Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Дұрыс балам
«Ақайдар жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ұйымдастырушы педагог – Қанат А.Қ.
Әкенің жолы-ізгілік істері
(«Ата толғауы» күйі жаймен ойнап тұрады).
Мақсаты: бүгінгі ұйымдастырылып отырған тәрбие сағаты қарттарды
құрметтеуге арналған.
І жүргізуші: Көп жасаған қария
Ақылы теңіз- дария.
Көп өнеге сөзі бар
Сөзі- соқпақ, өзі нәр.
ІІ жүргізуші: Ата салты- ардақты,
Әрбір сөзі -салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң
Тістерсің бір күн бармақты.
1-оқушы:
-Арман деген не?-депті жігіт.
-Арман дегеніміз ақыл ойдың шындығы. Құс ұшсам дейді, бала-
өссем дейді, қыз-көрікті болсам дейді, жігіт-бақытты болсам дейді,
қарт-жүзге жетсем дейді, ұстаз-шәкіртіне үлгі болсам дейді.
Арманына адаспаған жетеді, ақымақ бұл өмірден түніліп өтеді,-
депті қарт.
2-оқушы:
-Бақытты болу оңай ма?-депті қарт.
-Ата, жары жақсы болса, бақыт жанында-депті жігіт.
-Жоқ балам, ақыл басында болса, бақыт жанында болады. Ақыл
адамды азаптан да мазақтан да құтқарады. Өмірде шын бақытты боламын
десең, ақылдылықты үйрен, не ақылды қызға үйлен,-депті қария.
3- оқушы:
-Дос табу оңай ма?-депті қарт.
-Ата, дос табу ақылдыға оңай, ақымаққа қиын.
-Жоқ балам, өмірде дос табу ақылдыға қиын, ақымаққа оңай.
Ақылдының досы аз, қасы көп, ақымақтың досы көп болғанымен жақсылығы
жоқ. Жақсылығы жоқ достың қастығы аяқ астында жатады. Есінде болсын,
досың ақылды болса, өзің дана боласың, досың бала болса, өзің шала
боласың,-депті қарт.
4-оқушы:
-Өмірде не жетім-депті қарт.
-Ата-анасы жоқ бала жетім,-депті жігіт.
-Дұрыс балам. Өмірде ата-анасы жоқ болса, бала тірі жетім.
Өмірде тоғыз жетім бар. Халқыңа сенімсіз болса-хан жетім, кеңесшісі
ақылсыз болса-әкім жетім, суы жоқ құдық жетім, ұлы жоқ әке жетім,
қызы жетесіз болса ана жетім, досы жоқ болса жігіт жетім, шәкіртсіз
ұстаз жетім.
Өмірде жетім болсаң есірме. Ақылды жетім кеңесуге құмар;
ақылсыз жетім егесуге құмар. Егескен ер болмайды.
5-оқушы: -Үйде кім, елде кім қадірлі?
-Ата, үйде ана, елде бастық қадірлі-депті жігіт.
-Жоқ, балам, үйде қонақ, қарт, бала қадірлі. Елде хан, әкім,
ұстаз қадірлі. Қонақты қадірлеуді бәрі біледі. Бала үйдің патшасы,
балалы үй базар, баласыз үй қу мазар,-депті қарт.
6-оқушы:
-Жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?
-Ата, жоқты бар, ашты тоқ ететін мейірімді әке –депті жігіт.
-Жоқ, балам, әке қанша мейірімді болса да, ананың жөні бөлек.
Жоқты бар, ашты тоқ ететін ол-ана. Анасыз бала ұйықтамайды, қатықсыз
айран ұйымайды.
Ана-үйдегі бақ, әке отыратын тақ. Ана ақылды болса үйдің
қуанышы, әкенің жұбанышы-депті қарт.
7-оқушы:
-Елді кім, үйді кім бүлдіреді?-депті қарт.
-Ата, елді өсекші бүлдіреді, ақылсыз бала бүлдіреді-депті
жігіт.
-Әкім ақылсыз болса-ел тозады, өсек әкімді өсірмейді. Өсекті
тыңдау-әкімге жараспайды, өсиет тыңдау тақтағы ханға жараспайды,-
депті қарт.
8-оқушы:
-Үйдегі алтын қазық кім?-депті қарт.
-Ата, үйдегі алтын қазық бала,-депті жігіт.
-Жоқ, балам, түйдегі алтын қазық-ана. Ана ақылды болса, бала
дана болады. Ана тәрбиесі қызға үлгі, әке тәрбиесі ұлға үлгі. Ана
ақылшың, әке қамқоршың, ағаң қорғаушың, інің сүйенішің, қарындасын
қанатын екенін ұмытпа. Ананы сыйламағаның ақылы кем, әке
сыйламағанның жақыны кем. Ананың мейірімі көзіңде, ықыласы көңілінде,
ақылы сөзіңде,-депті қарт.
9-оқушы:
-Өмір сүру үшін не қажет-депті қарт.
-Ата өмір сүру үшін алтын, ақша, нан, мал қажет –депті жігіт.
-Жоқ, балам, адамның өмір сүруі үшін су, от, тұз, қыз, ақыл
қажет. Су тіршіліктің нәрін береді, от өмірдің сәнін береді, тұз
астың дәмін келтіреді, қыз көңілдің сәнін келтіреді, ақыл өмірдің
мәнін береді. Адам ақылмен ағайыңды табады, ақылсыз адам ағайыннан
безеді,-депті қарт.
10-оқушы:
-Достықты нығайтатын не?-депті қарт.
-Ата, достық пен жолдастықты ынтымақ, бірлік, теңдік, туыстық,
бауырмалдылық нығайтады.
-Дұрыс, балам сенің айтқаның достық пен жолдастықты нығайтады.
Есінде болсын, шын достың ақылдыға тән екенін ұмытпа. Өмірде дос
болуды ойласаң «Сәлеметсізбе, кешірініз, рахмет, сау болыңыз, сәлем
айтыңыз, рұхсатпа» дегенді үйрен. Сәлемдесуді білген кешіре де
біледі, кешіре білген рақмет те айта біледі. Жөн сөз-көңілді өсіреді,
жөнсіз сөз өміріңді өшіреді-депті қарт.
І бастаушы:-Міңе балалар, көрдіңдер ме, дос табу үшін, елде
кімнің қадірлі екенің, өмір сүру үшін не қажет екенін, шындықты
бұзатын, достықты нығайтатын не екенімен таныстық және осыдан ғибрат
аларлық сөздерді есте сақтау керектігін ұмытпаңдар.
ІІ бастаушы: Енді «Ескірмейтін есті сөз» айдары бойынша дәріс
өткізіледі.
Бұл бөлімге дайындалу балалардың өздеріне тапсырылған.
Күнделікті өмірде ата-әжелерің, ата-аналарынның айтып отыратын ырым
мен тыйым сөздер жарысын өткіземіз. Кім көп біледі екен.
1-оқушы: Отқа су құйма, түкірме. Себебі кезінде ата-аналарымыз
отқа табынған. От өмір, тіршілік көзі саналған.
2-оқушы: Мал сүйегін отқа жақпа, ақты төкпе. Себебі тірі малдың
сүйегі сырқырап, желіні іседі, малсыз қалып жоқшылыққа ұшырайды деген
ұғым бар.
3-оқушы: Күлді, тұзды баспа, шашпа аяғың ауырады
4-оқушы: Жағыңды, беліңді таянба, тізеңді құшақтама. Тек қаралы
адамдар ғана осылай отырады.
5-оқушы: Бас киімді лақтырма, теппе, басың ауырады.
6- оқушы: Итті теппе, итке су шашпа, ит те жеті қазынаның бірі.
7-оқушы: Есікті керме, табалдырықты баспа.
8-оқушы: Нанды шашпа, баспа, нан өмір нәрі.
9-оқушы: Түнде өзенге суға түспе, су алуға барма.
10-оқушы: Мойнына белбеу салма.
11-оқушы: Туысына ит, пышақ сыйлама, себебі араз болып қалуың
мүмкін.
12-оқушы: Адамға ажал шақыратын мына ырымдар:
Саусақты тарақтап, қолды көкірекке не желкеге қойып жатпайды.
Мойынға бос арқан салмайды. Қамшының өрімінен ұстап сабын жерге
сүйретпейді. Жуылған киімді далаға оң қаратып жаймайды.
13-оқушы: Сыпырғышты көкке көтеріп, баланы ұруға болмайды.
14-оқушы: Бос бесікті тербетпе, баланың басы ауырады.
15-оқушы: Киімді желбегей жамылма.
16-оқушы: Өлген адамға топырақ салған күректі табаныңмен баспа.
17-оқушы: Жыңғылмен ат қамшылама.
Міне, осындай ырымдар мен тыйымдарды есте сақтап, орындап
жүруіміз керек.
(Музыкалық үзіліс)
І бастаушы: Ендігі кезекте біз ненің жақсы, ненің жаман екенің,
қасиетті ұғымдармен танысуымыз керек. Бұл бөлімде сайыс түрінде өтеді
ІІ бастаушы: Жерден ауыр не бар
Судан терең не бар
Оттан ыстық не бар
Көктен биік не бар
Оқушы: Жерден ауыр дегенім ақыл,білім,
Судан терен дегенім оқу,ғылым.
Оттан ыстық дегенім адамның өмірі
Көктен биік дегенім тәккапардың көңілі.
І бастаушы: Алты алаш деген не
Оқушы: Алты алаш деген Алаш ханның балалары Қазақ, Қарақалпақ,
Қырғыз, Өзбек, Түркімен, Жайылхан.
ІІ бастаушы: Дүниеде не жетім
Оқушы: Жаңбыр жаумаса жер жетім.
Басшысы болмаса ел жетім.
Ұқпаса айтылған сөз жетім.
І бастаушы: Дүниеде не тәтті, не жұмсақ, не қатты
Оқушы: Ананың сүті тәтті. Ананың қолы жұмсақ. Әкенің жүрегі
қатты.
ІІ бастаушы: Дүниеде ең жақының кім
Оқушы: Тату болса ағайың жақын
Ақылшы болса апайың жақын.
Бауырмал болса інің жақын.
Инабатты болса келінің жақын.
Алдыңа тартқан адал асың.
Қимас жақын қарындасың.
І бастаушы: Дүниеде не қымбат
Оқушы: Алтын ұяң Отан қымбат,
Құт береке атаң қымбат.
Аймалайтын анаң қымбат
Мейірімді апаң қымбат.
Асқар тауың әкең қымбат.
Бәрінен де ұят пенен ар қымбат.
ІІ бастаушы: Дүниеде не қиын
Оқушы: Арадан шыққан жау қиын.
Таусылмайтын дау қиын.
Шанышқылаған сөз қиын,
Жазылмаған дерт қиын.
Іске аспаған серт қиын,
Ақылынан адасып,
Өзің түскен өрт қиын.
Не істерінді біле алмай,
Ашиды сонда бас миың.
І бастаушы: Міне, балалар, сендер тәлім тәрбие аларлықтай
«Атадан қалған асыл сөздер» өте көп екен. Сондықтан да үлкендердің әр
сөзіне зер салып, әр сөзінің астарына үңіле қарай білу керек.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz