Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Экономикалық жүйе

Сабақтың тақырыбы: Экономикалық жүйелердің түрлері.
Сыныбы:11А,11Ә
Пән: Әлем өркениеті.
Пән мұғалімі: Б.Тұрсынбаев
Мерзімі: 27.01.2024 жыл
Сабақтың мақсаты: Экономиканың негізгі түсініктерін, ұғымдарын жалпы түрде қарастыру арқылы, оның әр түрлі жүйелерде қалай ұйымдастырылатыңдығын, негізгі принциперін жан-жақты қарастыру
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Білім алушыларға экономикалық жүйе, мәні және типтері мен модельдері туралы кең көлемде білім беру.
Дамытушылық: Білім алушылардың экономикалық білімдерін дамыту, ойлау және өз бетінше жұмыс істеу қабілетін, өз ойын анық жеткізе білу, сөйлеу қабілеттерін шыңдау.
Тәрбиелік: Экономикалық жүйе жөнінінде терең ғылыми-танымдық білім қалыптастыру арқылы белсенді ойлау қабілетін арттыру, алған білімдерін қажетіне сай пайдалана білуге, өз бетінше қорытынды жасауға дағдыландыру.
Әдістемелік мақсат: Экономикалық жүйенің мәні, типтері мен модельдері туралы тиянақты білім беру және жалпы түсініктер қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру, топпен жұмыс, пікір алысу, ойын элементтері.
Сабақтың типі: Жаңа материалды игерту сабағы.
Сабақтың түрі: Ақпараттық сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, сызбалар, слайдтар, үлестірме және баспасөз материалдары.
Пәнаралық байланыс: Тарих, саясаттану және әлеуметтану негіздері, философия негіздері, математика.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру бөлімі
а) Білім алушыларды түгендеу, сабаққа назарын аудару.
ІІ. Негізгі бөлім
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
ІІІ. Бекіту бөлімі
а) <<Сәйкесін тап>> ойыны
ә) <<Орнына қой>> ойыны
б) <<Экономикалық домино>> ойыны.
в) <<Сен маған - мен саған>> ойыны
г) <<Кім зерек>> ойыны.
ІҮ. Қорыту, бағалау.
Ү. Үйге тапсырма. <<Экономикалық жүйелер және олардың модельдері>>, <<Қазақстан Республикасының экономикалық жүйесі>> тақырыбында материалдар жинақтап келу.

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу, білім алушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру. ә) Сабақтың мақсатын хабарлап, білім алушылардың назарын сабаққа аудару, эксперт тобы құрылады. (Сабақ барысында қолданылатын ойын элементтерімен таныстыру)
ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
1. Экономикалық жүйе және оның элементтері.
2. Экономикалық жүйелердің түрлері.
3. Аралас экономикалық жүйе.

1. Экономикалық жүйе және оның элементтері.
Меншік қатынастарымен ұйымдастырылу түрлеріне сәйкес болатын барлық экономикалық іс-әрекеттердің жиынтығы сол қоғамның экономикалық жүйесін құрайды.
Экономикалық жүйенің элементтеріне меншік негізінде қалыптасқан әлеуметтік - экономикалық қатынастар шаруашылықты ұйымдастыру мен басқару әдісі. Экономиканы реттеуші механизм және кәсіпорындар мен басқада шаруашылық субъектісі арасындағы нақты экономикалық байланыстар жатады.
Қоғамның саяси жүйесінің негізін экономикалық жүйе құрайды, мысалы: <<капитализм>>; <<социализм>> - деген ұғымдар саяси жүйеге жатады. Ал <<нарықты экономика>>, <<аралас экономика>> деген сөздер экономикалық жүйеге жатады.
Барлық жүйелер қоғамдық өндірістің негізін құрайтын 5 мәселені шешу әдістеріне қарай анықталады.
1. Не өндіру керек? Қандай қызмет көрсету қажет.
2. Қанша өндіру керек? Қанша қызмет көрсету керек?
3. Қалай өндіру керек? (қандай технология керек?)
4. Кім үшін өндіру керек?
5. Өзгерген жағдайларға бейімделе ала ма? (яғни кәсіпкерлердің еркіндігі).

Экономикалық жүйе - бұл экономикалық процестер жиынтығы, ол қалыптасқан мүліктік қатынастар мен ұйымдық түрлер негізінде қоғамда жүзеге асады. Экономиканы ұйымдастыру бойынша экономикалық жүйені келесідей топтау болады.
Жабық экономика - барлық шаруашылық әрекеттер тек мемлекет шеңберінде жүргізіледі, ішкі тұтынумен шектеледі, шетелдермен қатынас болмайды.
Ашық экономикалық жүйе - халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне экономика белсенді түрде қатысады, ұлттық валюта мен қатар шетелдік валюта қолданылады.
1. Меншік қатынастарының формалары бойынша:
1. Дәстүрлі жүйе - ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отырған дәстүр мен салт бойынша қатынастар қалыптасады.
2. Әкімшілік - әміршілік экономика орталықтанған жоспарлау арқылы барлық ресурстар мен өндіріс факторлары мемлекеттің қолында болып, мемлекеттік меншіктің үстемділігі жүргізіледі.
3. Нарықтық экономика - меншікке, бәсекеге негізделеді.
4. Аралас экономика - мемлекет пен нарық механизмдерінің араласуы арқылы экономиканы реттеу жүзеге асады.

1. Өнеркәсіп революциясы мен ҒТП(ғылыми-техникалық прогресс) даму деңгейі бойынша:
1. Индустриалды даму дәуіріне дейінгі жүйе - бұл жүйеде ауыл шаруашылығы натуралдық шаруашылық және қол еңбегі басым орын алады.
2. Индустриалдық жүйе - бұл жүйе ірі машиналық өндіріске дамыған тауар- ақша қатынастарына негізделеді.
3. Постиндустриалдық жүйе- бұл жүйеде негізгі ресурс ретінде ақпарат саналады, экономиканың бастаушы саласы - материалдық емес сала.

1. Экономикалық жүйелер типтерінің жіктелуі.
Меншік қатынастарының формалары бойынша әр жүйеге төмендегідей қысқаша сипаттама беруге болады.

Дәстүрлі экономикалық жүйенің сипаттамасы:

1. Өндіріс, бөлу және айырбас дәстүр, салтқа негізделеді.
2. Өндірістің дамуы мен әлеуметтік - экономикалық даму ең нашар деңгейде.
3. Техникалық прогресс шектеулі.
4. Халық санының дамуы өнеркәсіп өндірісінің өсуі деңгейінен тұрақты түрде артып отырады.
5. Сыртқы қаржылық қарыз өте күрделі.
6. Мемлекет пен қарулы күштердің ролі өте жоғары.

Экономикалық жүйенің типтері мен моделдері

Негізгі белгілері
Т И П Т Е Р

Мемлекеттік жоспарлары
Н А Р Ы Қ Т Ы Қ

XVII - XIX ғғ.
Қазіргі ХХІ - шы ғасыр

Әкімшілдік - әміршілдік
Еркін
бәсекелестік
Аралас
бағытталған
Әлеуметтік
аралас
Өндірісті қоғамдастыру -
дың көлемі
Қоғам
(мемлекет)
шеңберінде
Кәсіпорын
шеңберінде
Шаруашылықты бөлшектеп
мемлекеттендіру
Шаруашылықты бөлшектеп
мемлекеттендіру
Меншік түрінің басымдырақ болуы
Мемлекеттік
Жеке индиви - дуалды
Жеке ұжымдық
мемлекеттікпен
Жеке ұжымдық
мемлекеттікпен
Экономиканы
реттеу
Мемлекеттік
Нарықтық
өзін - өзі
реттеушілік
Нарықтық және
мемлекеттік
Нарықтық және
мемлекеттік
Әлеуметтік
Тұрақты
Өндірістің әр -
бір 8 - 10 жыл
сайын болатын
экономикалық
дағдарыстар
Экономикаға мемлекеттің араласуы.
Экономикалық дағдарыстарды ескерту мен бәсеңдету бойынша антициклдық шаралар
Әлеуметтік кепілдіктер
Күшті мемлекеттік әлеументтік қорғау, мүлік
тепе - теңсіздігін жою
Азаматтардың
әлеуметтік
қорғалмауы
Жеке және мемлекеттік сақтандыру
қорларының
құрылуы
Күшті әлеуметтік қорғау, мүлік
тепе - теңсіздігін азайту

Әкімшілік - әміршілік экономиканың жүйенің сипаттамасы:
Әкімшілдік-әміршілдік жүйеге бұрынғы Советтер Одағы шығыс Европа елдері мен бірқатар мемлекеттер жатады. Бұл жүйенің ерекшелігі барлық экономикалық ресурстарға және өндірілген өнімдерге қоғамдық, шын мәнінде мемлекеттік меншіктін болуы.
Экономиканың жоғарыдан басқарылуы, яғни экономиканың монополиялануы мен әкімшілік түрде ұйымдастырылуы, халық шаруашылығының орталықтан жоспарлануы.
Ерекшеліктерін нақты төмендегідей бөлуге болады.
1. Өндіріс құралдарына мемлекеттік меншік.
2. Экономикада орталықтанған жоспарлау.
3. Өндірушілердің монополист ретінде көрінуі.
4. Орталықталынған ресурстар қоры.
5. Өндіріс нәтижесіне деген әрбір өндіріске қатысушының жеке ынталығының болмауы.

Таза нарықтық экономикалық жүйенің сипаттамасы:
Таза нарықтық экономика жүйесі - таза нарықты экономика жағдайында шаруашылық механизмі айтарлықтай өзгереді. Басқа экономикалық жүйелерге қарағанда нарықты экономика өзінің икемділігімен ерекшеленеді. Ол ішкі және сыртқы жағдайлардың өзгеруіне байланысты қайта құрылып, оларға бейімделіп отырады.
Алайда таза нарықтық жүйеде мемлекеттін ролі шектеледі. Кейбір әлеуметтік маңызы бар мәселелер толық шешімін таба алмайды.
Нарықты экономиқаға тән қасиеттер:
1. Өндірістік өнімдер мен ресурстарға жеке меншіктін болуы.
2. Халық шаруашылығын (экономиканы) еркін бәсекеге негізделген
нарықтық механизм арқылы реттеу мен басқару.
1. Қоғамда өз өнімдерін еркін сата алатын дербес өндірушілер мен өнімдерді таңдау арқылы еркін сатып ала алатын тутынушылардың болуы.

1. Аралас экономикалық жүйенің сипаттамасы:
Қазіргі кезде көптеген елдерде аралас экономикалық жүйелі пайдалану дұрыс деп есептейді. Оның негізгі ерекшелігі:
1. Мұндай жүйеде мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншік орын алады.
2. Халық шаруашылығын ұйымдастыру мен басқару әдісі тек таза нарықтық механизмге ғана негізделіп қоймай мемлекеттік реттеу мен толықтырылады.
Мұнда экономикалық саясатты жоспарлы түрде жүргізу қоғамның нарық талаптарына белсенді бейімделіп отыруына мүмкіндік тудырады. Сонын нәтижесінде экономиканы дамытудың күрделі мәселелері жаңаша әрі дұрыс шешіледі. Мысалы: өнімдердің құрылымы мен көлемі кәсіпорындарды маркетингтік зерттеу арқылы және қоғамдық қажеттіліктерді мемлекеттің болжауы арқылы анықталып отырады: бұл кәсіпорындардың қалыпты жұмыс істеуіне және ол арқылы пайдасын молайтуға жағдайлар жасайды.
Сондықтан нарықты экономика жағдайында мемлекеттін ұлттық және салалық бағдарламаларынан бас тартуға болмайды.

