Әдептіліктің бастауы: мектептік тәрбие сағаты

Әдептілік қайдан басталады?

Тәрбие сағаты

Мақсаты:

Білімділік: Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қасиеттерді айыра отырып, оқушылардың әдеп әліппесін бойына дарытуға ықпал жасау.

Дамытушылық: Оқушыларды адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалай білуге, адамдармен қарым-қатынас жасау дағдыларын арттыру.

Тәрбиелік: Әдет-ғұрыпты сақтайтын, дәстүрді жалғастырушы қайырымды ұрпақ тәрбиелеу.

Әдісі: Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы. Топтық жұмыс.

Көрнекілігі: Нақыл сөздер, бейнетаспа.

Барысы:

1-жүргізуші: Ассалаумағалейкум!

2-жүргізуші: «Сәлем - сөздің анасы» демекші, армысыздар ағайын!

1-жүргізуші: «Бір күн таныстыққа қырық күн сәлем» дегендей біз осы қай жерде тұрмыз?

2-жүргізуші: «Мектеп - ғылым патшасы» емес пе, біз тәлімді тәрбие мен білім ордасы-қасиетті Домалақ Ене мектебінде тұрмыз.

1-жүргізуші: құрбым, біз осы мақал-мәтелдер сайысын ұйымдастырып тұрған жоқпыз ба?

2-жүргізуші: «Аталар сөзі ақындық көзі» демекші, қара қылды қақ жарған Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің ұрпағы емеспіз бе? Біз мақал-мәтел жарысын емес «Әдептілік қайдан басталады?» атты тәрбие сағатын тыңдауға шақырамыз.

1-жүргізуші: Олай болса, 1-топ сәлемдесу жайлы ойларын ортаға салсын.

2-жүргізуші: 2-топ көшеде, аулада балалар өздерін қалай ұстайтыны жайлы әңгімелессе қайтеді?

1-жүргізуші: 3-топ мектеп ережесін қалай сақтап жүргені жайлы ой бөліссе.

2-жүргізуші: Онда үйдегі ұстанымдылық 4-топқа бұйырыпты.

1-жүргізуші: Сен сәлемдесу жайлы не білесің?

2-жүргізуші: Оны балалардан сұрасақ қайтеді?

1-жүргізуші: Сұрасақ сұрайық.

1-оқушы: Әр елдің өмір сүруіне, салт-дәстүріне байланысты сәлемдесу әдеттері де әр түрлі болады.

2-оқушы: Әкем: «Үлкен кісіні көрсең, оны таңысан да, таңымасан да алдымен сәлем бер» деп отырады.

3-оқушы: Халқымыздың төбе биі Төле бидің «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал орнынан тұрып сәлем берер» деген сөзі бар.

4-оқушы: Ислам діні сәлем беруді, рұқсат сұрауды шариғатқа кіргізген. «Сәлем - Алланың жердегі есімдерінің бірі» делінген 347-хадисінде.

5-оқушы: 91-хадисінде «Біріңмен-бірің сәлемдесіп жүріңдер, сонда ғана араларыңда мейірім-махаббат оянады» делінген.

2-жүргізуші: 2-топтың «Көшеде» атты көрінісі көрсетіледі.

Көрініс

Сіз: М. Мақатаев көшесіне қалай баруға болады, айтып жіберер ме екенсіз?

1-бейтаныс: (кдірмей, жүре тіл қатып) Немене? (Естіп тұрса да, бірден жауап беруге ерінді) .

Сіз: (ыңғайсызданып) Кешіріңіз, мен М. Мақатаев көшесін сұрап едім.

1-бейтаныс: (ошарыла бұрылып) Алғаш кездескен көшемен оңға қарай . . . (кете берді)

Сіз: М. Мақатаев көшесіне қалай баруға болады, айтып жіберер ме екенсіз?

2-бейтаныс: (тоқтап күлімсіреп) Ол жап-жақын, осы бетіңізбен тура жүріңкіреп барып, оңға бұрылыңыз.

Сіз: Рақмет!(Күлімсіреп)

2-бейтаныс: Оу, оның не қиындығы бар! «Адасқанға жөн сілтеген сауап» . (Күлімсіреп, кете береді) .

Мұғалімнің сұрағы: Осы көріністен не үйреңдіңіздер?

Ән: «Анашым»

1-жүргізуші: Құрметті қонақтар! Біздің және болашақ мектептің жағдайын 15 жылдан соң елестетіп көріңіздерші.

- Ел аман, жұрт тыныш болып тұрса, біздің мектептеріміз компьютерге толы болатын шығар. Есіктің алдында машина, яғни робот тұрады.

- Иә, сабаққа кешіккендерді желкесінен ұстап алып, далаға лақтырып жібереді.

3-топтың «Робот» көрінісін қабыл алыңыздар.

Көрініс

Робот: Кешіккендер кірмейді. Қолыма түскендер өлдіңдер!

Оқушы: Қалай өтіп кетсек екен, мына темірді алдандыруға бір нәрсе істейік! Кабинетке келеді.

Робот оқутышы: тез кір, отыр, жұмыс жаса! Үй тапсырмасын қалтаға салыңдар!

Оқушы: Ой, мына темір бәлелерден-ақ қалдық-ау бәлеге! Қайран біздің мұғалімдер-ай! Өздері қандай мейірімді еді, айтсаң бәрін де түсінеді, өтірік айтсаң да кешіреді.

Робот: Үніңді өшір. Үніңді өшір. Үніңді өшірмесең, тіліңді суырып аламын.

Оқушылар жым-жырт болады.

Робот: Жаңа сабақтың бағдарламасын алыңдар. Тапсырмаларды орындандар!

Тапсырманы алады.

Оқушы: Мұғалім менің тапсырмамды түсіндіресіз бе?

Робот: Мен саған түсіндіру үшін отырғаным жоқ, тексеру үшін отырмын. Үніңді өшір, кітапты аш та, оқы.

Оқушы: Ой, темір албасты, өзін металлолоға өткізер ме еді, өкіметке біраз пайда келер еді.

Робот: Үніңді өшір. Орындап болсаң тапсырманы қалтама сал.

1-жүргізуші: Оу, халайық! Байқаған шығарсыңдар! Күніміз темір машинаға қараса, өміріміз не болатынын.

2-жүргізуші: Сондықтанда 21 ғасыр мектеп тәртібін үйретіп, білім беретін ұстаздарымызды мына темір адамдарға ауыстырмайық, мұғалімдерді құрметтеп, қастерлейік!

Ән: «Сәлем саған мектебім»

1-жүргізуші: 4-топ балалары не айтар екен?

1-оқушы: Қарсы ал ерте күн көзін,

Төсегіңді жина өзің.

Асықпай іш тамағыңды,

Жалама аяқ-табағынды.

2-оқушы: Пышақты ұста оң қолмен,

Шанышқыны сол қолмен.

Нанды үгітпе, қадірле,

Қабағымен бәрін же.

3-оқушы: Саусағыңды сормағын,

Салдыр салақ болмағын.

Салма аузыңа инені,

Үзбе жұлқып түймені.

4-оқушы: Ашуланба долданып,

Жауап бергін ойланып.

Құр бекерге қылтима,

Болмашыға бұртима.

5-оқушы: Әдептімің дегенің,

Әрқашанда керегің.

Әсемпаздық дегенің,

Әуре салсаң әлегің.

6-оқушы: Сыйлап сәлем беремін,

Көршілерді көргенде.

Ізетті деп білемін,

Үйге қонақ келгенде.

Әдепсіз деп сөкпесін,

Анама айтып өкпесін.

7-оқушы: Сыйла үлкен кісіні,

Қамқорлыққа ал кішіні.

Сақта көше тәртібін,

Бағдаршамның ал тілін.

8-оқушы: Үйде де, түзде біз,

Тәртіпті әскердейміз.

Абыройы бізден егіз.

Хор: Заңды біз қастерлейміз.

1-жүргізуші: Сабағымыздың келесі бөлімінде балаларды біраз ойландырсақ қайтеді?

2-жүргізуші: Ойландырсақ ойландырайық. Балалар, сендерден ойлы жауап күтеміз.

Әр топ сөйлемдерді аяқтайды.

1-топ: Ауылдағы ата, әже және туыстарына арнап хат жазсын.

2-топ: Сен көше тәртібін бұзғанда қандай қолайсыздықтар тууы мүмкін?


Ұқсас жұмыстар
1-сыныпқа арналған тәрбие сағаты: Әліппе - білімнің бастауы, Ана - өмірдің бастауы
Әдептілік - тәрбие бастауы: бастауыш сыныптарға арналған тәрбие сағаты
5-сыныпқа арналған ашық тәрбие сағаты: Әдептілік - тәрбие бастауы
Әдептілік - тәрбиенің бастауы: мектеп оқушыларына арналған тәрбие сағаты
Репродуктивті және жалпы денсаулықты сақтау бойынша мектептік тәрбие сағаты
8-сыныпқа арналған ашық тәрбие сағаты: Ана - өмір бастауы және адамгершілікке тәрбиелеу
Оқу-тәрбие сабақтарының жинағы: Бос тау жыныстары, Отбасы - тәрбие бастауы, ұлттық ойындар және Мұқағали Мақатаевқа арналған тәрбие сағаты
Мектептік тәрбие сағаты: Қарттарды қадірлеу және ұлттық салт-дәстүр
Жаңа жыл мерекесіне арналған ашық тәрбие сағаты сценарийі (мектептік ертеңгілік)
Ата-баба дәстүрі - әдептіліктің негізі: ұлттық тәрбие мен салт-дәстүрлердің тәрбиелік рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz