Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Тәрбие сабағы

<<Нысанбек жалпы білім беретін мектеп>>
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Тәрбие сабағы
Тақырыбы:

Ұйымдастырушы педагог - Айжан Олжатаева
ТУҒАН ЖЕРІМ - АТАМЕКЕН

<<Туған жерім - Атамекен>> 45 минут
Амандасу (Әнұран орында)
Құрметті оқушылар және қатысушы көрермендер. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын өзіміз тапсырмалар арқылы атын тауып алайық. Мен сіздерді топқа бөліп орналастырдым. Екіншіден пойыз және вагон атаулары ілініп тұр. Үшіншіден Қазақстан Республикасының физикалық картасы тақтада тұр.
<<Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас>>
(Сын тұрғысынан ойлау) 8 мин
Сабағымыздың тақырыбы не болмақ?
Сенсіз маған мына дүние тар шығар,
Әркімнің-ақ Туған Жері бар шығар?!
Самал желің,жусаның мен бұлағың,
Әр кез менің сағынышым боп тұрар-деп
А.Қоразбаев жырлағандай,меніңде-сіздің де Туған Жеріміз бар екені ақиқат!
Қандай жаныма ыстық,неткен керемет едің,Туған жер. Ендеше бүгінгі сабағымызды бастайық.

Мақсаты: Оқушылардың бойына ұлтжандылықты, отансүйгіштік қасиеттерді шыңдай отырып.Атамекеніміз отанымыздың барлық құндылықтар дәріптей отырып, ұрпақ бойынан сан ғасырлық тарихымыздың тәрбиесін түсіндіріп, оқушы бойынан рухани жан дүниесін шыңдау. Отанға деген сүйіспеншілікті ояту, ұлтжандылық қасиетке қызығушылығын туындату. 3 мин
Тәрбие сабағының түрі: Кіріктірме тәрбие сабақ
Әдісі: Талдау, баяндау, суреттеу, саяхаттау,мадақтау, сын тұрғысынан ойлау,сайысу,топпен жұмыс.
Көрнекілік құралдар: Әнұран, ту,елтаңба, интерактивті тақта, суреттер,пойыз,вагон, карта,слайд ,ән.
Пән аралық байланысы: Тарих, әдебиет, география
Сабақ барыс:
А) Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, ән ұран айту, сабақ тақырыбын таныстыру.
Ә) Топтық жұмыс: Сыныпты вагондарға бөлу. Тапсырмалар арқылы Қазақстанның түпкір-түпкіріне саяхат.
Әр өңірдің ұранын құрастыру.
(Хормен топ болып) 3 мин
Топтардың ұрандары. (Топтық жұмыс)
Солтүстік Қазақстан тобының ұраны: І вагон
Қойнауы толған тарихқа Қыпшақтың байтақ даласы
Қамбасы толған астыққа Солтүстік өңір қаласы.
Қоршаған әсем табиғат орманы толған аң-құсқа
Ерліктің туын жықпаған қазақтың жұрты бұлтұста.

Батыс Қазақстан тобының ұраны: ІІ вагон
<<Еділдің бойын ен тоғай,
Каспийдің қойны көп мұнай.
Атырау, Ақтау, Оралым.
Батысым менің осындай
Оңтүстік Қазақстан тобының ұраны: ІІІ вагон
<<Қызылордам күрішім,
Түркістаным тұңғышым,
Тарихы тұнық Таразым,
ежелден бесік қазығым>>
Шығыс Қазақстан тобының ұраны: ІҮ вагон
<<Алтай мен Ертіс ұлысым,
Абаймен Мұхтар тынысым.
Балхашым тұнған балыққа
.Шырайлы менің шығысым
Орталық Қазақстан тобының ұраны: Ү вагон
<<Орталығы елімнің, дүрсілдеген жүрегі
Айналды алып шахар Астана деген түлегі.
Көкшенің бойы хан орда биіктен самғап тұреді
Арқаның бойы қазаққа Елорда болды тірегі>>

Атамекеніне сипаттама беру. 10 мин (Саяхаттау)
Жер-су аттарына атаулары
Өзен-көлдер атауы. (Ертіс, Есіл,Нұра, Тобыл, Торғай, Жыланшық, Еділ, Жайық, Ойыл, Сырдария, Іле, Арыс, Шу.) көлдер. (Зайсан, Маркакөл, Теңіз, Балхаш, Ұзын көл, Арал)
Көрікті жерлерін суреттеу. 10 мин
(Бурабай, Алатау, Қарқаралы, Үстірт, Наурызым, Сарыағаш, Алатау, Алтай,)
Б) фото коллаж жасау. Әр өңірде туған қоғам қайраткерлері, батырлар, ақындар ,ірі тұлғалар бар міне сол кісілердің суреттерінен коллаж жасау.
Қоғам қайраткерлерінің туған өңірлері жайлы . 7 мин
Суреттерді тауып өз плакаттарына жабыстыру. Баяндау
В) Мадақтау кезеңі: 5 мин (Баяндау)
Әр өңірдің қоғам қайраткерлері, батырлары, ақындар, данышпандары жайлы мадақтап. Шығармаларынан үзінді оқу.
Абайдың өлеңі:
Ыбырайдың өлеңі:
Махамбеттің өлеңі:
Жамбылдың өлеңі:
Сакеннің өлеңі:
Г) Қорытынды: 7 мин
Құрметті оқушылар биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толады. Еліміздің түпкір-түпкірінен елордамызда жүрсек туған жердің орны әрдайым ерекше. Топырағы тартып, жусан иісі аңқып, желі аймалап сүйіп, өзен-көлі құшақтайтын, Тау - тасы түсімізге еніп, күні күлімдеген туған жер. Менің өзінен нәр алам. Ұлы Отаным өзіңменен мақтанам-дейі отырып мен сіздерді құттықтаймын
Осымен сабағымызды аяқтайық. Назарларыңызға рахмет

Ұқсас жұмыстар
Оқушының шығармашылық әрекеті және соған сәйкес қалыптасатын қабілеті
Бастауыш сыныптарда технология сабағын оқыту әдістері
Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды сабақта қолдану әдіснамасы
Өткен оқу жылындағы тәрбие жұмыстарының қорытынды нәтижесіне талдау жасау
Озат педагогикалық тәжірибе мен инновация
Заманауи сабаққа қойылатын талаптар
Күнделікті сабақ жоспары
Колледж тынысы
Сурет сала білесің бе?
Абайды оқы-таңырқа жайлы ақпарат
Пәндер