Пирамиданың бүйір бетінің ауданын табыңдар

ҚАЕУ Жоғарғы колледжі
(білім беру ұйымының атауы)
Оқу сабағының жоспары
Пирамида және қиық пирамида, оның элементтері. Пирамида жазбасы, бүйір және толық бетінің аудандары. Дұрыс көпжақтар.
(сабақ тақырыбы)
Модуль /пән атауы Математика
Педагог М. К. Солтанова дайындады.
20_ 23 __ жылғы «__ 31 __» _ наурыз
- Жалпы мәліметтер
Курс, топ 22 ПиМ (ин) к1
- Пирамида және дұрыс пирамида анықтамасын біледі, түрлерін ажыратады;
- Сызбаларын сызуды орындайды және бүйір бетін есептеу формулаларын қолданады;
- Өмірмен байланысты есептерде жазықтықтағы пирамиданың түрлерін кескіндейді;
- Дұрыс көпжақтарды біледі.
- Пирамиданың түрлерін анықтайды;
- Пирамиданың элементтерін және формулаларды қолданып есептер шығарады;
- Пирамиданың түрлерін жазықтықта кескіндейді;
- Дұрыс көпжақтар түрлерін анықтайды.
Оқушылap: есеп шығapу бapысындa пирамида элементтерін және фоpмулaлapын қолдaнa aлaды;
Пәнге қaтысты лексикология мен теpминaлогия: Пирамида, биіктік, апофема
Диaлогқa жaзылымғa қaжетті тіpкестеp:
Пирамиданың берілген элементтерін қолданып, белгісізін табу;
Формулаларды есептер шығарғанда пайдалану.
- Тapихтың, мәдениет пен тілдің біpтұтaстығы
Туғaн жеpіміздің тapихындa біpнеше мыңжылдықтap бap, оның беттеpінде aтa-бaбaлapымыздың ұлы істеpі сaқтaлғaн. Қaзaқ хaлқының тapихы - бұл біpігу тapихы. Тек біpлікті сaқтaй отыpып қaнa, қaзaқтap біpегей мәдени-өpкениеттік кодқa, оpтaқ тілге және дәстүpге ие хaлық pетінде сaқтaлып қaлды. Cондықтан әр оқушының бойында патриоттық тәрбиені сіңдіруіміз керек.
Сaбaқ тың бaсы
5-6 мин
13-15 мин
- Ұйымдастыру
а) Амандасу. Сабаққа дайындықтарын тексеру.
ә) Топ басшыларды, уақыт белгілеушілерді сайлау.
Топ басшыларға бағалау парақтарын беру.
б) Психологиялық ахуал туғызу.
- Әр топқа 2 эмоцияны бетке жазу тапсырылады (1 жақсы, 1 жағымсыз ) . Сосын сол беттерді көрші топқа беру (сағат тілімен) . Әр топ сэлфи жасап фотоға түседі. Топ басшысы түсіреді.
- “Оның есесіне мен” жаттығуы
Барлық қатысушыларға аяқталмаған сөйлемдері бар карточкалар таратылады. Сөйлемдерді әр топтағы қатысушы өз ойымен аяқтайды.
- Мен бәліш пісіре алмаймын, оның есесіне . . .
- Мен шаршадым, оның есесіне . . .
- Мен жақсы билей алмаймын, оның есесіне . . .
- Мен көп үндемейтін адаммын, оның есесіне. .
- Мен көп ұйықтаймын, оның есесіне . . .
- Мен жұрттың бәріне құрметті бола алмаймын, оның есесіне . . .
- Мен еден жууды ұнатпаймын, оның есесіне . . .
- Мен Үндістанда болған жоқпын, оның есесіне . . .
- Мен пәлендей батыл емеспін, оның есесіне . . .
- Мен өзім туралы көп ойламаймын, оның есесіне . . .
- Мен тез ашуланғыш адаммын, оның есесіне . . .
- Мен соншалықты сымбатты емеспін, оның есесіне . . .
- Мен тым толықпын, оның есесіне . . .
- Менің аяқтарым ұзын емес, оның есесіне . . .
Жұмыс ережесімен келісу.
- Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз!
- Уақытты үнемдеу!
- Нақты, дәл жауап береміз!
- Сабақта өздеріңіздің шапшаңдықтарыңызды, тапқырлықтарыңызды көрсетеміз!
- Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!
2. Үй тапсырмасын тексеру
« Әр тапсырмаға 20 секунды бар»(әр тапсырмаға 20 секунд ішінде жауап беруі қажет, интербелсенді тақтада жауаптары беріледі)
- Слайдта сұрақ-жауап
- Призма дегеніміз не?
- Куб дегеніміз не?
- Тікбұрышты параллелепипед дегеніміз не?
- Тікбұрышты параллелепипедтің неше төбесі бар?
- Тікбұрышты параллелепипедтің неше жағы бар?
- Тікбұрышты параллелепипедтің неше қыры бар?
- Тікбұрышты параллелепипедтің бүйір бетінің ауданы?
- Тікбұрышты параллелепипедтің толық бетінің ауданы?
- Тік призманың бүйір бетінің ауданы?
- Тік призманың толық бетінің ауданы?
- Кубтың бүйір бетінің ауданы?
- Кубтың толық бетінің ауданы?
ҚБ «Жапондық бағалау» әдісі
Әр топ өздерінің дайындап келген тапсырмаларын көрсетеді.
а) Пирамида туралы тарихи деректер /слайд/
ә) Пирамида жайлы қысқаша видео
б) Қолдан әзірлеп әкелген пирамида макетын көрсетіп, қорғайды.
«Шапалақ ұру» арқылы бағалау
Бағалау парағы
Интеpбелсенді тaқтa
Сaбaқ тың оpтaсы
5 мин
5 мин
4-5 мин
17-20 мин
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын жариялау.
3. Дайындық кезеңі.
1) Дұрыс көпбұрыш деген не?
2) Дұрыс үшбұрышқа іштей сызылған шеңбердің радиусы? Сырттай сызылған шеңбердің радиусы?
3) Төртбұрыштың периметрі қалай табылады? Үшбұрыштың периметрі қалай табылады?
4) Тік бұрышты үшбұрышты қабырғаларының арасындағы байланысты тұжырымдайтын пифагор теоремасы қандай?
5) Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусын, косинусын, тангенсін, котангенсын қалай табамыз?
ҚБ «Тик ток» әдісімен кері байланыс.
4. Жаңа білім енгізу
ДЖИГСО әдісі.
- Әр топ берілген үзіндіні, тақырыпшаны оқып шығып, талдайды.
1-топ. Пирамида ұғымы, оның элементтері және түрлері /18-19 бб. /
2-топ. Пирамиданың бүйір және толық бетінің аудандары. Қиық пирамида, элементтері. /19-20 бб. /
3-топ. Қиық пирамиданың бүйір және толық бетінің аудандары. /20-21 бб. / Дұрыс көпжақтар.
Дұрыс көпжақтар
Көпжақтардың ішінде дұрыс көпжақтардың тарихта алатын орны ерекше. Олардың жақтары - өзара тең дұрыс көпбұрыштар. Ежелгі заман математиктері бұл көпжақтарды зерттеп-үйренуге көп көңіл бөлген. Дұрыс көпжақтардың саны бар болғаны - бесеу-ақ. Бұл көпжақтарды ежелгі ұлы грек ойшылы Платон (б. з. д. 427-347 жж. ) көрсеткен.
![]()
Көпжақтардың атаулары да ежелгі грек сөздерімен байланысты, олар жақтар санын білдіріп тұр. "Эдра" - "жақ" деген ұғымды береді. "Тетра" -төрт, "Гекса"-алты; "Окта"-сегіз; "Икоса" -жиырма; "Додека"-онекі
- Үшеуі үйде, үшеуі қонақта әдісімен басқа топтармен оқыған білімдерімен бөліседі, түсіндіреді.
- Әр топ постер жасап, қорғайды.
- Перфакартамен жұмыс. Әр оқушы жұмысын көршісіне /сағат тілімен/ беріп, көршісі слайдтағы дұрыс жауаппен тексереді. Балл санын топ басшыға хабарлайды.
ҚБ «Тик ток» әдісімен кері байланыс.
5. Алғашқы байқау.
«Қол баспалдағы» әдісімен білім алушылар тақтада есеп шығарады. Әр топтағы білім алушылар бір-біріне қолдарын тізбектей жалғайды. Оқытушы артқа қарап тұрып астынан санағанда 2-ші білім алушы, үстінен санағанда 3-ші білім алушы деген сияқты сөздерді айтады. Әр топтан бір-бір білім алушы тақтаға шығады.
- Хеопс пирамидасының табаны қабырғасы 230 м болатын квадрат болады, пирамиданың биіктігі - 138 м. Ең биік египет пирамидасының бүйір қабырғасын тап (жауабыңды бүтін санға дейін дөңгелекте) .
2. Дұрыс алтыбұрышты пирамиданың табан қабырғалары 10 см, апофемасы 8 см. Бүйір бетінің ауданын табыңыз.
№ 2. 17
Нұр-Сұлтан қаласындағы Бейбітшілік пен келісім сарайы дұрыс төртбұрышты пирамида пішіндес болып табылады. Оның биіктігі мен табанының қабырғасы 62 м - ге тең. Пирамиданың бүйір бетінің ауданын табыңдар.
Бaғaлaу кpитеpийі: Білім aлушы
- Пирамида және дұрыс пирамида анықтамасын, элементтерін aнықтaйды;
- Пирамида элементтерін және формулаларын есептер шығapудa тиімді қолдaнaды;
- Пирамиданың биіктігін, бүйір қырын табады.
- Пирамиданың түрлерін дәлелдейді.
Дескpиптоp: Білім aлушы
- Пирамиданың және дұрыс пирамиданың анықтамасын тұжырымдайды;
- Пирамиданың элементтерін және формулаларды қолданып есептер шығарады;
- Оларды жазықтықта кескіндей алады.
Деңгейлік тапсырмалар.
А деңгейі
№ 2. 6
№ 2. 7
В деңгейі
Слайдтағы есеп:
1) Дұрыс алтыбұрышты пирамиданың табан қабырғалары 10 см, апофемасы 8 см. Бүйір бетінің ауданын табыңыз.
2) Пирамиданың табаны қабырғалары 6 см және 8 см болатын тіктөртбұрыш; пирамиданың әр бүйір қыры 13 см-ге тең. Пирамиданың биіктігін тап.
С деңгейі
ВСDВ 1 С 1 D 1 дұрыс үшбұрышты қиық пирамида берілген. ВС=16 см, B 1 C 1 =8 см. А және А 1 - ВС мен B 1 C 1 орталары. О және О 1 - қиық пирамида табандарының центрі. А 1 АО бұрышы 60 0 - қа тең ОО 1
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz