маймыл суреті бейнеленген қорапша мен банан суреттерінде жасырынған сұрақтар.

C:\Users\Admin\Downloads\Без названия.jpg

Сөздер жазылған карточкалар.

Интерактивті тақта.

Сабақтың кезеңдері (уақыты): Сабақтың ортасы
Педагогтің әрекеті:

2-тапсырма. Оқылым кезеңіне дайындық.

(Т) «Болжау стратегиясы» бойынша «Құс дәнді қалай бөлді?» мәтінін суреттердің көмегімен болжау.

ЕБҚ: Сәйкестендіру әдісі.

Суретпен кейіпкерді тиісті атауымен сәйкестендір.

Мақсаты: Мәтіннің мазмұнын болжайды.

3-тапсырма. Оқылым кезеңі.

(Ұ) Инсерт әдісі бойынша мәтінді оқу. Негізгі ойды түртіп алу арқылы анықта.

4-тапсырма. Оқылымнан кейінгі кезең.

(Т) «Стикердегі диалог» әдісі.

Оқушыларға түрлі-түсті стикер беру, оқушылар топта төрт сұрақ құрады.

Сұрақтарды топтан топқа береді. 3/4/5 адамнан тұратын топтар стикердегі сұрақтарға жауап береді, өз ойларын талқылап, стикерге жазады.

ЕБҚ: Мәтін мазмұны бойынша мұғалімнің көмегімен сөйлем құра.

Мақсаты: Сұрақтар құрастырып, өздері жауап береді. Негізгі ойды анықтайды.

Оқушының әрекеті:

Мәтіннің мазмұнын сурет арқылы болжайды.

Суретте берілген кейіпкерлерді атауымен сәйкестендіреді.

Мәтінді тізбектеп оқиды.

Сұрақ құрып, жауап береді.

Сөйлем құрастырады.

Бағалау:

Критериалды бағалау -оқыту үдерісінің негізгі факторы"

Дескриптор:

-Мәтінді оқиды.

-Мәтінде су туралы айтылғанын табады.

-Дәннің өсуіне судың қатысы барын айтады.

-Су- тіршілік көзі деген қорытынды жасайды.

«Шапалақ» әдісін пайдалану

Сабақтың тақырыбы Қылмыстық жауапкершіліктің мәні неде Осы сабақта қол жеткізілетін оқу

Ресурстар:

Суреттер тізбегі.

Оқулық.

Түрлі-түсті стикерлер

Сабақтың кезеңдері (уақыты): Сабақтың соңы.
Педагогтің әрекеті:

5-тапсырма. Жазылым.

«Кинометафора» әдісі арқылы су туралы бейнежазба тамашалау.

Кейін 3-4 сөйлемнен тұратын мәтін құрастырып, жаз. Сөйлемдегі сөздердін байланысын сызба арқылы көрсет.

1-топ: «Судың адам үшін пайдасы»

2-топ: «Суды қалай үнемдейміз?»

ЕБҚ: «Сулы жер - нулы жер» сөйлеміндегі сөздердің байланысын мұғалімнің көмегімен көрсет.

Мақсаты: Бір-бірімен байланысып тұрған сөздерді сызба арқылы көрсетеді.

Оқушының әрекеті:

Бейнежазба көреді. Топта шағын мәтін құрастырады. Сөздердің байланысын сызбамен көрсетеді.


Ұқсас жұмыстар
Сөйлемдегі сөздердің байланысы туралы
Сөйлемдегі сөздердің байланысы жайлы ақпарат
Сөйлем мүшелеріне сұрақ қой
"Сөйлемдегі сөздердің байланысы."
Сөйлем түрлері
Баяндауыш
Тұрлаулы мүшелер. Бастауыш. Әлия мен Мәншүк -қазақтың қаһарман қыздары
Сөйлем мүшелері.2-сынып
Атау септік
Сөздердің байланысу түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz