Технологиялық карта №12 Гүлдер: ересек топқа арналған жапсыру сабағы

Оқу қызметін ұйымдастырудың технологиялық картасы

№12 "Гүлдер " ересек топқа арналған

Күні, айы, жылы: 04. 01. 13ж.

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Жапсыру

Тақырыбы: Гүлдер.

Мақсаты : Гүлдер туралы түсініктерін дамыту, қалыптастыру. Табиғат туралы түсінік беру. Бірлесіп, ұжыммен жұмыс істеп отырып шығармашылыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: орман, ағаштар, гүлдер т. б.

Көрнекілік: гүлдерге байланысты суреттер т. б.

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс -әрекеті
Балалардың іс -әрекеті
Әрекет кезеңдері: Ұйымдастырушы-оятушылық кезеңі
Тәрбиешінің іс -әрекеті:

Шаттық шеңбер.

Армысың асыл күн,

Армысың ашық аспан,

Армысың достарым,

Сендерді көрсем қуанам.

Балалардың іс -әрекеті:

Балалармен бірге шеңберге

тұрып, өлең шумақтарына сәйкес

қимыл - қозғалыстар жасау.

Әрекет кезеңдері: Ұйымдастырушы ізденушілік кезеңі
Тәрбиешінің іс -әрекеті:

- Балалар бізде қазір қандай сабақ?

- Балалар біз бүгін жапсыру сабағында гүлдерді жапсыру арқылы жапсырамыз.

- Балалар орман деген не?

- Ал, орман нелерден құралған?

- Қандай гүлдердің аттарын білесіңдер?

- Ал, біз гүлдерді кімдерге сыйлаймыз?

- Балалар гүлдерді аяқпен басуға болама?

- Ал, олады жұлуға болама?

- Гүлдерге біз не құйсақ өседі?

- Дұрыс айтасыңдар балалар.

Балалардың іс -әрекеті:

- Бізде қазір жапсыру сабағы.

- Балалар мұқият тындайды.

- Орман ол сұлу табиғат, ауасы таза.

- Орман ағаштардан, гүлдерден құралған.

- Қызғалдақ, раушан, түймедақ, қоңырау гүлі, жауқазын т. б.

- Біз гүлдерді анамыз бен әжемізге, әпкелерімізге сыйлаймыз.

- Гүлдерді аяқпен басуға болмайды, жұлуға болмайды.

- Гүлдерге біз су құйсақ өседі.

Әрекет кезеңдері:

Рефлекстік түзету кезеңі

Қорытындылау

Өзін-өзі бағалау

Тәрбиешінің іс -әрекеті:

Сергіту сәті:

Жел еседі бетімізге,

Тербеледі ағаштар.

Кіп-кішкентай бұтақтар,

Үп-үлкен боп өседі.

- «Жапырақтардың өз ағашын тап!?» ойыны.

Балалардың іс -әрекеті:

Балалармен бірге қимыл-

қозғалыстарды жасау.

Ойын ережесін бұзбай ойнау.

Күтілетін нәтиже: Зейіндерін қойып тындау.

Білу керек: Орман, гүлдер туралы біледі.

Түсінігі: Гүлдерді аяқпен басуға, жұлуға болмайтынын түсінді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Жапсыру сабағында ұқыпты, таза, бірлесіп, ұжым болып жұмыс істеуді меңгерді.

Тәрбиешінің аты, тегі: Гүлайым Аубакирқызы.


Ұқсас жұмыстар
№12 технологиялық карта: Гүлдер тобына арналған көркем әдебиет сабағы - Қыс мезгілін қайталау
№12 Гүлдер тобына арналған тыныс алу мүшелері (мұрын, көмей, өкпе) туралы технологиялық карта
Ересек топқа арналған қазақ тілі сабағы: Отбасы өлеңін жаттау технологиялық картасы
Ересек топқа арналған қазақ тілінен Көктемгі тамшы тақырыбының технологиялық картасы
Технологиялық карта: Қазақ тілі сабағы - Алтыбақан ұлттық ойынын таныстыру (Ересек топ)
Ересек топқа арналған қазақ тілі сабағының технологиялық картасы: Гүлдене бер Қазақстаным
Ортаңғы топ (Гүлдер) үшін технологиялық карта: Қоршаған ортамен таныстыру - Ғарышқа саяхат
Гүлдер тобына арналған №12 оқу қызметінің технологиялық картасы: Мұзафар Әлімбаевтың Әдептілік әліппесі өлеңімен таныстыру
Технологиялық карта: Үлпілдек жүнді балапанды жапсыру және бояу (шығармашылық және әлеуметтік сала)
Достық және мен: ересек топқа арналған тәрбие сағаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz