Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Аналар мерекесіне құттықтау айт

Тақырыбы: << Ана - өмірдің шуағы>>
Мақсаты: 1. 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту.
2. Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету.
3. Оқушы бойында ізгілік, инабатгылық,биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.
1-жүргізуші: Біз ғана емес қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған не бір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
2-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті аналар, ұстаздар! Қымбатты да сүйікті аналар, әжелер. Бүгін көктемнің алғашқы мерекесі 8 - наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыз. Бүгінгі мерекеге орай <<Ана - өмір шуағы>> атты тәрбие сағатымыз сіздердің құрметтеріңізге арналады.
Сынып іші: Ерасыл терең ойда, сынып ішінде ерсілі - қарсылы жүр. Сол кезде Айдос кіріп келіп:
Мансұр: - Ерасыл, неге көңілсіз жүрсің?
Ерасыл: - Е - е, мен келе жатқан 8 наурыз мерекесін қалай өткізсек екен деген ойдамын.
Мансұр: - Онда тұрған не бар? Тақпақ айтып, өлең айтып, би билеп, құттықтаймыз аналар мен қыздарды! Мен, міне мен ән айтамын, сен тақпақ айт......
Ерасыл:- Жо - о, жоқ! Жарамайды. Жыл сайын би билеп, тақпақ айта береміз бе? Биыл басқаша, өзгеше құттықтау керек!
Мансұр:- Сен қызықсың, тақпақ айтпай болмайды. Ана туралы ең әсем, ең жылы сөздер ақындардың өлеңдерінде. Балалар да дайындалып жүрген, оларды шақырып кімде қандай тақпақ бар екенін білейік.
Ерасыл: - Иә, бәріміз аналарымызды құттықтағымыз келеді.
Мансұр: - Тоқта, тоқта! Қазір, <<Ана>> туралы ән айтайық.
Хор: <<Ана>>
1-жүргізуші: Ана болашақтың демеушісі,ұлттың жебеушісі, сәбилердің бақыты.Олай болса ұл-қыздарыңыздың сіздердің құрметтеріңізге арнаған өлең-шумақтары мен өнерлерін тамашалаңыздар! Келесі кезекті 3 сынып оқушыларының аналарға арналған жыр шумақтарға береміз
1-оқушы: Дүниеде ең кемеңгер дананы,
Ана табады, аялайды бағады.
Сол үшінде құдіретіңе бас иіп,
Құрметтейік қасиетті - ананы
2-оқушы: Құтты болсын аналардың мейрамы!
Жарқыраңдар, жаз күніндей жайдары!
Мерекесі бұл көктемнің алғашқы,
Бақыт берсін әр көктемнің айлары!

3-оқушы: Мерейлі сәт мерекеге ұласып,
Сегізінші наурыз келді қыр асып.
Қыз - келіншек, нәзік жандар мейрамы -
Көктемімнің шапағатын тұр шашып.

4-оқушы: Құттықтаймыз аналарды, қыздарды,
Мерекеден шуақты бір із қалды.
Болсын әркез көтеріңкі көңілдер,
Нұрын шашсын мерекеге өңірлер!

5-оқушы: Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.
Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
Кең құшағың - аясындай гүл бақтың.

6-оқушы: Еркелесем, күлімдейтін,
Ұрысқаны білінбейтін.
Маңдайымнан иіскеп менің,
<<Құлыншағым, күнім!>> - дейтін.
Әлемдегі ақылды адам,
Бәрінен сол жақын маған!

7-оқушы: Әлпештеген аялаған
Ақ сүт берген апатайым
Сәлем жазып бүгін саған
Мейрамыңмен құттықтаймын

8-оқушы: Анам менің ең қымбат жан аяулы
Журегі жұмсақ алақаны аялы.
Нағыз ана баласының қамы үшін
Бар өмірін өнегесін арнайды
Әрқашанда анам бар деп мақтанамын
9-оқушы: Анам менің ақ жүрегім киелім
Қадіріңе қасиетіңе бас иемін.
Ана сөзі шексіз қымбат мен үшін
Ана ғана қуанады сен үшін
10-оқушы: Жарқын жүзді жан анам
Сендей болсын бар адам
Сендей болса бар адам
Шаттық кетпес баладан
Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған,
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ анам!
2-жүргізуші: Ару-ана өмірдің асылдары,
Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.
Сіздер үшін ән мен жыр шырқалуда,
Сіздер үшін мереке шашулары-деп алдарыңызда әсем әнді қабыл алыңыздар
Ән: <<Анашым>>
1-жүргізуші: Балалар, мерекеге орай сендерге аналарымыз жайлы сұрақтар дайындап қойдық. Ол үшін ортаға жиналайық.
<<Додоекадр>> әдісімен балалар сұрақтарға жауап береді.
1. Әлемдегі ең аяулы жан, ол кім?
2. Сенің анаңның есімі кім?
3. Анаң сені қалай еркелетеді?
4. Әжең саған қандай ертегілер айтып береді?
5. Әжең саған қандай ақыл айтады?
6. Мектептегі ең сүйікті ұстазың кім?
7. Болашақта ұстазың секілді болғың келеді ме?
8. Анаңның саған дайындайтын ең дәмді тағамы қандай?
9. Анаң саған жиі сыйлық жасайды ма?
10. Сыныптағы ең әдемі қыз?
11. Анаңа жақсы көретініңді жиі айтасың ба?
12. Аналар мерекесіне құттықтау айт.
2-жүргізуші: Ана- жанымыздың бір бөлшегі.Қиналғанда, қуанғанда есімізге ең алдымен абзал ана түседі.Анадан туған ақындар ең асыл сөздерді анаға арнаған! Ендеше, келесі кезекті оқушыларымыздың аналар мерекесіне арнаған құттықтау тілектеріне берейік.
Ән: <<Ләйлім>>. Орындайтын Алина
1-жүргізуші: Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек,
Тұрғандай өзі, қимылсыз билеп,
Иықтан шашып, төгіліп жерге,
Күмісті шашбау, жарасып белге-деп келесі кезекте би
Би: <<Құдаша>>

2-жүргізуші: Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту-арманым.
Барша ана, құтты болсын мерекеңіз
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.

1-жүргізуші: Осымен 8 наурыз мерекесіне арналған <<Ана - өмірдің шуағы>> атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет.

Ұқсас жұмыстар
2014-2015 оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиыны
Аялаған анашым, Мәпелеген анашым
Мемлекеттік мекеме Құрық гимназиясының 5 жылдық мерекесіне арналған сазды бағдарламасы
Мұғалімдер күні
Менің ұстазым
Кештің көрнекілігі
Отбасы шеруі мерекесі
Соңғы қонырау сценарийі
Әлемнің жарығын сыйладың сен маған
1 қыркүйек салтанатты жиын сценарийі
Пәндер