Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Нан қоқымын баспа
Бекітемін
Балабақша меңгерушісі:
________А.П.Калтаева
Білім беру саласы: <<Әлеуметтік орта>>, <<Шығармашылық>>, <<Таным>>, <<Коммуникация>> Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: кешенді
Тақырыбы: <<Біз не үйрендік?>>
Мақсаты:
Білімділік: Барлық білім салаларын қамту арқылы балаларды ертегі кейіпкерлерімен жете таныстыру. Жыл бойына алған білімдерін бекіту Дамытушылық: Балалардың сөздік қорларын байыту, тілін, ойлау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Бір - біріне қамқор болуға, аялауға, мейірімділікке тәрбиелеу, шығармашылық белсенділіктерін арттыру. Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелесу, түсіндіру, көрсету, ойын, мадақтау. Көрнекі құралдар: слайд, аюдың суреттері, плакаттар, үлестірмелі құралдар.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
Шаттық шеңбері:
- Біздің топта ұл-қыздар,
Тату-тәтті ойнаймыз.
Айналада бар адамға
Тек мейірім сыйлаймыз.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал, қәнекей бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге
- Сәлеметсіздер ме, апайлар!
Тәрбиеші:
- Жарайсыңдар! Ендеше орнымызға жайғасайық!
- Балалар, бір жылда неше мезгіл бар? - 4 мезгіл бар.
- Жыл мезгілдерін атап шығайық? - Қыс мезгілі, көктем мезгілі, жаз мезгілі, күз мезгілі.
- Қазір жылдың қай мезгілі? - Көктем мезгілі
- Көктем мезгілінде неше ай бар? - 3 ай бар
- Көктем мезгілінің айларын атап беріңдерші? - Наурыз, сәуір, мамыр
- Көктем мезгілінің ерекшеліктері қандай? - Көктем мезгілінде күн жылынады, ағаштар бүршік жарады, өсімдіктер өседі, құстар жылы жақтан ұшып келеді.
- Балалар, сендерге мамаларың үйде қандай нан түрлерін пісіріп береді? - Тоқаш, бауырсақ, шелпек, тәтті нан
- Мамаларың нанды неден жасайды? - Ұннан
Тосын сәт: Есіктен Бауырсақ келеді:
- Сәлеметсіздерме, балалар! Менің атым - Бауырсақ, мені қаймаққа иледі, майға пісірді.
Мен атамнан кеттім,
Мен әжемнен кеттім,
Тыңдамадым атамды,
Тыңдамадым әжемді,
Үйімді де сағындым.
- Балалар, мен орманда келе жатып көптеген аңдарға кезіктім. Аңдардан құтылу үшін олардың әртүрлі тапсырмаларын орындауым керек екен. Сендерден көмек сұрап келіп тұрмын. Сендер маған көмектесесіңдер ме?
Балалар:
- Иә, көмектесеміз
Тәрбиеші:
- Балалар, Бауырсақ ең алдымен қандай аңға жолығады? - Қоян
- Қоян қандай жануар, ол немен қоректенеді? - Қоян қорқақ, ұзын құлақтары болады, сәбізбен қоректенеді.
- Олай болса, Бауырсақты Қояннан құтқару үшін оның тапсырмасын орындайық. Ендеше сәбіздерін санап берейік.
1- тапсырма: /орнында отырып/
Қоянда бұрыннан төрт сәбіз болатын. Оған Бауырсақ бір сәбіз сыйға тартты. Барлығы қанша сәбіз болады? Санайық: 1,2,3,4,5 енді кері санайық 5,4,3,2,1.
Енді алдымызда ыдыста сәбіздер берілген, осы сәбіздердің ең үлкенін, үлкенін, ортаншысын, кішісін және ең кішкентайын тауып, ретімен орналастырамыз.
- Жарайсыңдар, Қоян сендерге рахмет айтып, Бауырсақты босатты.
Тәрбиеші: - Келесі Бауырсақ қандай аңмен кездеседі? - Аюмен
- Аю қандай жануар? - Жабайы жануар
- Аю сендерден өзіне көп достар құрастырып беруін өтінеді!
2-тапсырма: /тақтада/ <<Пішіндерді құрастыр>>
Тақта жанында үш түрлі түсті аюдың қиылған бөліктері берілген. Балалар сол бөліктерден түстеріне сәйкес аю құрастыруы керек.
- Жарайсыңдар, балалар! Балалар енді келесі тапсырмаға көшпес бұрын орнымыздан тұрып, сергіп алайық!
Сергіту жаттығуы:
Дүйсенбіде - доп ойнадық далада,
Сейсенбіде - серуен құрдық аулада.
Сәрсенбіде - сурет салдық сәндетіп,
Бейсенбіде - би биледік, әндетіп.
Жұма күні жидек тердік ағаштан,
Сенбі күні кино көрдік клубтан,
Жексенбіде үйде болдық дем алдық.
Тәрбиеші: - Балалар, енді Бауырсақ қандай аңмен жолығады? - Қасқырмен
- Балалар, Қасқырдың тапсырмасы нан туралы мақал, тыйым сөздер, не болмаса тақпақ айтып беру керек екен.
1. Нанмен ойнама.
2. Дастархан бсында керілме.
3. Нан қоқымын баспа.
4. Ас адамның арқауы.
5. Арпа, бидай - ас екен,
Алтын күміс - тас екен.
6. Апам мені пісірген,
Қызыл күрен бауырсақ.
Шықпай қояр түсіннен,
Біраз жемей сағынсақ.
7. Нан қоқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
8. Көктемде егін егетін,
Күзде жиып теретін.
Біздің дала - бай дала,
Алтын астық айнала.
Бауырсақ:
- Балалар, тақпақтарын қандай керемет, маған қатты ұнады.
Тәрбиеші:
- Бауырсақ қояннан, аюдан, қасқырдан құтылып келе жатса, алдыннан қандай аң шықты? - Түлкі
- Түлкі қандай аң? - Қу аң Тәрбиеші: - Ал түлкі Бауырсақты оңайлықпен жібере қоймасы анық. Түлкінің тапсырмасы күрделі екен.
2-тапсырма: <<Суретті толықтыр>>
Балаларға суретте жетіспейтін пішінді тауып, желіммен жапсыру.
- Міне, балалар, біз Бауырсақ ертегісіндегі кейіпкерлердің тапсырмаларын орындадық.
Бауырсақ:
- Рахмет, балалар! Өздерің өте ақылды екенсіңдер! Мен орманнан шығып ата-әжемнің үйіне адаспай дұрыс баруым үшін тағы да бір тапсырманы орындау керек екен!
Тәрбиеші:
- Ендеше ол тапсырманды балалармен бірге орындайық!
Өлең оқу
Шолып едім бақшаны
Көкөніс біткен көңілді
Жасыл,сары,қызыл- көк
Сан алуан көкөніс
Күзгі бақта кулімдеп
Көз тартады атырап
-Көкөністерге нелер жатады?
Екі себеттегі жемістер мен көкөністер түрлерін ажыратып, бөліп салуға уйрету.олардың пішімін,көлемін түр,түсін салыстыру
- Жарайсыңдар, балалар!
Бауырсақ:
- Көп рахмет, балалар! Сендер барлық тапсырмаларды дұрыс орындап шықтыңдар! Ал енді мен ата-әжеме барайын! Сау болыңдар!
Тәрбиеші:
- Балалар, бүгін бізге көмек сұрап кім келді?
Балалар:
- Бауырсақ
Тәрбиеші:
- Бауырсақ орманда қандай аңдармен кездесті?
Балалар:
- Қоян, аю, қасқыр, түлкі
Тәрбиеші:
- Бүгінгі оқу қызметі сендерге ұнады ма?
Балалар: - Иә
Тәрбиеші:
- Олай болса біздің оқу қызметіміз аяқталды!

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz