Сабақ ортасы

Сынып сағатының қысқа мерзімді жоспары
Мектеп: «Кинорежиссер А. Шәжімбаев атындағы Есіл ауданының №3 Явленка орта мектебі» КММ
Мұғалім: Әбдиева Гүлхан Баймұрзақызы
Пән атауы: Тәрбие сағаты
Сынып: 5 а
Оқушылардың бойында отбасына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, өмірдің басты құндылығы отбасынан басталатынын ұғындыру;
«Отан от басынан басталады» демекші, отбасын сүю арқылы Отанды сүйгіш, патриот болуға тәрбиелеу;
Өз ата тегінің, туған жерінің тарихын білудің маңыздылығын түсіндіру;
«Оқушы - ата-ана - мұғалім» үштігінің бірлескен жұмысының маңыздылығын көрсету.
https://bilimland. kz/kk#lesson=18609
https://bilimland. kz/kk#lesson=18621
https://bilimland. kz/kk#lesson=18623
ватмандар, маркерлер, стикерлер
Қатысушылардың
іс-әрекеті
Сабақтың басы
- минут
Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі сынып сағатымызға қош келдіңіздер!
Сабағымыздың ерекшелігі бүгінгі сабақта тек оқушылар ғана емес, сонымен қатар ата аналар қауымы, ұстаздар ұжымы бірлікте жұмыс жасаймыз. Сабақ барысында көптеген тапсырмалар орындаймыз, осы тапсырмаларды балалардың, ата-аналарымдың және мұғалімдердің көзімен қарап, талқылаймыз. Олай болса маған бүгінгі сабақ барысында ең қажетті үш қасиетті атаңыздар! (Мысалы, жауапкершілік, шапшаңдық, татулық деген сияқты қасиеттерді атаулары мүмкін. Бастапқы аталған үш-төрт қасиетті тақтаға жазамын және топтар осы атаулармен аталады. )
Құрметті қатысушылар, бүгінгі сабақты бастамас бұрын назарларыңызды экранға аударуларыңызды сұраймын (видеожазба) . Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында сынып сағаты өткізіледі деген соң көп ойландым, 5-сыныпқа қандай тақырып таңдасам болады деген ойда жүрдім. Кезекті сынып сағатында «Сендер үшін ең құнды нәрсе не?» деген сұрақ қойған едім. Экраннан байқап отырғандарыңыздай көпшілігі отбасы деп жазыпты. Мұнан басқа ата-анам, денсаулық, татулық деген сияқты сөздер болды. Менің сынып сағатымның тақырыбы өздігінен шыға келді. Яғни «Отбасы - рухани жаңғыру негізі».
1-тапсырма
Отбасы сөзін талдау, сипаттау, суреттеу.
Отбасы дегенде нені түсінеміз, отбасы сөзін қандай сөз тіркестерімен ассоциациялаймыз.
Сіздердің сөздеріңіздің дәлелі ретінде мына видеофильмге назар аударайық: https://bilimland. kz/kk#lesson=18609
«Отбасы не үшін қажет?»
Сабақ ортасы
10 минут
2-тапсырма
1. «Ұл бала мен қыз бала тәрбиесі»
Венн диаграммасы
(ата-аналар мен мұғалімдер)
2. «Менің отбасымның дәстүрлері»
Постер жасау
(оқушылар)
«Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты - сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай. Бірақ, ұлттық кодымды сақтаймын деп бойыңдағы жақсы мен жаманның бәрін, яғни болашаққа сенімді нығайтып, алға бастайтын қасиеттерді де, кежегесі кері тартып тұратын, аяқтан шалатын әдеттерді де ұлттық сананың аясында сүрлеп қоюға болмайтыны айдан анық.
Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды» деп Елбасымыз атап өткендей біздің балаларымыздың рухани тамыры отбасында жатыр.
«Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» деген қанатты сөз бар. Қазіргі қоғамда ұл мен қыз тәрбиесіне көп сын айтылып жатады. Міне, менің оқушыларым 5-сыныпқа өтіп, үлкен аға-әпкелеріне қарап бой түзеп келеді. Осы тұста ата-аналар мен ұстаздар тарапынан балаларымызға ақыл кеңесті айтып отыруымыз заңдылық. Қазір ата-аналар мен ұстаздар балаларға арнап ұл мен қыздың тәрбиесі туралы кеңестер жадынамасын жасап шықсаңыздар.
Оқушылар «Менің отбасымның дәстүрлері» атты постер жасайды.
Ата-аналар мен ұстаздар Венн диаграммасы арқылы ұл бала мен қыз бала тәрбиесі туралы жадынама жасап шығады.
Балалар бірлесе отырып әрқайсысы өздерінің отбасыларындағы жақсы дәстүрлерді естеріне түсіріп, постерге жазады.
3-тапсырма
«Туған жерім -тұғырым»
«Есіл ауданының киелі жерлерінің картасы»
(ата-аналар)
«Есіл ауданынан шыққан атақты адамдардың тізбесі»
(мұғалімдер)
«Мен Отаныма не беремін» эссе
(оқушылар)
Әр бала ана тіліне, салт-дәстүрге сыйластықпен, сүйіспеншілік қарауға үйренеді, Отанды сүю, оған қамқорлық көрсету осы отбасынан қалыптасатынын біледі. «Отан отбасынан басталады» деген нақыл сөзді жадында сақтайды.
«Туған жерім - тұғырым» деп аталатын келесі тапсырманы орындамас бұрын Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан үзінді келтіре кеткім келеді: «Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атаулының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс».
Ата-аналар өз орталарыңызда балаларға арнап осы Есіл ауданының киелі жерлерінің картасын жасаңыздар.
Мұғалімдер Есіл ауданынан шыққан атақты тұлғалардың тізбесін жасаңыздар.
Оқушылар «Мен Отаныма не беремін» тақырыбында эссе жазыңыздар.
Ата-аналар карта жасағанда мағыналы, мазмұнды жасаулары керек. Балаларға түсінікті етіп, туған жерлеріндегі қасиетті, киелі жерлер туралы мәлімет беретіндей болу керек.
Мұғалімдер де Есіл ауданының атақты тұлғаларының тізбесін жасағанда, елге сіңірген еңбегін қысқа да, нұсқа атап өтеді.
Балалар 20 сөзден
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz