Сабақ жоспары :: Мектеп алды білім беру, бастауыш сыныптар
Файл қосу
Қарияларды қадірлейік, 3-сынып
Смирнов № 3 орта мектебі
Тәрбие сағаты:
«Қарияларды қадірлейік»
Сматаева Ж.Т
Қарияларды қадірлейік
Мақсаты: Жас жеткіншектер бойында халқының қадір-қасиетін сіңіріп, үлкенді
сыйлап,
тыңдай білуге, кішіге қамқоршы боп, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтау үшін
және салт-дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылықа, мейрімділікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: нақыл сөздер, альбом, буклет.
Мұғалімнің сөзі: Халықаралық қарттар күні Бірікен Ұлттар ұйымы Бас
Ассамблеясының ұйғарымымен 1990жыл 14 желтоқсанда бекітілген, 1 қазанда
аталынып өтіледі.
Мақсаты-қоғам назарын қарттардың мәселесіне аудару; оларға қарым-қатынасты
өзгерту, қарттар дербестігін, қоғам өміріне қатысуға мүмкіндіктерін
қамтамасыз ету.
(Директорға сөз беріледі)
Би: 1 сынып
Көп жасаған қария,
Ақылды теңіз-дария
Көп өнеге сөзі бар
Сөзі –соқпақ, өзі -нәр.
Ата сөзі ардақты,
Әрбір сөзі –салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң,
Тістерсің бір бармақты.
Кім үлкенді тыңдаса,
Кім үлкенді сыйласа,
Үлкен болған кезінде,
Сыйлы болмақ өзіде.
Ата-үлкен, кәріміз,
Қуат берер дәріміз
Әулиедей аялап,
Ардақтаймыз бәріміз.
Мейірімді әжелер,
Балалар кеп бата алар...
Қалтасына кәмпит сап,
Немереге апарар.
Аңғара қойып қарасаң,
әкеліп берем таяғын.
- Әже, қайда барасың?
- Деп сұрап та қоямын
Ол қаласа, әр үйге
Апарамын жетектеп.
Орындаймын бәрін де,
Айтқандарын екі етпей.
Күнде үйінің қасынан,
Көрші атамды көремін.
Жүгіріп кеп асыға,
Оған сәлем беремін
Қолымды ол,
Күліп кеп,
Иіліп тұрып алады.
- Міне нағыз жігіт!- деп,
- Сүйсініп бір қалады
Апам үшін күнде де
Отынға ағаш жарамын.
Су құямын гүлге де,
Дүкенге де барамын
Жоқтатпаймын әпкемді,
Қоям шайын қайнатып.
Жылай қалса, бөпемді
Жұбатамын ойнатып.
Сыпырамын үй ішін,
Жуам аяқ-табақты.
Апам бірақ мен үшін,
Оқымайды сабақты.
Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған.
Үлкен, кіші демейді,
Сыйлайды оны бар адам.
Құрт пен майын жинаған
Балаларға сыйлаған.
Бұл әжемнің өмірі –
Тайсылмайтын жыр маған.
Ұл-қызына ерген
Немереңбіз, әже
Немереңнен өрген
Шөберең – біз әже
Үйреткен сөз мәнін
Тілімсің, әже.
Жарқыраған дәйім
Күнімізсің, әже.
Шуағыңды сеуіп,
Жайна,анамыз - әже.
Жұлдыздарың сені
Айналады әже.
Таусылмайды өлеңі,
Күнде айтып береді.
Барған сайын бір жаққа
Кәмпит алып келеді.
Әжем мені, өйткені,
Өте жақсы көреді
Өскенде мен, ал енді
Аралаймын әлемді.
Сыйлық әкеп әжеме,
Таң қалдырам бар елді.
Өте жақсы көремін
Өйткені мен әжемді!
1-жүргізуші: Отбасындағы басты мәселе бір- біріне деген сүйіспеншілік және
бірін-бірі құрметтеу. Отбасындағы ең мәртебелі адамдар-ата мен әже. Сенің
арқа сүйер әкең мен мейірбан анаңның болуы солардың арқасы. Ата мен әже
жасы ұлғайған адамдар. Олардың өз-өздерін күтуі қиынға түседі. Алайда
олардың даналық ақыл-кеңесі отбасына көмегін тигізеді.
2-жүргізуші: Сенің басты міндетің-барлық туыстарыңа кұрмет пен қарау. Яғни,
ата-анаңның, атаң мен әжеңнің пікірімен есептесу, олармен ақылдасып отыру,
оларды сыйлау. Халық «Атаңа не істесең, алдыңа сол келер» дейді.
Би: 3-сынып.
Өлең: «Әже»
1-жүргізуші: Ата- беделі әкеден жоғары,өмірлік тәжірибесі мол, әулеттің
тірегі. Қазақ отбасында ата мен әженің ролі зор. Отбасындағы шешуші сөз-
атанікі. Ол отбасы мен әулетінің ғана емес, басқс ағайын –туыстық, тіпті,
түйткіл мәселелерін шешіп, ақыл- кеңесін беріп отырған.
2- жүргізуші: Әже- шаңырақтың алтын қазығы. Ұрпағын мейірім шуағына бөлеп,
үлкен өмірге бейімдеуші. Халықтың салт-дәстүрді, әдет ғұрыпты, тіл мен
дінге деген құрметті өскелең ұрпақ бойына сіңіруші.
Өлең: Қошақаным 2-сынып..
1-жүргізуші: Құрметті қариялар,
Түндеріңіз тыныш болсын!
Үйлеріңіз ырысты болсын,
Келіңдеріңіз есті болсын,
Ұлдарыңыз сесті болсын.
2- жүргізуші: Балаларыңыз қуаныш әкелсін,
Немелеріңіз жұбаныш әкелсін.
Орындарыңыз толы болсын
Дастарқандарыңыз мол болсын!
1-жүргізуші: Қатарларыңыз көп болсын,
Уайым- қайғыларыңыз жоқ болсын,
Жастардың қазасын көрмеңіздер
Зұлымдардың жаласын көрмеңіздер.
2-жүргізуші: Елде бірлік болсын,
Жарасты тірлік болсын!
Өлең: Ақ әжем 2 сынып
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz