Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Алюминий қосылыстары
Сабақ жоспары
Бекітілді _______А. О. Айдарова
Келісілді _______З. Ә. Айтымбетова
Күні : 02.01.15ж.
Сыныбы : 9 - сынып.
Пәні : химия.
Сабақтың тақырыбы: § 36. Алюминий қосылыстары
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға алюминийдің қосылыстарына сипаттама беру және қолданылуын түсіндіру;
2. Дамытушылық: Ой - өрісін, танымдық белсенділігін арттыру, өз бетінше қорытынды жасай білуге дағдыландыру және сабаққа деген ынтасын, қызығушылығын дамыту;
3. Тәрбиелік: Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуге, уақытын тиімді пайдалануға, қауіпсіздік техникасын сақтай білуге, қоршаған ортаға және адамдарға зияны тимейтіндей әрекет жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың өтілу әдісі: ақпараттану технологиясы бойынша интерактивті тақтаны және көрнекіліктерді пайдалану арқылы.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, алюминий қосылыстарының жинақтамасы.
Пән аралық байланыс: Медицинада.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі (1-мин): 1. сәлемдесу
2. сынып оқушыларын түгендеу
3. оқушылардың зейінің сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: (10-мин)
1. сұрақ-жауап
(қорытындылау)
2. эксперименттік есеп
(қорытындылау)
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру: (20-мин)
1. Әңгіме-дәріс;
2. <<Ой - толғаныс>> ойыны; (5-мин)
3. Эксперименттік есеп (5-6-мин)
4. Қорытындылау - Балалар бүгінгі сабақта алюминий қосылыстары мен олардың қайда және қалай қолданылатыны жайлы білдіндер (1-мин)
Сабақтың барысы: жаңа сабақ.
Алюминий оксиді Al2O3
Алюминий гидроксиді Al(OH)3
Алюминий қосылыстарының қолданылуы
3.1 Алюминий оксиді Al2O3 - қиын балқитын, қатты ақ түсті зат (tо балқу 2050оС). Ковалеттік берік байланыс, атомдық кристалдық тор бұл заттың беріктігін және қаттылығын дәлелдейді.
Алюминий оксиді суда ерімейді, онымен әрекеттеспейді. Ол екідайлы, қыздырғанда қышқылдармен де, сілтілермен де әрекеттеседі:
Алюминий оксидінің негізгі қолданылатын саласы - электролиз арқылы металл алюминий алу. Табиғи кристалдық корунд Al2 O3 түрпілі (абразив) материалдар даярлау үшін жұмсалады. Ішінде аздаған хром (III) қоспасы бар алюминий оксидінің жасанды кристалдары лазер дайындау үшін және рубин, сапфир алу үшін қолданылады. Алюминий алу үшін Торғай (Қостанай облысы) боксит кен орнындағы глиноземнен тазартылған алюминий оксиді пайданылады.
Алюминий гидроксиді Al(OH)3 - ақ түсті суда ерімейтін зат. Алюминий гидроксидін алу үшін оның тұзының ерітіндісіне біртіндеп сілті қосады:
Алюминий гидроксиді ақ ірімшік тәріздес тұнба түрінде бөлінеді. Ерітіндегі алюминий иондарын анықтау осы реакцияға негізделген. Алюминий гидроксиді екідайлы, өйткені қышқылдарда да, сілтілерде де ериді:
Қыздырғанда алюминий гидроксиді ыдырайды:
Алюминий тұздары ерітіндіде әлсіз негіздердің тұздары ретінде сатылап гидролизденеді. Оның бірінші сатысы:
Алюминий қосылыстары да кеңінен қолданылады. Алюминий оксиді табиғатта қатты корунд минералы түрінде кездеседі, оны металдарды ыспалау үшін және жылтырату үшін түрпілі материал ретінде қолданылады. Рубиннің жасанды және өсірілген монокристалдарын лазерлерде, сағат жасауда және зергерлік өнеркәсіптерде қолданады. Табиғи немесе жасанды жолмен алынған Al2O3 (корунд) жоғары температурада қыздырғаннан кейін өте қатты және қышқылда ерімейтін болады.
Al2O3 (корунд) қаттылығы жоғары және қиын балқитын болғандықтан, өнеркәсіпте кеңінен қолданылады. Ірі кристалды Al2O3 -тен дәл аспаптарға (сағаттағы "тастар") мойынтіректер мен тіректер, күйтабақ ойнатқыштың басына дыбыс түсіргіш инелер жасайды. Қоспалар әсерінен әртүрлі түске боялған Al2O3 -тің мөлдір кристалдары бағалы тастарға (рубин, сапфир және аметист) жатады және зергерлік істе қолданылады. Ұсақ кристалды корунд тегістейтін дөңгелек, кесек және зімпара қағазын және т.б. дайындауға жұмсалады.
3.2 <<Ой - толғаныс>> ойыны:
1. Алюминий оксиді қиын балқитын, қатты ақ түсті зат. (ия)
2. Алюминий гидроксиді екідайлы, өйткені қышқылдарда да, сілтілерде де ерімейді. (жоқ)
3. Алюминий гидроксиді табиғатта қатты корунд минералы түрінде кездеседі. (жоқ)
4. Al2O3 (корунд) қаттылығы төмен, тез балқиды. (ия)
5. Алюминийдің барлық тұздары суда жақсы ериді. (ия)
6. Алюминий оксиді суда тез ериді. (жоқ)
7. Алюминий гидроксидінің негізгі қолданылатын саласы - электролиз арқылы металл алюминий алу. (жоқ)
8. Алюминий оксидінің балқу температурасы 2070 оС. (жоқ)
9. Алюминий тұздары ерітіндіде әлсіз негіздердің тұздары ретінде сатылап гидролизденеді. (ия)
10. Рубиннің жасанды және өсірілген монокристалдарын лазерлерде, сағат жасауда, зергерлік өнеркәсіптерде және медицинада қолданады. (жоқ)
3.3 Эксперименттік есеп:
IV. Қорытынды: Балалар бүгінгі сабақта алюминий қосылыстары мен олардың қайда және қалай қолданылатыны жайлы білдіндер.
Үй тапсырмасын орындаған, сабақта белсенділік танытқан оқушыларды бағалаймын.
V. Үйге тапсырма (2-мин) : §36. Алюминий қосылыстары. 162-ші бет, 3-ші есеп.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz