Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Ақша теориясы
Сабақтың тақырыбы: Ақша мәні, шығу тарихы мен қызметтері
Сабақтың мақсаты: Білімділік:Білім алушыларға ақшаның мәні, шығу тарихы, негізгі қасиеттері мен қызметтері және оның ел экономикасында алатын орны туралы кең көлемде білім беру.
Дамытушылық: Оқыту кезінде студенттердің танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін, жігерін, сөйлеу мәнерін, ғылыми тілде сөйлеу дағдысын, жадын, ынтасын, қиялы мен қабылдауын т.б. танымдық қабілеттерін, жіктеу, өзара байланыс, қорытынды шығару, топтық, ұжымдық жұмыстарда қарым - қатынас дағдыларын дамыту;
Тәрбиелік: Тәуелсіз еліміздің жан-жақты дамуына үлестерін қосу жолында әрекет етуге насихаттау, ұлтжандылық, экономикалық тәрбие, ғылыми дүниетанымын, тұлғаның ұлттық, жалпы адамгершілік құндылықтарды қолдануда жауапкершілікпен шешім кабылдауға тәрбиелеу,өзіндік пікірін, көзқарастары мен сенімін қалыптастыру,оқуға деген саналы - белсенді, жауапкершіліктік қатынасты қалыптастыру беру.
Сабақтың типі: Жаңа материалды игерту сабағы.
Сабақтың түрі: Интеллектуалды ойын сабағы.
Технология: Ойын технологиясы элементтерін қолдану
Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс, баяндау, иллюстративті әдіс, қосымша материалмен, оқулықпен жұмыс, ғылыми материалдармен, дидактикалық материалдармен жұмыс, сұрақ-жауап, түсіндіру, пікір алмасу, ауызша, жазбаша әдіс
Пәнаралық байланыс: Дүние жүзі тарихы, Қазақстан тарихы, Саясаттану және әлеуметтану негіздері, Қоғамтану.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, үлестірме материалдар, бейнероликтер.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру бөлімі
1. Ұйымдастыру кезеңі. Білім алушыларды түгендеу, сабаққа назарын аудару.
2. Мақсат қою және оқу іс-әрекетіне қызығушылықты ояту, мотивациялау.
3. Білімді өзектілендіру және мәселелік жағдаяттар туғызу.
ІІ. ЖББ- Ақша туралы түсінік (слайд), тақырыпқа сай дәрістер
ІІІ. Бекіту кезеңі. <<Қазыналы арал>> интеллектуалды ойыны. Қазыналы аралға барар жол картасы:
а) <<Белес>>
ә) <<Асу>>
б) <<Шөл басу>>
в) <<Өткелден өту>>
г) <<Алтын сандық>>
ІҮ. Қорытындылау кезеңі
Ү. Бағалау кезеңі
ҮІ. Үйге тапсырмасы <<Ақша мәні және оның пайда болу тарихы>>, <<Ақша түрлері мен қызметтері>> тақырыбында материалдар жинақтап келу.
ҮІІ. Рефлексия
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: 5мин
1) Сәлемдесу, білім алушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.
2) Мақсат қою және оқу іс-әрекетіне қызығушылықты ояту, мотивациялау: сабақтың мақсатын хабарлап, білім алушылардың назарын сабаққа аудару. (Сабақ барысында қолданылатын <<Қазына аралына барар жол>> ойынының элементтерімен таныстыру)
3) Білімді өзектілендіру және мәселелік жағдаяттар туғызу
Сабақтың эпиграфы:
Істі істеу үшін емес, жеңіске жету үшін бастаңыз Адам баласына, ақшаны есептемегенде, табиғаттың бергенінен артық ештеңе қажет емес Ақша қымбат тұрады
(Р.Эмерсон)
ІІ. ЖББ кезеңі:
Слайд арқылы шолу жасау, Ақша туралы түсінік (слайд), тақырыпқа сай дәрістер (5 мин.)
(20 минут дәріс жазу)
Дәріс жоспары:
1. Ақша - тауар өндірісінің категориясы: пайда болуы және мәні. Ақша теориясы
2. Ақша қызметтері
3. Ақша жүйесінің элементтері
Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады. Тауар - бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі (зат), оны өндірушілердің қоғамдық қатынастарын тудыра отырып тауар нысанын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез-келген зат тауар бола алмайды. Егер тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуа болғаны; мұндай бұйым тауарлық нысанға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы. Сондықтан да әрбір тауар қажетті тұтыну құнын алу құралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді. <<Айырбас құны - тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өздігінен өмір сүретін тауар, ол - ақша>>.
Кез келген ақшадан әрбір елдің өткенін, бүгінгісін және болашағының бейнесін, яғни тарихын көруге болады. Бүгінгі таңда ақша тарихын зерттейтін арнайы ғылым саласы бар. Ол - Нумизматика деп аталады. Онда тиындар, құйма ақша кесектері, т.б.ескерткіштер (тиын мөрлері, құжаттар) арқылы тиын соғу тарихы кеңінен зерделенеді. Нумизматика ғылым ретінде 18-ғасырдың 2-жартысында пайда болды, оның негізін салушы - Вена нумизматигі И.Х.Эккель.
Тарихи деректерге қарағанда жезден және күмістен жасалған ақша белгілері біздің жыл санауымыздан 3мың жыл бұрын Азия елдерінде пайдаланылған. Ресей тарихында металл ақша ретінде ІХ ғасырдан бастап қолданылды.
Оны кез-келген тауарға айырбастыру мүмкіндігі туды. Демек металл ақшаның пайда болуы ақша тарихында жаңа бір тарихи бастау кезеңі болды.
Алғашқы металл тиындар Грекия мен Кіші Азияда күмістен соғылған. Бертін келе алтын, күміс сияқты асыл металдарға мықты болу үшін мыс қосқан металл ақшалар шығарыла бастаған.
Металл ақшаны жасап шығару құқығы, әдетте, мемлекеттік өкімет билігінің қолында болған. Оның оң бетін аверс ,ал сол бетін реверс деп айырған.Жазулар оның екі бетінде де кездеседі. Олар тиын шығарған елдердің немесе үкімет органдарының белгілерін, монархтың аты мен мансабын, тиын сарайының ,тиынды шығаруға жауапты адамның атын, тиынның құнын, шыққан уақытын т.б.көрсеткен. Және оң бетінде мемлекеттік өкіметті немесе оның гербі ,ал сол бетінде оның бағасы шыққан жері мен жылы берілген.
Қазақстанда металл ақша негізінен орта ғасырларға жататын көне қалаларда, обаларда жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде табылды.
Қазақ елінің Ұлы Жібек жолының бойында орналасуына байланысты металл ақша жасау қажеттігі ертеден қолға алынғанын бүгінде тарихи деректер дәлелдеп отыр.
ҮІ-ҮІІІ ғасырларда билеуші рулардың таңбасы қашалған, ру рәмізін бейнелеген теңгелер құйыла бастаған. Сырдарияның орта алабында өмір сүрген тайпалардың қола теңгелері ҮІ-ҮІІІ ғ-дың 1-жартысында дейінгі аралықта қолданылған. Бұл теңгелерде арыстан бейнесі бейнелеген. Мұндай теңгелерді Суяб, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда құйған. Сонымен бірге Отырар маңындағы қалаларда да түрлі теңгелер жасалған. Отырарда ақшаның құйылғаны туралы 1967 жылы Самарқанд қоймасы ашылған соң анықталды. Осы қоймадан Х ғасырдағы Фараб теңгелері табылған. Біріншісі, сәл ұмытылып, секіргелі тұрған арыстан бейнеленген мыс теңгелер болса, екіншісі бетінде садақ бен шаршы түріндегі түркілердің тайпалық таңбасы (дүниенің төрт бұрышын меңзеген рәміз) бейнеленген теңге болған.
Қазақстан Егемен ел аталғаннан кейін тарихымыздың жаңа парақтары ашылып, ұлттық валютамыз дүниеге келді.
1993 жылдың қарашасында Қазақстан Республикасының жаңа ақшасы <<теңге>> айналысқа шығарылды.
Қазақстан өз төл ақшасын жасау үшін 1990 жылы теңгенің үлгісін жасайтын арнайы жұмысшы тобын құрды. Алғашқы ұлттық теңгелерді жасауды ағылшынның <<Харрисон>> атты фирмасы қолға алды. 1993ж. 12 қарашасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев"Қазақстан Республикасында Ұлттық валюта енгізу туралы"жарлық шығарды.
Ұлттық валютаны <<теңге>>, ал оның жүзден бір бөлігін <<тиын>> деп атауды сол кездегі ҚР Жоғары кеңесі комитетінің төрағасы Сауық Тәкежанов ұсынған еді.1993 жылы 15 қарашада Ұлттық теңге айналымға енгізілді.Теңгенің де өз шығу тарихы бар. Ұлттық теңгені жасауға екі жыл уақыт қажет болды. Қазақстан өз төл ақшасын шығару үшін 1990жыл теңгенің алғашқы үлгісін жасайтын арнайы жұмысшы тобын құрды. Тәуелсіз елдің ұлттық валютасын жасап шығарған Тимур Сүлейменов, Меңдібай Әлин, Ағымсалы Дүзелханов, Хайролла Ғабжәлеловтер еді. Олар жұмыстарын Қазақстан мәдениетінің тарихи даму аспектілерін зерттеуден бастаған.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев: <<Біз ұлттық ақшамызды бір-ақ рет және бір атаумен шығаруымыз керек. Екінші қайтара оның аты өзгермейді. Сондықтан оны әбден зерттеп барып, бір шешімге келуіміз қажет>>,- деді.
Ең алғашқы теңге партиясы Англияның ең көне әрі әйгілі <<Харрисон және ұлдары>>фабрикасында басылып шықты. Теңгенің алғашқы партияларын сақтау үшін арнайы жер асты қоймалары дайындалған. Оларды төрт ИЛ-86 ұшақтары тасыды. Бір аптаның ішінде олар Лондонға 18 рет ұшып барып-қайтып келген.
Әр мемлекеттің ақшасы оның ұлттық тарихын, ерекшеліктерін анықтайтын нышан. Төл теңгемізде ұлт қайраткерлерінің, батырлардың, хандардың т, б суреттері салынды.
1 теңгеде - әл Фараби
3 теңгеде - Сүйінбай
5 теңгеде - Құрманғазы
10 теңгеде - Шоқан
20 теңгеде - Абай
50 теңгеде - Әбілқайыр хан
100 теңгеде - Абылай хан
Теңге дизайнерлерінің бірі - Прага сәулет институтының түлегі, бірнеше халықаралық конкурстардың жеңімпазы Х.Ғабжалеловтың пікірінше, ақшада айтулы алаш азаматтарының бейнесін берудің бірнеше себебі бар. Біріншіден, қосымша күрделі бедер - бейнелер банкноттарды қолдан жасаудан қорғайды, екіншіден тарихи тұлғаларымыздың суреттері біздің жас мемлекетіміздің өз тарихы мен болмысын танытады және қазақ ақшаларын әлемдегі басқа валюталардан даралап, айшықтап тұрады.1995 жылы Алматыда өз банкнот фабрикамыздың тұсауы кесілді. Қазір Тәуелсіз Қазақстан төл валютасын өз елімізде басып шығарады.
2006-2011жылғы банкнот фабрикасы ұлттық ақшаның түрлерін басып шығарды.
ІІ Ақшаның атқаратын қызметтері
1.Ақшаның - құн өлшемі екенін көрсетеді.
Ақша құн өлшемі ретінде <<құнды көрсету үшін, яғни мөлшер жағынан аттас, сапасы жағынан бірдей және саны жағынан салыстыруға келетін тауарлар құнын көрсететін>> материал қызметін атқарады.
2.Ақшаның - айырбас құралы екенін дәлелдейді.
Бұл қызметінде ақша айналыста дәнекер рөлін атқарады. Тауар өндіруші өз товарын сатқаннан кейін басқа тауарды сатып алуды кідіртіп,ақшаны айналысқа жібермей өз қолында ұстауы мүмкін. Айналыс құралы ретінде ақша өткінші сипатта болады: демек ол қолдан-қолға өтеді. Т-А-Т; А-Т-А; -деген заңдылыққа сүйенеді.
3.Ақша-төлем құралы.
Тауарлар нақты ақшаға сатылып қана қоймай,сонымен бірге несиеге сатылады.Сатып алушы ақшаның орнына өз тарапынан борышқорлық міндеттемелер береді.Осы міндеттеменің мерзімі жеткен соң ақша төленеді,сөйтіп ақша төлем құралы қызметін атқарады.
4.Ақша-қазына жинау және қорлану құралы
Ақша жалпыға бірдей байлықтың бейнесі болғандықтан,оны кез келген уақытта кез келген уақытта кез келген тауарға айналдыруға болады.
5.Дүниежүзілік айналыста ақша ең алдымен төлем ретінде қызмет атқарады
Дүниежүзілік нарықта ақша халықтардың төлем қаржысы ретінде төлем балансының сальдосын өтеуге,халықаралық төлем қаржысы ретінде шетелден нақты ақшаға тауар алу кезінде бір елден екінші елге көшірудің құралы ретінде қызмет етеді.
Ақша жүйесінің типтері
* металл ақша айналысы, яғни мұндай ақша тауары тікелей айналыста бола отырып, ақшаның барлық қызметтерін атқарады, ал несиелік ақшалар металға ауыстырылады;
* несиелік және қағаз ақшалар жүйесі, яғни алтын айналыстан алынып тасталып, оның орнына несиелік және қағаз ақшалар айналысқа түседі.
Металл ақша айналысы екіге бөлінеді:
* Биметализм;
* Монометаллизм.
Ақша айналысы -- шаруашылықтағы тауарларды өткізуге, сондай-ақ тауарлы емес төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететін қолма-қол және қолма-қолсыз ақша нысандарындағы ақшалардың қозғалысы.
ІІІ Ақша жүйесінің элементтері:
1. Ақша бірлігі. Бұл тауар бағасын анықтап өлшеу үшін қолданылады. Қазақстанда - теңге.
2. Баға масштабы. Бұл мемлекет анықтаған ұлттық қағаз ақша данасының металға бағаланған салмақ мөлшері.
3. Ақша түрлері. Бұған жататындар: мемлекет шағаратын банкноттар, монеталар, қазыналық билеттер.
4. Эмиссиялық жүйе - айырбасқа арнап заңды түрде ақша мен құнды қағаздар шығару тәртібі.
5. Ақша жүйесінің институттары - ақша айналымын реттеп отыратын мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер.
6. Валюталық паритет - екі валюта арасындағы шекті қатынасты білдіреді.
Бейне ролик Ақша қалай пайда болды? 5 мин
Қызықты мәліметтермен танысу. <<Ең.ең.ең...>> слайд 10 мин.
Ең ежелгі қағаз ақша б.з. 812 ж. Қытайда пайда болған болған.
Ең алғашқы электронды ақша - 1918 АҚШ Федералдық банкі ақшаны
телеграф арқылы аударған.
Ең қымбат алтын ақша- салмағы 250 кг тұрады,құны-3,7 млн. доллар, Жапонияда жасалған.
Ең ерекше ақша - Африка елдерінде жасалады. Бұл монеталар 2000 жылы Замбиде Сидней олимпиадасы құрметіне орай шығарылды.
Ең табиғи ақша- каури бақалшықтары немесе фарфорлы ұлулар. Ақша орнына 3500 ж. бұрын Қытайда пайдаланылған.
Ең ірі номиналды валюта - 2008 ж.Зимбабведе жасалған, 14 нөлден тұрады.
Теңге тарихы бейне ролик 5 мин
Ақша туралы қызықты деректер 5 мин слайд
ІІІ. Бекіту кезеңі. <<Қазына аралы>> интелектуалды ойыны
Енді сабағымызды пысықтау үшін <<Қазына аралы>> интелектуалды ойынымызды бастаймыз. Ал, қазына жолына барарда бізге көптеген кедергілерден өтуге тура келеді. Сонымен, біз алғашқы кедергімізге тап болдық десек те болады.
а) <<Белес>> 5мин
<<Белестен>> өту үшін ақпараттық қағазды толтыру керек:
Топтың аты
Ақша дегеніміз не?
Ақша тарихынан қысқаша мағлұмат
Ақша қызметі?
ә) <<Асу>> 5 мин
Біз жолда <<Шөлімізді басу>> үшін таратылған парақшадағы берілген әлемдік нарыққа қатысушы ірі елдердің валютасын сәйкестендіруіміз керек.
Ресей-рубль. Америка-Доллар, Қытай- Юань, Жапония-Иена, Қазақстан-Теңге, Франция- Франк, Италия-Евро, Индия- Рупия, Араб біріккен әмірлігі- Дирхам, Германия- Марк,
б) <<Шөл басу>>. <<Ең.ең.ең...>>. Сынақ хат 5 мин
Деректерді орнына орналастырыңыз - Қытай, Жапония, Африка, АҚШ, Қытай, Зимбабве:
1. Ең ежелгі қағаз ақша б.з. 812 ж ............. пайда болған болған.
2. Ең алғашқы электронды ақша -1918 ............. Федералдық банкі ақшаны
телеграф арқылы аударған.
3. Ең қымбат алтын ақша - салмағы 250 кг тұрады, құны-3,7 млн. доллар, ............. жасалған.
4. Ең ерекше ақша - ............... елдерінде жасалады. Бұл монеталар 2000ж
Замбиде Сидней олимпиадасы құрметіне орай шығарылды.
5. Ең табиғи ақша - каури бақалшықтары немесе фарфорлы ұлулар. Ақша орнына 3500ж. бұрын ............. пайдаланылған.
6. Ең ірі номиналды валюта - 2008 ж. .............. жасалған, 14 нөлден тұрады
в) <<Өткелден өту>> 5 мин
Шарты: Білім алушылар әр мақалды мағынасына қарай толықтырып, құрастыруы керек, түсіндіруі шарт.
1. Теңге тиыннан өсер,
Жылқы құлыннан өсер.
2. Ақша кетуге тырысады,
Есеп ұстауға тырысады.
3. Теңге тиыннан,
Ынтымақ ұйымнан.
4.Базар ақшалыға базар,
Ақшасызға назар.
г) <<Алтын сандық>> 5мин
<<Ақшаның атқаратын қызметтері>> туралы семантикалық картаны толтырыңыз:
<<Ақшаның атқаратын қызметтері>>
р\с
Атауы
Сипаттамасы
Ақшаның - құн өлшемі екенін көрсетеді

Ақша-төлем құралы
Тауарлар нақты ақшаға сатылып қана қоймай,сонымен бірге несиеге сатылады. Сатып алушы ақшаның орнына өз тарапынан борышқорлық міндеттемелер береді.Осы міндеттеменің мерзімі жеткен соң ақша төленеді,сөйтіп ақша төлем құралы қызметін атқарады.
Ақшаның - айырбас құралы екенін дәлелдейді

Дүниежүзілік айналыста ақша ең алдымен төлем ретінде қызмет атқарады

Ақша-қазына жинау және қорлану құралы

ІҮ. Қорытындылау кезеңі 5мин
Ақша - тауар өндірісі мен айырбастың даму қарқыны бойынша жалпыға бірдей эквивалент түрінде бөлініп шыққан тауар. Ол барлық тауар өндірушілер, сатушылар, тұтынушылар арасындағы экономикалық байланысты қамтамасыз етеді. Ақша айналысы бірнеше тарихи кезеңдерден өтті және металл, қағаз, несие ақшалар көмегімен жүзеге асырылды. Кез - келген ақшадан әрбір елдің өткенін, бүгінгісін және болашағының бейнесін, яғни тарихын көруге болады.
Ақша туралы ырымдар бейне ролик 5мин
Ү. Бағалау кезеңі. Бағалау парақшасы арқылы сарапшылардың толтыруы.
ҮІ. Үйге тапсырма. Ақша- кеше, бүгін, ертең- шағын шығарма 2 мин
ҮІІ. Рефлексия 3 мин
Фразаны аяқта
Бүгінгі сабақта менің білгенім ....
Маған қызықты болғаны .....
Мен мынаны түсіндім ....

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz