1-сыныпқа арналған сауат ашу сабағы: Менің отбасым және Қ дыбысы мен әрпі

Мектеп:
Пәні: Сауат ашу
Күні:
Сынып: 1 сынып
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Менің отбасым.
Қ дыбысы мен әрпі
1. 2. 4. 1 Қарама-қарсы мағыналы, мағыналас сөздерді және көп мағыналы сөздерді ажырата алу (мұғалім көмегімен)
1. 1. 8. 1 Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрып айту (мұғалімнің көмегімен)
• Қарама-қарсы мағыналы сөздерді мұғалім көмегімен ажырату, берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрау;
• Сөздерді тұтас оқып, сызба және сөздердің көмегімен мәтінді оқу;
• Мағынасы қарама- қарсы сөздердің мағыналарын ажырату және мысалдар келтіру.
- Сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрайды.
- Мағынасы қарама- қарсы сөздердің мағыналарын ажыратады.
Тілдік дағдылар: Сюжетті суретті баяндау барысында айтылым дағдысы іске асырылады. Мәтінді буындап оқыту арқылы оқылым дағдысы іске асады.
Сабақта қолданатын терминдер мен тіркестер:
суық - ыстық, астында - үстінде
Қойылатын сұрақтар :
Өз отбасың туралы не айтасың?
Отбасыңда кімдер бар?
Қ дыбысы қандай дыбыс?
Қ дыбысына сипаттама бер.
Қ дыбысы сөздің қай буынында кездеседі?
Сабақтың басы
6 минут
1 мин
5 минут
- Психологиялық ахуал
Кәне, достар, тұрайық,
Шеңберімізді құрайық.
Жақсы-жақсы тілектер,
Бір-бірімізге сыйлайық!
Сыныппен жұмыс
«Отбасы» туралы сурет көрсету .
Талдау жұмысы:
-Отбасында қанша адам бар екен?
-Жоғарыда кім отыр?
- Төменде кім отыр?
- Қызы әкесіне не ұсынды?
- Шай қандай?
-Дастарханның үстінде не бар?
- Үстелдің астында не тұр?
Жаңа сабақтың тақырыбын хабарлап, оқушылармен біріге отырып сабақтың мақсатын құрып, бағалау критерийін таныстырамын.
Сабақтың ортасы - 25 минут
10 мин
2 мин
8 мин
.
Тапсырма 1(ТЖ)
Оқылым.
Сөздерді буындап оқы.
Орындау барысы. Топтық талқылау. «Миға шабуыл» әдіс
Топтық талқылау.
ҚБ бағдаршам арқылы бағалау
Дескриптор .
- Кітапта берілген сөздерді оқиды;
- Суретке қарап, сұрақтарға жауап береді;
- Суреттегі заттарды дұрыс орналастырады.
Тапсырма №2
Суретпен жұмыс
Мұғалім нұсқауы:Суреттегі қарама - қарсы сөздерді табу.
(ТЖ) . Суреттегі қарама - қарсы сөздерді табу.
Дескриптор .
- Берілген суреттен қарама-қарсы сөзді табады.
- Сөйлем құрастырады.
ҚБ. Бақылау, сұрақтар қою
Тапсырманың орындалғанын бағалау . ҚБ «От шашу»
Кері байланыс
- Не білдік?
- Қарама -қарсы сөздерді күнделікті өмірде қолданамыз ба?
Сергіту сәті
Оңға бұрыл,
Солға бұрыл,
Артқа бір қадам,
Алдыға бір қадам
Жоғары бір қарап,
Төмен бір қарап,
Бір отырып, бір тұрып
Бойымызды жазайық!
Сабақтың аяқталуы - 9 мин
7 мин
2 минут
Тапсырма №3
ӨЖ
Суреттегі сөздердің атауын жазады, бір сөйлем құрастырады
Асық, қасық, тауық, мысық, тақта, қасқыр, қала, тышқан.
Дескриптор .
- Суретке мұқият қарайды
- Атауын жазады, сөйлем құрайды.
Жұптар бір-бірін бағалайды.
Сабақты сыныппен қорытындылау.
- Біз бүгін не білдік?