Құрмаштың әжесі

Сабақтың тақырыбы: «Көксерек» әңгімесіндегі кейіпкерлер бейнесі

Сабақтың мақсаты: 1) әңгіме мазмұны арқылы басты кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне, автродың көзқарасына бойлау; 2) оқушылардың тақырыпқа қызығушылығын ояту, мағынаны тануға, ой толғауға дағдыландыру, іздендіру; 3) табиғатты қорғауға, аялауға, адамгершілікке баулу.

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, топтастыру, түсіндіру, өзіндік шығармашылық жұмыс.

Көрнекілігі: М. Әуезовтің портреті, шығармалары, қасқырдың суреті, «Көксерек» диафильмі, Қ. Уәлиевтің портреті, қанатты сөздер.

Сабақтың барысы.

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Үй тапсырмасын тексеру . М. Әуезовтің «Көксерек» әңгімесінің мазмұнын айтып, жоспар құру.

3. Бекіту. Тест. 1-слайд.

1. «Көзін ауылға келгесін екі күннен соң ашты», - деп басталатын қай бөлімінде айтылады?

А) үшінші; ә) бірінші; б) екінші; в) төртінші.

2. Қасқырдың неше күшігі өлтіріледі?

А) 4; ә) 5; б) 2; в) 3.

3. Көксеректі асыраушы кім ?

А) Құрмаш; ә) Құрманбек; б) Ақан; в) Қасен.

4. «Қуаған-ай, неңді алып ем ? Не жазып ем?». . . . деген сөздердің иесі

кім?

А) Құрмаш; ә) Әжесі; б) Бейсембай; в) Қасен.

5. Құрмаш Көксерекпен ең соңғы рет қай жерде кездеседі?

А) ауылда; ә) серуендеп жүргенде; б) қой бағып жүргенде; в) әдейі іздеп шығады.

4. Жаңа сабақ. «Көксерек» әңгімесіндегі кейіпкерлер бейнесі.

Ой қозғау . Қай жазушының шығармасын алсақ та, табиғат мәселесі назардан тыс қалмайды. Балалар, мына сөйлемге назар аударайық.

2-слайд.

Табиғат - күллі тіршілік атаулының құтты қоныс-мекені, алтын ұя, талбесігі.

1. Осы сөйлемді оқығанда еске, ойға алдымен не түседі?

Табиғат дегеніміз не?

Табиғат Қоршаған орта

Халық қазынасы

2. Табиғатқа шабуыл жасау, оның тылсым тыныштығын бұзу мәселесіне қалай қарайсыңдар?

Әңгіменің басты кейіпкерлерін жүйелейік.

Олар: әжесі, Құрмаш, Көксерек, Қасен.

- Қасқыр туралы не білесіңдер?(Өмірден көрген, білгендерін әңгімелейді) .

3-слайд.

Қамбар Уәлиев- «Көксерек» фильміндегі Құрмаш. (слайдтан көрсетіледі

3-слайд.

1963 жылдың 7 қарашасы күні ( төлқұжат бойынша 9 қыркүйек) Алматы облысы Жамбыл ауданы Үңгіртас ауылының жанындағы Көкқайнар деген ауылда дүниеге келген.

«Көксеректі» түсіру барысындағы басынан өткен қызық оқиғаларды әңгімелеу. 4-слайд.

5-слайд. «Талқылау» кестесі. №1

Берілгенмағына:

Берілген

мағына

Оқушылар тауып жазатын оның мағынасы(Оқушылар толтыратын баған):

Оқушылар тауып жазатын оның мағынасы

(Оқушылар толтыратын баған)

Берілгенмағына: Көксерек
Оқушылар тауып жазатын оның мағынасы(Оқушылар толтыратын баған):

Адамдар ауылға әкелген күшік.

Құрмаш асыраған қасқырдың күшігі.

Берілгенмағына: Құрмаш
Оқушылар тауып жазатын оның мағынасы(Оқушылар толтыратын баған):

Көксеректі асыраған бала.

Басты кейіпкер. Көксерек құрбаны.

Берілгенмағына: Қасен
Оқушылар тауып жазатын оның мағынасы(Оқушылар толтыратын баған): Көксеректі ұстаған аққасқа иттің иесі. Аңшы.
Берілгенмағына: Әже
Оқушылар тауып жазатын оның мағынасы(Оқушылар толтыратын баған): Құрмаштың әжесі. Немересінен айырылып, зарлап қалған жазықсыз жан.

№2.

Мағынасы: Мағынасы
Сөздер (Оқушылар толтыратын баған): Сөздер (Оқушылар толтыратын баған)
Мағынасы: Аңшылар ауылға әкелген жетім бөлтіріктің аты.
Сөздер (Оқушылар толтыратын баған): Көксерек
Мағынасы:

Көксеректі бастан теуіп еңіреген адам.

Құрмаштың асыраушысы.

Сөздер (Оқушылар толтыратын баған): Әжесі.

№3.

Шығармааты, авторы:

Шығарма

аты, авторы

Несіменұнады?:

Несімен

ұнады?

Сүйікті кейіпкерің.: Сүйікті кейіпкерің.
Жасағанқорытынды:

Жасаған

қорытынды

Шығармааты, авторы:

Мұхтар Әуезов.

«Көксерек».

Несіменұнады?: Өте қызықты, тартымды, түсінікті тілмен жазылған.
Сүйікті кейіпкерің.: Құрмаш, Қасен.
Жасағанқорытынды: Қасқырдың болмысы адам тәрбиесіне көнбейді екен. Түз тағысы өмір сүруге құқылы.

5-слайд.

Еркін жауап.

1. Қасқыр апанын адамдар енліктен ойрандады?Адамның әрекетін бағала.

2. Қасқыр мен адамның іс-әрекетінде ұқсастық бар ма?

6-слайд.

Венн диаграммасы.

Адам- саналы тіршілік иесі, өмірді сүйеді, мейірімді, қамқор, кешірімді, ұрпақ өсіреді, өмірін жалғастырады, т. б.: Адам - саналы тіршілік иесі, өмірді сүйеді, мейірімді, қамқор, кешірімді, ұрпақ өсіреді, өмірін жалғастырады, т. б.
Өмірге, тіршілікке құштарлық, ұрпақ жалғастыру, тамақ табу үшін күреседі, т. б.: Өмірге, тіршілікке құштарлық, ұрпақ жалғастыру, тамақ табу үшін күреседі, т. б.
Қасқыр- табиғаттың тағысы. Қатал, ызалы, долы, басты мақсаты - тән азығын табу.: Қасқыр - табиғаттың тағысы. Қатал, ызалы, долы, басты мақсаты - тән азығын табу.

7-слайд. Ойтолғау жазу. «Адамдардың табиғатқа жасаған қиянаттары» деген тақырыпта ойтолғау жазу.

8-слайд. Проблемалық сұрақтарға жауап алу.

1. Көксерек неге адамдар арасына сіңісіп кете алмады?

2. Неге Көксерек Құрмаштан гөрі ақ қасқырмен тез бауырласты?

3. Қасқырды қолға үйретуге бола ма?

4. Құрмаштың өліміне кім кінәлі?

9-слайд. «Көксерек» фильмінен үзінді көрсету.

10-слайд. Үйге тапсырма: қасқырға байланысты мақал-мәтелдер жинақтау, әңгімеде көтерілген мәселе бойынша «Табиғат - Адам» тақырыбына байланысты ойбөліске дайындалып келу.


Ұқсас жұмыстар
М. Әуезов Көксерек әңгімесі (қорытынды сабақ)
М. Әуезов көксерек әңгімесі жайлы ақпарат
Мұхтар әуезов «көксерек»
М. әуезовтың «көксерек» әңгімесі
Құрмаштың қайғылы тағдыры
М. Әуезов көксере кәңгімесі туралы ақпарат
Көксерек. 8 сынып
М.о.әуезов «көксерек»
Жинақ сабақ
Оқушылардың сабақты бағалауы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz