Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Тәуелсіздігіңнің мәңгі жарық күні
Тәуелсіздіктің ақ таңы
Тәуелсіздіктің ақ таңы ( Әдеби монтаж ретінде құрастырылған тәрбие сағаты )
Тәрбие сағатының мақсаты: оқушыларға қазақ халқының бастарынан кешкен қиындықтар мен күрестер туралы айта отырып, бүгінгінің жеткен жемісі туралы айту.Бойларына адамгершілік, отаншылдық қасиеттерін дамыту.
Тәрбие сағатының түрі: таным сағаты.
Көрнекіліктер: үн қағаздар, буклеттер, бейнефильм, карта, Желтоқсан көтерілісіне байланысты фотосуреттер, үнтаспа.
Жүргізуші: Туған халқымыз тәуелсіздік алды.Тарихымыздың беттеріне 1991 жыл алтын әріптермен жазылары хақ. Бостандыққа парламенттік жолмен жеттік.Бұның саны аз халық үшін тиімді екеніне көзіміз жетті,көңіліміз жетті. <<Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі>> туралы заң жоғарғы Кеңес сессиясында көпшілік дауыспен бекітілді.
Әнұранды орындау.
1 жүргізуші: -- Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін біз дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың желтоқсанына арналған <<Тәуелсіздіктің ақ таңы >> атты ашық тәрбие сағатын өткізбекпіз.
2 жүргізуші: 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы Кеңес империясының тоталитарлық режиміне тұңғыш рет қарсылық ретінде тарихта қалды.Сондай ақ оның шаңырағының шайқалуына алғы шарттар жасады деп айтуға болады. Тәуелсіздікке талпыныс осыдан жиырма жыл бұрын бой көрсетті.
1 оқушы:
Алматыда 1986жылы желтоқсанның 16- сында,
Қастандығын қазақтарға Ресей әлі қоймады,
Теңіз болып аққан қазақ қанына тоймады.
Келесі қадам тағы да бір қазақтың болды сорына,
Қонаевты алып тастап, Колбинді қойды орнына.
Бұған шыдау нағыз еді мәңгүрттіктің белгісі,
Қазақ ұлтын басқарғаны ұлты орыс бір кісі.
2 оқушы:
Ашу- ыза қайнауының жетті болар шегіне,
Көтерілді бүкіл жастар жалын болар еліне.
1986 боялды жастар қанымен,
Желтоқсанның он алтысы есте қалар жанымен.
3 оқушы:
Алматының алаңына бар студенттер жиналды,
Ақсақалы қазағымның амал таппай қиналды.
Қырылды жастар, аямай ұрды ұл қызына қарамай,
Апарып тықты абақтыға ешқайсысын аямай.
4 оқушы:
Рысқұлбеков Қайрат еді ереуілдің басында,
Асанқызы Ләззат пенен Әлия бар қасында.
Аямады ешқайсысын, ереуілді бастаған,
Қазағымның жастарын ажал отына тастаған.
5 оқушы:
Бірақ бірақ уақыт бәрін дегенімен жасады,
Колбин түсіп, орнын оның Назарбаев басады.
Ереуілге шыққан жастар үміті орын тапты ғой,
Қаншама жан, қаншама қан бұл күн үшін төкті ғой.
2 жүргізуші: 18 қыркүйек күні Алматыдағы Желтоқсан және Сәтпаев көшелерінің қиылысында 1986жылғы желтоқсан оқиғасының 20 жылдығына арналған <<Тәуелсіздік таңы>> ескерткішінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Елбасы ескерткіштің ашылу рәсімінде сөз сөйлеп, былай деді:
- Бүгін әнұран болған <<Менің Қазақстаным>> әнімен 1986 жылы осы алаңда елімізді де, тілімізді де, тарих, мәдениетімізді де білмейтін, жаны ашымайтын адамды алып келгеніне намыстанып, жастарымыз алаңға шықты. Кең байтақ елімізді сақтап, қалған ата- бабамыздың тәуелсіздікті армандап еркін боламыз, ел боламыз дегенін қолдаған жастар нағыз батырлар еді. Осы жылдардың ішінде біз қазақ өзін өзі басқара алмайды деген сөзді жоққа шығардық.Сол жастардың аңсаған тәуелсіздігі келді.Тәуелсіздік өркендеп өсіп, Қазақстан дүние жүзіне белгілі болды.
1 жүргізуші: -- Құрметті қауым, бүгінгі шарамызды << Тәуелсіздіктің ақ таңы >> деп атағанымыз жай емес.Ата - заманнан күресіп келе жатқан халқымыз бүгін тәуелсіздігін алып, бақытты өмірге келіп осының бәрі өткен күрестердің жемісі.
Оқушылардың орындауында <<Қамажай>> биі.
Сұрақ- жауап сайысы.
1. Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
2. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуына қандай оқиға әсер етті?
3. Кімді өз қызметінен босатты?
4. Оның орнына кім сайланды?
5. Осы оқиғасында көптеген өазақ жастары не үшін құрбан болды?
6. Олар кімдер?
7. Қазақстан Тәуелсіз республика болып қашан жарияланды?
8. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті қашан сайланды?
Мақал мәтелдер сайысы.
Отан, бейбітшілік, достық, ынтымақтастық туралы.
Көрініс: << Тәуелсіздіктің ақ таңы>>
Әжесі жүн түтіп отырады. Немересі далада ойнап жүреді.
Әжесі: -- Е.... тәуба! Бергеніңе шүкір...
Немересі: -- Әже, әжетай! Далада керемет болып жатыр. Аспанға жарқылдаған салют атып, адамдар қуанышқа бөленіп жатыр.Жүріңіз көрейік!
Әжесі: -- Е,... е, жарығым, бұл қуаныш. Тәуелсіздіктің мейрамына арналған керемет қой! Жақсылығымыз ұзағынан болсын!
Немересі: -- Әжетай, Тәуелсіздік деген не?
Әжесі: -- Тәуелсіздік деген еркіндігің, бостандығың, бақытың балам.Біздің кезімізде мұндай еркіндік болған жоқ.
Немересі: -- Сол өміріңіз туралы айтып беріңізші.
Әжесі: -- Әй, балам -- ай, өткен өмірді көз алдыма елестетсем шуылдап басым айналады.аздап тынықпасам болмас.\ Әжесі мен немересі қисайып жата кетеді\
Немересі: \ көзін уқалап тұрады\ -- Әже жап жарық күнді көрдім. Көп түс көрдім.
Әжесі: -- Е, ол сенің бақытың ,балам. Тәуелсіздігіңнің мәңгі жарық күні.
Немересі: -- Ендеше мен ұстаздарымнан, жолдастарымнан сүйінші сұраймын. Алақай, сүйінші! Тәуелсіздіктің ақ таңы атып келеді! \ Немересі сахнадан жүгіре жөнелді.
2 жүргізуші: Осымен бүгінгі тәуелсіздікке арналған ашық тәрбие сағатын аяқтаймыз. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz