Сабақтардың тақырыптары

Ағылшын тілі пәні бірлестігінің қыркүйек айындағы өткізілген сабақтарының қорытындысы

Тақырыбы: Ағылшын тілін оқытуда CLIL әдісінің тиімділігі мен артықшылықтары.

Мақсаты:

Р/с
Пән мұғалімі
Сабақтардың тақырыптары
Сыныбы
Кері байланыстар мен ұсыныстар
Р/с: 2
Пән мұғалімі: Малдарбекова Мария Аубакировна
Сабақтардың тақырыптары: “Exploring the space ”
Сыныбы: 3 «Г»
Кері байланыстар мен ұсыныстар: Тақырып байланысты оқушылар жаңа сөздердің жазылуын, оқылуын, аудармасын, сөйлемнің құрылымын үйренді. Сабақта АКТ ресурстары пайдаланылды. Уәжі төмен оқушыларды оқыту процесіне тарту керек. Оқушылардың арасында диалог болмады. Оқушыға кері байланыс беру керек, сабақта белсенділігін арттыру керек.
Р/с: 4
Пән мұғалімі: Кутпанбаева Акбаян Жакыповна
Сабақтардың тақырыптары: «Tradition and language»
Сыныбы: 9 «A»
Кері байланыстар мен ұсыныстар: Мұғалім тапсырмаларды сабақ мақсатына сай алған. Сабақ барысында тыңдалым және оқылым тапсырмалары алынды. Оқушылар сөздікті қайталады, осы қайталау барысында оқушылардың сөздерді меңгеруде сөздің дыбысталуын көбірек қайталап, тілдерін жаттықтыру керек. Әр тапсырма критерийге сай дескриптор, әдіс-тәсілдер жүйелі жасалған. Кері байланыс сабақ барысында емес, соңында берілді. Оқушылардың белсенділігін арттыру қажет.
Р/с: 5
Пән мұғалімі: Нурумбетова Алия Есенгалиевна
Сабақтардың тақырыптары: «Pаst Simple»
Сыныбы: 5 «Д»
Кері байланыстар мен ұсыныстар: Сабақта берілген тапсырмалар мақсатқа сай алынған. Сабақ барысында АКТ қолданылды. Мұғалім жаңа сөздердің оқылуын, аудармасын үйретті, және жаңа сөздермен сурет арқылы жұмыс жасады. Оқушыларға кері байланыс уақытында берілді. Сабақта тыңдалым болмады. . Мұғалім уақытты тиімді пайдаланбады. Дескриптор критериийге сай болмады және уақытылы жүргізілмеді
Р/с: 6
Пән мұғалімі: Джапарова Регина Абдилдаевна
Сабақтардың тақырыптары: «Television»
Сыныбы: 8 “Ә”
Кері байланыстар мен ұсыныстар: Сабақ барысында жазылым мен тыңдалым дағдыларын тиімді қолдану жолдарына көп көңіл бөлінді. Жалпы сабақтың құрылымы сақталды. Сабақта АКТ ресурстары пайдаланылды. Оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастырғанмен, тапсырманың орындалу сапасына дер кезінде кері байланыс беру дағдыланбаған. Сабақ барысында мұғалім көп сөйлеп, оқушылар аз белсенділік танытты. Кері байланыс сабақтың барысында толық берілу керек еді. Сабақта жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану керек.
Р/с: 7
Пән мұғалімі: Айваз-оглы Динара Алиевна
Сабақтардың тақырыптары: «Human’s brain»
Сыныбы: 10 «A»
Кері байланыстар мен ұсыныстар: Сабақта АКТ ресурстары пайдаланылды. Оқушылар сабақта өте белсенді қатысты. Себебі жақсы әдістермен өткізді. Сабақта тыңдалым мен жазылым дағдыларына байланысты тапсырмалар берілді. Бағалау талапқа сай жүрмеді. Оқушыларға жаңа сөздерді игертудің тиімді әдісін таңдау керек. Оқушыларға әр тапсырмаға дер кезінде кері байланыс беру керек.
Р/с: 9
Пән мұғалімі:

Алимкулова Жазира

Султановна

Сабақтардың тақырыптары: «Honey bees»
Сыныбы: 6 «Ә»
Кері байланыстар мен ұсыныстар: Сабақ барысында мақсатқа сай тапсырмалар алынды. Жаңа сөздермен таныстырып, сөйлем құрап сабаққа байланысты сөздерді меңгеріп шықты. Оқушылардың белсенділігі жақсы. Тапсырмаға дескриптор жасау калыптасқан. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы жоғары деңгейде. Мұғалімнің теориялық білімі жоғары. Мұғалім мен оқушылар бір-бірін жақсы түсінеді. Уақытты тиімді пайдалану керек
Р/с: 10
Пән мұғалімі: Молтаева Аяулым Талапқызы
Сабақтардың тақырыптары: “Healthy bodies”
Сыныбы: 4 ”Б”
Кері байланыстар мен ұсыныстар: Оқушылар сабақта жаңа сөздердің жазылуын, оқылуын, аудармасын, белгісіз есімдіктерді үйренді. Сабақта АКТ ресурстары пайдаланылды. Мұғалім үй тапсырмасын сұрады, жаңа сабақты түсіндірді. Жалпы сабақтың құрылымы сақталғанмен, сабақтың темпі төмен болды. Тақтамен жұмыс болмады.
Р/с: 11
Пән мұғалімі: Асанбекова Атипа Төребайқызы
Сабақтардың тақырыптары: «Physical structure of the human brain»
Сыныбы: 10 «А»
Кері байланыстар мен ұсыныстар: Мұғалім Educaplay, Padlet платформаларын сабақта қолданды. АКТ ресустарымен үнемі пайдаланады, Мәтінге байланысты тыңдалымды тыңдатып, тапсырмалар орындатты Сабақ барысында бағалау жүргізілді. Дайын білім беру ресурстарын жақсы қолданады. Уәжі төмен оқушыларды оқыту процесіне тарту керек. Сынып оқушылары мұғалімнің көңіл күйіне қарай белсенділігі төмен болды. Белсенділікті арттыру қажет
Р/с: 12
Пән мұғалімі: Сатыбалдиева Тоғжан Сүйіндікқызы
Сабақтардың тақырыптары: An adventure story
Сыныбы: 6 «Ә»
Кері байланыстар мен ұсыныстар: Мұғалімнің теориялық білімділігі жақсы. Сабақ барысында видео және аудио тыңдалымдары арқылы жұмыс жасады. Жаңа сөздерді сабақ барысында меңгертіп, жұмыс жасай білді. Балалардың белсенділіктері өте жақсы. Сабақта АКТ ресурстары пайдаланылды. Мұғалім уақытты тиімді пайдаланды. Кері байланысты сабақтың соңында ғана емес, сабақ барысында да берілуі қажет.
Р/с: 13
Пән мұғалімі: Асылбай Ботагөз
Сабақтардың тақырыптары: «Exploring space»
Сыныбы: 3 «Б»
Кері байланыстар мен ұсыныстар:

Мұғалімнің теориялық білімділігі орташа деңгейде. Әдіс-тәсілдерді кеңінен пайдаланды. Мұғалім сабақта көбінесе өзі көп сөйледі. Сабақта АКТ ресурстары пайдаланылды. Мұғалім жаңа сөздерді меңгертуді тиімді әдісін таңдау керек. Аударма жасауда анықтама қолдану керек. Оқушылардың қателерін дер кезінде жөндеді. Мұғалім кері байланыс уақытында берілмеді. Бағалауды дұрыс жүргізу қалыптасу керек. Сабақ соңында оқушы рефлексиясы болмады.

Р/с: 14
Пән мұғалімі: Әділбек Фарида Әділбекқызы
Сабақтардың тақырыптары: A book festival
Сыныбы: 5 «Б»
Кері байланыстар мен ұсыныстар: Мұғалімнің теориялық білімділігі өте жақсы. Сабақтың тақырыбына сай оқушылар өздері оқыған кітаптары туралы жалпы мазмұнын айтып шықты. Сабақта АКТ ресурстары пайдаланылды. Мұғалім оқушыларға жаңа сөздердің жазылуын, оқылуын, аудармасын үйретті. Тақырыбы CLIL әдісіне сәйкес оқушылар сабақ барысында өз қолдарымен кітап жасауды үйренді. Кері байланысты сабақтың соңында ғана емес, сабақ барысында да берілуі қажет. Жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану керек.
Р/с: 15
Пән мұғалімі: Туленова Перизат Мухидиновна
Сабақтардың тақырыптары: “Past Simple”
Сыныбы: 5 «Д»
Кері байланыстар мен ұсыныстар: Сабақ психалогиялық ахуалды жақсарту мақсатында оқушыларға аффермация айтудан бастады. Үй тапсырмасын оқушылар видео ға түсіріп, сол арқылы көрсетілді. . Сабақта тапсырмалар берілді және көрнекілік пайдаланды. Көрсетілген видео оқушылардың жас ерекшелігіне сай. Жаңа сөзді оқушыларға көбірек қайталату керек. Бағалау, кері байланыс уақытымен жүру керек. Транскрипция бойынша оқыту, әріптердің дыбысталуына мән беру, жаңа сөз бойынша сөйлем құрастыру қажет. Оқушылардың белсенділігі орташа деңгейде болды. Оқушылар бір-біріне кері байланыс жасамады.
Р/с: 16
Пән мұғалімі: Шекпенбай Анель
Сабақтардың тақырыптары: «Healthy bodies»
Сыныбы: 4 “В”
Кері байланыстар мен ұсыныстар: Мұғалімнің теориялық білімділігі жақсы. Үй тапсырмасы сұралды. Оқушыларға миға шабуыл жасалды. Сабақта деңгейлік тапсырмалар берілді. Оқушылар сабақ барыснда тапсырмаларды дер кезінде орындап, диалотық қарым-қатынас орнатты. Жаңа сөздерді транскрипциясы бойынша оқу керек. Оқушылардың рефлексия жасау дағдысы қалыптаспаған. Сабақтың мақсатына сай оқушыларға рефлексия жасату керек еді.
Р/с
Пән мұғалімі
Сабақтардың тақырыптары
Сыныбы
Кері байланыстар мен ұсыныстар
Р/с: 1
Пән мұғалімі: Пән мұғалімдері
Сабақтардың тақырыптары: “We love English” айлықтың ашылуы
Сыныбы: 2-10 сыныптар
Кері байланыстар мен ұсыныстар:

Ағылшын тілі пәні бірлестігінің айлығының ашылу салтанаты таңертеңгі мектепке бірінші сабаққа кірген мұғалімдер мен оқушыларды ерекше қарсы алумен басталды. Оқушыларды осындай ерекше көңіл-күймен қарсы алу, олардың ағылшын тіліне деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын оятты. Мектепке кірген мұғалімдер мен оқушылар ағылшын елінің тәттілерінен дәм татып, әдемі тілектерін тыңдады.

Ағылшын тілі пәні бірлестігінің айлығының аясында "Ағылшын тілі пәнінде жазылым мен тыңдалым дағдыларын тиімді қолдану жолдары" тақырыбында іс-шара өтті. Жоғарғы сыныптар сахналық қойылым көрсету керек.

Р/с: 2
Пән мұғалімі:

Джапарова Регина Абдильдаевна

Уристенова Индира Кендебаевна

Сабақтардың тақырыптары: “My future profession” мамандыққа байланысты пікірталас
Сыныбы: 10-11 сыныптар
Кері байланыстар мен ұсыныстар: Ағылшын тілі айлығы аясында "My future profession" мамандыққа байланысты Таразға арнайы келген Солтүстік Американың тумасы мистер Бaмен кездесу өтті. Оқушылар өздерін толғандырып жүрген мамандыққа, тіл үйренуге қатысты сұрақтарын қойды. Осындай пікірталастың нәтижесі білім алушылардың тыңдалым мен айтылым дағдыларының дамуына әсер етті. Оқушылар ағылшын тілінің өкілімен сөйлесе отырып, тілге деген қызығушылықтары арта түсті.
Р/с: 3
Пән мұғалімі:

Асанбекова Атипа Төребайқызы

Алимкулова Жазира Султановна

Сабақтардың тақырыптары: “My hobby” эссе байқауы
Сыныбы: 9-10 сыныптар
Кері байланыстар мен ұсыныстар:

Ағылшын тілі апталығының өтуіне орай “My hobby” тақырыбында 9-10 сыныптар арасында эссе байқауы өтті. Байқауға қатсқан оқушылар жүлделі орындарға ие болды.

Бұл эсседен оқушылардың өз ойын жинақы мәтінмен жеткізе алу, терминдермен жұмыс жасауы қалыпсатпаған.

Р/с: 4
Пән мұғалімі:

Бахытқызы Назерке

Нұрымбет Әсел Орманқызы

Шекпенбай Анель

Сабақтардың тақырыптары: “Questions and answers” мектеп дәлізіндегі арнайы сұхбат
Сыныбы: 2-11 сыныптар
Кері байланыстар мен ұсыныстар:

Ағылшын тілі апталығының өтуіне орай “ Answers and Questions “ тақырыбында оқушылармен сұхбат жүргізіліп, қызықты сұрақтар қойылды. Оқушылар белсенді жауап беріп, өз ана тілімен қоса, өзге тілге деген қызығушылықтарының жоғары екенін көрсетті.

Оқушылардың мұндай сұхбаттарға дағдыланбағаны байқалды. Алдағы осындай іс-шараны жиі жүргізу керек.

Р/с: 5
Пән мұғалімі: Пән мұғалімдері
Сабақтардың тақырыптары: “In the world of Great Britain” көрме
Сыныбы: 2-11 сыныптар
Кері байланыстар мен ұсыныстар:

Ағылшын тілі пәні бірлестігінің айлығы барысында "In the world of Great Britain" тақырыбында көрме өткізілді. Оқушылар суреттер салып, ағылшын халқының көрікті жерлерін жасап, қолөнерлерімен көпшілікті тәнті етті.

Оқушылардың жұмыстарын қорғай алмады.

Р/с: 6
Пән мұғалімі:

Сатыбалдиева Тоғжан Сүйіндікқызы

Әділбек Фарида Әділбекқызы

Сабақтардың тақырыптары: “IQ game” жобасы
Сыныбы: Жас мамандар
Кері байланыстар мен ұсыныстар:

Ағылшын тілі айлығы аясында жас мамандармен “IQ games” жобасы өтілді. Қатысушылар берілген тапсырмаларға ағылшын тілінде нақты жауап беріп, жауаптарын дәлелдей білді. Ойын барысында жас мамандардың интеллектуалды және

логикалық ойлау қабілеті дамып, ағылшын тілін жетік меңгеруге деген талпынысын оятты.

Бұл жобадан жас мамандарға ағылшын тіліне қызығушылықтарының жоғары екендігі байқалды. Жоба жалғасын табу керек.

Р/с: 7
Пән мұғалімі:

Нурумбетова Алия Есенгалиевна

Айваз-оглы Динара Алиевна

Сабақтардың тақырыптары: «The star hour

Ұқсас жұмыстар
Кіріктірілген сабақтың негізгі құрылымы
Табиғатта қонақта. 1 сынып
Топ басшысы ның бағалауы
Өзін-өзі тану және физика пәндерінің біріктірілген инновациялық курсы
ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ
Қоршаған орта
Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту барысында оқушылардың танымдық қызметін белсендіру - оқытудың маңызды факторы
Дарынды және талантты балалар туралы презентация
Оқушылар шығармашылығын дамыту шарттары
Тарих философиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz