Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Қазақ елі көкке жетті көк туың, Сен тәуелсіз мемлекетсің кәдімгі

Мақсаты: Еліміздің тарихы болып келе жатқан Тәуелсіздік мерекесі туралы
түсінік беру.
Тәуелсіздің келу тарихы мен қырандары туралы түсінік беру.
Дамытушылығы: Өз елінің өшпес даңқы шыққан тарихы мен ата-баба сат
дәстүрінің ұлт нышаны болып саналатыны туралы ұғым қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Отансүйгіштікке, ұлттық қазына мен мұраларды
қадірлеп,қастерлеуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Тәуелсіздік тарихы туралы біледі. Патриоттық тәрбие
қалыптасады. Ұлтжанды боуға тырысады.
Ресурстар: Акт,Слайд, аудиожазба,видеокөрсетілім
Барысы:
1-жүр: Армысыздар ардақты ұстаздар, оқушылар және қадірменді ата-аналар,
Құрметті қонақтар!
II-жүр: Сіздерді ғасырлар бойғы халқымыздың асыл мұраты- азаматтығымызды
әперген айтулы мерекеміз Тәуелсіздік күнімен шын жүректен. Бірге:
Құттықтаймыз!
Әнұран ойнатылады
I-жүр: Бізге тәуелсіздік туын, қазақтың көк байрағын биік көтеріп, ел
екенімізді дәлелдеп, дүние жүзіне танылуымызға себеп болған және дүниені
дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасына биыл 26 жыл толып отыр.
«Мен - қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға «алаш» деген атты аламын» - деп азаттықты аңсаған, сол жолда аянбай
қызмет еткен алаш арыстарының барлығы да қуғын – сүргінге ұшырап, Сталиндік
қызыл террордың құрбандары болды. Сол алаш қайраткерлерінің азаттық идеясын
жалғастырған, қыршын кеткен арыстардың аманатын арқалаған кейінгі толқын
іні – қарындастары 1986 жылдың желтоқсанында тәуелсіздік үшін күресе білді.

II-жүр: Тәуелсіздіктің түп тамыры «Желтоқсан» оқиғасына тікелей байланысты
екендігіне ешкім дау айта алмас. «Түбін білмеген тексіз» деген қазақтың
ғажап сөзі осындайдан шықса керек. Себебі, тәуелсіздіктің түп тамыры сонау
бабалар ар – намысынан туындап жатқан жоқ па? Бейбіт шеруге шығып, билік
тарапынан кінәлі деп саналған жастарымыздың бір бөлігі қанды қырғында көз
жұмса, аман қалғандары өздері аңсаған азаттықтың қызығын көруде. Уақыт емші
деп өзімізді жұбатқанымызбен, қыршын кеткен бауырларымыз есімізге түскенде
жан – жарасы жаңғырып, қайғының айықпас дертіне шалдыққаныңды терең сезіне
түсесің. Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол
Сыпатаев сынды қандастарымызды естен шығару мүмкін бе?
Интерактивті тақтада: М. Шаханов (4 мин) Музыка

Қайрат Рысқұлбеков туралы көрініс
Темір тордың ішінде Қайрат өлең жазып отыр. Өлеңін оқиды.

Қайрат:
Қайнама қазақ қамы үшін,
Қарусыз шықтық алаңға.
Алыстан әскер алдырып
Қырып салды-ау табанда.

Сөйлесем даусым жетпейді,
Кез болдық мынау заманға.
Шовинизм еді ғой,
Басты себеп жанжкалға.
Осы кезде екі жендет Қайратты сот залына әкеледі.
Хатшы: Сот келді, орындарыңыздан тұрыңыздар!
Хатшы: Отырыңыздар!
Сот үкімді оқиды.
Сот: Алдындағы сот нәтижесі бойынша:
Қазақ КСР Жоғарғы сотының сот мәжілісі залындағы залындағы ашық сот
отырысында 1987 жылдың 25 мамырыныа дейін Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековтың
айыптау ісін қарай келіп, жоғарыда айтылған оқиғалардың негізінде Қазақ КСР
қылмыстық істер жүргізу кодексінің 287,299 және 301 баптарына сәйкес
соталқасы Үкім етілді.
Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков кінәлі деп табылып мынандай қылмыстық
жазаға тартылсын.
Қазақ КСР Қылмыстық Кодексінің 60-бабы бойынша 3 жылға бас
бостандығының, 65-бабы бойынша 15 жылға бас бостандығынан айыруға, Қазақ
КСР қылмыстық кодексінің 171-1 бабы бойынша ең жоғарғы өлім жазасына,
атуға кесілсін.
Апасы:- Жоқ, бұл үкім дұрыс емес. Менің балам ақ, ол қылмыскер емес.
Хатшы:- Тынышталыңыздар. Орындарыңызға отырыңыздар.
Сот: Қайрат Рысқұлбеков ақтық сөзің бар ма?
Қайрат: Бар.
«Ақтық сөз» өлеңін оқиды.
Қайрат:
«Ақтық сөзің не?»-деген
Бүгін қойды сот сұрақ.
Айтамын оны халқыма,
Жоқ пиғыл менде жасымақ.

Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бесте басым бар.
Қасқалдақтай қаным бар
Бозторғайдай жаным бар!
Алам десең алыңдар!
Қайрат деген атым бар
Қазақ деген затым бар,
Еркек тоқты құрбандық
Атам десең атыңдар!!! (2 солдат Қайратты сүйреп алып кетеді
Хош аман бол артымда,
Ағайын, туған-азамат
Артымда қалған ата-анам,
Ел-жұртым саған аманат!
Екі жендет Қайркатты залдан жетеледі. Осы кезде апасы баласының соңынан
жүреді. «Қайрат» анама өлеңінен оқиды.
Анасы жылап баласынан артынан жүгіреді.
Қайрат: Мейірімді ақ жүзіне анамның,
Көңіл жүдеп, көз жасаурап қараймын.
Кешір ана, кешірімшіл едің ғой,
Кемістігі көп-ау мына балаңның.
Кейін білдім, кеш ұғындым, өкінем,
Өкінем де, басымды иіп өтінем.
Кешір, ана, кешірімшіл едің ғой.
Қолыңнан тым ерте ұзап кетіп ем!!!

I-жүр: Алаңға шығып, өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз
жастарына солдаттар мен милиция қызметкері қарсы қойылды.
Қыз жігіттерді аяусыз таяққа жықты, түрмеге қамады. Ербол, Ляззат, Қайрат,
Сабира сынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан тал шыбықтай жастарымыздың
өмірін үзді

II-жүр:Алматы сәулет құрылыс институтының студенті Қайрат қазақ елінің 21-
ші басшысы зобалаңына ұшырып, 21 жасқа келгенде, түрменің 21-ші
камерасында, 21-ші мамыр күні қапаста дүниеден өтті.
Жүргізуші: 1991 жылғы 12 желтоқсандағы «Қазақстандағы 1986 жылғы
желтоқсанның 17-18-дегі оқиғаларға қатысқаны үшін жауаптылыққа тартылған
азаматтарды ақтау туралы» жарлығына байланысты Қазақ КСР-нің 65 бабымен
Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира
Мұхамеджанова, Түгелбай Тәшенұлы, Қайыргелді Күзембайұлы, Жамбыл Тайжанұлы
ақталды.

Жүргізуші: Сол Желтоқсан оқиғасы қанша ызғарлы естілсе де жанымызға нұр
септі. Мәңгілік егемендікті алып келгенінің арқасында дүние жүзіне танымал
ел болдық. Желбіреген көк байрағымыз, айбынды ән ұранымыз, жарқыраған
елтаңбамыз төрімізде ілулі тұр.
Туған халқымыз тәуелсіздік алды. Тарихымыздың беттеріне 1991 жыл алтын
әріптермен жазылды.Ән: Көк тудың желбірегені

Оқушы:Ертеңіңебұрғаныңда бетіңді,
Ұлы ерлікке буғанбелің бекінді.
Тәуелсіздік хабаршысы – Желтоқсан,
Тарихыңның жаңа беті секілді.
Тәуелсіздік! Бабалардың ұраны,
Бейуақытта бойға таққан тұмары.
Тәуелсіздік!Түнектерде тұншығып,
Ызғар ұрып, жанбай қалған шырағы.
Таңғажайып атың да дәл табылды,
Табылды да , талай жұртқа танылды.
Қазақ елі көкке жетті көк туың,
Сен тәуелсіз мемлекетсің кәдімгі.
Оқушы:
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен саурған,
Бұл далада атам қолға ту алған.
Бұл далаға жылап келіп, уанғам,
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
Кең байтақ қой Қазақстан картасы,
Астанамен айшықталған ортасы.
Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,
Бұның бәрі Елбасының арқасы.
Шықты тарап ой-данадан,
Бері қарап жұлдыз беті.
Өзі қалап сайлап алған,
Елімнің бар Президенті
Оянады көңілден қайдағы арман,
Бақыт желі ескендей жайлап алған.
Президентім бар менің елі түгел,
Ақ киізге көтеріп сайлап алған.

Оқушы:
Ел болдық, ерік алдық астаналы,
Енді кімнен қазағым жасқанады.
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,
Нұрсұлтанның атымен басталады.

Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй
Қалықтаған жас сұңқар,
Шарықтаған таза күй.
Бұл таңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.

Бейнелеп сан ғасырды
Елтаңбасы елімнің,
Таратады хас үлгі
Киесіндей жерімнің.
Бабам тұлпар жаратты,
Құлынында танып-ақ.
Тұлпар барда қанатты,
Шайқалмайды шаңырақ.
Тәуелсіздік көркі ол да,
Өркениет өрінде.
Нұр төгеді елтаңба
Ақ орданың төрінде
Оқушы:
Тәуелсіздік- айналайын кұныңан,
Түсе көрме тұғырдан.
Отаныма мәңгілігің үшін де
Садағаң болсын шыбын жан.
Тәуелсіздік – пейіл сыйы қазақтын,
Арымыздан арылғаны азаптың,
Батыры көп, ақыны көп халқыңа
Алла жар боп, туа қалған ғажап күн
Қуаныштан қалай кеуде кермеспін
Бұл күнімді бір ғасырға бермеспін.
Ақ түйенің қарны бүгін жарылды,
Тәуелсізбін, егеменмін, дербеспін
Ән- Қазақстан
Соңы

Мақсаты: Еліміздің тарихы болып келе жатқан Тәуелсіздік мерекесі туралы
түсінік беру.
Тәуелсіздің келу тарихы мен қырандары туралы түсінік беру.
Дамытушылығы: Өз елінің өшпес даңқы шыққан тарихы мен ата-баба сат
дәстүрінің ұлт нышаны болып саналатыны туралы ұғым қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Отансүйгіштікке, ұлттық қазына мен мұраларды
қадірлеп,қастерлеуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Тәуелсіздік тарихы туралы біледі. Патриоттық тәрбие
қалыптасады. Ұлтжанды боуға тырысады.
Ресурстар: Акт,Слайд, аудиожазба,видеокөрсетілім
Барысы:
1-жүргізуші: Армысыздар ардақты ұстаздар, оқушылар Сіздерді ғасырлар бойғы
халқымыздың асыл мұраты- азаматтығымызды әперген айтулы мерекеміз
Тәуелсіздік күнімен шын жүректен. Бірге: Құттықтаймыз!
Әнұран ойнатылады
2-жүргізуші: Бізге тәуелсіздік туын, қазақтың көк байрағын биік көтеріп, ел
екенімізді дәлелдеп, дүние жүзіне танылуымызға себеп болған және дүниені
дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасына биыл 28 жыл толып отыр.
Кіріспе сөз. «Мен - қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға «алаш» деген атты аламын» - деп егемендікті аңсаған, сол үшін
қыршын кеткен арыстардың аманатын арқалаған кейінгі толқын іні –
қарындастары 1986 жылдың желтоқсанында тәуелсіздік үшін күресе білді.

Мұғалім сөзі: Тәуелсіздіктің түп тамыры «Желтоқсан» оқиғасына тікелей
байланысты екендігіне ешкім дау айта алмас. «Түбін білмеген тексіз» деген
қазақтың ғажап сөзі осындайдан шықса керек. Себебі, тәуелсіздіктің түп
тамыры сонау бабалар ар – намысынан туындап жатқан жоқ па? Бейбіт шеруге
шығып, билік тарапынан кінәлі деп саналған жастарымыздың бір бөлігі қанды
қырғында көз жұмса, аман қалғандары өздері аңсаған азаттықтың қызығын
көруде. Уақыт емші деп өзімізді жұбатқанымызбен, қыршын кеткен бауырларымыз
есімізге түскенде жан – жарасы жаңғырып, қайғының айықпас дертіне
шалдыққаныңды терең сезіне түсесің. Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова,
Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев сынды қандастарымызды естен шығару
мүмкін бе?
«Желтоқсан әні» А. Ақыпбекұлы. Мәнерлеп оқу. Қуанышова К.
Интерактивті тақтада: Слайд таныстыру. «Желтоқсан кезеңдері» Таныстыру.
Қайраттың ақтық сөзі: Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бесте басым бар.
Қасқалдақтай қаным бар
Бозторғайдай жаным бар!
Алам десең алыңдар!
Қайрат деген атым бар
Қазақ деген затым бар,
Еркек тоқты құрбандық
Атам десең атыңдар!!!
Хош аман бол артымда,
Ағайын, туған-азамат
Артымда қалған ата-анам,
Ел-жұртым саған аманат!

Алаңға шығып, өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз
жастарына солдаттар мен милиция қызметкері қарсы қойылды.
Қыз жігіттерді аяусыз таяққа жықты, түрмеге қамады. Ербол, Ляззат, Қайрат,
Сабира сынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан тал шыбықтай жастарымыздың
өмірін үзді
«Желтоқсан » Қ.Сарин. Бақыткелдіқызы Д.Мәнерлеп оқу.

II-жүр:Алматы сәулет құрылыс институтының студенті Қайрат қазақ елінің 21-
ші басшысы зобалаңына ұшырып, 21 жасқа келгенде, түрменің 21-ші
камерасында, 21-ші мамыр күні қапаста дүниеден өтті.
Жүргізуші: 1991 жылғы 12 желтоқсандағы «Қазақстандағы 1986 жылғы
желтоқсанның 17-18-дегі оқиғаларға қатысқаны үшін жауаптылыққа тартылған
азаматтарды ақтау туралы» жарлығына байланысты Қазақ КСР-нің 65 бабымен
Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира
Мұхамеджанова, Түгелбай Тәшенұлы, Қайыргелді Күзембайұлы, Жамбыл Тайжанұлы
ақталды. Жүргізуші: Сол Желтоқсан оқиғасы қанша
ызғарлы естілсе де жанымызға нұр септі. Мәңгілік егемендікті алып
келгенінің арқасында дүние жүзіне танымал ел болдық. Желбіреген көк
байрағымыз, айбынды ән ұранымыз, жарқыраған елтаңбамыз төрімізде ілулі тұр.
Туған халқымыз тәуелсіздік алды. Тарихымыздың
беттеріне 1991 жыл алтын әріптермен жазылды.

Хор: Көк тудың желбірегені
«Менің туым» Мәнерлеп оқу. Әбдібай З.
Әдеби монтаждар.
Оқушы:Ертеңіңебұрғаныңда бетіңді,
Ұлы ерлікке буғанбелің бекінді.
Тәуелсіздік хабаршысы – Желтоқсан,
Тарихыңның жаңа беті секілді.
Тәуелсіздік! Бабалардың ұраны,
Бейуақытта бойға таққан тұмары.
Тәуелсіздік!Түнектерде тұншығып,
Ызғар ұрып, жанбай қалған шырағы.
Таңғажайып атың да дәл табылды,
Табылды да , талай жұртқа танылды.
Қазақ елі көкке жетті көк туың,
Сен тәуелсіз мемлекетсің кәдімгі.
Оқушы:
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен саурған,
Бұл далада атам қолға ту алған.
Бұл далаға жылап келіп, уанғам,
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
Кең байтақ қой Қазақстан картасы,
Астанамен айшықталған ортасы.
Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,
Бұның бәрі Елбасының арқасы.
Шықты тарап ой-данадан,
Бері қарап жұлдыз беті.
Өзі қалап сайлап алған,
Елімнің бар Президенті
Оянады көңілден қайдағы арман,
Бақыт желі ескендей жайлап алған.
Президентім бар менің елі түгел,
Ақ киізге көтеріп сайлап алған.

Оқушы:
Ел болдық, ерік алдық астаналы,
Енді кімнен қазағым жасқанады.
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,
Нұрсұлтанның атымен басталады.

Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй
Қалықтаған жас сұңқар,
Шарықтаған таза күй.
Бұл таңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.

Бейнелеп сан ғасырды
Елтаңбасы елімнің,
Таратады хас үлгі
Киесіндей жерімнің.
Бабам тұлпар жаратты,
Құлынында танып-ақ.
Тұлпар барда қанатты,
Шайқалмайды шаңырақ.
Тәуелсіздік көркі ол да,
Өркениет өрінде.
Нұр төгеді елтаңба
Ақ орданың төрінде
Оқушы:
Тәуелсіздік- айналайын кұныңан,
Түсе көрме тұғырдан.
Отаныма мәңгілігің үшін де
Садағаң болсын шыбын жан.
Тәуелсіздік – пейіл сыйы қазақтын,
Арымыздан арылғаны азаптың,
Батыры көп, ақыны көп халқыңа
Алла жар боп, туа қалған ғажап күн
Қуаныштан қалай кеуде кермеспін
Бұл күнімді бір ғасырға бермеспін.
Ақ түйенің қарны бүгін жарылды,
Тәуелсізбін, егеменмін, дербеспін
Ән- Қазақстан
Соңы

1-жүргізуші: Армысыздар ардақты ұстаздар, оқушылар Сіздерді ғасырлар бойғы
халқымыздың асыл мұраты- азаматтығымызды әперген айтулы мерекеміз
Тәуелсіздік күнімен шын жүректен. Бірге: Құттықтаймыз!

2-жүргізуші: Бізге тәуелсіздік туын, қазақтың көк байрағын биік көтеріп, ел
екенімізді дәлелдеп, дүние жүзіне танылуымызға себеп болған және дүниені
дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасына биыл 28 жыл толып отыр.

Тәуелсіздік! Бабалардың ұраны,
Бейуақытта бойға таққан тұмары.
Тәуелсіздік!Түнектерде тұншығып,
Ызғар ұрып, жанбай қалған шырағы.
Таңғажайып атың да дәл табылды,
Табылды да , талай жұртқа танылды.
Қазақ елі көкке жетті көк туың,
Сен тәуелсіз мемлекетсің кәдімгі.

Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен саурған,
Бұл далада атам қолға ту алған.
Бұл далаға жылап келіп, уанғам,
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

Кең байтақ қой Қазақстан картасы,
Астанамен айшықталған ортасы.
Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,
Бұның бәрі Елбасының арқасы.
Шықты тарап ой-данадан,

Тәуелсіздік- айналайын кұныңан,
Түсе көрме тұғырдан.
Отаныма мәңгілігің үшін де
Садағаң болсын шыбын жан.

Тәуелсіздік – пейіл сыйы қазақтын,
Арымыздан арылғаны азаптың,
Батыры көп, ақыны көп халқыңа
Алла жар боп, туа қалған ғажап күн

Қуаныштан қалай кеуде кермеспін
Бұл күнімді бір ғасырға бермеспін.
Ақ түйенің қарны бүгін жарылды,
Тәуелсізбін, егеменмін, дербеспін

Бейнелеп сан ғасырды
Елтаңбасы елімнің,
Таратады хас үлгі
Киесіндей жерімнің.

Бабам тұлпар жаратты,
Құлынында танып-ақ.
Тұлпар барда қанатты,
Шайқалмайды шаңырақ.

Тәуелсіздік көркі ол да,
Өркениет өрінде.
Нұр төгеді елтаңба
Ақ орданың төрінде

Ұқсас жұмыстар
"Желтоқсаннан ақ таңға."
Тәуелсіздік туы желбіре
Тәуелсіздіктің арайлы таңы
Желтоқсан ызғары
Тәуелсіздік - тұғырым жайлы ақпарат
Менің отаным - тәуелсіз Қазақстан
Тәуелсіздік тұғыры биік болсын
Тәуелсіз ел тірегі-білімді ұрпақ атты ертеңгілік
Жас қаламгерлердің жыр мүшәйрасы
Жасампаз, Тәуелсіз Қазақстан
Пәндер