Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Буллинг және кибербуллинг

ТӘРБИЕ САҒАТЫ
Тақырыбы: <<Буллинг және кибербуллинг>>

8 <<Б>> сыныбы
Сынып жетекшісі: А.К.Аскарова
2023-2024 оқу жылы

Сынып жетекшінің аты-жөні
Аскарова Алия Камаловна
Күні:
19.09.2023
Сынып: 8 <<Б>>
Қатысушылар саны:
Қатыспағандар саны:
Тәрбие жұмысының бағыты:
Интеллектуалды тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу.
Мақсаты:
<<Буллинг>> сөзінің мағынасын ашу, таныту;
Жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларын алдын алу;
Сынып ұжымын сыйластыққа, бір-біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу.
Бағалау критерийлері:
<<Буллинг>> сөзінің мағынасын түсінеді;
Дөрекілік, өктемдік танытатын адамдармен өзін қалай ұстау керектігін үйренеді;
Біреуді мазақтауға, қорлауға, намысына тиюге жол бермейді.
Сынып арасында бір-бірін қолдай білуге, сыйластық танытуға үйренеді.
Тәрбие сағатының барысы
Барысы
Тәрбие сағатындағы орындалуы тиіс іс-әрекеттер
Ресурстар
Кіріспе
10 минут
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
Миға шабуыл
Буллинг дегеніміз не?
Балалар сұраққа жауап береді, пікір алмасады. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру. Миға шабуыл (бейнеролик)
Мұғалім: (бейнероликтен кейінгі жетелеуші сұрақтар) Бұл бейнеролик не туралы?
https://youtu.be/RCA_wFW-mSo?si=Xnl_-p3i7X_3u_IA
https://youtu.be/QFiE4XtqzyY?si=RDuYHdP5rahModCs
Видео көресету. Видеодан кейінгі
https://youtu.be/RCA_wFW-mSo?si=Xnl_-p3i7X_3u_IA
https://youtu.be/QFiE4XtqzyY?si=RDuYHdP5rahModCs

Негізгі бөлім 25 минут
Сұрақтар:
Буллинг қандай жағдайларға әкеліп тіреуі мүмкін? Біреу сені қорқытып, қорлап жүрген жағдайда не істеу керек?
Егер сен өзің біреуді қорлап жүрген болсаң ше? Неліктен адамдар бір-бірін қорлап, қиянат жасайды?
Оқушылар сұрақтарға жауап береді, жауаптарына дәлел келтіреді. Балалар оқиды, талқылайды.
:: Буллинг әр түрлі мағынаны білдіруі мүмкін.
Ол: адамды мазақтау, қорлау, соқтығысу
:: оның ақшасын не басқа заттарын тартып алу, оларды бүлдіру сол жайында өсек тарату
:: оны елемеу немесе жекелету
:: ренжітетін, жаман әзіл айтып, басқа адамдардың алдында ыңғайсыз жағдайға қою
:: ұрып-соғу, тепкілеу, итеру немесе басқаша зақым келтіру
:: қоқан-лоқы көрсету немесе қорқыту Буллинг онлайн немесе телефон арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Олардың қатарына ренішті хабарламалар мен суреттер, зұлым мінеп-сынаулар жіберу жатады. Бұлардың барлығы кибербуллинг деп аталады.
:: Расисттік буллинг Біреудің нәсіліне, түсіне, нанымына байланысты басқаша көзқарас туындау. Сондай-ақ адамның нәсіліне қарай жағымсыз сөздер айту жатады.
:: Таптық буллинг. Адамдар біреудің белгілі бір әлеуметтік тапқа жататындығын анықтағаннан кейін, сол адамға жаман көзбен қарау. Мысалы, біреулер <<ауылдан келген>> деп адамды жекелету.
:: Адамның сырт келбетіне қатысты буллинг. Біреуді көпшілікке ұқсамағандығы үшін кемсіту, мысалы адамның шашы жирен болуы немесе қысқа бойлы болуы, я болмаса көзілдірік киіп жүруі үшін.
:: Мүгедектерге қатысты буллинг. Адамды мүгедек болуына байланысты қорлау және оған тіл тигізу. Буллинг қандай жағдайларға әкеліп тіреуі мүмкін? Біреу саған күш көрсетпей, қорлап, қорқытқан да сенің жаныңа батады. Осындай жағдайға тап болған адам түрлі жағдайларды басынан кешіруі мүмкін, атап айтқанда:
:: уайымдау
:: ұйқының бұзылуы
:: тәбеттің болмауы
:: өзі жайлы жаман ойлау
:: өз-өзіне физикалық зақым келтіру
:: өлім туралы ойлау
:: сабақ үлгерімдерінің нашарлауы
:: ауыру
:: <<маған ешкім көмектесе алмайды>> деп ойлау
:: өзін жалғыз сезіну, уайымға берілу не ашулану
:: қорқу
Біреу сені қорқытып, қорлап жүрген жағдайда не істеу керек?
:: Батыл болуға үйрен. Батыл болу деген агрессия танытпай, өзіңді қорғай білу. Сен өз ойыңды дөрекі және ызалы сөздерсіз білдіруге үйрене аласың. Кейде біреумен келіспеген жағдайда өзіңді шын мәнінде қалай сезінетініңді жеткізу қиын. Дегенмен сен батылдыққа үйрене аласың. Ол үшін айтқың келетін сөздерді қағазға жазып, ал уақыты келгенде айтып қал. Кезі жеткенде сенің батылдығыңның арқасында барлық қорлық пен қорқытулар тоқтайды.
:: Құрбыңмен/досыңмен бөліс. Достарың сені оларға барлық оқиғаны ашып айтпасаң да, саған қолдау көрсете алады. Олар сені қолдап, көңіліңді көтере алады. Сонымен қатар, достарың жәбірлеушілер енді мазаңды алмас үшін оларға қалай жауап беру керектігін айта алады.
:: Ересек адамдармен бөліс. Сен өз оқиғаңмен ата-анаңмен, өзіңнің қамқоршыңмен немесе сенімді ересек адамның біреуімен бөлісуіңе болады. Олар сені қолдап, мәселені шешуде ақыл-кеңес бере алады. Сондай-ақ, 111сенім телефонына қоңырау шалуыңа болады. Онда саған көмек пен қолдау көрсетіледі.
:: Мұғаліммен бөліс. Мектебіңдегі мұғалімдер саған бас-көз болуға міндетті. Сен мектепте болған кезіңде өзіңді қауіпсіздікте сезінуге толықтай құқығың бар. Мүмкін, сенің мектебіңде буллингке қарсы тұруға қатысты кейбір нұсқаулар бар шығар. Сонымен қатар, сен мектеп психологына да жүгіне аласың.

Кибербуллинг - адамды интернетте, мысалы әлеуметтік желілерде қорлау немесе қудалау.
Егер де:
саған зұлым, ренішті хабарламалар, смс немесе электронды хаттар (email) жазса
сені қорлайтын бейнероликтер, суреттер, өсек немесе жалған сөздер таратса
әлеуметтік желілерде сенің атыңнан жалған аккаунттар құрып, онда ерсi фотосуреттерді орналастырса
сені ренжіту үшін әлеуметтік желілерде достар тобынан әдейі шығарып тастаса
саған әдепсіз сөздер жазылған немесе қоқан-лоқы түрдегі хабарламалар жіберсе
жеке басыңа қатысты ақпаратты басқаларға жайса
сені ренжіту не қорлау мақсатында жеке фотосуреттеріңді басқаларға рұқсатсыз жіберсе, онда сен кибербуллинге тап болдың.
Кез келген адамның кибербуллинге ұшырауы мүмкін екені есіңде болсын. Егер де сенімен бұндай жағдай орын алып жатса, ол сенің кінәң емес. Дегенмен саған онлайн қауіпсіздігін сақтау қажет. Және көмек сұраудан қорықпа, бұл - әлсіздік емес.

Неліктен адамдар бұлай істейді?
Адамдар неліктен басқа біреуді ренжіткісі келетінін айту қиын. Кейде өзіміз қаламасақ та, біреудің көңіліне келетін қылық жасап, сөздер айтып жатамыз.

Телефон арқылы немесе интернетте адамды әдейі ренжіту, қорлау, оған жабысу оңай болып көрінеді. Ренішті хабарлама жіберу сондай оңай ғой! Бұны істеген адам басқаның жанын ауыртқанын сезбейді де.

Егер де сен интернет технологияларды біреуді әдейі ренжіту, қорлау немесе ызасын келтіру үшін пайдалансаң, онда бұл - кибербуллинг. Тіпті, сен біреу туралы ренішті постқа лайк бассаң да, немесе ренішті постты жіберсең, бұл да - кибербуллинг. Буллинге ұшыраған адам басқалардың оған қарсы біріккенін сезінеді.
Егер сен кибербуллинге тап болсаң, не істеу керек?
Кибербуллингке тап болған жағдайда сен қорқып, абыржып қалуың мүмкін. Ондай кезде мынадай әрекеттер жаса:
әлеуметтік желіде сол адамды бұғатта
әлеуметтік желінің әкімшісіне сен туралы айтылған постқа шағым келтір (әдетте ол үшін <> батырмасын басу жеткілікті)
ондай хабарламалар/посттарға жауап берме, әйтпесе жағдай ұшығуы мүмкін
осы хабарламаларды/посттарды дәлел ретінде сақтап қой, яғни скриншот жаса
бұл жағдайда сені қолдап, не істеу керектігі жөнінде ақыл-кеңес бере алатын ересектерге - ата-анаңа, қамқоршыңа, мұғаліміңе айт
111 жедел желісіне қоңырау шал немесе біздің форумда өз уайымыңмен бөліс
біраз уақытқа интернеттен шығып, өзіңе ұнайтын нәрселермен айналыс (велосипед теп, қыдыр, киноға бар)
Егер басқа біреу кибербуллинге ұшыраса ше?
Біреуді онлайн қорлаған жағдайға куә болсаң, бұны тоқтатуға көмектес. Ондайда жасауға болатын әрекеттер:
осы ренішті суреттерді, фотосуреттерді, хабарламаларды, посттарды біреуге жіберіп, ары қарай таратпа
қорлауды қолдама және оған қатыспа
ол топтан/чаттан шығып кет
сол адамға жәбірлеушіні бұғаттауда көмектес және әкімшіге постқа шағымдан
сол адамға қолдау көрсет: жылы сөз айтып, көмегіңді ұсын
өзіңе қауіпті болмаса, жәбірлеушіге қорлауын тоқтатуын айт.
Егер де жасың 18-ге толмаса, ал біреу интернетте сенің жеке фотосуретіңді (мысалы, сен суретте киімсіз болсаң) жарияласа, ол ЗАҢСЫЗ әрекет болып табылады. Ондайда safekaznet.kz қызметіне шағымдана аласың, ал бұл заңсыз пост бұғатталады.
Мен өзім басқа біреуді онлайн қорласам ше?
Не істеп жүргенің жайлы ойлан
Сен туралы біреу ренішті сөздер жазса, сенің қандай күйде болатының жайлы ойландың ба? Алғашқы қадам - ол сенің буллинге жол бергеніңді мойындау. Бәріміз де кейде қателесіп жатамыз, дегенмен бұл сенің жаман адам екеніңді білдірмейді.
Біреумен ақылдас
Өзің сенетін ересек адаммен - анаңмен, әкеңмен, қамқоршыңмен, мұғаліміңмен сол жайында бөліс. Олар саған қандай әрекет жасауға болатыны жайлы кеңес бере алады.
Жазған/жариялаған нәрсені жой
Барлық ренішті, қорлаушы посттарды, твиттерді және сын сөздерді жойып таста.
Басқаларды тоқтауға көндір
Буллинге қатысы бар басқа адамдармен сөйлес, одан бас тартуға көндір. Бір адам көп нәрсені өзгерте алады.
Кешірім сұра
Ренжіткен адамнан кешірім сұра, көмек ұсын. Бұл ол адам үшін өте маңызды болуы мүмкін.
Бұдан өзің үшін сабақ ал
Кейде біз ойланбастан бір әрекетке барамыз. Болашақта ондай жағдай қайталанбас үшін біз болған оқиғадан сабақ алуымыз керек.
Бағыттау сұрақтары

https://uyatemes.kz/k/kiberbulling#rec122678427

Қорытынды
10 мин
Буллинг (bullying) - ағылшын тілінен аударғанда, қорлау, қудалау, мазалаудегенді білдіреді. Адамүйде, мектепте, автобуста немесе интернетте, жалпы айтатын болсақ, кезкелген жерде буллингке ұшырауы мүмкін. Бұл кез келген адамның басында болатын жағдай. Бірақ есіңде болсын, ешкімнің сені ренжітуге немесе өзің жайлы жаман ойлауға мәжбүрлеуге құқығы жоқ.
Слайд таныстырылымы
Рефлексия

Қажетті білімді толық меңгердім бе?
Қай дағдыларды қалыптастырдым?
Сабақтағы іс-әрекетіне рефлексия жасайды.

Рефлексия

Ұқсас жұмыстар
Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
Мектеп тәлімгері
Барлық оқушыларды сабаққа тарту жұмысы
Оқушылардың өзін - өзі бағалауы және топтағы мүшелерді бағалау. Дарынды және үлгерімі төмен оқушыларды сабаққа тарту
Дарынды және үлгерімі төмен оқушыларды сабаққа тарту
Оқушылардың өзін - өзі бағалауы және топтағы мүшелерді бағалау
Батыс Қазақстанның шаруашылық географиясы
Тетіктерді біріктірудің сызбасы
Оқушылар білімін тексеру
Түрлі карталарда меридиандер мен параллельдердің бейнелену ерекшеліктері
Пәндер