Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Негізі бар ғылымның математика
<<№4 орта мектеп>> мемлекеттік коммуналдық мекемесі
<<Әлемді бағындырған ғылымдар>>
МИФ онкүндігінің ашылуы
2023 - 2024 оқу жылы
Тақырыбы: <<Әлемді бағындырған ғылымдар>>
Мақсаты:
:: Мектеп көлемінде ұйымдастырылған апталықтың негізгі мақсаты - мүмкіндігінше мектептің барлық оқушыларын белсенді қатыстыру;
:: Оқушылардың ойлау қабілеті мен математикалық қабілеттерін арттыру;
:: Математика пәні бойынша білімдерін тереңдету;
:: Математикаға, физика және информатикаға деген қызығушылығын арттыру;
Апталықтың ашылуына 5,6,7,8,11 класс оқушылары қатысты.
Құрал - жабдықтар: Математиктердің нақыл сөздер жазылған плакаттар, зал шарлармен безендірілген.
Барысы:
Ашылу әуені ойнайды.
1- Жүргізуші
-Уа, халайық, халайық,
Бәріңе жар салайық.
Бүгінгі кеш төрінде
Дарындылар елінде
Тапқыштардың тілінде,
Есеп шешіп, жарысып
Жұмбақ шешіп аңдысып
2- Жүргізуші
Шабыт тасып шалқысып,
Есеппенен ән салысып.
Көңілді кеш жасайық
Жұмбақ шерді шашайық
Ат салысып аянбай
Бар өнерге басайық
1-жүргізуші
Асып әсте саспайық
Батыл қадам бастайық
Еркіңді билеп барынша
Жарыста сірә, қалыспа
Кеш қызығын ей, достар.
Осылайша шабытпен
Кәне енді бастайық.
2-жүргізуші
Мұнда қызық табылар
Жаңылтпаш, жұмбақ бәрі бар.
Айтыс, тартыс тағы бар
Сөз жұмбақ та, сан жұмбақ.
Суретті жұмбақ, шеш жұмбақ.
О-о-ой, бір қызық кеш болар,
Өздеріңмен бес болар.
1-жүргізуші.
Барлықтарыңызды Математика - Информатика - Физика пән апталығының ашылуымен құттықтаймыз! Апталықта бәрі бар - ашық сабақтар, жарыстар, конкурстар... Тамашалап, белсенді ат салысып, білімді жастар екенімізді көрсетейік!
2-жүргізуші: Бүгінгі кешке барлық ғылымдардың ішіндегі ең ауыр және ең қызық болып көрінетін үш егіз пәннің мектебіміздегі алыптарын ортаға шақырайық.
1-Жүргізуші: Ал, балалар көмектесейік пе? Мынадай сұрақтарға жауап берейік:
1. Кері сандардың көбейтіндісі? (оң сан)
2. Кішкене ғана саусаққа ұқсайды ма білмеймін. Сақтай алар өзіне барлық қызық дүниені. (Флэшка)
3. Бір шоколадты 100теңгеге сатып алып, ал 1,5 шоколадты неше теңгеге аламыз? (200 т)
4. Сәуленің 2қуыршағы, 3алмасы,1шоколады,2апельсині,5шабдалысы және 1 велосипеді бар. Сәуленің қанша жемісі бар? (10),
5. Адам мен монитор арасындағы қашықтық қанша болу қажет? (Ж: 50-70 см)
6. Бірнеше үйрек ұшып келе жатыр. Біреуі алдында, екеуі артында, біреуі артында,біреуі екіншісінің арасында және үшеуі қатар. Қанша үйрек ұшып келе жатыр? (3 үйрек)
7. Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшады, ал кері қарай 80
минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінесің? (екеуі тең)
8. 17 жай сан ба, құрама сан ба? (жай сан)
9. Сағат тілі тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды? ( 4 рет)
Кейін сандардың бәрі былай деп оралады:
Бір дегенім- бесік,
Шықтым содан өсіп.
Екі- дегенім елім,
Далам, тауым, көгім
Үш дегенім- үміт
Үміт артар жігіт.
Төр дегенім- төзім,
Төзе білем өзім.
Бес- дегенім бақыт
Бағалайтын уақыт.
Алты деген- ақыл,
Тыңдағаның мақұл
Жеті деген- жалау,
Жүректегі алау.
Сегіз деген- сөзім
Серт беретін кезім
Тоғыз деген тоқтау,
Елдің жоғын жоқтау.
Он- дегенім Отан
Қорға соны ботам.
2-жүргізуші
Жиналған ылғи дарындар,
Жүректе от, көздерінде жалын бар.
Фигуралар тобын халайық,
Қол соғып қарсы алайық.
Үшбұрыш:
Мен үшбұрышпын,
Ылғи үштен түрамын.
Үш қабырға, үш төбе,
Үш бұрын болып құрамым.
Төртбұрыш:
Мен төртбұрышпын,
Көпбұрыштың бірімін.
Үшбұрыштан болсам да жас,
Бірақ одан ірімін.
Тіктөртбұрыш
Математиканы білместерге
Құбыжық болып көрінем.
Бар бұрышым тік болса,
Тік төртбұрыш деп аталам.
Параллелограмм
Қарам-қарсы қабырғам,
Параллель әрі тең болса.
Іргелес жатқан бұрыштар.
Бірінен бірі кем болса.
Қосындысы бірақ та,
180- қа тең болса,
деп аталам!
Ромб
Ромбы атты бауырым,
Бәрінен де сымбатты.
Білімділер кеудеге,
Тағады заттай қымбатты.
Трапеция
Трапеция туыстың,
Ашуы мүлде тым қатты.
Параллелограмм атасын,
Жартылай ғана тыңдапты.
Музыкалық номер.
1-жүргізуші:
Негізі бар ғылымның математика
Жалықпай оқып үйрен тек қана
Білімнің кілтін ашты,көзін тауып,
Ньютон, Колмогоров,Ковалевская.
Бүгінде математика барлық жерде
Құрылыста, техникада өндірісте
Сырларын бұл ғылымның үйреніңдер,
Жас достар зерделікпен меңгеріңдер.
(Ортаға оқушылар шығады)
2-жүргізуші: Құрметті бүгінгі ойынға жиналған нақты ғылымдарды сүюші қауым. Сіздерге соңында айтарымыз бар:
Есептеуге жүйрiк болсаң жасыңнан,
Математикаға орын берсең басыңнан,
Барлық ғылым саған үйiр болады,
Досың солар - табылатын қасыңнан.
1-жүргізуші:
Мықты болсаң - алдағыны басып оз,
Мықты болсаң - арттағыны жеткізбе.
Мықты болсаң - тайғанама көк мұзда,
Мықты болсаң - бөгеттерді бұзып өт.
Мықты болсаң - заманыңды көктеп өт - дей отырып, мықтыларға арналған математика, физика, информатика пән апталығында оқушыларға үлкен жеңістерді, мұғалімдерге табыс тілейміз!
2-жүргізуші: Осымен <<Әлемді бағындырған ғылымдар>> атты кешімізді аяқтауға рұхсат етіңіздер. Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz