Мүшелер жүйесінің дамуы: эмбриогенез сатылары (8-сынып)

Сабақтың тақырыбы: §49. Мүшелер жүйесінің дамуы - эмбриогенездің сатылары

Бөлім:: Бөлім:
Өсу және даму: Өсу және даму
Бөлім:: Педагогтің аты-жөні:
Өсу және даму: Сайлыбай А. С.
Бөлім:: Күні:
Өсу және даму: 11. 04. 2024
Бөлім:: Сыныбы: 8G
Өсу және даму: Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
Бөлім:: Сабақтың тақырыбы:
Өсу және даму: Мүшелер жүйесінің дамуы - эмбриогенездің сатылары
Бөлім:: Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
Өсу және даму:

8. 2. 3. 1 эмбрионалдық даму кезеңдерін сипаттау

8. 2. 3. 2 әр түрлі ұрық жапырақшаларынан қалыптасатын ұлпалар мен мүшелердің дифференциялануын сипаттау

Бөлім:: Сабақтың мақсаты:
Өсу және даму:
  • Эмбрионалдық даму кезеңдерін сипаттайды
  • Әр түрлі ұрық жапырақшаларынан қалыптасатын ұлпалар мен мүшелердің дифференциялануын сипаттайды

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты: Сабақ кезеңі/Уақыты
Педагогтің іс-әрекеті: Педагогтің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті: Оқушының іс-әрекеті
Бағалау: Бағалау
Ресурстар: Ресурстар
Сабақ кезеңі/Уақыты:

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

7 мин

Педагогтің іс-әрекеті:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу, оларды түгендеу.

Оқушыларды отырған қатарлары бойынша көк, сары, жасыл топтарға бөлу

Үй жұмысын айналмалы дөңгелек әдісі арқылы тексеру.

https://spinthewheel. io/wheels/

Сабақ кезеңі/Уақыты:

Жаңа сабаққа кіріспе

20 мин

Педагогтің іс-әрекеті:

? ұрықтың даму жолы қалай аталады?

Эмбриогенездің негізгі сатылары. Естеріңде болса, ағзалардың жеке дамуы эмбриогенез және постэмбриогенез деп екіге бөлінеді. Эмбриогенездің негізгі сатыларын сызба түрінде көрсетуге болады:

Зигота → Бластула (Бөлшектену)

Гаструла - Нейрула (Органогенез)

? Қалай ойлайсыздар зиготада қанша хромосома бар?

Бластула дегеніміз зиготаның бөлшектенуі нөтижесінде пайда болған, жасушаларының мөлшері бірдей көпжасушалы ұрық. Бластуланың құрамында қанша жасуша болғанына қарамастан жасушалар бір-бірінен ерекшеленбейді.

Гаструла дегеніміз ұрық жасушасында түрлі қабықшалардың пайда болу сатысы. Ұрықтың әртүрлі жағында орналасқан жасушалар бір-бірінен ерекшелене отырып, жасушалардың екі қабығын түзеді. Гаструланың ерте сатысы дегеніміз екіқабатты ұрық. Бұл сатыда екі түрлі ұрық жапырақшасы түзіледі: сыртқы ұрық жапырақшасы экто- дерма, ішкі ұрық жапырақшасы - энтодерма.

Біртіндеп үшінші ұрық жапырақшасы - мезодерма түзіледі. Соңғы (кеш) гаструла дегеніміз- үшқабатты ұрық.

Егер бұл омыртқасыздардың ұрығы болса, соңғы гаструладан кейін мүшелердің дамуы - органогенез үдерісі басталады. Ал егер бұл омыртқалылардың ұрығы болса, бірнеше жасушалардың бөлінуінен ми мен жұлынның бастамасы жүйке түтігі пайда болады. Бұл нейрула сатысы деп аталады. Желілі жануарлардың ұрығында мүшелері нейрула сатысынан кейін түзіледі.

Постэмбриондық (ұрықтан кейінгі) даму ағзаның жұмыртқа қабықшасын жарып шыққаннан кейін, ал ұрығы құрсақта дамитын сүтқоректілерде туа салысымен басталады.

Тақырып түсіндіріліп болған соң, Видеоролик көрсетіледі

1-тапсыпма

Оқулықпен жұмыс

Оқушылар оқулықты пайдалана отырып, үш ұрық жапырақшасына сипаттама береді

Оқушының іс-әрекеті: Алдыңғы білімді пайдалана отырып сұраққа жауап береді
Бағалау: Оқушыларды сабақ бойы батарея әдісі бойынша бағалау (әр топқа жауап берген сұрағы бойынша 1 батареядан беріліп отырады)
Ресурстар:

Интерактивті тақта

https://youtu. be/vOY0ALrz75s?si=5rWe0de3i929yNzt

https://youtu. be/i60NR3teFvo?si=HaqyRgYnTXAq8rNt

Оқулық

Сабақ кезеңі/Уақыты:

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

15 мин.

Педагогтің іс-әрекеті:

2-тапсырма

«Тамшы» әдісі арқылы оқушылар жаңа сабақ бойынша сұрақтарға жауап береді.

3-тапсырма

Биологиялық диктант

. . . - зиготаның бөлшектенуі нөтижесінде пайда болған, жасушаларының мөлшері бірдей көпжасушалы ұрық. Гаструланың ерте сатысы дегеніміз екіқабатты ұрық. Бұл сатыда екі түрлі ұрық жапырақшасы түзіледі: сыртқы ұрық жапырақшасы - . . . , ішкі ұрық жапырақшасы - . . . Соңғы (кеш) гаструла дегеніміз- . . . ұрық.

Оқушының іс-әрекеті:
  1. Ағзалардың жеке дамуы кезеңдерін ата
  2. Эмбриогенездің қандай сатылары бар?
  3. Бластула дегеніміз не?
  4. Гаструла дегеніміз не?
  5. Үшінші ұрық жапырақшасын ата
  6. Органогенез үдерісі қай сатыға жатады?
  7. Энтодерма қабатына қандай мүшелер жатады?
  8. Постэмбриогенез дегеніміз не?

Оқушыларға мәтін беріледі, оқушылар мәтіннен бос қалған орынға сөз қою керек

Бағалау:
Ресурстар:
Сабақ кезеңі/Уақыты:

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

3 мин.

Педагогтің іс-әрекеті:

Рефлексия

Почта әдісі

Оқушының іс-әрекеті: Оқушылар сабақтан не түсінгендерін немесе түсінбегендерін және сабақтың қалай өткендігі туралы өз ойларын жазады.
Бағалау:
Ресурстар:

Ұқсас жұмыстар
8-сынып биологиясы: Адам ағзасындағы ұлпалар, жүйке жүйесінің құрылысы және мүшелер жүйелері туралы сабақ жоспарлары
8-сынып биологиясы: Адам ағзасындағы мүшелер жүйесінің үйлесімділігі мен ішкі және сыртқы секреция бездерін пысықтау
8-сынып: Тұрлаулы мүшелер - бастауыш пен баяндауыш
Онтогенез және эмбриогенез кезеңдері: 10-сыныпқа арналған сабақ жоспары
8-сынып қазақ тілі: Тұрлаусыз мүшелер - толықтауыш. Сабақ жоспары
9-сынып биология сабақ жоспары: Ұлпалардың негізгі топтары, мүшелер және мүшелер жүйесі
6-сынып биологиясы: Жасушалар, ұлпалар, мүшелер және мүшелер жүйелері - сабақ жоспары
8-сынып биологиясы: Зәр шығару жүйесінің құрылысы мен қызметі - сабақ жоспары
8-сынып биологиясы: жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі, нейрондар және рефлекс доғасы
Антропосоциогенез сатылары және адам эволюциясының кезеңдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz