Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Күнделік сөзіне топтастыру

Сабақтың тақырыбы: <<Ең үздік күнделік>> сайысы
Мақсаты: Оқушыларға күнделік түрлері туралы мағлұмат беру, өз күнделіктерін таза, мұқият толтыруды қалыптастыру, адамгершілік,кішіпейілділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, спикерлер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылар амандасу, түгелдеу;
Сабаққа әзірлігін тексеру.
Қызығушылығын ояту
Қима суретті құрастыру.
Жаңа форматтағы, заман талабына сай - << kundelik.kz>>.

Мағынаны тану.
Оқушыларды дәптер, қалам, қарындаш, кітап арқылы топқа бөлу.
<<Күнделік >> сөзіне топтастыру.
Оқушыларға қосымша күнделік туралы мағлұмат беру.
Күнделік бірнеше түрге бөлінеді: оқушы күнделігі; өмірбаян жазуға арналған жеке күнделік; ұмытып қалмас үшін қолданылатын күнтізбелік күнделік; табиғатты, адамды бақылайтын күнделік; т.с.с.
Олардың түрлеріне қарай өз маңыздылығы, құндылығы өзінде. Өмірбаян күнделігі арқылы танымал адамды басқа қырынан танып, білуге болады; күнтізбелік күнделік арқылы күнделікті істелінетін жұмысты орындау ретін сақтайды; бақылау күнделігі түрлі жағдайлардың алдын алуға көмектеседі.
Қағаз күнделік пен электрондық күнделік арасындағы айырмашылығы, ерекшелігі
Сауда сөрелерінде еркін саты - лып жатқан мұқабасы мазмұнсыз, түрлі оқушы күнделіктері болды. Ішкі мазмұны бірдей, ал сыртқы безендіруі әртүрлі күнделіктербар,солардың соңғы бетінде оларды басқан баспаның аты-жөні, не қаласы көрсетілмеген екен. Мысалы, бағасы арзан, сырты мағынасыз суреттермен безендірілген күнделіктердің балаға берер пайдасының аз екендігін бәріміз білеміз. Біле тұра, <<ішкі мазмұны бірдей болса болды емес пе, ертең бұны да таппай қаламыз>> деген оймен кез келгенін ала саламыз. Оқушының санасы - на кері әсерін тигізетін күнделіктерді балаларға алуға ешкім де мәжбүрлеп жатқан жоқ қой.
Оқушының білім жетістігін, тәртібінің нәтижесін көрсететін және ата-анамен байланыс жасауға көмектесетін күнделік бүгінгі күні қалай өзгерді? Таныс болыңыздар: жаңа форматтағы, заман талабына сай - << kundelik.kz>>.

<>-ЖШС - қазақстандық АТ - компаниясы, білім беру мекемелерінің өкілдеріне, сондай-ақ мұғалімдерге, оқушыларға, ата-аналарға электрондық білім беру аймағын әзірлеуші.
Электрондық күнделіктің күні бүгін ғана басталған жоқ. Дегенмен, біздің елімізде енді қарқын алып келе жатқан күнделіктің бұл түрінің тиімді және тиімсіз жақтары бар. Электрондық күнделік-бұл кез-келген оқуға байланысты ақпаратқа нақты уақыт режиміндегі қатынас. Кестедегі өзгерістерді, оқушының ағымдық және қорытынды (жиынтық) жетістіктерін бақылайды. Үй тапсырмаларын көріп, оқу туралы хабарландырулар e.mail арқылы хабардар болып, тілдесе алады.Тақырыптық форумдар жасап, іс-шаралардағы фотосуреттермен алмасуға, ыңғайлы уақытта кез-келген ата-анамен байланысуға болады.
Білім беру ресурстары: онлайн кітапхана мектепте оқытылатын барлық туындыларды қамтиды. Медиатехникада барлық пәндер бойынша сабаққа жақсырақ дайындалуға көмектесетін бейнефайлдар, аудиофайлдар және көрсетілімдер жиналған.
Портфолио: <> жүйесіндегі жеке парақшаны портфолиоға оңай айналдыруға және барлығына жетістіктеріңіз туралы хабарлауға болады. Оны жеке блог және жазбаларды жасау және дайындау үшін әуесқойлығың, жеке материалдар мен ресми мадақтамаларға, дипломдарға арналған файлдардар, жаңалықтары бар қабырға және т.б. әрекеттер арқылы жасауға болады.
Мектеп парақшасы: білім беру мекемесінің <> сайтындағы визит картасы: әкімшілік тұлғалар, контактілер, жаңалықтар, құқықтық және т.б. құжаттар, хабарландырулар, фотогалерея, форум. Мектеп парақшасы мен оның жариялылығын реттеуге болады.
Кесте және сабақтар: кестенің қарапайым түрі, түсінікті енгізу. Сабақ ауыстыруларын және өткізілмейтін сабақтарды белгілеу. Сынып бойынша кестені 1 аптаға немесе барлық торды қараңыз немесе басып шығаруға болады.
Электрондық журнал: үйреншікті қағаз журналының стандартты көрінісі және бірнеше қосымша көріністер: күн бойынша, апта бойынша жоспарлау, сабақ парақшасы. Әкімшілік сабақтағы бағалау жүйелерін және жұмыстар типтерін таңдай алады. Журналдың барлық көріністері түсті немесе қара-ала нұсқаларда қолжетімді. Мысалы, кез-келген сабаққа түсініктеме немесе қосымша материалдар қоса алады.
<<Тез аудар, сөз аудар>> бөлімінде топ оқушылары берілген сөздерді қазақшаға аударып, сөйлемі оқу.
Бүгін (суббота). (Учитель) күнделік тексерді. Ең (чистый) күнделікті қолына алды. Оны (ученикам) көрсетті. Ол (дневник) менікі.Учительниа мені мақтады. Мен сыныбымдағы оқушылардың дневник таза толтыруға көмектесемін. Мен өз классам мақтанам.
<<Менің күнделігім>> тақырыбында І топ диалог, ІІ топ монолог жазады.
<<252>> әдісі оқушылар 2топ 5 минут ішінде бүгінгі тақырыпты екі жағын айтады.
Топтар өз - өздерін бағалайды.

Ұқсас жұмыстар
Топтарды бағалау
Мәтіндегі сөйлем
Үміт аялдамасы
Абай "шегіртке мен құмырсқа". ана тілі пәнінен ашық сабақ
Оқушының пікірі
Махамбет өтемісұлы «қызғыш құс» 5-сынып
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс
Нәтиже сабақтар Кітап
М.дулатов "қыс". әдебиеттік оқу. 2 сынып
Төзім мен табандылық
Пәндер