Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сақина салу

Сабақтың тақырыбы: <<Қазақ халқының ұлттық ойындары>>!
Сабақтың мақсаты: Таңғажайып алаң ойыны арқылы, ұлттық ойындардың түрлерімен танысып, оның тарихын біліп, тәрбиелік мәнін түсіну және күнделікті өмірде жүзеге асыру.
Әр түрлі іс - қимылдарына байланысты ойын ішінде жаңа сөздерді пайдалану. Сөйлеуге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: Арқан, алтыбақан макеті, орамал, сүйек, асық.
Кіріспе: Қазақ халқы - ұлттық ойындарға бай халықтардың бірі.Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттікті, батылдықты, шапшаңдықты, тапқырлықты, табындылықты, күш-қуат молдылығын, білек күшін, дененің құрыштай шынығуын қажет етеді. Ұлттық ойындар ата-бабамыздан бізге жеткен.Олар өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз
Қазақтың ұлттық ойындары:Ақсүйек,Сақина салу,Арқан тартыс,Алтыбақан Көкпар секілді ойын түрлерін атап өтейік.

Қазақтың қай ойыеы болса да айтыс, өлең - жырмен өріліп, көрермендер мен тыңдаушыларға өрелі өнеге беріп, қатты әсер етеді.
Қазақтың ұлттық ойындары тек ойын - сауықтың жағынан ғана маңызды емес, ол - спорт, ол -өнер, ол - шаруашылық, тәжірбиелік маңызы бар тәрбие құралы.

1-тапсырма: Жастар бас қосып, өлең айтып, ән салып, әзіл - күлкімен әзіл айтысатн ойны түрі:

А
л
т
ы
б
а
қ
а
н
Алтыбақан - халқымыздың ұлттық ойын - сауығының бір түрі. Алтыбақанды үш-үштен екі тұсқа қадап, бастарын байлайды. Қатарлас байлаған екі арқанға қыз бен жігіт отырады. Қатарлас байлаған екі арқандағы қыз бен жігітті құрбылары тербетіп тұрады. Екі жас алтыбақанда тербеліп ән салады.
2-тапсырма.
Ерлікті, өжеттікті, батылдылықты, шапшаңдылықты, тапқырлықты қажет ететін қазақ халқының ұлттық ойыны:

Оқушылардың көздерін байлап, үшке дейін санап сүйекті іздеуге жібереді.
Кім сүйекті тапса, сол оқушы <<жеңімпаз>> атанады. Қалған оқушылар өлең, тақпақ, жұмбақ, мақал айтып айыбын өтейді.

3-тапсырма: Спортты сипаты бар, білек күшін, денің құрыштай шынығуын, шапшаңдықты қажет ететін ойын түрі.

Арқан тартыс ойыны -- ұлттық ойын. Ойынды жазда көгалды алаңда, спорт залында өткізуге болады. Ойынға ұзындығы 10 метрдей жуан кендір арқан керек. Ол арқанның тең ортасынан орамалмен орап белгі жасайды, белгінің екі жағынан бір жарым-екі метрдей жерден тағы да жогарыдағы тәртіппен белгілейді. Ойынға қатынасушылар тең екі топқа бөлінеді. Олардың саны 10 -- 12 адам болуы мүмкін, ойыншылар бойларына қарай қатар түзеп тұрады.
Ойын басқарушының берген командасы бойынша қатар түзеп сапта түрған ойыншылар оң жақ шетінен бастап қатар санын <<бір, екі, үш>>... деп сол жақ шетіне дейін санап шыгады. Сөйтіп тақ жағы бір бөлек, жұп жағы бір бөлек бөлініп шығады.
Күн ілгері сызып қойған үш сызықтың ортасына арқандағы үш белгінің екі шеткісін дәл келтіріп керіп тұрады да, арқанның шеткі белгісінен бастап ұшына дейін ойыншылар қос қолдап ұстап тартып тұрады. Содан соң ойын басқарушының берген командасы бойынша екі топ тартысқа түседі. Ойыншылардың мақсаты -- тартысқа түскен екі топ бірін-бірі тартып, жердегі орталық сызықтан бұрын сүйретіп өткізіп әкету. Екі топтың қай жағы орталық сызықтан қарсы топты бұрын сүйреп өткізіп әкетсе, сол жағы ұтқан болады, жеңген жағы бәйгесін алады. Ойынды осы жоғарыдағы тәртіппен жүргізе беруге болады. Ойын

Сақина салу

Сақина салу - Қазақтың ұлттық ойындарының бірі.
Ойында саны 10-ға жететін жастар қатысады. Қатысушылар шеңбер бойынша қатарға отырады. Алақандарын бір-біріне қысып, қолдарын алдында, тізе үстінде ұстайды. Жүргізуші (жіребе бойынша) шеңбер ортасында тұрып, өз алақандар арасында сақинаны (тиынды) салып, өз алақандарымен сақинаны олардың алақандарын ашып салған сияқты боп, солай бүкіл қатысушыларды өтеді. Сақинаны біреуге салып, ол бірнеше қадамға артқа қарай кетіп: "қайда менім сақинам?" - деп айтады. Сұрақты естіген соң, сақинаның иесі тұру керек. Оң жақта отырған көршінің тапсырмасы оны (сақина иесін) ұстау керек. Егер сақинаға ие болып жүрген ойнаушыны көршісі ұстай алмаса, онда көршісін жазалайды, ал егер сақина иесі тұра алмаса, онда оны өзің жазалайды. Жаза әр түрлі болуы мүмкін: жеңімпазды арқасына отырғызып жүріп келу, бір аяқпен секіру, билеу, ән айту және т.б. Жазаланған тапсырманы жасағаннан кейін жүргізуші болады және ойын жалғаса береді.

Көкпар - атқа мінген топ жігіттердің қатысуымен өтетін ойын. Ойынды бастау үшін көкпаршылар белгіленген сызықтың бойына қатар түзеп тұрады. Сызықтан 50-60 адымдай жерге көкпар тасталынады.
Әдетте, көкпар тартуға бауыздалған лақ немесе серке беріледі. Берілген белгіден кейін көкпаршылар шаба жөнеледі. Жерде жаткан көкпарға бірінші жеткен шабандоз оны іліп алып қашады, қалған көкпаршылар куып жетіп, тартып алуға әрекеттенеді.
Ойын белгіленген көмбеге жеткенше осылай жалғаса береді. Кім бұрын көкпарды көмбеге әкелсе, сол жеңімпаз атанып, көкпарды өзінде қалдырады
Қорытынды. Сонымен ұлттық ойындар-ата-бабамыздан бізге жеткен,өткен мен бүгінгіні жалғастыратын баға жетпес байлығымыз,асыл қазынамыз.Ойын адамның алдынан өмірдің есігін ашып,қабілетін оятады.Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы мүмкін емес.Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе секілді.Ойын дегеніміз тынысы кең, алысқа меңзейтін ,ойдан-ойға жетелейтін ,адамға қиялымен қанат бітіретін ғажайып нәрсе,ақыл-ой жетекшісі,денсаулық кепілі,өмір тынысы.
Атадан балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойындарымызды ойнау арқылы бойымызға қүш жинап,ақыл-ойымызды толықтырып,еліміздің туын биікке көтеретін сегіз қырлы ,бір сырлы азаматы мен азаматшалары болып өсе берейік-дей келе Сапарбай Нұрлыбектің орындауында <<Жаса,Қазақстан!>> әнімен бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Ұқсас жұмыстар
Проценттерге берілген есептер. 5-сынып
Сақина (ертегі)
Ойын – математика сабағында оқыту және тәрбиелеу әдісі
Қазақ халқының салт - дәстүрлері
Металды өңдеу
Доңғалақтардан шина шешу
Бес білезік
Қыз қуу
С дыбысы мен әрпі
Көнерген сөздер. 5-сынып
Пәндер