Көңілді эстафета спорттық сайыс

Тақырыбы: «Көңілді эстафета» спорттық сайыс
Мақсаты: Ата - аналар мен мамандарға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. Ата - аналар мен мамандарға сұлу да сыбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің маңызын түсіндіру. Музыка тыңдау, билеу арқылы ішкі жан дүниесін сыртқа шығару. Ата - ана мен мамандар арасындағы бірлік пен татулық қасиеттерін одан ары нығайту.
Салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер : Музыкалық аппаратура, кедергілер, жалаушалар, финбол доптары, доптар, секіртпелер, шығыршықтар, шариктер, шарлар.
Барысы:
Жүргізуші:

Әр таңды бақытпенен атырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға
Үлгілі де өнегелі, жылдам да шапшаң
қатысушыларды шақырамыз.
1. Жұлдыздар тобы (Айгөлек тобы ата-аналары)
2. Шоқ қыздар тобы (Мамандардан құралған топ)

3. Тәуелсіз тобы (Балдырған тобы ата-аналары)

Құрметті ата - аналар және мамандар қауымы! Бүгінгі «Денсаулық - әлеуметтік байлықтың негізі» дегендей бүгінгі «Көңілді эстафета» ата-аналар мен мамандар сайысына қош келдіңіздер!

«Көңілді эстафета» сайысына қатысушылар сүйікті де белсенді ата - аналарымыз бен мамандар арасында өткізілгелі отыр. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс.

Жүргізуші:
Сайысты бастамас бұрын, біздің жетістіктерімізді бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер!
1.
2.

3.

Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады. Қатысушылардың биге деген ептілігі, жылдамдығы қадағаланады.
Жүргізуші: Спорт - денсаулық кепілі десек, «Көңілді эстафета» ата-аналар мен мамандар арасындағы сайыс салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Жүргізуші :
Ойнайық та, ойлайық!
Артта қалып қоймайық,
Белсенді болып ортада,
Уақытты текке жоймайық!

Бүгінгі спорттық сайыс 7 кезеңнен тұрады.
1. «Таныстыру. »
2. « Бой сергіту жаттығу»
3. «Лезгинка»

4. «Утята»

5. «Твисть»

6. «Ламбада»

7. «Тойдағы би»

Жүргізуші : Сайысқа арнайы 3 топ қатысады.
Жарыс заңы ежелден
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектену, жалықпау .

І-кезеңіміз: «Таныстыру»
Ал, енді «Таныстыру» кезеңін бастайық!
(топтың атауы, эмблемасы, ұраны)
Әр отбасы топтары өздерін таныстырып өтеді.
1. «Жұлдыздар» тобының ұраны Біз шымыр сергек денеміз, өнер сүйер өренбіз.
2. «Тәуелсіз» тобының ұраны Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін!

3. «Шоқ қыздар» тобының ұраны Көкте жұлдыз жерде біз, Әрқашанда жеңеміз!

ІІ - кезең: Бой сергіту жаттығуы «Қара жоға» биімен көрсету.
Жүргізуші: «Көңілді эстафета» атты сайысымыздың келесі бөлімдері бимен жасалады.

ІІІ-кезең : «Лезгинка» деп аталады.

Шарты: Музыка ойналады, кедергілер арасымен жалаушаны ұстап, лезгинка биінің қимылдарын жасап, межеге дейін барып, қайтарда жүгіріп қайту. Жалаушаны келесі қатысушыға беру

ІV- кезең: «Утята» .

Шарты: Музыка ойналып тұрады, доппен секіріп барып, утята биінің қимылдарын жасап межені айналып, доппен секіріп қайту. Допты келесі қатысушыға беру.

V- кезең: «Твисть»

Шарты: Музыка ойналып тұрады белгіленген жерге дейін допты ұстап жүгіріп барып, допты артқа домалатып, межені твисть биімен айналып келу.

VІ- кезең: «Ламбада»

Шарты: музыка ойналып тұрады. Белгіленген жерге дейін ламбада билеп, 5 рет скакалкамен секіріп, ламбада билеп келесі белгідегі шығыршықтың ішіндегі шариктерді келесі шығыршыққа тасып қайтарда ламбада билеп қайту.

VІІ - кезең: «Тойдағы би»

Шарты: Межеге дейін шарды баспен ұрып билеп бару, шарды аяққарына қысып секіріп қайту. Шарды келесі қатысушыға беру.

Жүргізуші:
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады.
Бұл сайыстан ренжімей
Тараса бізге жарады -
демекші сайысымыздың кезеңдері бойынша әділқазы алқалары қорытынды шығарғанша Музыка жетекшісі Аманғазы Тұрысжановтың орындауында бір ән.

Жүргізуші:

Жеңімпазды анықтап, марапаттау сөз әділқазыларға беріледі.
(Әділқазылар алқасы марапаттау рәсімін өткізеді)

Бүгін алтын уақыттарын қиып, «Көңілді эстафета » атты сайысқа қатысқандарыңыз үшін алғысымды білдіреміз! Жақсылықта, амандықта жүздескенше!!!

«Нысанбек жалпы білім беретін мектеп»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Көңілді эстафета

Спорттық жарыс

Ұйымдастырушы педагог - Айжан Олжатаева


Ұқсас жұмыстар
Толағай отбасылық сайыс жайлы ақпарат
"әкем, шешем және мен" отбасылық спорттық сайыс
Спорт залы
Т О Л А Ғ А Й
Салауатты өмір салтымыз
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 23 жылдығына арналған “көңілді эстафета” сайысы. 4 сынып
Жанпейсовтар отбасы
Әкем, анам және мен
Математика және спорт туралы
Торғай нешеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz