Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Жағдаят сұрақтар

Сабақтың тақырыбы: <<Біз нашақорлыққа қарсымыз>> Сабақтың мақсаты: Оқушыларға әлемді алаңдатып отырған нашақорлық, СПИД, арақ, темекі сияқты зиянды әрекеттердің белең алып бара жатқандығын ескерте отырып, оны болдырмаудың алдын - алуға тәрбиелеу. Оларды жаман әдеттерден сақтандыру. Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту және тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру.Күтілетін нәтиже: 1. ЖҚТБ туралы ойларын тиянақтайды; 2. ЖҚТБ итермелейтін себептерді анықтай біледі; 3. Салауатты өмір салтын насихаттай алады; 4. Өз болашағына сеніммен қарай алады;Сабақтың әдісі: ой қозғау, топтастыру, баяндау, пікірлесу.Сабақтың көрнекілігі: суреттер, слайд. Пәнаралық байланыс: медицина, биология, валеологияСабақтың барысы: І Қызығушылықты оятуІ Ұйымдастыру: Оқушылармен амандасу,бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру. Мұғалім : Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі біз 10-сынып оқушыларының арасында өткізгелі отырған тәрбие сағатымызды бастаймыз. Елбасының <<Қазақстан -2030>> жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі. Салауатты өмір салты дегеніміз не? Ол әлеуметтік тұрмыстарды жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, зиянды әрекеттерден аулақ болу деген сөз. Қазіргі кезде етек алған Нашақорлық - бүкіл қоғамның қасіреті, болашағымызға қауіп төндіріп тұрған індет. Дәл қазіргі таңда әрбір жанұяның есігі мен терезесіне үңіліп, айналасын торып, ғасыр індеті жүр. Есірткі - химиялық тұрғыдан алғанда улы заттар мен олардың қосындылары болып табыладыІІ Мағынаны тану:
<<Ғасыр дерті >>
СПИД Есірткі

Шылым Арақ

1.Жалпы есірткі заттар адамзатқа өте ертеден белгілі және оны емдік және еліктіргіш құрал ретінде өткен ғасырлардың өзінде-ақ қолданған. 60-жылдары капиталистік елдерде кең тарады. Кейбір Орта Азия, Кавказ елдері негізгі ошаққа айналды. Көптеген жастар есірткі бойды балқытып,ләззат алғандайалдамшы күйге түсетін күшін қызық көріп әуестенемін депкүндердің күнінде онсыз омір сүре алмайтын жағдайға жеткенін сезбей қалады. Рас наша немесе марухуаннаның дәмін бір-екі рет татқан адам, одан қайтып құтыла алмай, дәрменсіз күйге түседі. Онымен айналысқаннан кейін бұзақылық жасау,қорлық көрсету т.б жасауға итермелейді. Адам денесі қалжырап, көзі бұлдырап, өмірге не үшін келгені не үшін жүргені беймәлім болады.
Адам баласын бойында өзін-өзі сақтандыратын қасиеттер болады. Соны дұрыс пайдаланған жөн. Әйтпесе нашаға елігіп, бір сәттік рахат сезімге алданып, соның зардабын өмір бойы тартуы мүмкін.

Темекінің салдарынан дүние жүзінде жыл сайын бес миллион адам қаза табады
Темекінің салдарынан дүние жүзінде жыл сайын бес миллион адам қаза табады
Еліміздің 33 % жастары темекіні тұрақты тартатындар
Еліміздің 33 % жастары темекіні тұрақты тартатындар

<<Шылымның адам өміріне зияны>>
Мидың жұмысын бұзады.
Есті жоғалтады.
Сөйлеу қабілетінен айырлады.
Қарым-қатыныс бұзылады.

ІІІ Ой қозғау1. ЖҚТБ мен АҚТҚ бір ұғым білдіреді ме? (иә)2. ЖҚТБ-мен зақымданған адамдар өзін дені сау сезініп, сырт көзге солай көріне ме? (иә)3. Маса шаққанда ауру жұғады ма? (жоқ)4. ЖҚТБ-мен ауратын адамды құшақтау қауіпті ме? (жоқ)5. Қоғамдық әжетхананы пайдалануда зақымдану қауіпі бар ма? (иә) ІV. Жағдаят сұрақтар:
Адам темекіні бір рет тартқанда қандай күйде болады? Осыдан кейін тағыда тартқысы келедіме, жаман әдетті неге тастап кетпейді?
Барлық адам темекінің зиян екенін біледі, бірақ оны неге тоқтатпайды?
Біздің ағзамызға темекі шегу қаншалықты қауіпті?
Қазіргі қыздар шылым шегуге неге құмар?
Әйел адам ағзасына темекі қалай әсер етеді?
Мақал - мәтелдер - ғасырлар бойы сұрыпталып, салмақтанып, кемелденген сөз асылы, парасатты, тәрбиелі, әділ сыншы, адал ақылшы ғана емес, сонымен бірге епті де есті емші
1. Ауырып ем іздегенше , (Ауырмайтын жол ізде )
2. Ішпеген, шылым шекпеген, (Жасайды жылдар көптеген.)
3. Қайғы қартайтады. (Қуаныш марқайтады)
4. Адам арақты ішеді, (Арақ ақылды ішеді. )
5. Жасында темекісін будақтатқан, ( Күркілдеп қартайғанда сұлап жатқан )
6. Арақ- ішіп ішіне көшеді, (Ақыл шөлмек ішіне түседі )
Сонымен, балалар нашақорлықтың шын мәнінде қоғам үшін, отбасы үшін зардабы зор екенін білдік. Енді мынандай жұптық жұмыс істеп көрейік. Алдарыңыздағы үлестірмені таңдап, тапсырмаға жауап дайындайық. 1. Нашақор адам мен дені сау адамды салыстыру.2. Нашақорлықпен күресу жолдарын іздеу.3. Плакаттағы суретті таныстырып, қорғау.
Біз бүгінгі тәрбие сағатымызда нашақорлық жайында ашық әңгіме жасадық. Осы тақырып төңірегіндегі өз ойларымызды ортаға салып, жолдастарымыздың пікірлерін білдік, тыңдадық. Қазір сіздер өз өздеріңізбен кеңесіп сөз бересіздер. Және алдарыңыздағы қағазға жазып, тақтаға ілесіздер. Барлығыңыздың пікірлеріңіз әртүрлі екен. Мен сіздерге үндеу айтқым келеді: Үндеу! Жас жеткіншек! Сіз өзіңізді - өзіңіз құрметтеуге тиіссіз. Бойыңыздағы бар қабілетіңізді тек жақсылыққа бағыттай біліңіз. Зиянды әдеттерден, ішімдіктен, шылымнан, есірткіден аулақ болыңыз. Бойыңызды ластамай, жан - дүниеңізді таза ұстаңыз. Өзіңіздің бос уақытыңызды пайдалы іске арнаңыз. Ар-намыстарыңызды биік ұстаңыздар. Өз тағдырыңыз - өз қолыңызда. Адам өмірге бір-ақ рет келеді, оны жақсы етіп сүру сіздің қолыңыздан келеді. Өзіңізге сеніңіз. Өзіне сенімді адам ғана өзгелердің теріс әсеріне бағынбай, өзін сақтай алады.Денсаулығыңыз мықты болсын, спортпен айналысыңыз. Сіз ел үшін керексіз. Өйткені сіз - тәуелсіз еліміздің болашағысыздар!
Бүгінгі ашық сабағымыздың түйінін С.А.Назарбаеваның мына бір сөзімен аяқтағым келіп отыр. <<Дені сау ұрпақ- әр отбасының қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты азамат халықтың болашағы, Отанымыздың сенімді тірегі болмақ>>. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Нашақорлықтан бас тартып, өмір таңдаңыздар!
Нашақорлықтан бас тартып, өмір таңдаңыздар!

Соркөл орта мектебі КММ

Тақырыбы:
Есірткісіз өмір ғажап

Сыныбы: 11

Сынып жетекші:

Тақырыбы:
Біз нашақорлыққа қарсымыз

Сурет көрмесі

Тақырыбы:
Нашақорлық қоғам дерті

Өткізген

Тақырыбы: Нашақорлық-ғасыр дерті.
Мақсаты: Болашақ қоғамның салауаттылығы әр адамның денсаулығына байланысты екенін, денсаулықты сатып алуға болмайтындығын , ғасыр дерті болып отырған нашақорлық ауруының зиянды әдет екенін түсіндіре отырып, одан аулақ болуға тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының түрі: дөңгелек үстел.
Әдістері: кіріспе әңгіме, сұрақ-жауап, түсіндіру.
Көрнекілігі: слайдтар, нақыл сөз, сюжетті сурет.
Тәрбие сағатының барысы: Ұйымдастыру.(Эпиграф)

Кіріспе әңгіме. Слайд № 1, 2.
Адамның денсаулығы- қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастырады. Өйткені, дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашанда құлшына кіріседі. Халқымыз <<Тәні саудың- жаны сау>> деп орынды айтқан.
Отанымыздың келешегі , көркеюі, балалар, сендердің қолдарында. Сондықтан, сендердің таңдауларын салауатты өмір салтын сақтау.
Слайд №3.
Салауатты өмір сүрудің бір негізгі күрделі мәселесі- жаман әдеттерден аулақ болу. Сондықтан, біздің бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы: <<Нашақорлық - ғасыр дерті>> деп аталады.
Құрметті ұстаздар, оқушылар! <<Қазақстан-2030>> елбасының Қазақстан халқына жолдауы - біздің болашағымыздың сара бағыты. Болашақ жастарды кі . Сондықтан олардың дені сау, тәні таза, рухы күшті, білімді де тәрбиелі аза мат болуы-ел үшін, халық үшін, ұрпақ үшін үлкен бақыт. Ал салауатты -сүруге кері ықпалын тигізетін індет- ол нашақорлық.
Слайд №4,5.

Нашақорлық төңірегінде әңгімемізді өрбіту үшін сіздің назарларыңызға <<Кеш қалмаңыз!>> бағдарламасын ұсынамыз.
Ол үшін студиямызға ой бөліскелі отырған ауыл фельдшері Мади Ахметқалиұлын шақырамыз.
Слайд №6. (оқушы фотосы)
Ұстанымы: <<Ауырмаңдар, ауырсаңдар тіркелуден қашпаңдар>>
Біздің бағдарламамызға сонымен қатар әр баспадан тілші мамандар да келіп отыр. Олай болса микрофонды <<Мақаншы жаңалықтары>> газетінің тілшісі Ербол мырзаға берейік.
Сұрақ: Есірткінің адам баласына тигізер зияны туралы айтып берсеңіз
Жауап: Есірткінің Қазақстанда және басқа елдерде таралғаны баршамызға мәлім. Адам баласы оны ерте заманнан білген. Қатерлі улы өсімдіктерді аузына салып шайнап көрген, темекі түрінде тартқан. Анашаны қолданған адамдардың есте сақтау қабілеті тежеледі. Соның салдарынан адам тез көріксізденеді. Ағзаның дамуы тоқтайды. Ешқандай нашаға әуес болмаңдар.
Слайд №7.
Бағдарламамыздың келесі қонағы психолог Аяжан Мейрамбекқызын шақырайық.
Слайд №8. (оқушының фотосы)
Ұстанымы: <<Болашақтың қамы үшін аулақ бол жастар кеселден>> <<Мөлдір бұлақ>> журналының тілшісі Әдина Мұхтарқызын қандай сұрақ мазалайды екен.
Сұрақ: Адамның нашақор екендігін сыртқы белгісіне қарап қалай ажыратуға болады?
Жауап: Нашақор адамның сыртқы белгісі шаршағыштық, әлсіздік, терлегіштік, тамақ астындағы қолтық бездерінің ісінуі болып табылады.Еңбек ке қабілеті кемиді. Тамаққа тәбеті шаппайды. Салмағын жоғалтады, жүдей- ді.Дене қызуы көтеріліп, ұзақ уақыт бойы төмен түспейді.
Слайд №9,10.

Әңгімемізді әрі қарай өрбітетін келесі қонағымыз Дарын Асқарұлы.
Cлайд №11. (оқушы фотосы)
Ұстанымы: <<Салауатты өмір салтын ұстану- өмірдің мағынасын аша білу>>
Бағдарлама аясындағы сұрақ қоямын деп отырған <<Ұлан>> газетінің тілшісі Әли мырза .
Сұрақ: Нашақорға заң несімен қауіпті?
Жауап: 1. Заңсыз сатқаны, жинағаны, тасымалдағаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылады.
2. Дүние мүлкі тәркіленеді.
3. Ірі мөлшерде жасалса, бірнеше рет түссе 3-8 жылға дейін бас бостандығы- нан айырылады.
Қосымша сұрақ : Нашақор есірткіге ақшаны қандай жолмен табады? Слайд №12, 13.
Нашақор ақша табу үшін өтірік айтып, ұрлық жасап, тіпті кісі өлтіруге дейін барады.
Әңгімеміз қыза түскен сияқты. Келесі студиямыздың қонағы терапевт Анар Айдынқызы.
Слайд №14. (оқушы фотосы)
Ұстанымы: <<Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде>>
Ал Анарға сұрақ қоямын деп құлшынып отырған <<Денсаулық>> журналының тілшісі Олжас мырза.
Сұрақ: Есірткі ағзаға қалай әсер етеді?
Жауап: Есірткі тән саулығын зақымдап, өмір жасын қысқартады. Қылмысқа апарады. Түрлі аурулар туғызады. Еңбек қызметінен айырады. Балалары кемтар болып туады. Аузындағы сілекей қабығына ақ таңдақтар түседі. Тері, тамақ, өкпе қабынуы меңдейді.
слайд №15.
Ең соңғы қонағымыз нарколог Әлішер мырза.
Слайд №16. (оқушы фотосы)
Ұстанымы: <<Тәні саудың- жаны сау>>
Сұрақ қою кезегі <<Найманбай қырандары>> газетінің тілшісі Наргиз Талғатқызына беріледі.
Сұрақ: Нашақорлықтан емделудің жолы бар ма?
Жауап: Әрине бар. Осы отырған баршамыз бұл кеселге жол бермеуіміз керек.Алматыда <<Ақниет>>, <<Нарконон>> диспансерлік сауықтыру орталығы жұмыс істейді.
Слайд№ 17,18.
Дөңгелек үстелімізде тамамдалып қалған сияқты. Барлықтарыңыздың назарларыңызды көгілдір экранға аударуларыңызды сұраймыз.
Слайд №19 . Бейне көрсетілім.
-Осы көрсетілім жайлы ойларыңызды ортаға салсаңыздар.
-Бұл көрсетілімнен нашақор баланы көріп отырмыз. Жаман мінез, рухани кесел. Кеселді жою үшін тамырына балта шабу керек.
-Баланың әлсіз, жауапсыз екендігін көріп отырмыз.
-Бұл жерде ана баласына кеште болса жігер берді.Өмірге көзін ашты.Ал бала қайраттанып тәубесіне келді.
-Ештен кеш жақсы демекші баланың дұрыс жолға түскені балаға да, анасына да, қоғамға да үлкен олжа болып тұр.
Сонымен қорыта келгенде наша дегеніміз не? Слайд №20
Тренинг Еңбек етсем ертеңгі бақытыма сенемін,
Мақсатыма жеткізер уақытыма сенемін.
Достық пенен қасты да жеңеріме сенемін,
Ақыл сана білім мен өнеріме сенемін.
Арым таза ақкөңіл адалдыққа сенемін,
Абыройлы ақ ниет адамдыққа сенемін.
Уақыт бар әлі, кеш емес
Біз айтқан әңгіме бос емес!
Сөз кезегі <<Ақпарат айнасы>>, <<Сен білуге тиіссің?>> айдарында.
Слайд № 21, 22.
Қорыта келе айтарымыз:
-Жылына 10 тоннадан астам есірткі тәркіленеді. Оны өздеріңіз көгілдір экран- нан көріп жүрсіздер. Аты жаман індетке апаратын тура жол осы- нашақорлық екенін балалар түсінген боларсыңдар.
Әр адамның мәнді де, сәнді өмір сүруі үшін денсаулықтың әсері ұшан-теңіз.Тәлім-тәрбие жолында қажет болса жанымды үзіп берер шәкірттеріме тілерім нашақорлықтан жас жандарыңды аулақ ұстаңдар. Салауатты өмір салтын жандарыңа серік етіңдер.
Слайд № 23,24, 25.
Бүгінгі ашық сабағымыздың түйінін С.А.Назарбаеваның мына бір сөзімен аяқтағым келіп отыр.
<<Дені сау сәби- әр отбасының қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты сәби халықтың болашағы, Отанымыздың сенімді тірегі болмақ>>.
Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Баланың бас ұстазы- ата-анасы
Ұлпан апа
Бүгін мектепте
Оқушы мұғалімге
Мейірімділік-асыл қасиет жайлы ақпарат
Өнегелі отбасы
Ұлтты тәрбиелейтін де ата-ана
Қиянат жасамау ұғымының мәнін түсіндіру
Бақытыңды балаңнан ізде
Шылау. оның түлері туралы түсініктерін қалыптастыру
Пәндер