Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие сағаты

Сабақтың тақырыбы: « Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!»

Тәрбие сағатының мақсаты:
Мақсаты:

1. “Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру.

2. Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту.

3. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:

- Сыбайлас-жемқорлық деген не?

(оқушылардың пікірлері тыңдалады)

Баяндамашы:Сыбайлас-жемқорлық деген не?

“Сыбайлас-жемқорлық” деген “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ "corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды.

ҚР “Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңы сыбайлас-жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: “ . . . мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу”.

2001 жылы Мексикада БҰҰ - ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына қол қоюға арналған. Дүниежүзілік конференция ашылды

БҰҰ. 2003 ж 9 желтоқсан күнін халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күн деп жариялады.

1 - оқушы
Жамандыққа тосқауылды қояйық,
Пара алғанның жолы жабық қой анық,
«Қазақстан - 2050»- айқын жол,
Күресейік, жемқорлықты жояйық.

2- оқушы
Әр ата - ана өнеге берсін балаға,
Тәрбиесіз шоқ жұлдыздың жанама,
Адалдыққа, даналыққа үйретсең,
Жолдан таймас ар болған соң санада.

3 - оқушы
Пара алғандар темір тордан әрі асар,
Алса да оны мойындамай санасар,
Беделі кетіп, қайыры қашып ортадан,
Мәнді өмірі енді қайтіп жарасар.

4 - оқушы
Қазақ елі байтақ болсын десеңіз,
Жемқорлықтың жолын бірге кесеміз,
Сонда ғана жер гүлденер, ел байып,
Сонда ғана шарықтаймыз, өсеміз.

5 - оқушы
Егеменді өсер елде тұрам Мен,
Білдіремін сезімімді жыр - әнмен.
Жолыменен Елбасының жүрейік,
«Жемқорлыққа жол жоқ»- деген ұранмен.

Топтық жұмыс: «Егер мен болашақта Қазақстан Республикасының президенті болсам, сыбайлас жемқорлықпен қалай күресер едім?»

(Әр топ постерге өз ой-пікірлерін жазып, қорғайды)

Сахналық көрініс (Әр топтан екі оқушы шығып, берілген мәтінге байланысты өз іс- әрекеттерін көрсетеді)

Сыбайлас-жемқорлықты қалай жоюға болады?

1. Пара бермеу және алмау.

2. Мақсаты нәтижелерге жету үшін, өз мүмкіншілігіңмен жетуге тырыс.

3. Парақорлықты көрсеңіз жергілікті органдарға және ақпарат көздеріне хабар беріңіздер.

Адамгершілік, әділеттілік туралы мақал-мәтелдер .

1. Адамгершілік болмай,
Әділдік болмас.
2. Адамның ұяты бетінде,
Адамгершілігі ниетінде.
3. Адамгершілікке арналған үш сауап бар: Шөлге құдық қазған бір сауап,
Өзенге көпір салған бір сауап,
Жолға ағаш еккен бір сауап.
4. Адалдық - ардың ісі.
5. ШЫНДЫҚ ЖОҚ ЖЕРДЕ СҰМДЫҚ КӨП.
6. Адамның әдемілігі шыншылдығында.
7. Ақихат сөзде алалық жоқ.
8. Әділ айтқан жеңер.
9. Әділдікке жығылмайтын адам жоқ.
10. Әкімің әділ болмаса жұрт бұзылады,
Саудаң әділ болмаса нарық бұзылады.


Ұқсас жұмыстар
Адал және сатылмайтын еңбек: сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие сағаты мен сурет байқауы
Сыбайлас жемқорлық - қоғамның өзекті мәселесі: алдын алу және тәрбие
Салауатты өмір салты және зиянды әдеттерге қарсы тәрбие сағаты
Сыбайлас-жемқорлық: анықтамасы, пайда болу жағдайлары және алдын алу (4-сыныпқа арналған сабақ жоспары)
8-сынып: Тағдырдың кілті - өз қолында (салауатты өмір салтын насихаттау және зиянды әдеттерге қарсы тәрбие сағаты)
Сыбайлас және вертикаль бұрыштарға арналған сабақтың әдістемелік жоспары
1 Желтоқсан - Бүкіләлемдік СПИД-пен күрес күніне арналған мектептік тәрбие сағаты: нашақорлық пен зиянды әдеттерге қарсы
7-сынып: Сыбайлас және вертикаль бұрыштар - қысқа мерзімді сабақ жоспары
Отбасылық тәрбие арқылы есірткіге қарсы алдын алу
7-сыныпқа арналған сабақ: сыбайлас және вертикаль бұрыштардың анықтамасы мен қасиеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz