Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Сен кім
Зиянды әдеттер
Мақсаты: Оқушыларымызды жат қылықтардан сақтай отырып, салауатты өмір салтын қаллыптастыруға тәрбиелеу, ізгілік пен мейрімділікке баулу. Жаман әдеттерден сақтандыру,ішімдік пен темекінің жас организмге зиянды екенін насихаттау.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта,плакаттар.
Ұйымдастыру кезеңі:
Кіріспе сөз.
Мұғалім: Бүгінгі сабағымызды Н.Ә.Назарбаевың сөзімен бастағым келіп тұр: <<Дені сау сәби әр отбасының қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты сәби халықтың болашағы,Отанының сенімді тірегі.>>
Құрметті көрермендер <<Салауатты өмір-көтеріңкі көңіл>> деген тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.Бүгінгі тәрбие сағатымыздың жоспарымен таныстыра кетсек:
Жоспар (слайд)
I Жақсыдан үйрен,
Жаманнан жирен.
А)жұмбақ кейіпкер
Б)жағдаяттар
II Зиянды әдеттер (медбике кеңесі)
III Ас адамның арқауы (емдәмбике кеңесі)
IV Психологилық тренингтер (психолог)
Бұл бөлімдердің барлығы да бүгінгі ұрпақ тәрбиесі үшін маңызды мәселелер болып табылатынына біз сенімдіміз. <<Дені саудың жаны сау>>, <<Жақсыдан үйрен,жаманнан жирен>>деп қазақ халқы айтпақшы қазіргі кезде келер ұрпақ жаман әдеттерге үйір,еліктегіш болып өсіп келе жатқаны кім-кімге де ақиқат.Оқушылар жаман әдеттер деп отырғанымыз қандай әдеттер?
Оқушылар жауабы.
Мұғалім:шылым шегу, маскүнемдік,нашақорлық,ұрлық,жұқпалы аурулар,бұзақылық.
<<Арақ- арыңа нұқсан,темекі тегіңе нұқсан>>демекші балалар бұл зиянды әдеттерден аулақ болуымыз керек.
Оқушылар бізге бүгін жұмбақ бір кейіпкер хат жолдап отыр екен соңы оқып көрсек.
Өзімне өзім сыр тапты,.
Өле алмай жүрген сырқатпын.
Шіріген картоп сияқты,
Бұрышында қалған бір қаптың.
Өзімнен өзім тістенем,
Істеген ісіме өкінем.
Ұмытайын десем қорқамын,
Көрмейтін сұмдық түс көрем.
Жұмбақ кейіпкердің хаты
Қымбатты оқушылар 14-15жасымда үлкен бір өкінішке тап болдым.Сол 8-9сыныптар мен үшін естен кетпес уақыттар.Кейбір жандар естен кетпес деп қуаныш пен шаттыққа толы кездерін айтса мен үшін естен кетпес деген сөз өмірімдегі ең ауыр сөз.Неге енді сол 14-15жасым ауыр кез екеннің мен сіздерге әңгімелеп берейін.Менің жолымды қайталамасын деген ниетпен сіздермен сыр бөліскелі отырмын.
Мен бастауыш сыныптан бастап алғырлығымен өнерлілігім,ұшқыр білімнің арқасында көзге түстім.Сол 6 жасымнан бастап 14 жасқа дейін білімді алғыр болып өскен оқушы 8 сыныпта бастап мүлдем басқа адамға айналды.Күрт былай өзгеруіме себеп болған жағдай алғашқы махаббат.Мен сыныпқа жаңадан келген бір қызға ғашық болдым,ол қыз менің сезіміме жауап қайырмаған соң мен өмірден түніліп жаман жолға түсіп кеттім.Көшедегі жаман балалармен темекі тартуды да үйреніп,кейін сабақтарға да мән беруді қойдым.Сөйтіп жүріп 8 сыныптың 1 тоқсанында қалай күнделігім 2 мен 3ке толып щыққаның білмейде қалдым.Кейін оқуға қолымды бір сілтеп,сабаққа баруымды да қойдым.Әрине бұл менің әке-шешеме де ауыр тейді,қанша маған сөйлеп те,ұрып та тәрбиелемекші болсада мен құлақ аспай өз білгенімді істедім.Мектепте ұстаздар үйде әке-шеше сөзін естімеу үшін мен үйге қонуды да қойдым.Одан арғы өмірім өзім үшін қызық болып көрінді.Падвалдап түнеп,ұрлық жасап,төбелесте алдыма жан салмай,ішкенім арақ,шеккенім темекі болып,нашақорлық пен жұқпалы ауруға қалай тап болғанымды білмей де қалдым.
Солай өмір зымырап өте берді.Ал мен осы өмірдің ағысына төтеп бере алмай темір тордың ар жағынан қалай шықанымды білмей де қалдым.Темір тордың аржағында ғана есімді жиып өкініштен өзегім өртеніп басымды тауға да,тасқа да ұрып қалай осы күйге жеттім деп шарқ ұрдым.
6 ай темір торда отырып шығып, жаңа өмір бастауға бел будым. <<Бүгінгінің баласы ертеңгінің данасы>> дегендей балалар <<қамшының сабындай қысқа өмірді>> бостан босқа өткізбейік достар!Қандай жағдай болмасың адам баласы мойымай әрқашан қиындыққа төтеп беру қажет.Оқушылар жарқын болашаққа сеніммен қарап нық қадам басуымыз қажет.Ашуды ақылға жендіріп мен секілді қателікке бой алдырмай аулақ болыңыздар.
Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды.
1 Оқушылар жұмбақ кейіпкердің әрекеті дұрыс па?
2Сіз жұмбақ кейіпкердің орнында болсан неістер едін?
Келесі бөліміміз жағдаяттар(слайд)
1 жағдаят:
Бір күні сені жан досың бір отырысқа ертіп баратындығын айтты.Онда барғаныңда үлкен жиынның үстінен түстің.Сен бейтаныс адамдар ішімдік ішуге,шылым шегуге шақырады.Досың да солар жағында.Бұған дейін досыңның мұндай әдеттерін байқмапсың.
Осы жағдайда сен не істер едің,қандай да бір шұғыл шешім қабылдайсың ба?Өз шешіміңмен бөліс.
2жағдаят:
Сыныпқа жаңадан оқушы келді.Барлық сынып оқушылары онымен жақын араласып кетті.Сіз онымен дос та болып алдыңыз.Кейін сіз оның жұқпалы аурумен ауратының білдіңіз.
Бұл жағдайдағы сіздің іс-әрекетіңіз қандай?
II Зиянды әдеттер (медбике кеңесі)
Слайд пен плакаттар арқылы оқушыға мағлұматтар беру.
Оқушылар сұрақтары:
1 Темекінің адам ағзасына қандай зияны бар?
2 Темекі мен арақтан адам неге көңілді болады?
3 Нашақорлық дегеніміз не?
4 Жұқпалы аурулар қалай жұғады?
5 Темекі шеккен адам оны тастай ала ма?

1 Дұрыс тамақтану дегеніміз не?
2 Бізге қандай дәрумендер қажет?
3 А дәрумені қандай тағамда бар?
4 Семіздік дегеніміз не?
5 Қазіргі кока- кола,чипсы дегендердің құрамында бізге зиян қандай нәрселер бар?
IV Психологиялық тренингтер (психолог)
<<Сен кім?>> -тренинг
<<Аялы алақан>>- тренинг
Қорытынды:
Ұлы ойшыл Сократқа кезіңде мынадай сұрақ қойылыпты: <<Адамға өмірде не қымбаттырақ байлық па,әлде атақ па?>> депті.Сонда Сократ <<Байлық та, атақ та,даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды.Дені сау кедей,ауру патшадан бақыттырақ >> деп жауап беріпті.Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек,ал денсаулықтын кепілі салауаттылық. <<Тіршіліктің негізі - салауатты болашақ >> деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz