Ертегілер еліне саяхат: 5-сынып оқушылары арасындағы ертегі көріністер сайысының бағдарламасы мен сценарийі

ЕРТЕГІЛЕР ЕЛІНЕ САЯХАТ

Мақсаты:

  • Оқушылардың ертегілер жайлы түсініктерін кеңейту, кітапты көп оқуға шақыру;
  • Оқушыларға жаман мен жақсыны ажырата алатындай тағылымды тәрбие беру;

Міндеттері:

  • Оқушыларды мектептегі тәрбиелік іс-шараларға қатыстыру;
  • Оқушыларды ұжымдық шығармашылық қасиеттерге баулу;
  • Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру;

1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі біздің

5-сыныптар арасында ұйымдастырылып отырған «Ертегілер еліне саяхат» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: Ертегі деген не? Әр халықтың өзінің ертегілері бар және олардың кіріспе сөздері де әртүрлі басталады. Мысалы: орыс халқының ертегілерінде «Жыли-были» деп басталса, қазақ халқының ертегілерінде айтылғандай, «Бар екен де, жоқ екен, Аш екен де, тоқ екен, бұрынғы өткен заманда» немесе «Ерте, ерте, ерте екен, ешкі жүні бөрте екен, қырғауылы қызыл екен, құйрық жүні ұзын екен» , - деп, біз де ертегі әлеміне кірейік, ертегіні тамашалайық, жеңіске жетейік.

1-жүргізуші: Иа, дұрыс айтасың. Ертегіні оқымай өскен бала жоқ шығар. Біз ертегіні оқығанда, сол ертегі кейіпкерлерінен өзімізге жақсы жағын қабылдап, соларға ұқсап батыл да батыр болғымыз келіп кетеді. Зұлымдықты көргенде, жиренесің. Соңында, әрине, жақсылық - жамандықты жеңіп шығады.

2-жүргізуші:

Кім жеңеді, жеңіс те, үміт алда,

Қобалжу бар, жүректе күдік бар да,

Әділқазы алқасы бағаңды бер,

Жүйріктерге арман мен бақыт жолда! -дей келе, сайыскерлерімізді әділ бағалайтын әділқазы алқаларымен таныс болыңыздар!

1.

2.

3.

1-жүргізуші: Құрметті әділқазы мүшелері мен оқушылар! Бүгінгі «Ертегілер еліне саяхат» сайысымызда әр сынып өздері ұнатқан ертегіден көрініс сахналайды.

Шарты:

  1. Ертегіні көрсету. Актёрлік шеберліктері. 10 минут
  2. Кейіпкерлердің костюмдері
  3. Сахналық мәдениеттері мен сөйлеу өнерлері бағаланады

Сайысымыздың ең жоғарғы ұпайы - 5

Сонымен сайысымыздың шарттары түсінікті болса, іс-шарамызды одан ары жалғастырайық

1-жүргізуші: 4-сынып оқушыларының орындауында «Ертегі» әнін қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші:

Жарыста озып шығар жүйріктері

Әрқайсысы бақтарынан көрер енді,

Қанеки, өрендерім, сайысқа шық,

Таң қалдыр, өнеріңмен көрерменді.

- Кезекті сайысқа қатысушы оқушыларымызға береміз.

1. 5 «А» сыныбы.

2. 5 «Ә» сыныбы.

3. 5 «Б» сыныбы.

4. 5 «В» сыныбы.

5. 5 «Г» сыныбы.

6. 5 «Ғ» сыныбы.

7. 5 «Д» сыныбы.

8. 5 «Е» сыныбы.

9. 5 «Ж» сыныбы

10. 5 «З» сыныбы.

11. 5 «И» сыныбы.

1- жүргізуші: Оқушылар өздерінің оқыған ертегілерінен үзінді көрсетті, өте тамаша! Ертегі әлемінде жүргендей болдық. Рахмет сіздерге!

2-жүргізуші: Әділқазы алқалары өз шешімдерін шығарып болғанша, кезекті әнге береміз.

1-ән.

2-ән.

3-ән.

1-жүргізуші: Сөз кезегін әділқазы алқалары сіздерге береміз.

Оқушыларды марапаттау.

2-жүргізуші: Міне, біздің «Ертегілер еліне саяхат» атты сайысымыз өз мәресіне келіп жетті. Қатысқан барлық сынып оқушыларына өз алғысымызды білдіреміз.

БІРГЕ: Келесі «Ертегілер әлемінде» кездескенше хош сау болыңыздар!


Ұқсас жұмыстар
Ертегілер еліне саяхат: мектепалды даярлықтағы ашық сабақ
Бастауыш сыныпта Ертегілер еліне саяхат тақырыбындағы оқу-тәрбие сабақ жоспары
8-сынып оқушылары арасындағы Математика әлемі пәндік сайысының сценарийі
Ертегілер еліне саяхат: ауыз әдебиеті арқылы тіл мен ойлауды дамытуға арналған бастауыш сынып сабақ жоспары
2-сынып оқушылары арасындағы Күш - білімде білім сайысының сценарийі мен ұйымдастыру жоспары
Ертегілер еліне саяхат: Мақта қыз бен мысық ертегісін қолдана ұйымдастырылатын оқу-тәрбиелік сабақ
Химиялық ертегі: KVN сайысының сценарийі мен тапсырмалары
8-сынып оқушылары арасындағы Ақ Ару мен Ер Сұлтан жұптық сайысының сценарийі және өткізу жоспары
Кіріктірілген сабақ: Ертегілер еліне саяхат - балалардың түлкі туралы дүниетанымын тіл дамыту, көркем әдебиет, бейнелеу және музыка арқылы кеңейту
4-сынып оқушылары арасындағы Ана көрген тон пішер салт-дәстүрлер сайысының бағдарламасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz