Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Кебектің Еңлікпен кездесуі

Мектеп: Облыстық арнайы мектеп-интернат
Бөлім: 2-бөлім: Көркем әдебиет және эпикалық сарын
Сабақ тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы <<Еңлік - Кебек>> дастаны. Тақырыбы мен идеясы
.
Күні:
Мұғалімнің есімі: А.Мизам
Сынып: 8
Қатысқандар саны
Қатыспағандар саны
Сабаққа негізделген оқу мақсаты
8.1.2.1 әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу;

Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар: әдеби шығарманың идеясы мен тақырыбын анықтайды.
Оқушылардың басым бөлігі:әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін анықтайды.
Кейбір оқушылар:ақпараттарды талдайды
Бағалау критерийлері:
(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)
# Ақпараттарды талдайды;
# үзіндінің сюжетін анықтайды;
# идеясы мен тақырыбын анықтайды.

Ойлау деңгейі
Білу, түсіну
Тілдік мақсаттар
Көнерген сөздер: бақсы,балгер, абыз, тасыр
Құндылықтарды дарыту
Тарих пен мәдениеттің біртұтастығы негізінде балаларды бірлікті сақтай отырып,
ұлттық дәстүрді ұмытпауға шақыру.
Пәнаралық байланыстар
<<Еңлік - Кебек>>оқиғасы туралы тарих пәнімен байланыстыра түсіндіремін.
АКТ қолдану дағдылары
Бейнеролик, слайд.
Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім
Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірі мен шығармашылығын біледі.
Жоспар
Тапсырма
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Өткен сабақты қайталау. 5 минут

Жаңа сабақ
6 минут

2минут

Топқа бөлу
Үй тапсырмасын сұрау.
<<6 неліктен?>> стратегиясы арқылы үй тапсырмасын сұрау. Оқушыларға ақын өміріне байланысты 6 неліктен деп басталатын сұрақтар даярлап келу тапсырылған.
1.Неліктен Шәкәрім Құнанбайдың тәрбиесінде болды? Өйткені әкесі Құдайберді ақынның 8 жасында қайтыс болған.
2.Неліктен Шәкәрімді өз заманының ең білімдар тұлғаларының санатына қосады?Өйткені ақын араб, парсы, орыс тілдерін жетік меңгерген.
3.Неліктен ақын қоғамдық - саяси қызметтен іргесін аулақ ұстады? Өйткені ақын таза шығармашылық жұмыспен шұғылданғысы келді?
4.Неліктен НКВД жендеттері ақынды атып өлтірді? Өйткені Шыңғыстаудағы көтерілісті ұйымдастырды деген айып тақты.
5. Неліктен Шәкәрімді екі рет ақтады? Өйткені 1959 жылғы ақталуы сәтсіз болды, оның өлеңдерін баспаға ұсынғандар мен жариялағандар да жазаға ұшырады.
6.Неліктен оның алғашқы ақталуы тарихта қалды? Өйткені бұл - ақынның азаматтық ақталуы деп саналды.
Видеоролик көрсету. Жаңа сабақты түсіндіру. https://youtu.be/SSwFD3lx4Tg

Әдеби теориялық білім.
ДАСТАН (парс. сөзі - тарихи әңгіме, ертегі, батырлар жыры) - халық ауыз әдебиетіндегі эпикалық жанр, өлең түріндегі уақиғалы шығарма. Көбінесе бұрыннан белгілі ертегі сюжеттерінің, аңыз, хикаялардың әдеби өңделген түрі болып келеді.
ПОЭМА (грек. роіеmа - туынды, шығарма деген мағынада) - оқиғаны өлеңмен баяндап айтатын, кейде жыр-толғау түрінде келетін көлемді шығарма. Сюжетті оқиға желісін ширақ өрістетіп, кейіпкерлердің іс-әрекетін бейнелеуге негізделеді.

Қорапшадағы екі түсті қағаздар арқылы топқа бөліну(Қызыл түс-Еңлік тобы, көк түс-кебек тобы)
Өткен тақырыпты еске түсіреді.Үй тапсырмасын айтады

https://youtu.be/SSwFD3lx4Tg

Қима қағаздарды таңдайды

1-тапсырма
Топтық жұмыс

7минут

<<Ойлан.Жұптас.Бөліс>> әдісі.
Топтарға поэма бөлімдері таратылады. Оқушылар мәтінмен жеке танысады,жұбымен талқылайды, топпен талдайды. Әр топтан оқушылар өз бөлімдері бойынша баяндайды.
Кебек тобы. Кебектің Нысан абызға бал аштыруы. Кебектің Еңлікпен кездесуі
Еңлік тобы.Еңлік пен Кебектің елден қашуы. Жырдың аяқталуы

Бағалау критерийі
Білім алушы
* Әдеби шығарманың сюжетін түсінеді, талдайды, өз ойын жеткізеді.

ҚБ <<От шашу әдісі>>

Дескриптор

> Әдеби шығарманың сюжетін түсінеді,талдайды.
> Оқиғаның басталуы мен байланысуы туралы өз ойын жеткізеді.
> Мәтін мазмұнын өзге топтарға баяндайды.
> Қойылған сұрақтарға жауап береді.

2-тапсырма. Ойын

5минут

Сергіту сәті
5 минут
<<Ақылды доп>> ойыны

Сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылар сабақ меңгереді
ҚБ <<Шапалақ>> әдісі

<<Мен таптым>> ойыны. 1-7 дейін санау. 7 санының орнына мен таптым сөзін айту.

Оқушылар доптағы берілген сұрақтарға жауап береді

Бір-бірін бағалайды

1-7 дейін санау. 7 санының орнына <<мен таптым>> сөзін айтады.

3-тапсырма. <<Мен автор болсам...>>

Аяқталуы
7 минут

Рефлексия
3минут
Әңгімеге негізделген жазу>> Оқушылар поэманы өз шеберліктерімен аяқтап жазады.

ҚБ. <<Қолыңмен көрсет>> әдісі

Кері байланыс. Қазақ әдебиеті сабағында
<> әдісі арқылы сабақты аяқтау.

Дескриптор
+ Оқушылар поэмадағы оқиға желісін дамытып жазады.
+ Мәтіннің көркемдігі ескеріледі..

Бір-бірін бағалайды

Бір-біріне сабақты тақырып бойынша айтылмай қалған мәселелерді анықтайды.
Кері байланыс жасайды. Сабақтан алған
Әсерімен бөліседі

Қосымша ақпарат

Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?
-Оқушыларды саралау үшін алдын ала топта, жұпта бір - біріне қолдау көрсететін оқушыларды назарға аламын.
- <<Ой қозғау>> кезеңінде оқушылардың жауабын толықтыру үшін әннен қандай әсер алдыңдар? Сабақтың тақырыбы қандай болуы мүмкін? НЕ туралы әңгімелейтін боламыз? деген сипаттағы сұрақтарды қоямын.
-Топтық жұмыс барысында топтағы көшбасшы топқа бағыт-бағдар беріп, мақсатқа жетелеп отырады. Соңғы нәтиженің қандай болу керектігін үнемі еске салып, топтың барлық мүшелерінің ой-пікірлерін тыңдайды.Оқушылар арасында көпіршелер орнатамын.
-Қажетіне қарай топтар немесе жеке оқушыларға қолдау көрсету.
Бағалау - Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз?
-Жұптық бағалау - <<Үш маңызды, бір дамытатын тұс>> әдісі арқылы
бағалауға ерекше мән беріп отырмын.
-Оқушылардың жаңа ақпаратты түсінегіндігін кері
байланыс және критерийлері арқылы тексеремін.
-<<Бір қошемет, бір ұсыныс>> әдісі арқылы оқушылардың шынайы
баға беруіне қол жеткіземін.
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1.
2.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1.
2.
Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?
1.
2.

Ұқсас жұмыстар
Шәкәрімнің «еңлік –кебек » поэмасы
Көркем шығарма - әдебиеттің құндылығы
Оқушылармен амандасу
"еңлік-кебек" дастаны
Өнеркәсіпте алынуы
Еңілік-кебек
D-элементтерге жалпы сипаттама. мыс
Сайын Мұратбеков қылау әңгімесі жайлы ақпарат
Фосфорға тән физикалық қасиет
Алюминий белсенді металл
Пәндер