Аралас экономикалық бірнеше үлгілері бар.
1. Американдық үлгі - нарықтық капиталистік үлгі. Мұнда жеке меншік басым, нарықтық бәсеке механизімі толық жұмыс істейді. Ірі кәсіпкерлер мен талапты жұмыскерлерді қорғайды. <<Өз күшіңді өзің көр>>.
2. Жапондық үлгі - бұл реттелетін корпоративтік капитализм үлгісі. Мұнда капиталдық көбею (қорлану) мүмкіндігі мемлекеттің белсенді реттеу ролі мен байланысып отырады.
3. Шведтік үлгі - бұл әлеуметтік үлгі. Оған өте жоғары деңгейдегі әлеуметтік кепілдік сипаты тән. Мұнда кәсіпкерлердің бәрін қолдайды, бәріне пайда табуға жағдайлар жасайды. Кәсіпкерлерден түскен салықты бюджетке жинап, оны салықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге тегін білім алумен емделуге жұмсайды. Шведтік социализм деп айтатын себебімізде осыдан.
4. Қытайлық үлгі - бір жағынан нарық механизімімен экономиканың мемлекеттік емес секторының, екінші жағынан жоспарлау негізіндегі мемлекеттік реттеу мен әлеуметтік кепілдіктің үйлесімділігі,Қытай экономикасында социалистік үлгінің қалыптасқанын көрсетеді.
Экономикасы дамыған елдер осы уақытқа дейін дәстүрлі экономикажүйесі сақтануда. Дәстүрлі экономика артта қалған технологияға қол еңбегіне және ұлттық шаруашылықтың әр түрлілігіне негізделген. Кейбір елде қауымдық шаруашылық пен натуралды өндіріске негізделген натуралды қауымдық жүйе түрі сақталуда.
Экономикалық жүйелерді ұйымдастыру үлгілеріне жалпы сипаттама берсек:Меншік барлық қоғамдық құрылысқа тән объективтік қатынас болып қаралып қашан болмасын ойшылар назарынан тыс қалмаған. Әр түрлі өркениетті өкілдер меншіктің табиғаты туралы және қоғам дамуындағы рөлі туралы өз пікірлерін ортаға салып өткен.
Меншіктің әр түрлі формалары мен түрлерінің мәндік қасиеттері экономикалық жүйелерде байқалады. Экономикалық жүйе халықтың шаруашылық практикасының нақты жағдайында пайда болатын, қоғамның ерекше құрылымын бейнелеп көрсетеді. Бұнда халықтың шаруашылық дағдысы, дәстүр- салты, рухани қал- жағдайы, оның құрметтеп бағалайтын жәйттары және өмірге, дүниеге деген ерекшелік көзқарастары қамтылады.
Экономикалық жүйенің ерекше қасиеттері болады, экономиканы реформалағанда солармен есептесу керек.
Бір жақтан, экономикалық жүйе сыртқы ортамен зат және қуат айырбастасып отыратын ашық жүйе болады, әлемдік тәжірбие айырбасына кедергі жасамайды, өзінің элементтерін жаңартып отырады, т.б.
Екінші жақтан, нақты өркениеттің мәдени құбылысының бір көрінісі ретінде, экономикалық жүйе, алдымен өркениеттің осы типін ұдайы өндіруге мақсатталады. Сондықтан ол қатал, тұйық жүйе болып әрекет етеді: бір экономикалық жүйеде пайда болған үлгінің, басқа экономикалық жүйелерде қолданылу мүмкіндігі төмен, шектелген болады. Табиғи шек қоюшы тетіктер рөлін осы қоғамның тұрақтылығын және оның өзін- өзі ұдайы өндіру қабылетін сақтауға ат салысатын, экономикалық жүйенің әдет- ғұрыптары атқарады.
Бұрынғы социалистік елдердің нарыққа өтуі - адамзат қоғамы дамуындағы қайталанбас нәрсе. Олардың нарықтық экономикаға өтуінің өзіне тән ерекшелігі бар. Бұл өту құбылысы дәстүрлі түрде емес, жоспарлы экономикаға енетін аздаған мемлекеттердің өзіне қатысты ерекшелігімен сипатталады.

ІІІ. Бекіту бөлімі
а) <<Сәйкесін тап>> ойыны
Шарты: Сол бағандағы терминдердің анықтамасын оң жақ бағаннан табуы керек.

Экономика
Бұл нарықпен, бұйрық, дәстүр элементтерімен бірге болатын экономика
Экономикалық жүйе
Өзінің шаруашылық қызметін белгілі бір шекте ұстау.
Ашық жүйе
Қоғамдық шаруашылықтың даму заңдары жөніндегі ғылым.
Жабық жүйе
Бұл (тауар шаруашылығын айтуға болады) өзінің байланысын үнемі басқа өндірістік бірлестіктермен байланыстыра отырып кеңейтетін жүйе.
Аралас экономика
Өндірісте тарату, алмастыру және материалдық, материалдық емес игіліктер және қызметтерді қалыптастыратын, шаруашылық қатынастары мен өзара байланысатын біріккен жиынтық болып табылады.

ә) <<Орнына қой>> ойыны.
1.Экономикалық жүйенің негізгі өзіндік белгілері оның құрылымдық бөліктері тұтастық бірлігіне ие .................. құрайды. (шаруашылық жүйесін)
2. Барлық жүйелер қоғамдық өндірістің негізін құрайтын ..... мәселені шешу әдістеріне қарай анықталады.(5)
3. Басқа экономикалық жүйелерге қарағанда ................ өзінің икемділігімен ерекшеленеді. (нарықтық экономика)
4. Халық шаруашылығын ұйымдастыру мен басқару әдісі тек таза нарықтық механизмге ғана негізделіп қоймай ................. толықтырылады. (мемлекеттік реттеу мен)
5. Әлеуметтік аралас нарықтық экономика териториясының негізін қалаушы герман экономисі, Фрайбург университетінің профессоры .................. болып табылады. (Ойкен Вальтер (1891 - 1950 жж.))

б) <<Экономикалық домино>> ойыны.
Шарты: қима қағаздарда берілген сөздерден сөйлем құрау.
1.Күнделікті экономикалық өмірде адамдар арасындағы қатынастар әрқашан да белгілі экономикалық жүйе ретінде қызмет жасайды.
2. Әлемдік экономикалық әдебиеттерде экономикалық жүйені топтаудың кең таралған екі фактор негізінде жүргізіледі.
3. Қазақстан Республикасы қалыптасуы мен дамуының стратегиялық мақсаты аралас әлеуметтік бағытталған нарықтық экономика болып табылады.

в) <<Сен маған - мен саған>> ойыны.
Кезең шарты: Үш топ бір-біріне тақырыпқа байланысты үш нұсқасы бар екі сұрақтан қояды. Дұрыс жауаптарға бір ұпайдан беріледі.

г) <<Кім зерек>> ойыны.
Шарты: Экономикалық жүйе типтерінің артықшылықтары мен кемшіліктеріне тоқталып, қысқаша мағлұмат беру.
а) дәстүрлі экономика;
ә) әкімшілдік - әміршілдік экономика;
б) еркін бәсекелестік (таза капитализм) нарықтық экономика;
в) қазіргі нарықтық экономика (қазіргі капитализм) немесе аралас экономика.

ІҮ. Қорыту, бағалау. Эксперт тобының жұмысы (сараптау және бағалау).
Ү. Үйге тапсырма. <<Экономикалық жүйелер және олардың модельдері>>, <<Қазақстан Республикасының экономикалық жүйесі>> тақырыбында материалдар жинақтап келу.

Ұқсас жұмыстар
Мемлекет және экономика
Қазақстандағы индустрияландырудың жетістіктері мен кемшіліктерін талдау
Экономикалық факторлар
Жаңа ақпараттық технологиялар
70-80 ж.ж. Қазақстанның әлеуметтік экономикалық дамуы
ЕҢ ТАБЫСКЕР АДАМ ( 2-ші сағат)
Жасанды интеллект
Республикасының экономикалық және саяси дамуы
Әлемдік экономика мен ұлттық шаруашылықтағы қызмет көрсетудің ролі
Жаңа тарихтың негізгі мазмұны. Жеке елдерде өндірістің капиталистік жолмен дамуының ерекшеліктері
Пәндер