Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Қиял - ғажайып ертегілер

Сабақтың тақырыбы
Ертегі түрлері
Мақсаттары
Білімділігі: Білім алушыларды мектеп жасына дейінгі балаларға ертегіні жанрына сәйкес айтып беруді меңгерту.
Дамытушылығы: Баланың ертегі арқылы ішкі сезімдерін баяндауға үйрету.
Тәрбиелік: Білім алушыларды адамгершілікке, патриоттылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже
Сыни тұрғыдaн oйлaуды дaмыту. Oқушы бoйынa пiкiртaлaсты жүргiзе бiлу қaбiлеттерiн қaлыптaстырa бiлу. Бiлiм, бiлiк дaғдылaрын қaлыптaстыру.
Құндылықтар
Ұлттық құндылықтарды дамыту
Сабақ түрі
Теория
Әдіс-тәсілдері
Сұрақ-жауап,постер қорғау, джигсо әдісі.
Сабақ барысы
Уақыты (90 мин)
Оқытушының іс-әрекеті
Білім алушының іс-әрекеті
Кезеңдері
Ұйымдастыру кезеңі
5 минут
Білім алушыларды түгелдеу, назарларын сабаққа аудару.
Шаттық шеңбері
Сабаққа дайындалып, назарларын мұғалімге аударады.

Үй тапсырмасын тексеру

20минут
Миға шабуыл әдісі
Шағын фольклрлық жанр шығармаларын оқудың ерекшелігі
Үй тапсырмасын айтады.

Жаңа тақырыпты хабарлау, түсіндіру

25 минут
Ертегі түрлері
1.Шыншыл ертегілер
2.Қиял-ғажайып ертегілер
3.Хайуанаттар жайлы болып бөлінетінін баяндау
Ертегілер көбіне қара сөзбен айтылғандықтан, оны халықтың ерте заманда шығарған көркем әңгімесі деп қарайды. Халық әдебиетінің басқа түрлері секілді, ертегілерде адам баласының еңбек кәсіп ету, тұрмыс-тіршілік құру тәжірбиесіне байланысты туған. Жаратылыс құбылыстарының, табиғат сырын жетік білмеген олардың неліктен болатындығын жетік түсінбеген ертедегі адамдар әр нәрсені қиял еткен : өздерінің ауыр еңбектерін жеңілдету жайын ойлаған.
Хайуанаттар жайындағы ертегілер - бұл топтағы ертегілердің де алғашқы үлгілері өте ерте заманда туған. Ертедегі адамдар өздерінің күн көрісі үшін төрт аяқты хайуандарды пайдалану, оларды үйрету, асырау жайын қарастырған. Және де әрбір хайуанат туралы, оның қасиеті туралы түрлі мифтік ұғым-түсініктер ойлап шығарған. Хайуанаттар жайындағы ертегілер - "Ақ қасқыр", "Жігіт пен қасқыр", "Сиқыршы", "Сырттандар" т. б ертегілер жатады.
Қиыл-ғажайып ертегілер - ертедегі адамдар табиғат және оның құбылыстары туралы, адамның еңбегі, тіршілік кәсібі, күресі жайында, дүние - жаратылыс, қас пен дос, неше түрлі керемет күштер туралы қиял - ғажайып етрегі -- әңгімелер туған. Қиял - ғажайып ертегілерінің жағымды кейіпкерлері қарапайым адамдар болып отырады. Қиял ғажайып ертегілеріне "Ер Төстік", "Керқұлла атты Кендебай", "Күн астындағы Күнекей қыз" ертегілері жатады.
Шыншыл ертегіге халық өзінің дүние тануындағы, қоғам тіршілігіндегі, үй тұрмысындағы бас тірліктері -- барлық мұң, мүддесін, тартыс, талабын жиып түйген.
Жоспарлаудың принциптері жайлы мағлұмат алады.

Бекіту

20 минут
Постер қорғау
Мектеп жасына дейінгі балаларға айтылатын ертегі түрлері
Қиял-ғажайып ертегілерді сипаттау
Хайуанаттар жайлы ертегілерді сипаттау
Шыншыл ертегіге қандай ертегілер жатады
Берілген тапсырмаларды орындайды.
Сабақты қорытындылау

10 минут
Джигсо әдісі
Аяз би ертегісін таалдау
Ертегі нені баяндайды
Ертегінің құрылысы
Тапсырманы орындайды.
Бағалау
5 минут
Білім алушылардың сабаққа қатысуына қарай бағалау.

Үй тапсырмасының берілуі
5 минут
Кішкентайлар тобына арналған Бауырсақ ертегісін қуыршақтармен сахналау.
Үй тапсырмасын дәптерге жазып келу

Қазалы гуманитарлық-техниклық колледжі

<<Бекітемін>>
Қазалы гуманитарлық-техникалық колледжі
оқу бөлімінің меңгерушісі
___________А.Алтруева

Ашық сабақ
Тақырыбы: Ертегі түрлері
Пәні: Мектеп жасына дейінгі балаларға көркем әдебиетін мәнерлеп оқу тәсілдерін қолдану
Мамандық: Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту
Тобы: Мд-22
Күні: 15.02.2024

2023-2024 оқу жылы

Ұқсас жұмыстар
Байлық пен ақыл (ертегі)
Ауыз әдебиет түрлері
Мұқағали мақатаев «фантазия» өлеңі
Сүйікті ертегі
Сауысқан мен көкек
Ертегілер. 6 сынып
Ертегілер әлемінде
Ертегі кейіпкерлерін бейнелеу
Кім ойшыл
Түлкі мен қасқыр
Пәндер