№12 технологиялық карта: Гүлдер тобына арналған көркем әдебиет сабағы - Қыс мезгілін қайталау

Оқу қызметін ұйымдастырудың технологиялық картасы

№12 "Гүлдер"топқа арналған

Күні, айы, жылы: 04. 01. 13ж.

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Қайталау

Мақсаты: Қыс мезгілінің өзіндік ерекшеліктері, табиғат құбылысы туралы айту.

Сөздік жұмыс: қар, қыс, боран, аяз т. б.

Көрнекілік: тақырыпқа байланысты суреттер.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.

Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс -әрекеті
Балалардың іс -әрекеті
Әрекет кезеңдері: Ұйымдастырушы-оятушылық кезеңі
Тәрбиешінің іс -әрекеті:

Шаттық шеңбер:

Қайырлы таң, басым!

Сендерге рахмет ойлағаның үшін.

Қайырлы таң, көздерім!

Сендерге рахмет көргенің үшін.

Қайырлы таң, қолдарым!

Барлық жұмыс жасағаның үшін.

Қайырлы таң, аяқтарым!

Сендерге рахмет жүргенің үшін.

Қайырлы таң, достарым!

Балалардың іс -әрекеті:

Балалармен бірге шеңберге

тұрып, өлең шумақтарына сәйкес

қимыл-қозғалыстарды орындау.

Әрекет кезеңдері: Ұйымдастырушы ізденушілік кезеңі
Тәрбиешінің іс -әрекеті:

- Балалар, бізде қазір қандай сабақ?

- Балалар неше жыл мезгілдері бар?

- Қазір қай жыл мезгілі?

- Қыс мезгілінде, ауа райында қандай өзгерістер болады?

- Қыс мезгілінде неше ай бар?

- Қазір қыс мезгілінің қай айы?

- Қыс мезгілінде біз қандай мейрамды қарсы аламыз?

- Балаларға А. Құнанбаевтың қыс туралы өлеңін жаттадық қой, ендеше есімізге түсіріп қайталап айтайық.

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

Дем алысы-үскірік, аяз бен қар,

Кәрі құдаң-қыс келіп, әлек салды.

- Бұл өлең шумақтарында не туралы айтылған?

- Енді мына суретке назар аударыңдаршы

(қыс сюжетті сурет беріледі)

- Не көріп отырсыңдар?

- Жылдың қай мезгілі ?

- Дала қандай екен?

- Ауа райы қыста қандай болады?

- Қардың түсі қандай?

- Адамдар қалай киінеді ?

Балалардың іс -әрекеті:

- Көркем әдебиет сабағы.

- Төрт жыл мезгілі бар. Жаз, күз, қыс, көктем.

- Қазір қыс мезгілі.

- Қар жауады, боран болады, аяз болады т. б.

- Үш ай бар, желтоқсан, қаңтар, ақпан.

- Қыс мезгілінің желтоқсан айы.

- Жаңа жыл мейрамын қарсы аламыз.

- Қыс мезгілі және қыс мезгіліндегі өзгерістер туралы айтылған.

- Балалардың назары сурете.

- Қыс мезгілін көріп отырмыз.

- Қыс мезгілі.

- Дала аппақ екен.

- Қыста ауа райы суық болады.

- Қардың түсі ақ.

- Қыста адамдар жылы киінеді.

Әрекет кезеңдері:

Рефлекстік түзету кезеңі

Қорытындылау

Өзін-өзі бағалау

Тәрбиешінің іс -әрекеті:

Сергіту сәті:

Күн шығады аспаннан

Біз бақшаға барамыз

Күн төбеде тұрғанда

Түскі ұйқыда жатамыз.

Күн ұяға батқанда

Біздер үйге қайтамыз.

Ойын: «Жыл мезгілдерін ажырат»

Жұмбақ:

Қыста жер бетін басады,

Жазда сайға қарай қашады. (Қар)

Бетінен суық сүйеді,

Ерніне суық тиеді. (Аяз)

Сабақты сұратар қою арқылы балалардың түсініктерін тексеру.

Сендер жақсы жауап бердіңдер, шапалақтау.

Балалардың іс -әрекеті:

Балалармен бірге қимыл-

қозғалыстарды орындау.

- Ойын ережесін бұзбай ойнау.

Күтілетін нәтиже: Зейіндерін қойып тындау.

Білу керек: Жыл мезгілдерін білулері керек.

Түсінігі: Әр жыл мезгіліне байланысты ауа райында өзгерістер болатынын түсінді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Қыс мезгіліндегі өзгерістерді, айларын меңгерді.

Тәрбиешінің аты, тегі Гүлайым Аубакирқызы.


Ұқсас жұмыстар
Технологиялық карта №12 Гүлдер: ересек топқа арналған жапсыру сабағы
№12 Гүлдер тобына арналған тыныс алу мүшелері (мұрын, көмей, өкпе) туралы технологиялық карта
Гүлдер тобына арналған №12 оқу қызметінің технологиялық картасы: Мұзафар Әлімбаевтың Әдептілік әліппесі өлеңімен таныстыру
Технологиялық карта: Сәбилер тобына арналған қазақ тілі сабағы - Ертегілер әлемінде
Даярлық тобына арналған көркем әдебиет сабағы: Т. Тайбазарұлының Қайтпай қалған қарлығаш әңгімесін оқу
Балапан тобының ерте жас балаларға арналған көркем әдебиет технологиялық карталары
Ортаңғы топ (Гүлдер) үшін технологиялық карта: Қоршаған ортамен таныстыру - Ғарышқа саяхат
Ортаңғы №2 тобына арналған технологиялық карта: Геометриялық пішіндер әлеміне саяхат
Көркем әдебиет: ертегілер мен табиғат-маусымдық тақырыптарға арналған сабақ жоспарлары
Көркем әдебиет сабағы: жыл мезгілдерін салыстыру және табиғатты қорғауға тәрбиелеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz