Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сахналық көрініс Қазақ батырлары

Мақсаты: Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, қазіргі таңдағы арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерліктерін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу; отансүйгіштікке, елжандылыққа, батылдыққа шыншылдыққа баулу, ұрпақтарды адал сезімге, адамгершілікке тәрбиелеу, шын патриот етіп шығару
Әнұран айтылады
I бөлім
1 - жүргізуші: Азаттық. Теңдік. Тәуелсіздік. Бейбітшілік Осы ұғымдардың салтанат құруы үшін кімдер бас тікпеді, кімдер құрбан болмады.
2 - жүргізуші: Иә, тәуелсіздік шежіресіне көз тоқтатып қарайықшы. Сонау дүбірлі батырлар заманынан бері ел мен жер үшін қаншама қан төгілді, қаншама адам құрбан болды. 1 - оқушы: (Қаныбек)
Қазақ деген асқақ тұлға мен боламын!
Өткізген талай өмір, жол бұрқанын
Серпілтіп ашып тастап айқындалдым,
Өмірдің мына ауыр көк тұманын
2 - оқушы: (Арайлым)
Көрдім ғой шабуылын монғолдың да,
Тарттық ғой азабын біз жоңғардың да
Отары орыстардың болсам - дағы,
Құдайдан басқасына табындым ба?
3 - оқушы: (Дархан) Біз қазақпыз, қазақпыз,
Тағдыры -- қазақ ғажаппыз.
Егемендік жолында,
Табанды талай қажаппыз.
Азап та талай шеккенбіз,
Елеулі ерлік еткенбіз.
Қазақтыққа сыйынып,
Азаттыққа жеткенбіз.
Айтылып біткен дастанбыз,
Тіл қатып жатқан тастармыз.
Бостандық үшін аянбай, Кесіліп кеткен бастармыз.
Жоңғарларды жыққанбыз,
Қалмақты көрге тыққанбыз.
Бабаның атын ұран ғып,
Даланы қорғап шыққанбыз.
4 - оқушы: (Сымбат)
Домбыра тартсақ ақынбыз,
Дулыға кисек батырмыз. Тағдырдың жүгін арқалап,
Бүгілмей келе жатырмыз.
Жалғаным емес, шындығым,
Тәуекел кескен кіндігім,
Қазақ деген қажетім,
Қазақ деген құнды ұғым.
Сақтар менен ғұндармыз,
Бұлттарды қырыққан шыңдармыз.
Тартылып жатқан күйлерміз,
Айтылып жатқан жырлармыз.
1 - жүргізуші: Қазақ жері, қазақ елі талай - талай ауыр кезеңдерді бастан өткерді. Жалпақ ел дүр көтеріліп, өткір найза ұшы қанға боялған сұм заманда хан Абылай, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Шақшақұлы Жәнібек, Түкеұлы Райымбектің де атой салып, қолы жау жағасында ойнағанын бүгінгі ұрпақтары мақтан етеді.
2 - жүргізуші:<< Балбырауын>> күйі
1 - жүргізуші: Сахналық көрініс <<Қазақ батырлары>>
5 - окушы: (Мәди)
Батыр болған бабалары,
Ел бастаған даналары.
Байтақ жерге жау тигізбес
Батырлары, қазақтың батырлары!
6 - оқушы: (Жасұлан)
Бойда қызу қан ойнаған жігерлі, Қаһарманы заманымның бұл енді.
Отан даңқы мүддесі үшін қажеттік,
Батырлар ол - елдігімнің тірегі.
2 - жүргізуші:<<Қаражорға>> биі

II бөлім
1 - жүргізуші: ХХ - ғасыр адамзат санасында жойқын соғыстарымен де сақталары сөзсiз. Өйткені, бiр ғана Екiншi дүниежүзiлiк соғыстың өзi қаншама ұрпақты қайғы - қасіретке душар етті. Дүниені дүмпуімен теңселткен екінші дүниежүзілік соғыс өртінің өткеніне, халқымыздың Ұлы Жеңісіне 65 жыл толады. Бүкіл прогресшіл адамзат Жеңіс күнін жылда салтанатпен атап өтеді. 2 - жүргізуші: 1941 жылғы 22 маусым күні таңғы сағат 4 - те фашистік Германия тұтқиылдан Совет Одағына соғыс ашты. Ұлы Отан Соғысы басталды. Осы қырғын соғыстың құрбандығы болған 20 миллион Совет адамы барша халықтың жүрегінде мәңгі сақталады. Отан үшін жанын пида еткен ағаларымыздың алдында бас иеміз. "1 минут үнсіздік". Бүгінгі ұрпақ сол аға ұрпақ сыйлап кеткен бостандық пен бейбітшілікті берік сақтауға тиіспіз. 6 - оқушы: Қазақстан соғысқа 1 млн. 366 мың адамды аттандырды. Осы орайда республикада 12 атқыштар дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы, 4 атты әскер дивизиясы және екi артиллериялық, 4 минометтiк, 3 авиациялық полк және 14 жеке батальондар құрылып, майданға жiберiлген. Олар соғыстың барлық шайқастарына қатысып, майдан далаларына 601 мың 815 адамын қалдырып, елге оралған. Оның iшiнде туған жерiне жете алмай қаза тапқан қазақтардың саны 135 мың адамды құрайды. Қазақстан соғысқа 1 млн. 366 мың адамды аттандырды. Осы орайда республикада 12 атқыштар дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы, 4 атты әскер дивизиясы және екi артиллериялық, 4 минометтiк, 3 авиациялық полк және 14 жеке батальондар құрылып, майданға жiберiлген. Олар соғыстың барлық шайқастарына қатысып, майдан далаларына 601 мың 815 адамын қалдырып, елге оралған. Оның iшiнде туған жерiне жете алмай қаза тапқан қазақтардың саны 135 мың адамды құрайды
7 - оқушы: (Динара)
Отаным еркелейік өзге кімге
Өзіңмен нені болса көрем бірге
Қалайша кабырғама батпас менің,
Басыңа қатер бұлты төнген кезде.
8 - оқушы: (Жансая)
Қазақстаннан құралған гвардиялық атқыштар дивизиясы жауынгерлерінің ерлігі Ұлы Отан соғысының тарихына алтын әріппен жазылды. Осы дивизияның 28 жауынгері 50 танкке төтеп берді. Жаудың қара темірінен батырлардың табандылығы асып түсті.

9 - оқушы: (Ақмырза)
Даңқ қосып даңқына,
Сұрапылға төтеді.
Борыштарын халқына,
Ерлігімен өтеді.
Жиырма сегіз, жиырма сегіз - бір ғалам,
Анау жаудың танктері лаулаған.
Ресей кең, Отан кең, артымызда Москва.

А.Фердоуси атындағы №24 жалпы білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Оқу жылы 2023-2024
Тәрбие сағат.
Сабақтың тақрыбы Тарихқа тағызым " тәрбие сағаты

Мақтаарал ауданы мырзакент қалашылығы жана-жол а/ә
9-Б сынып жетекшісі У.Сабуров

Фердоуси ауылы
2023-2024 оқу жылы

Ұқсас жұмыстар
«Аққулар ұйықтағанда» М.Мақатаев
Уильям Шекспирдің өмірі мен шығармашылығы
Бейнелі сөздің берені болған Қазақ тілі (әдеби танымдық кештің сценариі)
Қай әңгімесінен үзінді
Қыз-өріс, қыз-қонақ
Тәуелсіздік тұғыры биік болсын
<<бақ, дәулет, аман>> а.сейдімбеков
Ананың зары
Өнерлі бала- елдің көркі байқауы
Желтоқсан айы
Пәндер