Спорт - біздің отбасымыздың серігі: мектептік отбасылық спорттық жарысты ұйымдастыру және бағдарламасы

«Нысанбек жалпы білім беретін мектеп»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Тақырыбы: «СПОРТ-БІЗДІҢ ОТБАСЫМЫЗДІҢ СЕРІГІ» отбасылық жарыс

Ұйымдастырушы педагог - Айжан Олжатаева

Тақырыбы: «СПОРТ-БІЗДІҢ ОТБАСЫМЫЗДІҢ СЕРІГІ» отбасылық жарыс

Мақсаты: оқушы мен ата- аналарға спорттық ойындарды орындата отырып спортқа деген қызығушылығын арттыру. Салауаттану- адам жанын да, тәнін де тазартуы, денсаулығын жақсарту, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Түрі: эстафеталық ойны.

Өтілетін орны: спорт кешені.

Көрнекіліктері: доптар, шарлар, жалаушалар, спортқа байланысты нақыл сөздер.

Жүргізуші:

Шынықсан шымыр боласың,

Сауығып айдай толасың.

Спортты серік ете біл,

Жақсы азамат боласың.

Женімпаз болу оңай ма,

Арман болған талайға.

Болмасаң да ұқсап бақ,

Жарысқа түсіп қалайда.

Құрметті қонақтар, ұстаздар, ата- аналар және де сайысқа қатысушылар бүгінгі отбасылық жарысымызға қош келдіңіздер. Көңілді кешке оқушылар мен ата- аналар қатысады.

Әр таңды бақытпен атырамыз,

Өнерді ой көгінде бақылаңыз,

Сайысқа қатысуға енді бірінші отбасыны шақырамыз, екінші отбасыны шақырамыз, үшінші отбасыны шақырамыз, төртінші отбасыны шақырамыз.

Жүргізуші:

Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ- ұлт болашағы болмақ. Әр отбасында ата- ана- шаңырақтың негізгі іргетасы болып есептеледі. Сондықтан, бала өмірінде салауатты өмір салтын қалыптастыруда әке мен ананың ролі орасан зор. Отбасылық сайыс- еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын- сауықты бағдарлама. Осындай бағдарлама бүгінде біздің мектебімізде оқушылар қауымы мен ең сүйкімді де белсенді ата- аналарының арасында өткізгелі тұрмыз. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеннен тұратын кедергілерге төтеп беру керек.

Жүргізуші:

Әр топ өз ұрандарымен, төсбелгілерін таныстырып өту керек.

Жүргізуші:

Ал құрметті халайық!

Жарысты енді көріңдер,

Әділ қазы алқасы,

Әділ баға беріндер!

Сайысымызды бастамас бұрын әділ баға беретін әділқазыларымызбен таныстырып өтейік.

Сайыстың бағдарламасы мен таныстырып өтейік. Құрметті сайыскерлер сіздерге сәттілік тілейміз.

  1. «Кенгурулар» сайысы( әкесі, анасы, баласы үшеуі кезекпен қаппен секіреді, белгіленген жерге барып өз орындарына қайтадан келгенше)
  2. «Жорға» сайысы (допты аяқтарына қысып алып белгіленген жерге дейін қара жорға биін билеп қайтадан орындарына келеді)
  3. «Кім жылдам» сайысы (белгіленген жерге дейін тенис таяқшасымен допты секіртіп жүгіру)
  4. «Арқан тартыс» сайысы (әр команда бір- бірлерімен арқан тартысады)
  5. «Мықты әкелер» сайысы (сызылған шеңбердің ішінде бір аяқпен тұрып, иықтарымен бір- бірімен екі әке итеріседі, кім шеңбердің сыртына шығып кетеді, сол команда жеңілді деген сөз)
  6. «Ептілер» сайысы (кезектесіп қасықпен стаканға су толтырады)
  7. «Секіртпемен секіру» сайысы (әкесі анасы баласы үшеуі бірге секіртпемен(скакалка) секіреді кім көп секіреді сол топ жеңеді. )

Жүргізуші:

Жарыс заңы ежелден-

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол-

Еңбектену, жалықпау.

Біреу озса сайыста,

Біреу артта қалады.

Жеңілгендер реңжімей,

Тараса бізге жарады.

Демекші, сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды марапаттау сөзі әділқазыларға беріледі. Мадақтамалармен және бағалы сыйлықтарды табыс етеді.

Жүргізуші:

Уа, халқым назар аудар денсаулыққа!

Өмірде бақыттысың денің сау да.

Денсаулық терең бақыт деген сөзді

Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да.

Құрметті қонақтар келгендеріңізге көптен көп рахмет айтамыз, қош сау болыңыздар.


Ұқсас жұмыстар
Толағай отбасылық спорттық сайысының ұйымдастыру-өткізу бағдарламасы
Балабақшадағы Біздің отбасы осындай отбасылық спорттық сайысын ұйымдастыру және өткізу
Отбасылық спорттық сайыс: Спорт - денсаулық кепілі
Толағай отбасылық спорттық сайысының бағдарламасы мен өткізу жоспары
Толағай отбасылық спорттық сайысы: мақсаттары, бағдарламасы және өткізудің тәртібі
Толағай отбасылық сайысы: салауатты өмір салтын насихаттауға арналған мектептік спорттық бағдарлама
Әкем, анам және мен отбасылық спорттық сайысы: ұйымдастыру және өткізудің әдістемесі
Саға негізгі мектебіндегі Спорт біздің досымыз мектепішілік спорт сайысының өткізу бағдарламасы
Мен және менің отбасым атты отбасылық спорттық ойындардың ұйымдастыру және өткізу жоспары
Әкем, шешем және мен отбасылық спорттық сайысының сценарийі мен ұйымдастыру жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz