Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ақиқат тобына

Бекітілді ___________
Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар
Тәрбие сағаты
<<Құқық және заң жауапкершілігі>>>>
Күні

Класс жетекші:

Класс:
Қатысушылар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)
<<Құқықтық сана>>
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып, жауапкершілікті арттыру, алдына мақсат қоя білуге баулу. Оқушылардың ойлау, тыңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту, сөздік қорларын молайту.
Құндылықтарды дарыту
Конституцияны, құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.
Ресімдеу
Слайд,презентация
Музыкалық және бейне көркемдеу
интерактивті тақта, слайд
Үлестірмелі материалдар
мақал - мәтелдер жазылған плакаттар
Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер
Презентация
Дайындыққа арналған әдебиет
Интернет материалдары

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
Ресурстар
Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары
Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)

Заңды аттамай тура жолмен жүріп еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан заңды білу заман талабы. <<Құқықтық сауаттылық - заман талабы>> айдарымен ұйымдастырылып отырған ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!Сайыстың жоспары:1. Таныстыру (топ аты, өмірлік ұстанымы, топ төс белгісімен таныстыру)2. Тікелей сұрақ (әр топқа заң, құқық тақырыптарына қатысты 10 сұрақ қойылады. Әрбір дұрыс жауап бір ұпаймен есептеледі)3. <<Ой жалғау>> (мақалдың жалғасын табу)4. <<Адасқан әріптерді орналастыр>> (термин сөздер)5. Суретті баптар (әр топқа мақалдар беріледі, мағынасын қарап, Конституция бойынша баптарға келтіріп, оқушылар соны суреттеп көрсету)6. <<Ой талқы>> Берілген сұраққа әр топ ой-тұжырымдарын білдіреді (уақыт 3 минут)7. Қорытынды (әділқазы алқасының қорытындысы)
Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады.

Компьютер

Сабақ басы (13 мин)

<<Әділет>> тобының сұрақтары:1. Конституция сөзінің аудармасы қандай? (Құрылым, өкілім)2. ҚР-ның биліктің бірден бір бастауы (халық)3. Республика заңдары қай кезде күшіне енеді? (Президент қол қойғаннан кейін)4. Егемендік алғаннан кейін ҚР-да Конституция қанша рет қабылданды? (2-рет1993 жылы 28-қаңтар, 1995 жылы 30-тамыз)5. Республикадағы жоғары заң шығарушы органды ата? (Парламент)
<<Ақиқат>> тобының сұрақтары:1. ҚР тәуелсіздігін қашан қабылдады? (1991жылы 16-желтоқсан)2. ҚР-ның төл теңгесі қашан қолданысқа енгізілді? (1993 жылы 15-қараша)3. ҚР-ның <<Мемлекеттік нышандары>> туралы заң қай жылы қабылданды? (1992 жыл 4-маусым)4. <<Жеті жарғыны>> қабылдаған қазақ ханы кім? (Тәуке хан)5. Бала құқықтары туралы конвенция қашан қабылданды? (1989 жылы 20-қараша)

презентация

Ортасы (20 мин)

ІІІ бөлім <<Ой жалғау>> (мақалдардың жалғасын табу)<<Әділет>> тобына1. Заңның құрығы ... (бәрінен ұзын)2. Өш алғаннан гөрі ... (кешірген жөн)3. Ақырын жүріп... (анық бас)4. Асыл тастан ... (өнер жастан)5. Тура биде ... (туған жоқ)<<Ақиқат>> тобына1. Ұрлық түбі ... (қорлық)2. Жазасын тартпайтын ... (жамандық жоқ)3. Әдепті бала ... (арлы бала)4. Тәрбие ... (отбасынан басталады)5. Әділ істің ... (арты игі)

Оқушылар мақалдың жалғасын табады
Компьютер
Соңы

<<Адасқан әріптерді орналастыр>> (термин сөздер)<<Әділет>> тобына1. ЕКОНЮС - БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы2. АТКРДЕИЯМО - халық еркі немесе билігі3. ЕНТЕЗПРИДЕ - мемлекет басшысы<<Ақиқат>> тобына1. УАТРА - айырбас үшін арнайы өндірілетін өнім2. АТТӨЛЖҰҚ - азаматтықты куәландыратын құжат3. РПАЕЛМАНТ - заң шығарушы орган
<<Әділет>> тобынаТақырыбы: Жастарды қылмысқа итермелейтін не?<<Ақиқат>> тобынаТақырыбы: Жастар арасындағы қылмысқа жол бермеу үшін не істеу керек?

презентация

Ұқсас жұмыстар
Білім және құқық
Байғазы сөзінің мағынасын ашып беріңіздер
Өз құқығыңды білгенің-дұрыс өмір сүргенің
Құқықтық сауаттылық - заман талабы
Сымайыл, з әмзәм
Білім – ақиқат бастауы
Батылдық пен табандылық
Статистикалық мәліметтерді топтау және талдау
Төрт бұрыш
Ең үздік информатик интеллектуалды ойыны
Пәндер