Етістіктің көсемше тұлғасы

Пәні: Қазақ тілі
Мектеп: №47 жалпы орта білім беретін мектеп
Пәні: Қазақ тілі: Күні: 20. 04. 24
Мектеп:№47 жалпы орта білім беретін мектеп: Машықкердің аты-жөні: Орынова Елнур Сандибековна
Пәні: Қазақ тілі: Сынып: 7 «ә»
Мектеп:№47 жалпы орта білім беретін мектеп: Қатысқандар:
Қатыспағандар:
Пәні: Қазақ тілі: Сабақтың тақырыбы:
Мектеп:№47 жалпы орта білім беретін мектеп:

«Музыка - жүрек тілі»

Пәні: Қазақ тілі: Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары:
Мектеп:№47 жалпы орта білім беретін мектеп:

7ӘТН4. 1. Етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік түрлерін тілдесім барысында қолдану.

7. 04. Идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсаты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау.

Пәні: Қазақ тілі: Сабақ мақсаттары:
Мектеп:№47 жалпы орта білім беретін мектеп:

Мәтіндегі айтылған ойды әрі қарай жалғастырып, өз ойын айту арқылы ой қорытындылай білуге үйрену;

Етістіктің көсемше тұлғасын, жасалу жолдарын түсіну;

Морфологиялық талдау жасай отырып, етістіктің көсемше формасын ажырата білуді үйрену.

Көсемше тұлғалы етістіктер қолданылған жұмбақтарды шешу арқылы логиканы

дамыту.

Пәні: Қазақ тілі: Бағалау критерийлері
Мектеп:№47 жалпы орта білім беретін мектеп: Жетістік критерийлері
Пәні: Қазақ тілі: Тілдік мақсат:
Мектеп:№47 жалпы орта білім беретін мектеп: Оқушылар орындай алады: Мәтіндегі айтылған ойды әрі қарай жалғастырып, өз ойын айту арқылы ой қорытындылай білу.
Пәні: Қазақ тілі:

Талқылауға арналған сұрақтар-

Пәні: Қазақ тілі: Сабақтың түрі
Мектеп:№47 жалпы орта білім беретін мектеп: Жаңа сабақ
Пәні: Қазақ тілі: Пәнаралық байланыс
Мектеп:№47 жалпы орта білім беретін мектеп: Әдебиет, өзін - өзі тану, музыка
Пәні: Қазақ тілі: Қажетті құрал - жабдықтар
Мектеп:№47 жалпы орта білім беретін мектеп: Интеративті тақта, тақырыпқа қатысты слайдтар, көрнекіліктер.
Пәні: Қазақ тілі: Оқыту әдістері
Мектеп:№47 жалпы орта білім беретін мектеп: Сөздік, «3 сурет, 1 сөз» әдісі, «Бәрекелді, Әттеген-ай!», «Жұмыс үстелі», «Жымиғыштар», Сәйкестендіру, «Отшашу» әдісі, «Пайыздық бағалау», «Блоб бөлмесі»
Пәні: Қазақ тілі: Дереккөздері
Мектеп:№47 жалпы орта білім беретін мектеп: 7-сынып «Қазақ тілі» Мектеп баспасы, 2017ж., әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар.
Пәні: Қазақ тілі: Тапсырмалар
Мектеп:№47 жалпы орта білім беретін мектеп:
Пәні: Қазақ тілі: Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс- әрекеті:
Пәні: Қазақ тілі: Тапсырма
Мектеп:№47 жалпы орта білім беретін мектеп: Мұғалімнің іс - әрекеті
Оқушының іс - әрекеті
Дереккөздер/ресурстар
Пәні: Қазақ тілі:

Сабақтың басы

10 мин

Мектеп:№47 жалпы орта білім беретін мектеп:

Ұйымдастыру бөлімі:

Оқушылармен амандасып, сабаққа дайындықтарын тексереді.

Топқа бөліну: Музыка аспаптарына арналған төмендегі жұмбақтарды шешіңдер.

Бір нәрсе қараңғыда қаймалайды,

Азынаса көмейінде мал жылайды.

Құйрығын қара жерге тіреп алып,

Келеді баяғының әнін салып. ( қ . . . )

Қос қазық, екі желі, сегіз ноқта,

Сөйлейді шежіредей адам соқса.

Тағы да бір мінезі таңғажайып,

Еш уақытта сөйлемейді адам жоқта. ( д . . . )

Саусақ батпас түтіктен,

Сандуғаш құс сайрайды. ( с . . . )

Қызығушылықты ояту:

«3 сурет, 1 сөз» әдісі

Оқушылар амандасып, оқу құралдарын дайындайды.

Оқушылар топқа бөлінеді.

1 - топ: Домбыра

2- топ: Қобыз

3 - топ: Сыбызғы

Музыка - адамзаттың әмбебап тілі.

Г. Лонгфелло

Слайд

Тақта, стикер, жіп

Пәні: Қазақ тілі:

Сабақтың ортасы

25 мин

Мектеп:№47 жалпы орта білім беретін мектеп:

Jeltoqsannyń jetisi

Жаңа материал: 5-бөлім. Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы

«Музыка - жүрек тілі»

Етістіктің көсемше тұлғасы

1-тапсырма. Мәтінмен жұмыс. Мәтінді оқыңдар.

1-топ: Мәтінде айтылған “музыка - адам жанының үні мен тілі” деген ойды қалай түсінесіңдер?

2-топ: Мәтінде айтылған “әр ұлттың өзінің төл музыкасы бар” деген ойды жалғастырып, пікірлеріңді ортаға салыңдар.

3-топ: Мәтін мазмұнын 3 сөйлеммен қорытып айтыңдар.

Музыка - адам жанының үні

Адамдардың міндеті күнделікті өмір салтындағы басты саланың бірі рухани мәдениетті жетілдіру болса, соның бірі әрі бірегейі музыка деп атауға болады. Өзге өнер түрлеріне қарағанда музыка өнері ертерек дамыған. Музыка өнерінің бір ерекшелігі сол, онымен дыбыс ырғағы арқылы адам өзінің ішкі жан дүниесін, көңіл күйін, сана-сезімін білдіре алады. Әуен арқылы адамдар аңсаған арманын, қуанышы мен қайғысын, өмір сүрген қоғамын әнге қосып толғаған. Олар өздерін қоршаған табиғатты, оның өзен-көлдерін, орман-

тоғайларын, асқар таулары мен байтақ даласын жырға қосып, оның әсем көркінен рухани ләззат алып отырған. Бұрынғы қазақтардың домбырасының қоңыр үні мен олардың қараөлеңі осыған дәлел. Қай халықтың болмасын оның тарихи жағдайына, күнделікті өмір салтына, әдет-ғұрпына байланысты дамып жетілген музыка өнері болады. Сол сияқты қазақ халқының да өзіне тән ұлттық дәстүрлі музыка өнері бар. Музыка өнерінің негізін қалаушылар

халық арасынан шыққан дарынды өнер иелері - композиторлар. Әр күйді шығарушы әуен иелері болады, бірақ та біз қазір күйлерді халық күйі және халық композиторларының күйі деп екі топқа бөліп жүрміз. Оның себебі кейбір күйлер ғасырлар өтіп оның авторларының аты ұмыт болып, дарынды күйшілердің орындауы арқылы халық арасында күйдің әуені сақталғандықтан ол бара-бара халық күйі болып аталып кеткен.

kazorta сайтынан.

Дескриптор:

-Мәтінді оқиды;

- Мәтіндегі айтылған ойды әрі қарай жалғастырады;

- Өз ойын айту арқылы ой қорытындылай білуге үйренеді.

ҚБ: «Бәрекелді, Әттеген-ай!»

Тілдік бағдар.

Етістіктің көсемше тұлғасы

Іс-әрекеттің, қимылдың себебін, амалын көрсететін қосымша қимылды

білдіретін етістіктің ерекше түрі көсемше деп аталады. Көсемше қайтіп? қалай? Не істегелі? қашан? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: оқып түсіну, дауыстап оқу, күле сөйлеу, келе кірісу, амандасқалы келу, кеткелі жатыр және т. б.

Көсемшенің де есімше тәрізді өзіне тән жұрнақтары бар. Көсемше етістік

түрлеріне (негізгі және туынды) немесе етіс, болымсыз етістік тұлғаларына мына

жұрнақтар жалғану арқылы жасалады:

1) -а, -е, -й жұрнағы арқылы іс-қимылдың осы шақта жасалып жатқанын

білдіреді. Дауыссыз дыбысқа біткен сөздерге жуан буыннан кейін , жіңішке

буыннан кейін , дауысты дыбысқа біткен етістікке жұрнақтары жалғанады:

жаз-а, күл-е, сөйле-й, қара-й т. б. ;

2) -ып, -іп, -п жұрнағы арқылы іс-қимылдың өткен шақта жасалғанын

білдіреді. Дауыссыз дыбысқа біткен етістіктерге жуан буыннан кейін -ып , жіңішке

буыннан кейін -іп , дауысты дыбысқа біткен етістікке -п жұрнақтары жалғанады:

жаз-ып, күл-іп, айт-ып, сөйле-п, қара-п т. б. ;

3) -ғалы ( -гелі, -қалы, -келі ) және -ғанша ( -генше, -қанша, -кенше )

жұрнақтары арқылы іс-қимылдың не өткен шақта орындалғанын, не келер шақта орындалатындығын білдіреді.

2-тапсырма. Ж. Аймауытовтың “Әнші” әңгімесінен үзіндіні оқыңдар. Мәтіндегі сөйлемді аяқтап тұрған көсемшелерді табыңдар.

1-топ: Топ көргенде Әмірқан аруақтанып, көтеріліп кетеді екен. Бұрынғы дауысы астар болмай қалды. Зал жаңғырып, күңгірлеп кетті.

2-топ: Бір-бірін қиып кете алмай, мұратына жете алмай, қош айтысқан жарға ұқсап, жалғызынан айырылып, қанатынан қайырылып, зарлаған бейне жанға ұқсап болмаса жылап егілген, көзден жасы төгілген, бейне бір қайғы-зарға ұқсап өкінішті, өксікті, қасіретті, мұңды әнді сарнады.

3-топ: Жұрт төмен қарап, әркім жүрегімен сырласқандай әншінің бітіргенін де сезбей қалды. Кенет тым-тырыс бола қалды да, шапалақ қайта соғылды. Қалғып кетіп оянған, қызықты тәтті түс көрген, қайтарам деп талпынған кісідей, жанға жаққан тәтті үннің кеткеніне өкініп, өршелене соғылды . . .

Дескриптор:

-Мәтінді оқиды;

-Көсемшелерді табады.

ҚБ: «Бәрекелді, Әттеген-ай!»

3-тапсырма. «Жұмыс үстелі» әдісі. Мәтіндегі көп нүктенің орнына көсемше жұрнақтарын қойып

жазыңдар.

Музыка мәдениетте алғашқы орында тұр . . . ды. Пифагордыңзамандасы Гермиондық Ласа алғашқы музыка туралы арнайы шығарманың авторы санал . . . ды. Грекиядағы музыкалық білім

беру жүйесі тіпті VІ ғасырдан бастап дәстүрлі бол . . . , сауат ашу дәрістерімен бірге тұр . . . он бес ғасырдың жүзі болды. Бұл беталыс ежелгі ойшылдардың мұрасында тұрақтылыққа айнал . . . ды жәнетұлғаны тәрбиелеуге қатысты мәселелерде бірге айтыл . . . , адам

жанын тәрбиелеуге болысатын ғылымдардың қатарына кір . . . ді.

Ж. Нәжімеденов

Дескриптор:

-тиісті көсемше жұрнақтарын қояды.

ҚБ. «Жымиғыштар»

4-тапсырма. Сәйкестендіру. Көсемше жұрнақтарын қатыстыра отырып, мағынасы сәйкес сөздермен тіркестіріңдер.

1. Домбыра . . . жорғалап тұр

2. Сыбызғы . . . бұралып би билейді

3. Әнші . . . күңіренеді

4. Қобыз . . . ән салады

5. Жетіген . . . күмбірлегелі тұр

6. Биші . . . сызылып сыр айтады

Дескриптор:

-мағынасына сәйкес сөөздерді сәйкестендіреді.

ҚБ. «Отшашу» әдісі

Тақырыппен танысады.

1-тапсырма.

1-топ: Музыка арқылы өзіңнің ішкі сезімінде не болып жатқандығын сөзсіз айтпай-ақ түсіндіре аласың. Ол ғажап әлем, ұмытылмастай сезім.

2-топ. Әр ұлт өзінің төл музыкасы арқылы танылады. Қазағым домбырасын қолына алып, күйімен күмбірлетіп ерекшеленсе, көрші орыс елі балалайкасы мен баянын жырға қосқан.

3-топ: Дыбыс ырғағы арқылы адам өзінің ішкі жан дүниесін, көңіл күйін, сана-сезімін білдіре алады. Әуен арқылы адамдар аңсаған арманын, қуанышы мен қайғысын, өмір сүрген қоғамын әнге қосып толғаған. Музыка ешқашан өшпейтін әлем.

Дауысты, үнді, ұяң дыбыстарға біткен етістіктерге

жуан буыннан


Ұқсас жұмыстар
Етістіктен өткенді қайталау. 6 сынып
Болымды және болымсыз етістік. 6-сынып
Ғаламтор қазақ тілінде
Есімше мен көсемше
Көсемшенің жасалу жолдары
Етістіктің райлары
Етістік. 7-сынып. тиси технологиясы бойынша сабақ
Есімшенің түрленуі
Тақырып Етістікті қайталау
Көсемшеден өткенді қайталау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz