Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Lesson study өткізуге арналған топ отырысы

Хаттама №1
<> өткізуге арналған топ отырысы
14.01.2017ж.
Қатысушылар: 1.Карагулова Н.Н.
2.Ермаханов Б.Е.
3.Танаева Д.А.
4.Рахметова К.
5.Айдарханова Э.А.
Күн тәртібінде:
1. <> өткізу үшін топ құру
2. Жетекшілікпен таныстыру
3. Әртүрлі мәселелер
Бірінші мәселе бойынша, Н.Н.Карагулова тыңдалды:
Ол өз сөзінде <> жүргізу үшін топ құру керектігін айтты.
<> тарихына қысқаша шолу жасады. Бұл - оқытудағы тәжірибені жақсартуға бағытталған коллаборативті тәсіл екендігін түсіндіре келіп, 1870 жылдары Жапонияда пайда болғанына тоқталды. Макото Йошиданың 2007 жылғы таныстырылымынан соң, АҚШ және Ұлыбритания зерттеушілері оқушылардың жоғары академиялық жетістіктерге қол жеткізуі үшін, осы тәсілді қолдануға қызығушылық танытты.
Шешімі:
<> өткізу үшін, топ құрылсын.
Екінші мәселе бойынша, Д.А.Танаева <> бойынша және жетекшілікпен таныстырды.
Үшінші мәселе бойынша, К.Рахметова мынадай сұрақтарды талқылауды ұсынды:
1. Біз қанша рет кездесу ұйымдастыруымыз керек?
2. Біз өз кездесуімізді қалай жазуымыз керек?
3. Бізге сабаққа қатысушылардың келісімі керек пе?
Бірінші сұрақты талқылай келіп, уақыттың шектеулігіне байланысты, сабақты талқылау үшін, 1 кездесу жасауды ұйғардық (Сабақ өткізетін мұғалім тарапынан сұрақ қажеттілік тудырса).
Екінші сұрақ бойынша, Д.А.Танаева әр отырысты хаттамаға тігіп отыруды ұсынды.
Үшінші сұрақ бойынша, К.Рахметова оқушылардан ауызша келісім алып, ата-аналарды хабардар етуді ұсынды.
Шешімі:
1.Сабаққа дейін 1 кездесу ұйымдастырылып, топ отырысы хаттамаға тіркелсін.
2.Сабаққа қатысушылардан ауызша келісім алынып, ата-аналары зерттеу туралы хабардар етілсін.

Хатшы: Танаева Дилдаим Алимжановна

<> іс-шара жоспары
7 <<Г>> сыныбы
Кезең: 14-24 қаңтар 2017жыл
Күні
Іс-шара
Жауапты
14.01.2017
<> өткізу мақсатында комиссия құру.
№1 комиссия отырысы
Карагулова Н.Н.
Үнемі
Әдебиеттер қарастыру
Комиссия мүшелері
Үнемі
Материалдар жинақтау
Комиссия мүшелері
14.01.2017
№2 комиссия отырысы
(<> бірлесе жоспарлау)
Комиссия мүшелері
16.01.2017
<<Етістіктің сөйлемдегі қызметі>> тақырыбындағы қазақ тілі сабағын жоспарлау және өткізу
Танаева Д.А.
16.01.2017
Оқушылармен сұбат жүргізу, сауалнама алу
Танаева Д.А.
16.01.2017
№3 комиссия отырысы
(1-өткізілген сабақты талқылау)
Комиссия мүшелері
19.01.2017
<<Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының алғышарты>> тақырыбындағы Қазақстан тарихы сабағын жоспарлау және өткізу
Рахметова К.
19.01.2017
Оқушылармен сұбат жүргізу, сауалнама алу
Рахметова К.
20.01.2017
№4 комиссия отырысы
(2-өткізілген сабақты талқылау)
Комиссия мүшелері
23.01.2017
<<рационал бөлшектерді қосу және азайту,>> тақырыбындағы математика сабағын жоспарлау және өткізу
Айдарханова Э.А.
23.01.2017
Оқушылармен сұбат жүргізу, сауалнама алу
Айдарханова Э.А.
24.01.2017
№5 комиссия отырысы
(3-өткізілген сабақты талқылау)
Комиссия мүшелері

Транскрипт
(Қатысқан сабағына транскрипт жасаған мұғалім: Танаева Дилдаим Алимжановна)
Мұғалімнің аты-жөні: Рахметова Кенжекүл Әбдіхалыққызы
Сабақ жайлы сіздің пікіріңіз? Өз тарапыңыздан қандай мәселелерді қарастырдыңыз
Сабақ өте жақсы өткізілді. Сабаққа 7 модульдің ықпалдасуын қарастыру мақсатымен қатысқан болатынмын. Мүғалім сабақ барысында 7 модульді шебер қолдана білді.
Сізді таң қалдырған нәрсе болды ма?
Сабақ барысында оқушылар талдауды саналы түрде түсініп, тәжірибе жүзінде жақсы қолдана білді.
Сабақтың сәтті, сәтсіз тұстары туралы не айтасыз?
Сабақтың сәтті жағы топқа бөлінгенде, тақырыпты ашатын сөздермен бөлінді. Ол алдыңғы тақырыптың не туралы болатындығы туралы оқушылар хабардар болып отырды.
Оқушылар бір-біріне топтық, жұптық жұмыстарда қалай көмектесті?
Зерттеуге алынған оқушылар өз топтарында жақсы жұмыс жасап, өз пікірлерімен бөлісе білді.
Келесі сабақта нені өзгертуге болады? Сабақты қалай бастауды ұсынар едіңіз?
Бағалауға көңіл аударылса.
Сабағыңызға қатысуға мүмкіндік бергеніңізге алғыс білдіремін, сәттілік тілеймін! Егер сіздің маған сұрақтарыңыз болса, мен сізге көмектесуге әрқашан дайынмын.

Қазақ тілі пәні бойынша 7-сыныпқа арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспары: Күні: 16.01
Тақырыбы: "Етістіктің сөйлемдегі қызметі"
Мақсаты: Оқушылардың грамматикалық білімдерін тереңдету, етістіктерді таба алу, сөйлемдегі қызметін анықтау
Күтілетін нәтиже: Етістіктердің қалай түрленетінін біледі, сөйлемдегі қызметін анықтай алады. Өз бетінше оқып, тұжырым жасауға дағдыланады. Топпен ынтымақтастықта жұмыс істей алады, әділ болуға тырысады.
Әдісі: топқа бөлу, кешенді талдау, <<Ойлан, бірік, талқыла", "Тұжырымдамалық карта", <<Графика>>,"Кері байланыс", <<Миға шабуыл>> мадақтау, <<смайликтер>>
Дереккөздер: 7-сынып.Қазақ тілі оқулығы, С.Исаев, Қосымова Г. "Атамұра", 2013, Мұғалімге арналған нұсқаулық, IIIдеңгей, www.cpm.kz, электронды оқулық
Құрал-жабдықтар: А3, А4 форматты қағаздар, стикерлер, смайликтер, маркерлер,
Пәнаралық байланыс: әдебиет, сызу, тарих, орыс тілі
Уа қы
ты
Сабақ кезеңдері
7мод-ң ықпалдастығы
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті

5мин.
Қызығушылықты ояту
Үй тапсырмасын сұрау
Сұрақ-жауап, <<Миға шабуыл>> (Жаңа әдіс-тәсілдер) ОүБ
Берілген сұрақтар арқылы топқа бөлу: қай сөйлем мүшесінің сұрақтары?
192-жат.Дәптерлерін жинау арқылы тексеру.
Жауап беру арқылы топтасады.
1.Бастауыш 2.Баяндауыш 3.Анықтауыш 4.Толықтауыш 5.Пысықтауыш (Қарапайымнан күрделіге қарай)
3мин.

7мин.
Мағынаны тану
Жаңа сабақ: "Етістіктің сөйлемдегі қызметі"
Білу
АКТ (электронды оқулықтан жас ерекшелігіне сай тапсырмалар) ОүБ (мадақтау)
1.Сөзжұмбақ шешу: 1.Орынбасар сөз табы 2. <<у>> жұрнақты етістік 3.Рет.нөмірі 2-септік жалғауы 4.Рет.нөмірі 3-сөз табы 5.Сабақты етістік талап ететін септік 6.Ағаға қарап ... өсер 7.Рет.нөмірі 7-септік жалғауы
121-бет, "Етістіктің сөйлемдегі қызметі" ресурсы беріледі. (етістік-глагол-verb)
1. есімдік
2. тұйық етістік
3. ілік септігі
4. сын есім
5. табыс септігі
6. іні
7. көмектес септігі (Тігінен оқыса, сабақ тақырыбы шығады.)
<<Ойлан, бірік, талқыла"әдісі б/а топта жұмыс істейді.
10 мин.
Ойтолғаныс
Түсіну
СТО, (Дарынды, үлге рімі төмен оқушымен жұм.) ОүБ (шапалақтау)
Етістіктер сөйлемнің қандай мүшелері бола алады? Қандай жағдайда?
<<Графикалық сызба>> әдісі б/а <<Тұжырымдамалық карта>> жасап, қорғайды. (Әр топқа әр сөйлем мүшесін дәлелдеу беріледі.) ЖАДА б/а жұмыс жасайды.
5мин.
Қолдану
(Логикалық ойлауын дамыту үшін тапсырма)
ОүБ (<<басбармақ>> әдісі б/а)
1.Көп нүктенің орнына тиісті есімшенің жұрнақтарын қойып, сөйлемдегі қызметін анықта! Сөйлемдер қай шығармадан алынған?Мәтіннен етістіктерді табады.
2.Берілген етістіктерді пайдаланып, мәтін құрау.
Әр топтан өздері тапқан сөздерін оқиды. Тақтаға жазады. (Бір-бірінің жауабын <<басбармақ>> әдісі б/а бағалайды.)
Сөйлемдер Ә.Нүрпейісовтің <<Балықшылар>> шығармасынан алынған.
5мин.
Талдау
(Демеу, қолпаштау)
Морфологиялық және сөйлем мүшесіне талдауды өтінеді.
Тапқан етістіктерін сөйлем мүшесіне талдайды.
5мин.
Жіктеу
Рефлексия ОүБ (өзін-өзі бағалау)
Етістіктің қандай түрлерін білеміз? Олар сөйлемнің қандай мүшелері қызметін атқарады екен? Енді етістік туралы не білгілерің келеді?
Өз білетіндерін айтады. БҮҮ келеді кестесін толтырады. Білеміз: есімше, көсемше, тұйық етістік, салт, сабақты етістіктер. Үйрендік: етістік сөйлемде бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш қызметін атқарады. Үйренгіміз келеді: етістіктің шағын, райын
5мин.
Бағалау

Үйге тапсырма:
а)Міндетті деңгей:
ә) Мүмкіндік деңгей:
Тақырыпқа өз пікірі

ОүБ (Бірін-бірі бағалау)
Етістіктер көбінесе сөйлемнің қай мүшесі болады? Неге?
Талқыланған сабақ критерийі б/а өз-өздерін бағалауды сұрайды.
Өз ойларын айтады.
Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазады: а) Берілген сөз тіркестерінен етістіктерді тауып, сөйлемдегі қызметін анықтау, ереже жаттау
ә) Берілген етістіктерді пайдаланып, мәтін құрау. 1сөйлемді сатылай кешенді талдау

Критерий:
1. Үй тапсырмасын орындау - 2 балл
2. Сөйлем мүшелерінің сұрақтарын білу - 2 балл
3. Етістіктерді мәтіннен таба алу - 2 балл
4. Етістіктің сөйлемде қандай қызмет атқаратынын анықтай алу - 3б
5. Ережені сақтау - 1 балл

Зерттеу нысаны:
<<А>> - Рахимова Әйкен, Жақсылық Қайнар
<<Б>> - Болатқожа Мирас, Кененбай Аружан
<<С>> - Бисенов Еркебұлан, Балтабаева Кәмила

1. <<А>> <<С-ға>> көмектеседі ме?
2. Берілген тапсырманы орындауда қолына тізгінді кім алады?
3. Топта бірлесе жұмыс жасайды ма?
4. Қайсысы көбірек белсенділік танытады?
5. Жұмыс барысында өздерін қалай сезінеді?

Көп нүктенің орнына тиісті есімшенің жұрнақтарын қойып, сөйлемдегі қызметін анықта! (Қарамен жазылған сөйлемді мүшесіне талда! )

1.Еламан Федоровтың кескіні қатты бұзыл... көрді.
2.Федоров жасынан қара жұмысты көп істе... апай төс, ірі сары орыс бол.... 3. Қиғаш түс... қиыршық қар кісі бетін тілгілеп, шып-шып ұрады.
4.Қабағын түй... қытымыр күннен қаңтар айының таяу тұр... ашу кәрі сезіледі.

---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Көп нүктенің орнына тиісті есімшенің жұрнақтарын қойып, сөйлемдегі қызметін анықта! (Қарамен жазылған сөйлемді мүшесіне талда! )

1.Еламан Федоровтың кескіні қатты бұзыл... көрді.
2.Федоров жасынан қара жұмысты көп істе... апай төс, ірі сары орыс бол... .
3. Қиғаш түс... қиыршық қар кісі бетін тілгілеп, шып-шып ұрады.
4.Қабағын түй... қытымыр күннен қаңтар айының таяу тұр... ашу кәрі сезіледі.

---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Көп нүктенің орнына тиісті есімшенің жұрнақтарын қойып, сөйлемдегі қызметін анықта! (Қарамен жазылған сөйлемді мүшесіне талда! )

1.Еламан Федоровтың кескіні қатты бұзыл... көрді.
2.Федоров жасынан қара жұмысты көп істе... апай төс, ірі сары орыс бол.... 3. Қиғаш түс... қиыршық қар кісі бетін тілгілеп, шып-шып ұрады.
4.Қабағын түй... қытымыр күннен қаңтар айының таяу тұр... ашу кәрі сезіледі.

---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Көп нүктенің орнына тиісті есімшенің жұрнақтарын қойып, сөйлемдегі қызметін анықта! (Қарамен жазылған сөйлемді мүшесіне талда! )

1.Еламан Федоровтың кескіні қатты бұзыл... көрді.
2.Федоров жасынан қара жұмысты көп істе... апай төс, ірі сары орыс бол.... 3. Қиғаш түс... қиыршық қар кісі бетін тілгілеп, шып-шып ұрады.
4.Қабағын түй... қытымыр күннен қаңтар айының таяу тұр... ашу кәрі сезіледі.

2.Берілген етістіктерді пайдаланып, мәтін құрау.

Тәуелсіздік алғанымызға; Отанымызды қорғау; жақсы білім алып; абырайын сақтап қалуға; үш тілді меңгеру, мәңгі жасайды;

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

2.Берілген етістіктерді пайдаланып, мәтін құрау.

Тәуелсіздік алғанымызға; Отанымызды қорғау; жақсы білім алып; абырайын сақтап қалуға; үш тілді меңгеру, мәңгі жасайды;

---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

2.Берілген етістіктерді пайдаланып, мәтін құрау.

Тәуелсіздік алғанымызға; Отанымызды қорғау; жақсы білім алып; абырайын сақтап қалуға; үш тілді меңгеру, мәңгі жасайды;

---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

2.Берілген етістіктерді пайдаланып, мәтін құрау.

Тәуелсіздік алғанымызға; Отанымызды қорғау; жақсы білім алып; абырайын сақтап қалуға; үш тілді меңгеру, мәңгі жасайды;

---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

2.Берілген етістіктерді пайдаланып, мәтін құрау.

Тәуелсіздік алғанымызға; Отанымызды қорғау; жақсы білім алып; абырайын сақтап қалуға; үш тілді меңгеру, мәңгі жасайды;

Қазақ тілі пәні бойынша салыстырмалы көрсеткіші (2014-2015 оқу жылы)
Сыныбы
І тоқсан
ІІ тоқсан
Салыстыр.
ІІІ тоқсан
ІҮ тоқсан
Салыстыр.
жылдық

63%
68
+5
66,6
66,6
-
66,6

Қазақ әдебиеті пәні бойынша салыстырмалы көрсеткіші (2014-2015 оқу жылы)
Сыныбы
І тоқсан
ІІ тоқсан
Салыстыр.
ІІІ тоқсан
ІҮ тоқсан
Салыстыр.
жылдық

68 %
73
+5
61
61
-
66,6


Сыныбы
Оқушы саны
Қазақ тілі
Білім сапасы
Әдебиет
Білім сапасы
үлгерімі
мұғалімі

бағалар

бағалар

5
4
3
2

5
4
3
2



17
4
7
6
-
65
4
8
5
-
71
100
Д.А.Танаева


17
4
6
7

58,8
5
8
4

76
100
Д.А.Танаева


17
6
7
4

76,4
6
9
2

88,2
100
Д.А.Танаева


17
6
7
4

76,4
5
7
5

70,5
100
Д.А.Танаева
ж

17
6
6
5

70,5
5
8
4

76,4
100
Д.А.Танаева
2015 - 2016 оқу жылы бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен білім сапасы

2016-2017 оқу жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен білім сапасы

Сыныбы
Оқушы саны
Қазақ тілі
Білім сапасы
Әдебиет
Білім сапасы
үлгерімі
мұғалімі

бағалар

бағалар

5
4
3
2

5
4
3
2



20
5
8
7

65
3
9
8

60
100%
Танаева Д.А.


20
6
7
7

65
6
11
3

85
100%
Танаева Д.А.




ж

Рефлексия
7 <<Г>> сыныбындағы қазақ тілі сабағы.
Сабақ өз деңгейінде өтті. Жоспар бойынша барлық жұмыс жасалды. Оқушылар топқа бөлініп дағдыланған. Топта бірлесе отырып жұмыс жасайды. Бір-бірінен сұрап түсінеді, яғни, ЖАДА-да жұмыс жасайды. Оқушы үні бойынша анықтағаным: бүкіл сыныпқа сөзжұмбақты шешу оп-оңай болған, себебі онда өткен материал бойынша сұрақтар болған. Ал жаңа материалды меңгеру бойынша тапсырма қиынға соққан, себебі материалды тақтаға шығып қорғағанда, әр топтағы үлгерімі жақсы оқушылар ғана жұмыс жасап, қабілеті төмендерге бөліп берген теорияны автоматты түрде жаттап айта салған, демек, оны саналы түрде түсінбеген. <<А>> тобындағы қабілеті жақсы Әйкеннің өзі Қаламқастан сұрап түсінген, ал Қаламқас өз бетінше оқып түсінуге дағдыланған. Сонда өз бетінше оқып түсінуге машықтанған сынып бойынша 4-5 оқушы ғана болып тұр.(Қаламқас, Қайнар, Аружан Ж., Рүстем, Алтынай) Ал мен үшін бұл - үлкен жетістік деп ойлаймын, өйткені 5-сыныпта бір де біреуі өз бетінше оқып түсіне алмайтын еді. Үй тапсырмасын қалай орындайтынын білмейтін еді. Сыныпта үй тапсырмасын қалай орындау керектігін үйренетінбіз. Жақсы оқушылар бірінің білгенін біріне айтпайтын, қабілеті төмен оқушылар сөйлеуден мүлдем бас тартатын, қойылған сұраққа біліп тұрса да, күмілжіп жауап беретін, себебі бойларында ұяңдық басым еді. Қазір мұндай қиындықтан біршама құтылғанбыз. Мәтін мазмұнын айту өте қиынға түсетін. Мен одан шығудың жолын сұрақ қою техникасынан таптым. Бекіту жұмысына бір ғана тапсырманы алуды ұйғардым, өйткені <<саны бар, сапасы жоқ болып кететін>> тапсырмалардан қашатын болдым, яғни, бала бір нәрсені жақсылап түсіне алмай жатқанда, басқамен басын қатыру - ең сорақы нәрсе деп ойлаймын.
Бұл сабағымда бағалау қоңырау кезінде болды, өйткені оқушылардың ойын аяғына дейін тыңдау уақыттан шығып қалуға әкеліп соқты. Енді бұл тығырықтан шығу үшін регламент қоюды көздеп отырмын.
Алайда оқушылардың бойындағы ұяңдық, ынжықтық әлі де болса байқалады. Айтар ойын демеушілік көрсетіп отырмаса, күмілжіп қалуға бейім тұрады.

Ұқсас жұмыстар
Lesson study, сабақты зерттеу әдісі
"ж.қалдығараев атындағы орта мектеп" мм-нің 2014-2015 оқу жылына арнаған дамыту жоспары
Мектепті дамыту жоспары
Тізбектелген сабақтар
Lesson Study тәсілі - мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл
Lesson Study-ді қолдану.Lesson Study тәсілі дегеніміз не
Топтарға берілетін тапсырмалар
Коучинг жоспары: "лессони стади - мұғалімнің кәсіби өрлеу жолы"
Топтарға өздеріне ұнаған фото суреттер топтамасымен жұмыс
Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау коучинг сабағы
Пәндер