Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Отбасы туралы мақалдар
<<Ақайдар жалпы білім беретін мектебі>>
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ұйымдастырушы педагог - Қанат А.Қ.
Мен және менің отбасым
Сабақтың тақырыбы: Мен және менің отбасым
Сабақтың мақсаты: а) Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру.
ә) Халқымыздың тәлім - тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, ата ақылымен берілетін білім, өзіндік ұлттық қасиетімізді балалардың бойына дарыту;
б) Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым - қатынасты қалыптастыру, сыпайы, инабатты болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: қанатты сөздер, оқушының шығармашылығынан тұратын көрме, отбасы туралы слайд, мультимедиа.
Барысы:
І Құрметті ұстаздар, ата - аналар!
<<Мен және менің отбасым>> атты тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер!
ІІ Отбасы - адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласын шыр етіп дүниеге келген күннен бастап сол ортаның ыстық - суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. Отбасы - адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы. Ұлтымызда <<ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің>> деген дана сөз бар. <<Балапан қыран болу үшін, оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болуы керек>> деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқталған. Әр отбасында ата - ананың орны бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке - шаңырақ иесі. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер - азаматқа жүктеледі. Әйел - отбасының ұйытқысы. Баланы өсіріп тәрбиелеу - әйел - ананың тікелей міндеті.
3. Ыстық қой әркімге де әке деген,
Суыққа шалындырмай мәпелеген.
Өмірдің соқпағымен өрге тартып,
<<Құлыным>> адам бол деп жетелеген.
Ана деген - өмірдің мөлдір кәусар бұлағы,
Ана деген - тіршіліктің шұғылалы шуағы.
Ана деген - теңдесі жоқ ұлылық,
Көз алдымда тұлғаң биік тұрады!
Әке деген - биік шыңы адамның,
Әке деген - тірегі ғой ғаламның.
Әке деген - бойында аққан қаның да,
Шыққан тегің, ол - негізің, жаныңда.
Не десеңде әке жолы бір бөлек,
Қайда жүрсең қолтығыңнан тұр демеп.
Әке білек, саусағы балалары,
Қан тамырмен жалғасқан аналары.
Ана тамыры бойымен беріледі.
Тіршіліктің жалғасқан ғажаптары.
8 - сынып қыздарының <<Қазақ биі>>
Сайыс бөлімдері:
<<Сөздің басы сәлемнен>>. Әр отбасы топтың атымен, топ мүшелерімен таныстырады.
<<Мақал - сөздің мәйегі>>. Әр топқа берілген тақырыптар бойынша мақал - мәтел құрастырады.
<<Салт - дәстүрім -қазынам>>. Салт - дәстүрден сұрақтар қойылады.
Ситуациялық жағдаяттар
Аталар айтқан асыл сөз.
<<Өнерлінің өрісі кең>>.
Біліміңді саралап,
Төрелігін айтатын,
Әділ баға беретін,
Әділқазы алқасын.
Көтерейік құрметпен.
<<Қос бәйтерек>> әнін орындаушылар: Аружан -Нұрзада
Сайыскер топтарға әділ төрелігін беретін әділқазылар алқасымен таныстырылады.
Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар!
<<Мен және менің отбасым>> атты сайысқа қош келдіңіздер!
Бөлімге кезек берейік. Әр отбасы өздерін таныстырады.
<<Тұз астың дәмін келтірсе, мақал сөздің сәнін келтіреді>> дегендей, келесі бөлім мақал - мәтелдер сайысы.
Отбасы туралы мақалдар.
Еңбек туралы мақалдар.
Адамгершілік туралы мақалдар.
Отан, туған жер туралы мақалдар
Төрт түлік туралы мақалдар.
Әр отбасы тақырып бойынша он мақалдан айтады.
Әз бабам азаттықты аңсап өткен,
Ел үшін талай саңлақ шейіт кеткен.
Солардың құдіретті ой - арманы
Таңы боп тәуелсіздік бізге жеткен.
Ал шәкірттер алды - артын аңдасын,
Шешілмеген сұрақтары қалмасын.
Танымдықпен, білгірлікпен
Жауаптары тыңдалсын.
Анаңның әкесі саған кім болады?
Отбасының тірегі кім?
Әкеңнің әкесі саған кім болады?
Ағадан кейін өмірге келген қыз баланы кім дейміз?
Анаңның анасы саған кім болады?
Отбасының ұйытқысы кім?
Әкеңнің анасы саған кім болады?
Қыз баладан кейін өмірге келген ұл баланы кім дейміз?
<<Ана,әке>> әнін орындаушылар: Аружан - Диана
Қазағымның салт - дәстүрі жаңғырған,
Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.
Салт - дәстүрді ардақтайық ағайын.
<<Сен үшін анам>> әнін орындаушылар: Аружан, Нұрзада, Нарқыз.
Ата - аналар келесі өнер көрсету бөліміне кезек берейік.
Екі нәрсе қадірлі тірі адамға,
Сол екеуі мәңгілік дос дер едім.
-Не дейсің ғой, айтайын:
-Бірі -Анаң да,
Бірі - Отаның, туған жер, өскен елің!
Осы екеуі - бақытың, үміт таңың
Осы екеуі - ашатын жігіт бағын.
Дүниеде бар нәрсе өзгермелі,
Осы екеуі - мәңгілік ұмытпа ұлым!
Осы екеуін әрқашанда пәк түсін де,
Осы екеуін арманым, ақ құсым де!
Өз арыңды лайлап алмау үшін,
Осы екеудің арына дақ түсірме!
Биіктер көп, бәрінен ғасыр биік,
Бермес саған ол бірақ жасын қиып
Қуансаң да, мұңайып қайғырсаң да
Осы екеуге тағзым ет, басыңды иіп.
Қорытынды: <<Ыстық ұя>>, яғни анасы баласына құшағын ашып жылы сөздер айтады.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz