Балаларды ауылдағы адамдардың еңбегімен таныстыру, ауылдағы басты еңбек түрін ажырата білуге үйрету

Ұйымдастырылған оқу қызыметінің технологиялық картасы

Білім беру саласы : Әлеумет

Бөлімі : «Қоршаған ортамен таныстыру»,

Тақырыбы: «Ауылдағы адам еңбегі», «Кішкентай бағбан».

Мақсаты :

Білімділігі: Балаларды ауылдағы адамдардың еңбегімен таныстыру, ауылдағы басты еңбек түрін ажырата білуге үйрету.

Дамытушылық : Жыл мезгілдеріне қарай еңбек түрлері және қолданылатын техника құралдары жайлы білімдерін дамыту. Әңгіме желісін көрініс арқылы көрсету.

Тәрбиелік: Әңгіме арқылы ойын, қиялын дамыту, өз ойын қиялымен ұштастыра айтуға баулу. Табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер : слайд, мазмұнды суреттер.

Сөздік жұмыс : егінші, бағбаншы.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Билингвальды компонент : шопан - чабан, бағбан −садовник, еңбек - труд.

Біз қандаймыз, қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз.

Күлімдеген күндейміз,

Ренжісуді білмейміз,

Қуанамын мен де,

Қуанасын сен де

Қуанайық, достарым

Арайлап атқан күнге!

−Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

−Қазір жылдың көктем мезгілі.

−Көктем мезгілінде неше ай бар?

−Көктем мезгілінде үш ай бар.

−Үш айды кім атап береді?

−Наурыз, Сәуір, Мамыр.

−Көктем мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?

− Қар еріп, күн жылына бастайды, ағаштардан бүршік атады,

жаңбыр жауады, жел соғады, құстар жылы жақтан ұшып келеді

−Жарайсыңдар, балалар көктем мезгілі туралы тақпақ білесіңдер ме?

Кім айтады?

Балалар мені мұқият тыңдаңдар.

Мен сендерге мақал-мәтел айтамын, ал сендер не жайында екенін айтасыңдар:

Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

−Мақалдың мағынасы не жайында айтылған балалар,

кім айтады?

−Еңбек жайлы.

−Дұрыс айтасыңдар, еңбек жайында айтылған .

Еңбек еткен адамның ырысы мол болады, еңбек еткеннің

арқасында тамағымыз тоқ болады. Еңбектің түрлері көп.

−Біздің бүгінгі сабағымыз ауылдағы адам еңбегі туралы болмақ.

−Сендер ауылды білесіңдер ма?

−Ия, білеміз.

−Ендеше балалар сендерге ауыл еңбегі жайлы таныстырайын.

Слайд.

−Шопан - қой бағады.

−Егінші - егін егеді.

−Бағбаншы - ағаш отырғызып, оларды күтіп, баптайды.

Үйге тапсырма: Мақал мәтел жаттау

1 Еңбек етпесең елге өкпелеме,

Егін екпесең жерге өкпелеме.

2 Еңбек түбі - береке,

Көптің түбі - мереке.

Билингвальды компонент:

Шопан - чабан, бағбан −садовник, еңбек - труд.

Балалар қайталайды.

Дидактикалық ойын: «»

Мақсаты: Жемістер мен көкөністердің дәмдерін, пішіндерін, түстерін жырата білуге, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Қорытындылау:

−Балалар бүгін біз не жайлы білдік?

−Шопан деп кімді айтамыз?

−Бағбаншы деген кім?

−Бүгін балалар, мен сендерге риза болып отырмын. Рахмет сендерге.

Оқу іс-әрекетіне жақсы қатысып отырдыңдар

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: Ауыл еңбегі туралы жалпы білім алады.

Түсінеді: Жыл мезгілдеріне сәйкес еңбек түрлерін; егінші, шопан, мақташы сияқты еңбек адамдарының еңбегі туралы білімді.

Қолданады: Ауыл адамдарының еңбегін бағалауды үйренеді.

Жұмбақтар.

Ү әрпінен келеді, Үйде көмек береді

Киімің болса қыртысты, Бұл құрал түзеп жүреді. (үтік)

Атауы « Е» ден келеді, күн суыкта киемін.

Тоңбайды сонда аяғым, Жып жылы болып журеді. (етік)

Бұл төсектің жабдығы, Өзі сондай жұп жұмсақ.

Атауы «Ж» дан келеді, Керек жатып ұйықтасақ.

(жастық)

Ертегіде танысқан, Аузы мұрнынан от шашқан

Қорқынышты кейіпкер, Атында «Һ» әрпі бар. (айдаһар)

Жасыл сопақ көкөніс, бақшадан оны көреміз

«Я»әрпі барішінде, Таптың ба бұл сөзді де? (қияр)

Қыс қызығы бітпейді, Сырғанаймыз онымен.

«Ң» әрпі бар ішінде, Спорт құралын білдің бе? (шаңғы)

Ас атасы не екен, кім біледі, балалар?

Ұннан оны жасаймыз, «Н» әрпінен атаймыз (нан)

Пырылдағыш жануар, жұмсақ оның жүні бар.

«М» дан келер атауы, тышқандардың қас жауы. (мысық)

Баяу оның жүрісі, тасы бар және үстінде.

«Т» деген оның бас әрпі, қай жануар, кім тапты? (тапбақа)

«І» әрпінен келеді, оған кім киім іледі

(ілгіш)

Оқушының құралы, дөңгелетіп сызады.

Шеңбер сызу шебері, «Ц» әрпінен келеді.

(циркуль)

Үйде киіп жүреді, ыңғайлы киім деп анам.

«Х» әрпінен келеді, көйлекке ол ұқсаған.

(халат)

Қыздар оны киеді, әдемі боп жүреді.

Бұл киімнің атауы «К» нен келеді.

(көйлек)

Ғарышқа ол ұшады, жаңа әлем ашады.

Бұл мамандық атауы «Ғ» дан бастау алады.

(ғарышкер)

Көтеріп өзі, түсіреді, бір қабаттан басқаға. Дүкендегі баспалдақ, «Э» әрпінен басталады!

(эсколатор)

Атауы «Ы» дан басталған, ішіне ас салынған

(ыдыс)

Ойнап, оны тебеміз, ойнап, оны қуамыз.

«Д» әрпінен келетін ойыншықты табамыз!

(доп)

Шақырады таң ата, айдары бар басында. «Ә» әрпінен басталады, үй құсы болып табылады

(әтеш)

Зымырайды ғарышқа, Ғаламшарлар алыс па?

«З» әрпінен келетін, көлік түрі таныс па?

(зымыран)

Көлікке ол жатады, аспанға самғап ұшады.

«Ұ» әрпінен басталады, бұл қай көлік, кім табады?

(ұшақ)

Әр үйде ол болады, тігеміз бұл құралмен.

«И» әрпі келер басында

Тауып көрші анаңмен

(ине)


Ұқсас жұмыстар
Қоршаған ортамен таныстыру арқылы бала тілін дамыту
Мұхтар Әуезов Көксерек (повестінен үзінді)
Балаларға қағазға заттарды орналастыру дағдыларын үйрету
Дарынды дамыту - ұстаз парызы
Гимнастикалық орындық
Балабақша суреттері
Фермер қожалығы. дүниетану
Шағын жанрды шығармаға сыйдырған талант - с.мұратбеков
Төлдер қалай дыбыстайды
Жылдық жоспар. даярлық тобы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz