Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Күнделік сабақ жоспары

КМ 3- ОН 3.5. Дене тәрбиесінің білім негіздерін қалыптастыру, дене тәрбиесін оқыту
әдістемесін қолдану
13.04.2023 ж
Тобы: БК-215
Сабақ тақырыбы: Мұғалімнің сабаққа дайындығы. Дене тәрбиесі сабағының тығыздығы. Дене тәрбиесі сабағын талдау, сабақта жіберілетін қателіктерді түзету

Оқу жұмысының табысты болуы мұғалімнің күнделікті сабақ жоспарына тікелей байланысты. Күнделікті сабақ жоспарлау кезінде мұғалімге көп еңбектенуге тура келеді, әрбір жеке сабақтың сол сыныптағы жалпы сабақтар жүйесіндегі білімін анықтап, басқа пәндермен байланысын ашады. Күнделікті сабақ жоспары тақырыптық жоспар негізінде жасалады. Тақырыптық жоспар пәндік бағдарлама талаптарына сәйкес түзіледі.
Күнделікті сабаққа даярланудың алғашқы сатысы сабақтың мақсатын анықтаудан басталады. Сабақтың мақсаты деп- сол сабақта оқытып-үйретуге және дамытуға байланысты мәселелердің шешілуін айтамыз.
Сабақта өтілетін материалдардың мазмұны мен мақсаты, оқушылардың дайындық дәрежесі, олардың жас ерекшеліктері, мұғалімнің іс-тәжірибесі, оқытудың әдістері мен құралдарын анықтайды.
Берілетін білімнің көлемін анықтаған кезде, қандай материал оқушыларға дайын күйінде берілетінін, қайсысы оқушылардың өздігінен орындауына тапсырылатынын анықтаған жөн.
Мұғалімнің сабаққа дайындалуына ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді оқып, зерттеу көп пайдасын тигізеді. Сондықтан әр мұғалімнің жеке кітапханасы болғаны абзал. Қажетті әдебиеттерді студенттік шақтан бастап жинағаны орынды.
Өзінің сабаққа дайындалуын жеңілдету үшін, мұғалім ұдайы пәнді, оны оқыту әдістемесінен, баспасөз бетінде жарияланған қажетті материалдарды жинап, арнайы картотека жасағаны абзал.
Сонымен бірге мұғалімнің қолында дидактикалық және әдістемелік материалдар болғаны дұрыс. Бұлар қажетті мөлшерде дайындалған бақылау жұмысының нұсқаларын, оқушылардың жеке ерекшеліктеріне сәйкес әр сыныпқа арналған және әрбір тақырып бойынша дайындалған карточкалар жинағын, өздігінен жұмыс істеуге және білімді материалдарды, зертханалық және сарамандық жұмыстардың нұсқауларын, техникалық құралдарды пайдалануға арналған материалдар жиынтығын, көрнекі құралдарды және материалдарды қамтиды.
Мұғалімнің жұмыс жоспарлары
Оқу үрдісінің нәтижесі, сабақтың жүйелілігі мен сапасы, бағдарламаның орындалу барысы, білімнің тереңдігі-бүкіл оқу-тәрбие жұмысын дұрыс жоспарлауға байланысты.
Оқу үрдісін жоспарлаудың негізгі құжаттары мектепке арналған жылдық оқу жоспары-онда жеке сыныптар бойынша пәннің апталық сағат саны және химия пәнінің бағдарламасы көрсетіледі. Мектеп химиясының бағдарламасында әрбір сыныптарда оқылатын білім негіздері тарауларға біріктіріліп, сағаттармен шектелген.
Оқу үрдісінің бағдарламасы бойынша жасалатын күнтізбелік жоспарлы мерзіміне қарай жылдық, жарты жылдық және тоқсандық етіп құруға болады. Бұлай жасаудың өзіндік артықшылығы мен кемшіліктері бар. Күнтізбелік жоспарды мектеп басшысының талабына сай әр түрлі бөліктерге бөліп жасайды. Жоспарда тараулар тақырыптарға бөлінеді, ондағы зертханалық-сарамандық жұмыстарға, тәжірибе есептеріне, өзіндік жұмысқа, бақылау жұмысына, тарауды қайталауға сағаттар бөлінеді.
Бағдарлама бойынша әрбір сыныпта өтілетін тараулардың мақсаттары мен міндеттерін, өтілу мерзімдерін жете бақылауүшін, мұғалім күнтізбелік жоспарды үш түрлі: топтамалық, графиктік және тақырыптық нұсқада жасай алады. Күнтізбелік жоспар мұғалімнің қолындағы бағыт сілтеуші тұсбағдар іспеттес, мұғалім өзінің ыңғайына қарай осы нұсқалардың бәрін де жасауына болады. Пән бағдарламасына сәйкес, мұғалім әрбір сыныптағы химияға бөлінген тараулардың сағаттарының қай уақытта басталып, қай уақытта аяқталғанын алдын ала біліп отыратын топтамалық, графиктік жоспарлау өте тиімді.
Күнделік сабақ жоспары
Сабақтың күнделікті жоспарын мұғалімнің іс-әрекетіне бағыт сілтеуші шығармашылық ақыл-ойының зертханасы, педагогикалық шеберлігінің шығармашылығы деуге болады. Сабақ жоспарында негізінен мынадай үш мәселеге назар аударылады:
өткен сабақта үйге берілген тапсырмаға байланысты сыныпта орындалатын тексеру жұмыстарының сұрақтары, өзіндік жұмыстары;
жаңа материалды түсіндіруге, бекітуге, жаттықтыруға, өзіндік жұмыстарды орындауға байланысты жұмыстар;
Сыныпқа және жеке оқушыларға берілетін үй тапсырмаларын анықтау; Сыныпқа берілетін тапсырманы мұғалім үйден дайындап келеді де жеке оқушыларға берілетін тапсырмалар сабақ өту барысында белгілі болады.
Күнделік сабақ жоспары әр түрлі үлгіде жазылады, барлық сабаққа ортақ үлгі әзірге жоқ. Өйткені сабақ кезеңдері сабақ типтеріне байланысты өзгеріп отырады. Дегенмен, жас педогогтер мен үйренуші студенттерге аралас типті сабақтың үлгісін пайдалну әлдеқайда қолайлы.
Мұғалімнің күнделікті сабағын талдау
Мұғалім өзінің немесе әріптесінің сабақ берудегі әдістемесіне бақылау жасап, оның жұмысына пікір айту үшін сабақты талдай білуі керек.
Сабақты өтілу барысы бойынша талдауда мына мәселелерге көңіл аударылады:
Сабақта кіріспе бөлімі қалай жүзеге асты? Онда сыныптың сабаққа дайындығы қандай, оқушылар формасын,жаттығу құралын тексеру.
Үй тапсырмасын сұрау кезінде мынандай мәселелерге көңіл бөлінеді. Бүкіл сыныпты жұмыс істеуге қатыстыруды, қойылған сұрақтардың анықтығы, сұрау тәсілдері мен дағдыларды пайдалана білу, оқушылар жауабына қойылған бағалардың дұрыстығын талдау, жаңа материалдарды меңгеруге сай сұрақтардың сәйкестігі.
Жаңа материалдарды түсіндірудің өткен материалдармен байланысы, жаңа материалдарды түсіндірудің әдістемелік тәсілдері, материалдың мазмұнына, мақсатына сәйкестілігі. Көрнекіліктерді пайдалануы, орындалуы, жаңа материалды түсіндірудің өмірмен, күнделікті тұрмыспен байланысы. Сабақтағы тәрбиелік мақсаттар, оқушылардың жаттығу жасау жолдарын меңгеруі, оқушылардың белсенділігі.
Үй тапсырмасын талдауда мына мәселелер ескеріледі. Үй тапсырмасының көлемі, түсініктілігі,сарамандық жұмыстардың мөлшері, сыныптан тыс оқулардың мәні, тапсырмалар, оларды орындау жөнінде нұсқаулар.
Мұғалімнің сабаққа дайындығы, әдістемелік шеберлігі, мәдениеті, ұқыптылығы, сөйлеу мәнері, педагогикалық әдебі.
Сабақ жоспарының орындалуы. Таңдаған әдістемелік тәсілдерінің дұрыстығы.
Сабақты бұдан да жақсартуға ұсыныстар, қорытындылар, тілектер. Сабақты талдауда басты назар аударатын негізгі мәселелер сабақтың мазмұны мен тәрбиелік, білімдік мәселелердің жүзеге асуы.
Сонымен, мұғалімнің сабаққа дайындығы дегеніміз - тек оқу материалының тиянақты талдауы, оны оқып білу кезеңдеріне сәйкес құрастыруы ғана емес, сонымен қатар оқушылардың осы материалмен жұмысы кезінде пайда болуы мүмкін сұрақтары, жауаптары, пайымдаулары - оны қабылдауы, түсінуі, т.б.
Сабақтың осындай алдын ала талдамасы неғұрлым тиянақты жасалса, сабақ өткізу барысында кездейсоқ жағдайларға тап болу мүмкіндігі біртұтас педагогикалық процесте соғұрлым аз болады. Осындай мұқият талдаудан кейін және сабақтың құрылысын тиянақты ойластырғаннан кейін мұғалім сабақтың жоспарын жасайды.
Сабақтың конспектісі, әсіресе жас мұғалімдер үшін, толық және жан-жақты жасалады. Мұндай конспект мұғалімге тек бір сыныптағы ғана емес, сонымен бірге барлық параллель сыныптардағы жұмысы кезінде де қажет болады.
Мұғалімнің шеберлігі, біріншіден, сабаққа дайындығы мен жаңашыл әріптестерінің тәжірибесін пайдалана алуымен тікелей байланысты. Ол үнемі және мақсатты түрде өз білімін, өз тәжірибесін жұмыстың жаңа тәсілдерімен толықтырып отыруы керек.
Мұғалімнің сабаққа дайындалуы, педагогикалық еңбегін Ю.А.Львова нақты сипаттап көрсеткен. Ол мұғалімнің сабаққа дайындалуына көмектесетін, педагогтың шығармашылық жұмысын ұйымдастыратын ұтымды ұсыныстар жасады:
1. Бағдарламаның осы сабаққа қатысты бөлімін ұғына оқы.
2. Осы бөлімнің материалдарын, тақырыптарын, сұрақтарын оқып біл.
3. Осы сабақта неге жетуім қажет деген сұраққа жауап бере отырып, сабақ мақсатын жаз.
4. Осы топтық ұжымды көз алдына елестетіп, жеке оқушыларды еске ал. Олардың психологиясын ойша еске түсіріп, педагогикалық түрлену өнерін қолдана отырып, олардың алға қойған мақсатқа жету жолдарын белгілеуге тырыс.
5. Осы материалға және осы оқушыларға тиімді әдістемелік тәсілді таңдап ал.
6. Таңдалған әдісті өз мүмкіншілігіңмен салыстыр, сабақтағы өз іс-әрекетіңді ойша салмақта.
7. Сабақ құрылымын ойластырып, <<тапқаныңның>> барлығын жоспар-конспектіге жаз.
8. Көрнекі және оқу құралдарын дайында, тексеріп, реттеп, әзірлеп қоюды ұмытпа, приборлар мен жабдықтарды, есептеу техникаларының дұрыстығын жұмыс үстінде тексер. Көрнекі құралдарды көрсету тәртібін ойластыр.
9. Қойылған мақсатқа жетуге көмектесетін көрнекіліктерді көзбен шолу құралдарын ғана қолдану қажет. Егер олар көп болса, оқушылардың назары соған ауады.
10. Жоспардың негізгі тұстарын қайтала (оқу материалының).
11. Өзіңнен сұра:
- Сен сабаққа дайынсың ба?
Бұл ұсыныстардағы педагогикалық іс-әрекеттер тиімді, өйткені осылардан сабақ туындайды, сабақты ойластырудың үлкен шығармашылық еңбек екендігі айқындалады. Осыған сабақтың тиімділігі мен нәтижелілігі байланысты.

Әдебиеттер,сілтемелер :
1. Т.Ә.Ботағариев, С.С.Кубиева. Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесінің теориялық негіздері. - Орал, 2010. -232 б.
2. З.Есмағамбетов. Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі. - Қарағанды, 2005. - 192 б.
3. А.Тайжанов, А.Қарақов. Дене тәрбиесі. - Алматы, 2009. -189 б.
4. Е.Уаңбаев. Дене тәрбиесінің негіздері. - Алматы: <<Санат>>, 2000. -72 б
5. А. Ж. Сисенбердиева С Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі: Оқулық. Алматы: 2011
6.kitaphana.kz>236-pedagogika>3...
7.www. tarbie.kz >...

Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі сабағында
Кімдерді өздеріңе ұстаз санайсыңдар
Сөздерді сипаттау
Шартты операторы таңдау операторы
Тәрбие жұмыс жоспары
Қазақстанның өсімдік шаруашылығы
Мәтіндегі сөйлем
Үлкендердің өзіңе айтатын ақылдарын жаз
Жас маманмен жұмыс жоспары
Күнделік сөзіне топтастыру
Пәндер