Алюминий белсенді металл

Сабақ жоспары

Бекітілді А. О. Айдарова

Келісілді З. Ә. Айтымбетова

Күні : 26. 01. 15 ж.

Сыныбы : 9 - сынып.

Пәні : химия.

Сабақтың тақырыбы: § 34. Алюминий.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларға алюминийдің периодтық жүйеде орналасуы мен қасиеттерін түсіндіре отырып, оның қосылыстарына сипаттама беру, техника мен тұрмыста қолданылуын түсіндіру;
2. Дамытушылық: Ой - өрісін, танымдық белсенділігін арттыру, өз бетінше қорытынды жасай білуге дағдыландыру және сабаққа деген ынтасын, қызығушылығын дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуге, уақытын тиімді пайдалануға, жауапкершілікке, қауіпсіздік техникасын сақтай білуге, қоршаған ортаға және адамдарға зияны тимейтіндей әрекет жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі:

Сабақтың өтілу әдісі:

Сабақтың көрнекілігі: Алюминийдің периодтық кестедегі орны, слайд, тәжірибелік жұмыс.

Пән аралық байланыс: Күнделікті өмірмен, қоршаған ортамен.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. сәлемдесу (1-мин)

2. сынып оқушыларын түгендеу

3. оқушылардың зейінің сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: ( 10-мин)

1. сұрақ-жауап

(қорытындылау)

2. эксперименттік есеп

(қорытындылау)

Балалар кальцийдің қосылыстарына арналған есептер шығарындар.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру: (20-мин)

1. Әңгіме-дәріс;

2. Ой толғаныс; (5-мин)

3. Эксперименттік есеп. (5-6-мин)

4. Қорытындылау - Балалар бүгінгі сабақта алюминийдің ПЖ. орны, атом құрылысы, х. қ, күнделікті тұрмыста қолданылуы, табиғатта кездесуі туралы білдіндер. (1-мин)

Жоспары:
Алюминийдің периодтық жүйедегі орны мен атом құрылысы
Табиғатта кездесуі
Физикалық қасиеттері
Химиялық қасиеттері
Өнеркәсіпте алынуы.
Қолданылуы

Периодтық жүйедегі орны мен атом құрылысы. Алюминий - периодтық жүйенің ІІІ периодының ІІІ А топшасында орналасқан екідайлы элемент. Оның электрондық конфигурациясы:
+13Al ) ₂) ₈) ₃ 1s² 2s² 2p6 3s² 3p¹
Табиғатта Ar(Al) =27 болатын тұрақты бір ғана изотобы бар. Оның сыртқы деңгейінде d - орбиталь бос және атом радиусы кішілеу болғандықтан комплекс түзуші бола алады. Координатциялық саны - 4 және 6.
Табиғатта кездесуі. Алюминий - табиғатта кең таралған элемент. Таралуы жағынан ол - металдар арасында бірінші, ал жалпы үшінші орындағы элемент. Алюминий белсенді элемент болғандықтан табиғатта тек қосылыс түрінде кездеседі. Оның маңызды кендеріне - Al₂O₃ (корунд, рубин, сапфир) KAlSi₃ O ₁₀ортоклаз, NaAlSi₃O₁₀ альбит, Ca(AlSiO₄) ² aнортит, KNaAlSiO₄ нефелин, Na₃AlF₆ криолит, Al₂O₃*xH₂O боксит жатады. Алюминий кендері Хибин тауларында, Оралда, Сібірде, Қазқстанда Торғайда коптеп кездеседі.
Физикалық қасиеттері. Борға қарағанда алюминийдің металдық қасиеті жоғары. Таза алюминий - күмістей ақ, қатты, иілімді металл, ол оңай фольга болып жайылады және сым түрінде созылады. Алюминий жеңіл, электр және жылу өткізгіштігі жоғары металл. Осы қасиеттеріне байланысты электрөткізгіш құралдар жасауға кең қолданылады. Балқу температурасы - 660, 24°С, ρ=2. 7г/см³

Химиялық қасиеттері. Алюминий өте белсенді металл, оттекпен оңай әрекеттеседі. Сондықтан ауада алюминий бетін оксид қабығы жауып, оны әрі қарай бұзылудан сақтап тұрады. Ол жұқа болғанымен, өте берік, металдық жылтырын бәсендетеді. Осы оксит қабыршағынан тазаласа, алюминий атомы өзінің сыртындағы 3 электронын жылдам беріп, тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді. Оксид қабыршағын алып тастау үшін оны сынапқа батырады, ол алюминиймен амальгама деп аталатын құйма түзеді. Бұл құймада алюминий өзінің белсенділік қасиетін сақтап, барлық заттармен шабытты әрекеттеседі.
Жай заттармен әрекеттесу. Алюминий кәдімгі жағдайда галогендермен галогенидтер, қыздырғанда азотпен нитрид, күкіртпен сульфид, көміртекпен карбид түзеді, ал катализатор ретінде су қатысқанда иодпен әрекеттеседі:
4Al +3O₂ = 2Al₂O₃
2Al + 3Cl₂ = 2AlCl₃
2Al + N₂ = 2AlN

Күрделі заттармен әрекеттесу. Сыртындағы оксид қабығынан тазартылған алюминий сумен жақсы әрекеттеседі:
2Al + 6H₂O = 2Al(OH) ₃ + 3H₂

Алюминий - екідайлы элемент. Ол сұйылтылған қышқылдармен және сілтілермен жақсы әрекетеседі:
2Al + 6HCl = 2AlCl₃ + 3H₂
2Al + 2NaOH + 6H₂O = 2Na[Al(OH) ₄] + 3H₂
Концентрациялы, суық азот және күкірт қышқылдарымен әрекеттеспейді, пассивтенеді. Бұл жағдай осы қышқылдарды алюминийден жасалған ыдыстарда тасымалдауға қолданылады. Алюминий белсенді металл болғандықтан, көптеген металдарды олардың оксидтерінен тотықсыздандырады:
8Al + 3FeO*Fe₂O₃ =4Al₂O₃ +9Fe
Металл оксидтерін алюминиймен тотықсыздандыру АЛЮМОТЕРМИЯ деп аталады.

Өнеркәсіпте алынуы. Бұрын алу өте қиын болғандықтан, алюминий аса бағалы металдар қатарында болған. Қазір алюминийді глинозем мен бокситтен элекролиздеп алады. Глинозем мен бокситте алюминий оксид түрінде Al2O3 болады. Оның балқу темпуратурасы ≈2050°С. Балқу температурасын төмендеті, электролиз жақсы жүру үшін боксид пен криолит Na₃[AlF₆] қоспасына кальций фторидің CaF2 қосып қыздырады. Сонда ғана қоспаның балқу температурасы ≈960°C - қа төмендейді.
Al₂O₃ □(→┴электролиз ) 2Al + 1. 5O₃


Ұқсас жұмыстар
Алюминий. 9 сынып
Темірдің құймалары
Жалпы химиялық қасиеттері
Табиғаттағы металдар. Қазақстанда кендерден металл алу. Металдардың маңызы
Түзілген заттардың массаларын анықтауға есептеулер
Сутектің физикалық қасиеттері
Темір және оның қосылыстары
Мыс қорытпалары
Металдардың периодтық жүйедегі орны. атом құрылысы
Бөлшектерді конструкциялау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz